1. Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


«Шапағат» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз?



бет39/47
Дата12.04.2023
өлшемі181.56 Kb.
#472102
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47
Suraktar-2023 2

«Шапағат» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз?

4 рет(Салауат, ҮМБЕТ ТУРАЛЫ, Ғарасат майданы, Мінажат )
1.Он сегіз мың ғаламға сәруар* болған Мұхаммет,
Отыз үш мың асхабқа сардар болған Мұхаммет.
Жоқшылық пен індетке қанағатшыл Мұхаммет,
Күнә тартқан үмбетке шапағатшыл Мұхаммет.
2.Әркім жүріп үмбетше,Расул ісін үлгі етсе,
Шапағат күн шын жетсе, мақұрым қоймас Мұхаммет.
3.Адам-Ата – Халилден* сұрар көмек:
«Шапағат қыл тезірек бұларға», – деп.
Ол да айтады: «Пенде сол қылар медет,
Мұса жаққа барайық, сол-ды – Жанаб».
4.Мансұқ болып, қалмайды әсте мазаққа,
Оқыған құл ұрынбас дерт, азапқа.
Оқығанға шафхат қылам фәниде,
Қияметте шапағат бар, әрине.



  1. «Мақшар» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз?

11 рет (Жаратушы жан алла, Әнтал хади, Үмбет туралы, Һай зікірі, Ғарасат майданы, Хазіретке қалай барам?, Ләмәканда сабақ алдым, Естіп, оқып жерге кірді құл Қожа Ахмет, Мінажат)
1.Құл Қожа Ахмет, мақтанба
Нәпсі-кірге батқанға! –
Мақшар Таңы атқанда
Не қылармын, Құдай-ай.
2.Сенің зауқың бар қорегі Жан-Иманның,
Махаббат бер, орынына жанымды алғын.
Махшар Күні Нұр ғып соны қабылдармын,
Жетегіңе ал, жолыңа сал, Әнтәл Һәди.
3.Халың мүшкіл тап сонда,
жан шырағын жақшы онда,
Рәсуа болар мақшарда, демесе үмбет – Мұхаммет.
4.Сыртты бұзып, ішті түзе ғалым болсаң,
Мақшар таңы жағылады жаныңнан шам.
Жолда қалсаң, тәубә қылып жалынған – сән.
Жан-жүрекпен Һай зікірін айтың, достар.
5.Махшарға айдар жүргізіп екшеу көпке,
Көтерілер шарасыз өкшең көкке.
Тозақ Отын көрсетер тексермекке:
«Сақтай гөр!» – деп бет бұрып тұрар-ды адам.
6.Уа, дариға, Мақшар күні парқым бар ма? –
Қазылық қып, көрген шақта қалпымды Алла –
Қылмыс, күнәм таразыға тартылғанда,
Не бетіммен Хазіретке барамын мен?
7.Дидар-талап пендеге жан аямаған
Мақшар күні тақ пенен бақ даяр оған.
Ғашыққа Алла нұр-құшағын жаяды әмән,
Ләмәканда Хақтан сабақ алдым мән-а.
8.Елу жаста болды хабар: «Адам өлмек,
Нұр-и иман ғана саған салады өрнек.
Таңда Мақшар мейман ғып Хақ, баға бермек», –
Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.
9.Шын зікірші, – жоғын Құдай қамдапты оның,
Таңда Мақшар ұсынады қалғат*-тонын.
Дидар көріп, Дәулет қылар жәннат төрін,
Естіп, оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет
10.Ұрламақ боп ұл ұятын, қыз арын,
Өткелдерге қояр құрып тұзағын.
Қулығынан шайтан оның жаңылар,
Таңда мақшар жүзіқара неғылар!
11.Пәруардигар нәсіп қылып Жамалын,
Бір, Бар оның бұрсын оңға қадамын.
Құдай қолдап, махшарда оны шат қылсын,
Қиямет күн шын Иесін таптырсын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет