Портер-Лоулер моделін жақсы түсіну үшін оның мотивациясы механизмінің элементтерін жақсылап қарастырайық. Тексте жақшаның ішінде көрсетілген сандар 6 кестеден алынған (кесте 2). Портер-Лоулер моделіне сәйкес алынған нәтиже 3 айнымалығы байланысты: жұмсалған күш жігер (3), адамның қабілетінен мінез-құлық ерекшелігі (4), сондай-ақ жұмысшылардың өздерінің еңбек үрдісіндегі рөлін түсінуіне байланысты (5). Жұмыстағы күш жігер деңгейі өз кезегінде марапаттау бағалығына (1) және адамның жұмсалған күш-жігерімен мүмкін марапат арасындағы байланысқа сенуіне байланысты. Қажетті нәтиже деңгейі (6) ішкі марапаттау (7а) және сыртқы марапаттау шараларын қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |