қоғамның негізгі тұғыры саналатын дәстүрлі құндылықтар құбылысын жете бағаламауы және толық пайдалана білмеуі аңғарылуда. Соның салдарынан ғылыми қауымдастық пен мемлекеттік мекемелер арасындағы байланыс шартты қатынастар аясында қалып отыр. Кез келген шетін құбылысқа қатысты мемлекет – реалды-саяси тұрғыдан, ал ғылыми қауымдастық құндылықтық-прагматикалық тұрғыдан пайымдап, әрекет етуде. Мемлекеттің саяси жүйесін ғылыми қауымдастықпен біріктіретін ортақ тұғырнама қалыптасқан жоқ. Тұжырымдамалық ұстанымдарды нақты айқындап алмаудың салдары әртүрлі науқандық идеялардың жетегінде кетуге себеп болып отыр.
Өз саясатына мығым өркениетті елдерде ғылым саясаттың алдында жүреді. Ішкі-сыртқы саясаттағы бағдарлар мен басымдықтарды дүниежүзілік тәжірибені сарапқа салып, «жеті рет өлшеп, бір рет кесетін» ғылыми институттар айқындайды. Біздің еліміздің жағдайында адам факторының басымдық алуы, яғни белгілі бір тұлғалардың дербес зерттеулерінің, сыннан өтпеген сараптамаларының, объективтілігі мен субъективтілігі аралас талдамаларының негізінде идеологиялық-саяси көзқарастардың қалыптасуы және қоғамға кеңінен ұсынылуы орын алуда. Бұл ғылыми орта тарапынан да наразылық тудырып, соның салдарынан ғылыми пікірлердің бірнеше жікке бөлініп, ортақ ұстанымдардың орнықпауына соқтыруда.
Айтылғандардың салдарынан көптеген шетін құбылыстарға, радикалды ағымдарға қатысты мемлекеттің кесімді сөзі айтылған жоқ. Дін саласындағы рухани бағдардың халыққа ұсынылмауы сенімсіздікпен, наразылықпен қоса адасушылықты да күшейтуде, басқаша айтқанда тыйым салмағанның бәрі рұқсат етілген нәрсе ретінде қабылдануда. Теория мен тәжірибе сәйкестендірілмеген және бірдей дәрежеде әрекет етпеген жағдайда оның нәтижесі әрекетсіздікке тең болып шығатынын ескеру қажет.
Бұл орайда да біз тарихи тәжірибемізден сабақ ала алмай отырмыз. Кешегі қазақ қоғамында да рухани-идеологиялық бағдарды айқындауда ұлт зиялылары мен рухани ұстаздары шешуші роль атқарды. Дін, ғылым, руханият сласындағы қажырлы ізденістерінің нәтижесін сана сүзгісінен өткізіп, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ретінде ел жүрегіне жеткізіп беріп отырғандар солар еді. Ал халық бұл ілімді «жаман болады», «ұят болады», «обал болады», «сауап болады» деген қысқа да нұсқа тыйымдарының аясына сыйғызып, ұрпақтан ұрпаққа шашау шығармай жеткізе білді. Дәстүрлі қоғамның дәстүрлі құндылықтары осылай қалыптасқан болатын.
Бүгінгі экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылға келгенде біз көп жағдайда
Достарыңызбен бөлісу: |