10 БӨж тақырыбы: «Қазіргі заманғы қоғамдағы дәстүрлі құндылықтардың рөлі»


исламдық мемлекет формасын насихаттау



бет8/10
Дата09.10.2023
өлшемі74.86 Kb.
#480166
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
stud.kz-111622

исламдық мемлекет формасын насихаттау. Сонымен бір мезгілде исламның жергілікті өмір сүру формасын надандық ретінде танытатын идеяларды астыртын сіңіре отырып, дін тазасын салафилер әкелгендігіне деген сенімді орнықтыру жалғастырылуда. Бұл орайда олар «мұсылман қазақ, христиан қазақ болып қатар өмір сүру мүмкін болмайды, бұл міндетті түрде ішкі соғысқа, апатқа алып келеді» деген идеяны сіңіруге тырысады. Мұндай құбылыстың салдарын оң бағалау расында да мүмкін болып табылмайды, бірақ бұл идеяны олар қазақтың мұсылмандығын сақтау мүддесіне емес, көпдінділік апатымен үркіту арқылы исламдық мемлекет формасын идеалдандыруға пайдалануда.
Дін атын жамылған радикалды ағымдардың белсенді әрекеті салдарынан дәстүрлі қазақ қоғамын қалыптастырған рухани құндылықтар күйреуге ұшырап, ішкі тұрақтылыққа қауіп төнуде. Үздіксіз және астыртын, ең бастысы ел санасын оңай жаулайтын әдіспен – дін атын жамылып жүргізілгендіктен мұндай әрекеттер тұрғын халықты ай-күннің аманында иманынан жаңылдыратын аса қауіпті әрекеттер болып саналады. Осы типтегі ағымдар әдетте діни бірлестік ретінде тіркелмей идеология ретінде әрекет ететіндіктен оларға қарсы күрестің жалғыз жолы да тек идеологиялық ағарту шаралары болып отыр.
Радикалды ағымдар идеологиясының алдын алу жолдары олардың өз әдістемесіне сәйкес қалыптасуы қажет. Кез келген жаңа діни ағым қоғамдағы қалыптасқан құндылықтарды күйрету арқылы өзін орнықтыруға жол ашады. Ал бұл өз кезегінде дәстүрлі құндылықтармен бірге ішкі тұрақтылықтың әлсіреуіне алып келеді. Рухани ізденістердің дәстүрлі арнаға бағытталуы және ұлттық құндылықтар аясында дамуы қоғамның рухани жаңғыруына серпін береді. Ал оның радикалды идеологияға арбалуы тұлға болмысының құлдырауынан бастап, ішкі тұрақтылық пен мемлекет тұтастығының бұзылуына дейін алып келетін қауіпті салдарларға соқтырады. Сондықтан біз үшін уақыт сынынан өтіп, ұлтты қалыптастырған құндылықтарды қорғау – елдің ішкі тұрақтылығы мен мемлекет іргесінің бүтіндігін қорғау болып табылады. «Уды у қайтарады» ұстанымы бойынша, радикалды ағымдардың ауыз салатыны дәстүрлі құндылықтар болғандықтан

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет