10 – лекция. Менеджменттегі мотивация


Бағытталушылық адам қызметінің мінездемесі ретінде белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруға бағытталуын көрсетеді



бет7/13
Дата02.10.2022
өлшемі1.83 Mb.
#461786
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
8cdf3c00a3e363a322914c662685e712

Бағытталушылық адам қызметінің мінездемесі ретінде белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруға бағытталуын көрсетеді.

Адам өз жұмысын оған белгілі бір қанағаттанушылық (моральдық және материалдық) алып келетіндігі үшін атқара алады, сондай-ақ ол ұйымның көздеген мақсатына жетуі үшін жұмыс істеуі мүмкін.

Басқару үшін адам әрекетінің бағытталуын білген өте маңызды, алайда, қажет болса мотивтендіру арқылы осы әрекеттерді белгілі бір мақсатқа бағыттауға тұспалдай білу қажет.

Мотивация теорияларын зерттеуде екі әдістеме бар(2 сурет).


Мотивация
Мотивацияның мазмұнды
теориялары
Мотивацияның процесуалды
теориялары

2. Мотивацияның мазмұндылық теориясы: А.Маслоу бойынша қажеттіліктер иерархиясы; Ф.Герцбергтің қос факторлы теориясы; Мак Клелландтың қажеттіліктер теориясы

Бірінші әдістеме мотивация теориясының мазмұнды жағын зерттеуге негізделген. Мұндай теориялар, олардың тәртібі мен қызметінің негізгі дәлелі болып табылатын адамның сұраныстарын зерттеуге негізделеді. Осындай әдістемені жақтаушылардың қатарына Абрахам Маслоу, Фредерик Герцберг пен Девид Мак Клелланд америка психологтарын жатқызуға болады.

А.Маслоу бойынша мотивация теориясы

Қарастырылып жатқан теориялардың біріншісі Маслоудың сұраныстар иерархиясы деп аталады. Мұның маңыздылығы адамның сұраныстарын зерттеуге арналған. Бұл өте көне теория. Мұның жақтаушылары, сондай-ақ Абрахам Маслоу психология пәні - адамның санасы емес, тәртібі деп санаған.

Маслоу бойынша қажеттіліктер теориясы. Адам қажеттілігінің күрделілігін және оның мотивацияға ықпалын түсінген алғашқа бихевиористердің бірі Абрахам Маслоу болатын, өзінің теориясын жасап, адамдардың қажеттілігін 5 категорияға бөлді (3 сурет). Бұл ой кейін Гарвард психологы Мурретон толықтырды.

  • Физиологиялық қажеттіліктер өмір сүрудің қажетті шарты. Олар тамаққа деген, суға деген, үй жайға деген, демалысқа деген қажеттіліктер.
  • Болашақтағы қорғалғандықпен сенімділікке қажеттілік. Олар қоршаған ортадан төленетін физилогиялық және психологиялық қауіптерден қорғалғандығы және физилогиялық қажеттіліктері келешекте қанағаттандыруға сенімділік.
  • Әлеуметтік қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктер адамдармен әлеуметтік қарым – қатынасқа түсуге деген және т.б.
  • Құрметке деген қажеттілік. Ол өзін - өзі құрметтеуге, ойлауға, мойындауға қажеттіліктерді қамтиды.
  • Өзін - өзі көрсетуге қажеттілік. Ол үшін потенциалды мүмкіндіктерін жүзеге асыруға және тұлға ретінде өсуі деген қажеттілік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет