1. Зертханалық жұмыс Тақырыбы



бет5/15
Дата22.03.2024
өлшемі312.83 Kb.
#496304
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Зертханалық сабақтар

қорытынды


Зертханалық қауіпсіздік құралдарының баламалары әр зертхана үшін өте маңызды. Кез келген қате болмас үшін әрбір зертханашы тізімді есте ұстауы керек.
Тапсырма: Жоғарыда аталған қағидаларды жаттап алыңыз.

2. Зертханалық жұмыс


Тақырыбы: Қылқанды және жалпақ жапырақты ағаш түрлерінің жемістерінің жетілу белгілері және жеміс беру уақыты
Мақсаты: Ағаш түрлерінің жемістерінің жетілу белгілері және жеміс беру уақытын білу
Тапсырма 1: «Ағаш және бұталы өсімдіктер жемістерінің гүлдеу, пісу және жинау күнтізбесі» кестесін толтырыңыз

Кесте 2 – Қазақстан ағаш және бұталы өсімдіктер жемістерінің гүлдеу, пісу және бүрлерін, тұқымдарын жинау күнтізбесі



Ағаш өсімдік түрі

Жеміс беру жасы, жыл

Мерзім, ай

Піскен тұқымдар түсі

гүлдеу

пісуі

жинау

1

2

3

4

5

6

Қылқандылар

Кәдімгі қарағай

10-15

мамыр

қыркүйек

қыркүйек-сәуір

Сұр, бурыл-сұр, қою-қоңыр

Кәдімгі шырша

15-20

мамыр

қыркүйек

қыркүйек-наурыз

Бурыл- немесе сарғыш қоңыр

Сібір шыршасы

20-30

мамыр-маусым

тамыз-қыркүйек

тамыз-қыркүйек

Бурыл, сарғыш-қоңыр

Шренк шыршасы

15

мамыр-маусым

қыркүйек-қазан

қыркүйек-қазан

Буроватая, сарғыш-қоңыр

Сібір балқарағайы

10-15

мамыр

тамыз-қыркүйек

тамыз-қыркүйек

ашық-сары, сарғышқоңыр

Сібіп аршасы

5-10

мамыр

қыркүйек

қыркүйек

көкшіл-қара

Сібір мамырқарағайы

15-20

мамыр

тамыз-қыркүйек

тамыз-қыркүйек

Бурыл

Жалпақ жапырақтылар

Ақүлпек қайың

8-15

мамыр

шілде-тамыз

шілде-тамыз

ашық-сары, сарғышқоңыр

Қотыр қайың

8-15

мамыр

қыркүйек

қыркүйек

ашық-сары, сарғышқоңыр

Алқызыл долана

3-6

мамыр-маусым

тамыз

тамыз

Қоңырлау-қызы

Кәдімгі бузина

3-6

мамыр

шілде-тамыз

тамыз

Қызыл. Қызғылт-сарғылт

Бұталы шие

5

сәуір-мамыр

шілде

шілде-тамыз

Қызыл

Қарағаш

7-10

сәуір

сәуір

сәуір

Құм сары

Кәдімгі емен

20-30

мамыр-маусым

қыркүйек

қыркүйек

Қою-қоңыр, жылтыр

Татар ұшқаты

4

мамыр

шілде-тамыз

шілде-тамыз

Ашық-сарғылт, алқызыл

Ақ тал

5-6

сәуір-мамыр

мамыр-маусым

мамыр-маусым

Сары-жасылдау

Дөңгелек жапырақты ырғай

6

мамыр

маусым

маусым-шілде

Қою-бозғылт көкшіл

Кәдімгі шәңкіш

5-6

мамыр

қыркүйек-октябоь

қыркүйек-октябоь

Ашық-қызыл

Қараған

4-5

мамыр

шілде-тамыз

шілде-тамыз

Сары-бурыл

Кәдімгі кизильник

3-4

мамыр

шілде-тамыз

шілде-тамыз

Ашық-қызыл

Шаған жапырақты үйеңкі

5-10

маусым

қыркүйек

қыркүйек

Ашық-қоңыр

Татар үйеңкісі

5-10

мамыр-маусым

тамыз-қыркүйек

қыркүйек-қазан

Сарғыш-қызыл

Ұсақ жапырақты жөке

15-20

маусым-шілде

қыркүйек-қазан

қазан-январь

Бурыл-қоңыр

Боз жиде

5-6

мамыр-маусым

қыркүйек

қыркүйек-қазан

Ұнды-ақ

Шырғанақ

4-5

сәуір-мамыр

тамыз-қыркүйек

қыркүйек-қазан

Қызыл, сарғылт-сары

Грек жаңғағы

6-10

сәуір-мамыр

тамыз-қыркүйек

қыркүйек-қазан

Жасыл, қою бурыл

Көктерек

15-20

сәуір

тамыз-қыркүйек

сәуір-мамыр

Қою-жасыл

Сібір шетені

7-8

мамыр-маусым

тамыз-қыркүйек

тамыз-қыркүйек

Сарғылт-қызыл

Ақ сексеуіл

10-12

наурыз-сәуір

қазан

қазан-қараша

Ашық-сары

Қара сексеуіл

10-12

наурыз-сәуір

қазан

қазан-қараша

Сұр, бозғылт қызыл

Кәдімгі жұпаргүл

5-6

мамыр

тамыз-қыркүйек

тамыз-қыркүйек

Бурыл

Сары қарақат

6

мамыр

шілде

шілде

Қою-күлгін

Ақ терек

8-12

наурыз-сәуір

мамыр

мамыр

Ашық-жасыл

Қара терек

8-12

сәуір

мамыр-маусым

мамыр-маусым

Жасыл



Жабайы алма

7-10

мамыр

тамыз-қыркүйек

тамыз-қыркүйек

Сары-жасыл

Сібір алмасы

7-10

мамыр

қыркүйек-қазан

қыркүйек-қазан

Қызыл, сарғыш-қызыл



Тапсырма 2: Кестені жаттаңыз.

3 зертханалық жұмыс


Тақырыбы: Тұқымдардың орташа үлгісін сұрыптау, оларды талдау және орман тұқымдарын бақылау станциясына жіберу
Мақсаты: Тұқымдардың орташа үлгісін сұрыптау, оларды талдау және орман тұқымдарын бақылау станциясына жіберу шарттарын білу
1-тапсырма: Орташа тұқым үлгісін жасау
Бастапқы үлгіден бір орташа үлгі құрастырылады. Сол арқылы тұқымның тазалығы, 1000 данасының салмағын, өсу қуаттылығын, өнгіштігін, өміршеңдігін, т.б. сапа көрсеткіштерін анықтауға болады.
Тұқымның ылғалдылығын анықтау қажет болған жағдайда ғана бастапқы үлгі қалдығынан стандартқа сәйкес етіліп екінші үлгі жоғарыда келтірілгендей бөлініп алынады.
Кресттеп бөлу. Бастапқы үлгі тұқымдары тегіс жерге қалыңдығы 3 см етіліп (ұсақ тұқымдар), ал ірі тұқымдар үшін 10 см-ге дейін шаршылап жинақталған соң, сызғышпен диагональдар бойымен 4 үшбұрышқа бөлінеді. Екі қарама-қарсы жатқан үшбұрыштағы тұқымды алып ыдысқа саламыз, ал қалған екеуін біріктіріп, тұқымдарын араластырып тағы да қайтадан крестеп бөлеміз. Осылай бөлу орташа үлгіге қажетті тұқым салмағы қалғанға дейін қайталана береді.
Орташа үлгіні тұқым-бөлгіш құралы көмегімен алу. Ұсақ және орташа өлшемдегі сусымалы тұқымдарды бастапқы үлгіден арнайы тұқым-бөлгіш құралы арқылы алу өте қолайлы. Бұл бөлгіштің ерекшелігі оған салынған тұқым екіге қақ бөлініп екі ожауша – ыдысқа түсіп отырады. Тұқыммен бірге оның ішіндегі әр түрлі қосындылар мен басқа да құрамындағы заттар тең екіге бөлініп отырылады.
Бөлгіштің жұмысы дұрыс деп бағаланады, егер ожаулардағы тұқым салмағы бір-бірінен 5 проценттен артық ауытқы қоймаса.Бастапқы үлгі тұқымдарын өзімізге керекті орташа үлгі салмағы бір ожауда қалғанша өткізе береміз.
Орташа үлгілерді тексеруге жіберу
Бөлініп алынған орташа үлгіні тұқымдық сапалылығын анықтауға жібереде оларды тығыз матадан тігілген , алдын-ала суда қайнату арқылы дезинфекциядан өткізілген таза қалталарға салады. Қалтаның ішіне орташа тұқым үлгісімен бірге этикеткасын салып, аузын мықтап байлаймыз.
Тұқым ылғалдылығын анықтауға арналған орташа үлгіні таза, құрғақ шыны ыдысқа салып, аузын жақсылап тығындап, бекітіп жібереді.Этикетканың бір данасын шыны ыдыс ішіне салып, екіншісін сыртына жапсырады.
Орташа үлгіні сұрыптауға орман шаруашылығының инженерлері, агрономдар және басқа да арнайы үйретілген мекеме мамандары ғана жүзеге асыруға тиіс. Бұған міндетті түрде тұқым сақталуына жауапты адам да қатысуы керек. Іс жүзінде орташа үлгіні алуға арнайы комиссия құралады. Мекеме бастығының бұйрығы бойынша оған кіретіндер:
1) орман шаруашылығының немесе орманшылықтың қызметкері;
2) орманшы не оның орынбасары немесе учаскенің технигі;
3) тұқымдардың сақталуына жауапты адам-қоймашы немесе орман қорушысы.
Бөлініп алынған үлгілерге белгіленген актінің (3 қосымша) 3 данасы толтырылып, оған қатысқан адамдардың қолдары қойылады және мекеменің мөрі басылады.
Актінің біреуі паспорт көшірмесімен бірге тұқым бақылау станциясына жіберіледі, екіншісі мекеме іс қағаздарында сақталынады, ал үшіншісі өндірістік зерттеуге кеткен тұқымдарды есептен шығару үшін бухгалтерияға өткізіледі.
Тұқымдардың орташа үлгілерін (қапшықтардағы және шыны ыдыстағы) тексеруге ағаш жәшікке немесе берік қорапқа салып, мықты бекітіп жібереді. Егер бірнеше орташа тұқым үлгілері бір жәшікке салынған жағдайда, олардың әрқайсысына тұқым түрі, паспортының нөмірі көрсетіледі.
Орташа үлгілер сұрыптап алынғаннан кейін тұқым бақылау станциясына екі тәулік ішінде жіберілуге тиіс.
Жоғарыда келтірілген талаптардың біреуі сақталмаған жағдайда орташа үлгілер тексеруге қабылданбайды. Ол тұқым кері қайтарылады, ал ол жөнінде 3 күн ішінде тұқым жіберушіге үлгілердің қабылданбаған себеп-салдарын көрсетіп, хабарланады.
Тексеруге қабылданған тұқым үлгілері таразыда өлшеніп, арнайы журналға тіркеледі. Тіркеу нөмірі үлгі салынған қапшықтарға немесе ыдыстарға және осы үлгіге қатысы ьар құжаттардың барлығына қойылады.
Орташа тұқым үлгілерінің белгіленген салмақтан (1 кесте) ауытқуы +5 проценттен аспауы керек.
Әр звеноға (3-4 студент) қажетті құралдар мен материалдар тізімі:
1) бастапқы тұқым үлгісі;
2) тұқым-бөлгіш;
3) сызғыш;
4) матадан тігілген қалта, байлау жібімен.
5) тұқым паспорты
6) тұқым этикеткасы
7) орташа үлгі сұрыптау актісі
8) таразы
9) тегіс тақта
10) ожауша
11) қармауыш

Бақылау сұрақтары:



  1. Бастапқы үлгі дегеніміз не? Оймадан айырмашылығы қандай?

  2. Орташа үлгі арқылы тұқымның қандай сапалық көрсеткіштерін анықтауға болады?

  3. Орман тұқым бақылау станциясы орташа үлгіні қалай қабылдап алады?

  4. Орташа үлгіні алуға арнайы комиссия құрамына кімдер кіреді?

4 зертханалық жұмыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет