1. Зертханалық жұмыс Тақырыбы


Тақырыбы: Өлшеме алу ережесі, бастапқы үлгіні құрастыру, орташа үлгіні бөліп алу, МЕСТ 13056.1-67 сәйкес құжаттарды толтыру Мақсаты



бет6/15
Дата22.03.2024
өлшемі312.83 Kb.
#496304
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Зертханалық сабақтар

Тақырыбы: Өлшеме алу ережесі, бастапқы үлгіні құрастыру, орташа үлгіні бөліп алу, МЕСТ 13056.1-67 сәйкес құжаттарды толтыру
Мақсаты: Өлшеме бөліп алу және тұқым тазалығын анықтау
Тапсырма:

  1. Өлшеме алудың барлық тәсілдерін жазыңыз,

  2. Топшаға бөлініп, орташа тұқым үлгісінен оймалар тәсілімен өлшеме бөліп алыңыз.

  3. Тұқым тазалығын берілген орман тұқымдары бойынша анықтаңыз.

Өлшеме дегеніміз орташа үлгіден тұқым сапасының жеке көрсеткіштерін анықтау үшін алынатын тұқымдардың белгіленген бір бөлігі.
Өлшемені төменгі келтірілген тәсілдердің бірін қолданып дәл мөлшерде тұқым түріне байланысты (2 кесте) бөліп, өлшеп алады.
1. Оймалар тәсілі. Орташа үлгіні араластырып, тегіс үстелге немесе тақтайға тұқым дәндерінің өлшемдеріне қарай қалыңдығы 0,5 см-ден 5,0 см-ге дейін тегістеп төгеді. Содан кейін бір-біріне қарсы қаратылған екі қалақшаны түйістіріп, орташа үлгі тұқымдарының 10-20 жерінен оймалар алынады.
2. Кресттеп бөлу тәсілі бұрын айтылып кеткен бастапқы үлгіден орташа үлгі алуындағыдай жасалынады, тек шаршыдағы тұқымдардың қабат қалыңдығы 5 см-ден аспауы керек.
3. Өлшемені тұқым-бөлгіш құралы арқылы алу орташа үлгі алған сияқты істелінеді.
Өлшеменің нақты мөлшері тұқым түріне байланысты тұқымдардың тазалығын анықтау үшін 2-кестеде көрсетілген.

Кесте 3 - Тұқымдардың тазалығын анықтау үшін өлшемелердің салмағы



Тұқым түрінің атауы



Өлшеме
салмағы, г



Кәдімгі пісте, тармақты қараөрік

500

Шие (кәдімгі және барлық мәдени сорттары), кәдімгі қармала

200


Жиде (боз,тікенді), кәдімгі мойыл,кәдімгі шаған

100

Алма (мәдени сорттары),үйеңкі (Семянов,татар, шағанжапырақты), ұсақ жапырақты жөке ағашы

50


Итмұрын, кәдімгі арша

25

Бөріқарақат, шырғанақ

20

Балқарағай (Сібір, Сукачев), қарағай (кәдімгі, самырсынды)

15


Шегіршін (кәдімгі,бұтақты), шырша (Сібір,кәдімгі,шығыс,Шренк)

10


Сексеуіл (ақ,қара), кәдімгі шетен,үшқат (кәдімгі, татар)

5


Қарақат (қара,сары),тұт (ақ,қара)

3

Тобылғы (сұр, талжапырақты)

2

Қайың (қотыр,үлпек,Шмидт), тал, терек

1

Бақылау сұрақтары:





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет