«Мұса» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз?
5 рет ( Ей сопы, Ғарасат майданы)
1.Перғауын, Һарун кетті шайтанға еріп,
Сондықтан жер жарылды – сойқан болып.
Үлгісін Мұса Кәлим айтар келіп:
Екеуін үлгі алмаған Құдай қарғар!
2.Адам-Ата – Халилден* сұрар көмек:
«Шапағат қыл тезірек бұларға», – деп.
Ол да айтады: «Пенде сол қылар медет,
Мұса жаққа барайық, сол-ды – Жанаб».
3-4. «Бер, Мұхаммет, – дер Мұса, – тез-ақ көмек,
Жоғалуда үмбетің тозаққа кеп» –
Мұхаммет те бұрады со жаққа бет,
Мұса бірге құтқармақ елді азаптан.
5.Мұса менен Расул: «Жүр, – деп, – бері,
Һай кешті, – деп, – күнәһар үмбеттерін!» –
Шат боп бастар Жәннатқа дүрмектерін,
Жұпар аңқып бар ғалам жаз болады.
«Ясауи» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз?
4 рет (Расулдың разылығы, Жасыл құс, Мінажат)
1.Міскін Ясауи назары – Хазіреттің мазары,
Топырақты сен басқан әзір еткін, Мұхаммед.
2.Міскін Ахмет Ясауи иланғалы,
Тілге алғалы: «Лә иләһа илл-Алланы» –
Хақ зікірі – Жан, Ділге құйған нәрі,
Ла маканда* сол құсқа тап болады.
3.Хикметімді тұтса кімнің мый-жады,
Өлер шақта болар жолдас иманы.
Ясауи хикметтерін даналар
Ести көрсін – Бар мақсатқа ол барабар.
4.Хикметімді дертсіздерге жеткізбе,
Жауһарымды надандарға өткізбе.
Ясауи хикметтері – бақыт-бал,
Ғашық-шарап, –Бір тамшысын татып қал.
«Насихат» тірек сөзі хикметте неше жерде кездеседі және хикметтен үзінді келтіріңіз?
4 рет (Кепіл болам, Қиямет күні жақын қалды, Мәнажат,)
1.Құл Қожа Ахмет, өзіңе қыл насихатты,
Халықты айтып, өзіңді ұмытып, басың қатты.
Тауың – ауыр, қылмысың – зор, тасың – қатты,
Хақ Жамалын көрсетпесе, кепіл болам!
2-3.Қиямет күн жақын қалды – бұрмады бет,
Құл Қожа Ахмет айтты сөзін – тыңдары жоқ.
Өзі өзіне бір насихат қылғаны жоқ,
Насихатын халыққа айтып кетті, достар.
4.Екі жастың жетпей жатып біріне,
Балар өзін барша жанның піріне.
Ажыратпай тұрып жақсы-жаманды,
Насихатпен баурамақ бар адамды.
Достарыңызбен бөлісу: |