«Субхан» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз?
5рет (Әнтал хади, Пейіш пен тозақтың айтысы, Хақ шарабын ішкен жандар, Расулдың ризалығы, Расулдың әулеті,Мінажат, Кепіл болам, Зікіршінің қабірдегі хәлі)
1.«Құл һу Алла» Сүбхан* сөзі – қамшы-дағы,
Ораза, намаз, тәхлил, тәсбих – жаршылары.
Пірмұғандар тәліптердің шамшырағы,
Жетегіңе ал, жолыңа сал, Әнтәл Һәди.
2.Пейіш айтар:
мен артық, менде – хақ жол тұтқандар,
Сопылардың көңілінде зікір, пікір, Сұбхан бар.
3.Хикметтерім – келген пәрмен Сұбханнан,
Бар мағынасы Құран оның ұқ, қарғам!
Бар ғаламның сұлтаны олар – нұры ұшқан
Бір-ақ сәтте қылар шөлді – гүлстан.
4.СұбханИемшарабынанқұрсантабам,
Зікірсырынайтып-айтыпқылсамтәмам.
Үр-ғылмандар, періштелертұрсамсаған,
Жәннаттағыжібектен тон пішер, достар.
«Тозақ» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз?
18 рет(Паруардигар,Һай зікірі, Ей сопы,Пейіш пен тозақтың айтысы-8 рет, Хақ шарабын ішкен жандар, Махаббаттың ішпесем шарабынан, Ғарасат майданы, Ғашықтарға уағда қылды, мінажат)
1.Ғашық жыры сыймас Достың сарайына,
Жүмілә ғашық жылап барар пәнәйына.
Жеті тозақ төзбес ғашық арайына,
Не қылсаң да ғашық қылшы, Пәруардигар
2.Хақ-Тағала қылмасын деп тозаққа отын,
Бауыры күйіп, демі өртеніп, тежеп дәтін,
«Үмбетім» деп батты ол ұлық азапқа тым,
Жан-жүрекпен Һай зікірін айтың, достар.
3.Ғашыққа Хақ рахметі жуық шығар,
Өң – сынық, жүзін жаспен жуып сығар.
Тамұққа менмендерді қуып тығар,
Тозақта тәкаппарлар өтпес сын бар.
4.Тағатым жоқ бір мысқал да – ғашықта бар,
Дозақ жылап берер Хаққа сасып хабар.
Хақтың сонда панасына қашып барар,
Ғашықтардың жасыменен ұшар, достар.
5.Шын ғашықтар құрған дүкен ғажапты ашар,
ИншАлла, одан қорқып дозақ қашар.
Жасын шашып, кеудені ашып, азап басар,
Жеті ғалам тағат таппай көшер, достар.
6.Құл Қожа Ахмет, имансыздар жанын езер,
Хақ дидары нәсіп емес қаныпезер.
Ғаршы-Күрсі, Лаухы-Кәләм – бәрі безер,
Кәпірлерге дозақ есік ашар, достар.
7.Қияметтің қайғысын шекпегендер,
Тар лахаттың азабы жоқ дегендер,
Хақ кәрінен қорқып жас төкпегендер
Сансыз ғазап тозақта тартар, достар.
8.Құдай оны қылады ада тозақтан,
Мәңгі пейіш – қарсы алады азат таң!
Хикметімді оқыса егер пенде-кім? –
Перзентім де, шәкіртім де сол менің.
9.Мұнафықтар күйіп-жанар тозақтағы,
Иман тапқан жолығады ғажапқа әлі.
Имансыздың тартар мәңгі азап тәні,
Барлығына иман тілеп жүрдім мән-а.
10. «Бер, Мұхаммет, – дер Мұса, – тез-ақ көмек,
Жоғалуда үмбетің тозаққа кеп» –
Мұхаммет те бұрады со жаққа бет,
Мұса бірге құтқармақ елді азаптан.
Достарыңызбен бөлісу: |