1. Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Кесенеде жерленген Жәпек батыр туралы айтыңыз



бет32/47
Дата12.04.2023
өлшемі181.56 Kb.
#472102
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47
Suraktar-2023 2

Кесенеде жерленген Жәпек батыр туралы айтыңыз
ЖӘПЕК батыр (т.ж. шам. 1711 – қ. ж. белгісіз) қыт. дерек. Япек, орыс дерект. Джапек. Құдайберлі Жәпек батыр, Орта жүздің арғын тайпасының атығай–қарауыл руының бас батыры, Абылай ханның сенімді серігі, әрі оның таңдаулы әскерінің қолбасшысы. Бөгенбай, Малайсары, Қабанбай батырлармен және қарауыл Қанай бимен жолдас, үзеңгілес болған. Бәсентиін Малайсары батырдың қарындасы Кежекке үйленген. Одан бес жауынгер батыр ұлдары: Сейтен, Жауқай, Жортушы, Жарты, Сарықазақ туған. Бәйбішесінен жалғыз ұлы – Қарасай батыр туған. 1741 ж. «екінші ақтабан шұбырынды» кезінде Абылай ханмен бірге жоңғар қонтайшысы Қалдан Серенде тұтқында болған. Абылай хан босатылғанда Ж. баласы Сарықазақ аманатқа берілген. Ж. б. Абылай ханның Түркістанды азат ету жорығына (1745) қатынасқан және Абылайдың жоңғарлармен жүргізген Шаған соғысында жоңғар ноянының бірін жекпе-жекте өлтірген. Ерлігіне риза болған Абылай жоңғар ноянының қызы Шағанды әйелдікке берген. «Жәпек – Шаған» оқиғасының желісімен Иранғайып ақын 2002 ж. «Жәпек – Шаған» поэмасын әрі драмалық шығ. жазды. 1758 ж. Абылай хан шақырған әскери кеңесте Малайсары мен бірге циндік Қытайға әскери тойтарыс беру керек деген пікірді қолдады. Ж. қонысы қазіргі Қызылжар қаласы орналасқан жер мен Есілдің бір саласы Иманборлық өз. бойы. Ж. б. Шоқан Уәлихановтың «ХVІІІ ғ. қазақ батырлары туралы тарихи аңыздарында» айтылады. Ж. б -ды Бұқар жырау, Шал Құлекеұлы жырлаған.
Кесенеде жерленген Шекті Тілеу батыр Айтұлы туралы айтыңыз
ТІЛЕУ АЙТҰЛЫ (1630, қазіргі Ақтөбе обл. – 1684, Сайрам қ.) – би әрі батыр қолбасшы. Ноғай ұлысының билеушісі Мұсаның ұрпағы, Мөңке бидің әкесі. Күлтөбеде Тәукені хан сайлауға, Сопы Әзизді (шын аты-жөні Әжіқожа Жәдікұлы Мүсірәлі, сопы, діндар, Керейт руынан) пір сайлауға қатысқан (сөйлеп, ұсыныс жасаған). Тілеудің Есіркеміс, Алдаберді, Жолдыаяқ, Жақсымбет, Мөңке есімді балалары болған. 1681-84 жж. жоңғарлармен болған Сайрам соғысына 17 мың қол жинап, қасына баласы Жолдыаяқ, інісі Қалдыбай батырларды ертіп барып, соғысқан. 1684 ж. Сайрам қаласын қорғаудағы шешуші ұрыста өзі де, баласы Жолдыаяқ та опат болды. Екеуінің сүйегі Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне жерленген. Есімдері кесенедегі ескерткіш тақтада жазулы. Түркістан қаласында Тілеу, Жолдыаяқ батырлар атындағы көше бар. Кіші жүздегі рулы ел Тілеу есімімен аталады. “Тілеу-Қабақ” әні Айттан туған ағайынды Тілеу мен Қабаққа арналған. Тілеудің тікелей ұрпақтары: Қаражігіт молда Бектауұлы, Мырзағұл би Шыманұлы, Достан би Тәңірбергенұлы, Сарышолақ шайыр, Сары Батақұлы, Таразы ақын, жазушы Тахауи Ахтанов, саясаткер Марат Тәжин, т.б.»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет