«Хақиқат» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз?
16 рет (Қаһар атты қаһарың, Салауат, Кепіл болам,Зікіршінің қабірдегі хәлі, Омар хақында,Ләмәканда сабақ алдым, Хақ шарабын ішкен жандар, Махаббаттың ішпесем шарабынан, Хақ құлдары, Расулдың әулеті, Мінажат ) 1.Мұнафықтар ылаңы – күнә-қылмыс қылады,
Жүзін жаспен жуады – өртін қуар Қожа Ахмет.
Тарихатты білмедім, Хақиқатқа кірмедім,
Пір бұйрығын ілмедім: дертің – бұлар, Қожа Ахмет.
2.Малғұн, лағин, шайтанға соғыс қылған Мұхаммет,
Шариғатқа үмбетін тоғыстырған Мұхаммет.
Тариқатқа – жолбасшы, жаны ышқынған Мұхаммет,
Ақиқатты баршаға табыстырған Мұхаммет.
3.Адһам құсап ақиқаттың жүзін өпкін,
Желік, менмен, байлық үйін бұзып өткін.
Махаббаттың дариясынан жүзіп өткін,
Хақ Жамалын көрсетпесе, кепіл болам.
4.Даналықпен Хақ жолдарын ашар, достар.
Махаббаттың майданында сөнген-жанған,
Хақиқаттың дариясынан терген маржан,
Мағрифаттың дүкенінде зергер болған
5.Жүрек көзін аша алмасам тағат қылып,
Хақ дәргейі мақұл көрмес, білдім мән-а.
Хақиқаттың пәк сөзімен таң аттырып,
Ләмәканда* Хақтан сабақ алдым мән-а.
6.Сен – көбелек, ал ақиқат – жайнаған шам,
Өзіңді отқа ұр, сол асыл дерт – пайдаға алсаң,
Дүкенің құр зікір етіп қайда барсаң,
Хақ Жамалын көрсетпесе, кепіл болам.
7.Махаббаттың майданында сөнген-жанған,
Хақиқаттың дариясынан терген маржан,
Мағрифаттың дүкенінде зергер болған
Қимылдаса – дүр мен гауһар шашар, достар.
8-9.Есіл ғұмырым арманмен өтер, достар.
Алла деген шын ғашық пырақ мінер,
Бейнет шегіп ышықтан, жылап сүрер.
Тарихаттың базарын мұрат білер,
Хақиқаттың дариясын кешер, достар.
Хақиқаттың селіне шомылған жан, –
Өзі мұңдық, көзде жас, көңілде арман.
10.Хақиқатқа ғашықтың нәпсісі өлі,
Нені іздесе шын сопы – тапты соны.
Тілі – шырын, шындықтың ақты сөлі,
Пұшық пұлға дүниені сатар, достар.
11. Мұхаммедті біліңіз: оның заты араб-дүр,
Тарихатқа кіріңіз,– жолы тұнған әдеп-дүр.
Хақиқатты білмеген адам емес,– пұт-самас*;
Ұқсаң, адам түгілі, мақұлыққа ұқсамас.
12.Ғашық хәлін ақиқатқа қақпа қылса,
Екі ғалам нұры сонда ақтарылса.
Шын ышықтан жүрек балқып Хақ сағынса,
Ғашық құлдар Хақ сарайына ұшар, достар
13.Өтті ғұмыр, шариғатқа жете алмадым,
Шариғатсыз тарихатқа өте алмадым.
Ақиқатсыз мағрифатқа бет алмадым,
Жолдан қалай пірсіз жан өтер, достар.
14.Хақ құлдары – софылар – хақиқатты білгендер,
Хаққа ғашық оты бар – Хақ жолына кіргендер.
Хақ жолына кіргендер – бір Алла деп жүргендер,
Жарандардың іздерін іздеп өмір сүргендер.
15.Ғалым болсаң, шын ақиқат аңсаған,
Жан – садақа, жауһар берем мен саған!
Дүр-жауһарды шашу ғып шаш ғаламға,
Ой жеткізіп Хақтан келген кәламға.
16.Ақиқаттың үлес алып бағынан,
Пейішке енер кейіппен ол шадыман.
Хикметтерім – Хаққа мадақ. Асықпын.
Жан дертінің шын дауасы ол ғашықтың.
Достарыңызбен бөлісу: |