10 БӨж тақырыбы: «Қазіргі заманғы қоғамдағы дәстүрлі құндылықтардың рөлі»


құбылыстың себебімен де, өзімен де емес, салдарымен күресудеміз



бет4/10
Дата09.10.2023
өлшемі74.86 Kb.
#480166
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
stud.kz-111622

құбылыстың себебімен де, өзімен де емес, салдарымен күресудеміз. Бұл – күрестің ең нәтижесіз жолы. Мемлекет өзінің ұстанымын тікелей емес, азаматтық қоғам өкілдері арқылы жеткізетіні және жүзеге асыратыны белгілі. Бұл орайда тағы да ғылыми қауымдастықтың ақыл-ой әлеуеті жеткілікті деңгейде пайдаланылмай отырғанына назар аударуға тура келеді. Радикалды идеологияның алдын алудағы және жалпы дін саласын реттеудегі негізгі назарды тұжырымдамалық-сараптамалық негізде идеологиялық бағдарды нақтылауға шоғырландыру – кезек күттірмейтін мәселе.
Тағы бір сыннан өтпестен тәжірибеге ене бастаған сенімсіз қадам – дінге деген мемлекеттік көзқарасты ғылыми тұрғыда бекітудің орнына назардың зайырлылықты күшейуге аударылуында болып отыр. Бұл екеуі (дінге көзқарасты ғылыми тұрғыда бекіту мен зайырлылықтың күшейтілуі) бірінің орнына бірі жүргенде немесе бірі басыңқы, екіншісі бағыныңқы болғанда еместең дәрежеде әрекет еткенде ғана жемісін беретінін ұмытпау қажет. Қоғам құндылықтарды өзі сұрыптайды. Оның екі үдеріске бірдей сұранысы барЗайырлылықты күшейтуге бағытталған қадамдар дінді әлсіретуге әсер етіп жатса, ол нағыз дінсіздік көрінісі ретінде қабылданып, елеулі наразылық тудырады. Зайырлылықты күшейту дінді әлсіретумен бір бола алмайды. Зайырлылықты қанша күшейтсек де, діни қызмет белсенді түрде жалғаса береді. Діни қызметпен санаспауға болмайды, оны жай ғана қадағалау емес, сапалы және нәтижелі түрде қадағалау қажет. Дін саласындағы қызмет бағыттарын күшейту – дінді күшейту емес, діни қызметті сапалы және нәтижелі түрде қадағалауды күшейту деп ұғынылуы қажет.
Дін мәселесі – рух мәселесі. Дін мәселесін дінилендіру де, зайырлыландыру да емес, руханиландыру қажет. Бізде осы мәселеге қатысты біржақты көзқарастар белең алуда. Дін мәселесін руханиландыру орнына зайырлыландыру кері нәтиже береді. Дін өлуі мүмкін, бірақ ешқашан зайырлыланбайды. Әр құбылысқа өз табиғатына сәйкес әдістеме қажет. Дінді руханиландыру арқылы мәңгілік идеяларға, зайырлылық идеяларына пайдалануға болады. Сол арқылы барлық жоғалтқанымызды түгендеп, мызғымас құндылықтар қалыптастыра аламыз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет