1. Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Кесенеде жерленген Дулат Қойкелді батыр туралы айтыңыз



бет35/47
Дата12.04.2023
өлшемі181.56 Kb.
#472102
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47
Suraktar-2023 2

Кесенеде жерленген Дулат Қойкелді батыр туралы айтыңыз
Сауран қаласы туралы баяндаңыз
Сауран – ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған. Түркістанның солтүстік-батыс жағындағы 30 шақырым жерде орналасқан орта ғасырдағы қалалардың бірі. Биіктігі 6 м қабырғамен қоршалған қалашықтың өлшемі солт-шығыстан оңт-батысқа қарай 800 м. солтүстік-батыстын оңтүстік-шығысқа қарай 500 м мәдени қабатының биіктігі 2 м. Сауран туралы алғашқы деректер 10-ғасырдағы еңбектерде кездеседі. Ол кезде Сауран Сырдария алабындағы маңызды стратегиялық және сауда орталығы ретінде белгілі болған. Араб тарихшысы Мақдисидің шығармасында «Сауран жеті қабат дуалмен қоршалған үлкен қала, оның ішінде рабат, мешіт бар» деп жазған. Шыңғыс хан шапқыншылығына байланысты оқиғаларда Сауран туралы деректер кездеспейді. 13-ғасырдың орта шенінде Сауран Ақ Орданың астанасы болды. 14-ғасырдың аяғында қаланы Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. Үлкен мешіті болып, ислам дінінің Қазақстанға тарауына ықпал еткен. 16-ғасырда Сауран мұнаралы биік дуалдармен қоршалған үлкен қала болған. Оның ірі-ірі құрылыстарының ішінен замандастары «шайқалмалы минаретті» және қала мен оның айналасын сумен қамтамасыз еткен кәріздерді – жердің астынан салынған каналды ерекше атаған. Сауран 17-ғасырдың аяғы мен 18-ғасырдың басында әлсіреп, 19-ғасырдың басында біржолата күйреген. Қазіргі кезде Сауран қабырғалары мен мұнараларының қалдықтары бар, ауданы 550 – 800 м дөңгелек алаң.
Сауран кәріздері туралы айтыңыз
XVI ғ. «Михман-наме-йи Бухара» еңбегінде Рузбихан Исфахани Сауранды тамаша тартымды қала деп суреттейді. «Ол ашық жазық алаңда салынған. Ол ерекше думанды, жарық, ауасы жұмсақ қала».
Сауранда 1514-1515 жж. өмір сүрген ақын әрі жазушы Зайн ад-дин Васифи өз естеліктерінде қара туралы құнды мағлұматтар келтіреді. Ол қаланың аса бір керемет құрылысы – екі шайқалмалы мұнарасы бар медресе туралы хабарлайды: «Оның айуанның үстінде көркімен ізгі нұр таратып тұрған, екі зәулім мұнара орнатылған. Сол мұнаралардың «гүлдестесінде» шынжырлар бекітілген, ал әрбір мұнараның күмбездерінің астына бөрене қойылған. Егер де кімде-кім бөренені күшпен қозғалтатын болса, шынжырлар теңселеді де, көрші мұнарада тұрған адамға мұнара шайқалақтап, құлайтындай көрінеді. Бұл-әлем ғажайыптарының бірі».
Васифи сонымен қатар Қазақстан үшін әдеттен тыс көрінетін жерасты суларын сыртқа шығаратын жерасты галереясы – кәріздерді де суреттеп: «мұндай құрылысты әлемді құрылықпен және теңізбен аралап шыққан адамдардың өзі де көрмегенін» ескертеді. Кәріздерді үнділік 200 құл салған көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет