10 – лекция. Менеджменттегі мотивация



бет1/13
Дата02.10.2022
өлшемі1.83 Mb.
#461786
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
8cdf3c00a3e363a322914c662685e712

10 – ЛЕКЦИЯ. МЕНЕДЖМЕНТТЕГІ МОТИВАЦИЯ

Дайындаған: э.ғ.к., доцент

Қарғабаева Сәуле Төлеуқызы

Жоспар:

  • Мотивация ұғымы, оның мәні мен эволюциясы.
  • Мотивацияның мазмұндылық теориясы: А.Маслоу бойынша қажеттіліктер иерархиясы; Ф.Герцбергтің қос факторлы теориясы; Мак Клелландтың қажеттіліктер теориясы.
  • Мотивацияның процессуалдық (іс-жүргізушілік) теориясы: күту теориясы, әділеттілік теориясы, Портер-Лоулердің мотивация моделі (үлгісі).

1. Мотивация ұғымы, оның мәні мен эволюциясы

Мотивация бұл жеке мақсаттарға немесе кәсіпорын мақсатына жету үшін адамдарға ықпал ету үрдісі.

Мотивацияның мәнін түсіну үшін екі ұғымды білуіміз қажет: қажеттілік және марапаттау.

Бірінші және екінші кезекті қажеттіліктер. Психологтардың айтуынша адам қажеттілікті физиологиялық немесе психологиялық жетіспеушілігі пайда болуын сезінеді.

Бірінші кезекте қажеттіліктер – ол физиологиялық сипатта болады, яғни туылғаннан бері. Оған мысалға: тамаққа, суға, демалуға деген қажеттіліктерді айтуға болады.

Екінші деңгейдегі қажеттіліктер психологиялық сипатта болады. Мысалы: жетістілікке деген қажеттілік, құрметке деген қажеттілік, билікке деген қажеттілік.

Бірінші кезекті қажеттілік адам генетикасына сіңген болса, екінші кезекті қажеттіліктер көбінесе тәжірибе негізінде қалыптасады.

Адамдардың жинаған тәжірибесі түрлі болғандықтан, екінші кезекті қажеттіліктер бірінші кезектіге қарағанда анағұрлым күрделі.

Бірінші және екінші қажеттіліктер. Бастапқы және қосымша қажеттіліктер.

Алғашқы немесе бірінші қажеттілік табиғаты жағынан физиологиялық болып табылады және туа пайда болады. Бұған: тамақ ішуге, суға, ауаға, ұйқы, тыныштық қажеттіліктерін жатқызуға болады.

Қосымша қажеттілік табиғаты жағынан психологиялық болып келеді. Мысалы, табысқа жету, құрметке ие болу, үстедмдік қажеттіктер.

Бастапқы қажеттіліктер адамдарға ген (тұқым қуалаушылық) арқылы беріледі, ал қосымша қажеттіліктер тәрбие арқылы жинақталады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет