Қазіргі экономикалық даму қызметкерлердің өз өмірінде бірнеше рет мамандығын ауыстыруы, өз біліктілігін үнемі арттыруы қажеттілігін тудырады. Яғни, білім басты капитал болып қала береді. Елбасымыз Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, «қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағындырудың заманы». Сондықтан да жастардың біліміне, жас отбасыларға, бүлдіршіндердің дамуына баса назар аударылып келеді.
Тәуелсіздік алғалы Қазақстанның азаматтары әлемнің беделді оқу орындарында білім алып жатыр. Бұл үрдіс жалғаса береді. «Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Қазақстанның болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге, күш-жігерлеріңіз бен патриоттық сезімдеріңізге байланысты. Білімді, сауатты адамдар – ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» - дейді Елбасы Н.Ә.Назарбаев.
Жүзеге асырылып жатқан «Болашақ», «100 жаңа кітап», «100 жаңа есім», «Жас маман» бағдарламалары, т.б. – бұлардың барлығы жастардың дамуына, сол арқылы елдің дамуына бағытталған шаралар. Сонымен бірге, 2019 жыл елімізде Жастар жылы деп жарияланды Тапсырмалар:
Жаңа сөздермен жұмыс жасаңыз.
Мәтінді оқып, түсініңіз.
Мәтін бойынша сұраулы сөйлемдер жазыңыз.
Көршіңізбен сұхбат құрастырыңыз.
Сіз қалай ойлайсыз, Елбасы неліктен жастарға, жастардың дамуына назар аударып келеді? Жастық шақ қандай шақ?
«Жас кезіңде алған білім тасқа жазған жазумен тең, қартайғанда алған білім мұзға жазған жазумен тең» дегенді қалай түсіндірер едіңіз?
«Адам баласы кез келген ортаға біліммен емес мінезбен сыяды» деген Абай Құнанбайұлының сөзімен келісесіз бе? Неліктен?