1. Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Торайғыр би Едіге ұлы туралы айтыңыз



бет30/47
Дата12.04.2023
өлшемі181.56 Kb.
#472102
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47
Suraktar-2023 2

Торайғыр би Едіге ұлы туралы айтыңыз
Торайғыр Едігеұлы (1772 – 1825) – белгілі би, шешен. Шыққан тегі арғын ішіндегі сүйіндік руының айдабол[1]. Павлодар облысы, Баянауыл өңірінде туып өскен. Әкесі Едіге Төлебайұлы Тәуке хан тұсында би болған. Торайғыр орысқа бағынудан бас тартты. Орта жүзде Ғұбайдолла Уәлиұлының хандық билігін орнықтыруға әрекет жасады. Орыс отаршылығына қарсы ақыл-парасатымен, айбынды сөзімен күрескен Торайғыр Ресей құжаттарында империяға қарулы қарсылық жасаған Саржан Қасымұлымен теңестірілген (1825). Торайғырдың адамның қоғамдағы орны туралы түсінігі мен нақылдарына, жақсы мен жаманды безбендеген көркем әрі бейнелі сөздеріне дала даналығы, халық философиясы тән. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы замана қайшылықтарын терең таныған Торайғыр бидің нақыл сөздерін (“Аспан, жер және адам жаратылысы туралы”) өзінің тіршіліктің бастау сөздері жөніндегі ой-пікірлеріне дәлел ретінде пайдаланған. Баянауыл өңірінде “Торайғыр көлі”, “Торайғыр ауылы” атты жер-су аттары бар.
Ондан сұлтан Сығай хан ұлы туралы баяндаңыз
Қазақ сұлтаны, батыр, Шығай ханның ұлы. Анасы Шығай ханның бәйбішесі Байым-бикем, одан Сейітқұл сұлтан, Ондан сұлтан туады. Шамамен 1555 жылы дүниеге келіп, 1585 жылы ұрыста қаза болған. Шығай хан тұсында әскердің бас қолбасшысы болған. Сыртқы жауларға қарсы күресте көп ерлік көрсеткен, садақ атудың керемет шебері болған. Осы қасиетіне қарап халық арасында «Ұзын оқты Ондан» деген лақап атқа ие болған. Тәуекел хандығының алғашқы кезеңінде қалмақтармен арада болған үлкен соғыс кезінде 30 жасқа келген Ондан сұлтан 1585 жылы қаза болады, бұл кезең Қазақ хандарымен ойрат билеушілері арасында Орта Азия қалалары үшін жиі-жиі қақтығыстар болғандығымен тарихтан белгілі. Ондан сұлтан жайлы М. Тынышпаевтың «Материалы к истории киргиз-казахского народа» деген еңбегінде және Вельяминов-Зерновтың «Исследования о Касимовских царях и царевичах» атты еңбектерінде айтылады. Қазақтың ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы ғалымы Қадырғали Қосанұлы Жалайри өзінің «Жылнамалар жинағы» деген еңбегінде «Менің аталарым Ораз-Мұхаммет сұлтанның аталарына қызмет етті. Өзім Ораз-Мұхамметтің атасы Ондан сұлтанға қызмет еттім, одан соң Ораз-Мұхамметтің қасында болдым» деп жазады. Шын мәнінде әскербасы Ондан сұлтан қаза тапқан соң Қадырғали Жалайри оның 13 жасар баласы Ораз-Мұхамметті ертіп, ауыл-аймағымен Сібір ханы Көшімнің қол астына көшеді. Ондан сұлтанның Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерленгені жайлы М. Дулатов өзінің 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Хазірет Сұлтан» атты мақаласында жазады. Ондан сұлтанның бірінші әйелі – Алтын ханым – Үсек ханның баласы Болат сұлтанның қызы. Бәйбішесі Алтын ханымнан Ресей жеріндегі Қасым (Касимово) хандығының ханы Ораз Мұхаммед пен Тәтті ханым дүниеге келеді. Ал екінші әйелі – Сүйім ханым – Бұрындық ханның ұлы Кемсін сұлтанның қызы екен. Одан Қайнар Күшек сұлтан (кей деректерде Көжек сұлтан) туылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет