«Бұлбұл» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз?
2 рет (Қаһар атты қаһарың, Аш ей момын көзіңді, Зікіршінің қабірдегі хәлі )
1.Хас шерменде, шын құлмын, ғашық жолда бұлбұлмын,
Арыстан бабты пір қылдым, –Бақтан болар, Қожа Ахмет.
2.Аш ей, момын, көзіңді Сахар мезгіл болғанда,
Құтқар оттан өзіңді Сахар мезгіл болғанда.
Сахарларда барша гүл мадақтайды Құдайды,
Айтып бұлбұл аңсарын, махаббаттан жылайды.
«Құран» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз?
5рет ( Һай зікірі,Пейіш пен тозақтың айтысы,Ғарасат майданы,Мінажат )
1.Ғалым сол-дүр, намаз оқып тағат қылса,
Хақтан қорқып ақыретін абат қылса.
Құран оқып, еңіреп, малын харап қылса,
Жан-жүрекпен Һай зікірін айтың, достар.
2.Пейіш айтар:
мен артық, ғалым құлдар – төрімде,
Аят, хадис, құран бар ғалымдардың көңілінде.
3.«Куллу ман алайһа фанин» – Құранда мән:
Өледі екен басқа жан Бір Алладан.
Исрафыл сүр үрлеп, келер тағы
Көрден бәрі тіріліп шығар заман.
5.Хикметтерім – келген пәрмен Сұбханнан,
Бар мағынасы Құран оның ұқ, қарғам!
Бар ғаламның сұлтаны олар – нұры ұшқан
Бір-ақ сәтте қылар шөлді – гүлстан.
6.Діл-имансыз, исламы ойран залым ба? –
Жұртта қалар қияметтің таңында.
Кәміл пірсіз шайқысынған ниеті ылаң, –
Қабыл болмас Құраны оның оқыған.
«Рух» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз?
10 рет (Жаратушы жан- алла, Салауат, ЗІКІРШІНІҢ ҚАБІРДЕГІ ХАЛІ, Әбубәкір Сыдық хақында,Омар хақында, Ақыр заман шайқылары сыртын түзер, Уа Дариғ ғаріптік кеп түсті басқа, Мінажат )
1.Рухты Тән қарсылап,
Қылған күнәм жаншылап;
«Раббың кім?» – деп періште,
Қысқан кезде сан сұрақ –
Не қылармын, Құдай-ай!?
2.Әбужаһил залымға төзім қылған Мұхаммет,
Жалақордың хақ жолға өзін бұрған Мұхаммет.
Жалғаншының қайғысын ұмыттырған Мұхаммет,
Зікір айтып Рухын шынықтырған Мұхаммет.
3.Дәреже боп Құдай үшін аққан жасың,
Барша рухтар жиылып кеп шаттанғасын,
Дұға қылып, – Алласына аттанғасын,
Жүмілә әруақ сүйіп бір-бір құшар, достар.
4.Жеткен айтқан сөзіне, түскен Рухтың тезіне,
Сенген Расул өзіне Әбубәкір Сыдық қой.
5.Міскін Ахмет, жол алғын,әлсіздікті доғарғын,
Сонда рухы болар – нұр әділетті Омардың.
6.Арзулық бөлейді елді гүл-шаһарға,
Бағында ұлық баба тұр сахарда.
Бабамның рухы салды бұл сапарға,
Өзіңе шексіз тағзым қылдым мән-а.
7.Рух құсын тұтқанға – бал, інжір берем,
Самғай шарлап ғаршыларға өтер, достар.
Тынбай дәйім зікір айтар құлмын деген,
Зарын қылар ғашық отта күлмін деген
8.Хикметтерім – дерттілердің дәрмені,
Кім ұқпаса, жолда үзілер әл-демі.
Хикметтерім бар ғаламның дастаны,
Келсе рухым, сұхбаттың ол бостаны.
Достарыңызбен бөлісу: |