алдын алу жұмыстарының ең белсенді әрі ықпалдысы – дәстүрлі құндылықтарды жаңғырту болмақ.
Бұл орайда біріншіден, ұлт бойындағы жоғалмаған рухани әлеуетті пайдалана білудің маңызы зор. Ислам жайындағы үстірт түсініктерге, жат мәдениет ықпалына көзсіз еруге, радикалды идеологияның жетегінде кетуге қарсы тұра алатын бірден-бір күш – біздің қазақы мұсылмандығымыз. Біздің қоғам ең алдымен өзінің мың жылдық мұсылмандық тәжірибесін – халықтың ғасырлар бойы қалыптастырған рухани құндылықтарын жаңғыртып, жандандырып, қоғам өміріне кеңінен енгізуі қажет. Жан тазалығына, ар тазалығына негізделген, сыртқы көріністегі емес, жүректегі иманды қасиет тұтқан ұлттық рухани құндылықтарымызға оралу, оларды кеңінен насихаттау арқылы радикалды идеологияға тосқауыл қоюға болады.
Екіншіден, әрбір ұлттың дәстүрлі рухани құндылықтарының сан ғасырлық уақыт сынынан өтіп, дәстүрлі қоғамды қалыптастырғаны, оның рухани бағдарларын айқындап, идеологиялық тұтастандыру және қоғамдық реттеу қызметін атқарғаны белгілі. Жасампаз дәстүрлі құндылықтардың алдағы уақытта да қазақстандық қоғам тұрақтылығына тірек болып, оның өміршеңдігіне септесері сөзсіз. Дәстүрлі рухани құндылықтарды жаңғырту жалпы жұртшылықтың, әсіресе жастардың теріс пиғылды ағымдардан берік қорғалған, психологиялық өңдеуге берілмейтін, қорғаныс қабілеті мен қарсы тұру иммунитеті мықты болып қалыптасуына ықпал ететін маңызды идеологиялық құрал болып табылатыны сөзсіз. Сонымен қатар бұл тек діни саланы реттеу қажеттілігіне ғана емес, жалпы қоғам өміріне бағдар болатын көнермейтін, мәңгілік адамгершілік-өнегелік құндылықтарды қайта сараптап, жұртшылыққа ұсыну, қолданысқа енгізу қажеттілігіне де қызмет етеді.
Үшіншіден, кез келген тұлға дінді жеке-дара сенім күйінде емес, барша рухани құндылықтармен, тұлғалық ұстанымдармен, өмір сүру салтымен тұтастықта қабылдайды. Осы негізде діннің өмір сүру формасы болып табылатын дәстүрлі рухани құндылықтарды жаңғыртуды мектеп қабырғасынан бастап жүзеге асыру рухани деңгейі жоғары, зайырлы, зияткер (интеллектуал), толыққанды тұлғалардың қалыптасуына мүмкіндік береді. Мұндай аудитория ел халқының басым көпшілігін құрайтындықтан олар қоғамдық ойдың қозғаушы күші саналады. Олар берік идеологиялық шеп ретінде қалыптаса келе өздерімен салыстырғанда аз санды болып табылатын теріс пиғылды, радикалды идеологияны ұстанушыларды сіңіріп алатын
Достарыңызбен бөлісу: |