Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
|
Миға шабуыл
1.Суреттерде не көріп отырсыздар?
2.Не ерекше болды?
3.Тақырыпты болжап көріңіз....
Болжамдарын негіздейді
Сабақ тақырыбы анықталған соң, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.
|
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
|
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
|
Тақырып
тық суреттер
|
Жаңа білім
!!!!!!!!!!!!!!!!Қажет еткен әріптестер үшін....бағалар
87027984413
|
Мәтінмен жұмыс
Наполеонның бес негізгі әскери науқанын уақытша таспада белгілеңіз
ең маңызды сәттерді анықтаңыз өзіңіздің таңдауыңызды түсіндіріңіз
1-тапсырма
Наполеонистік науқандардың себебін белгілеп, өз позицияңызды түсіндіріңіз
2-тапсырма
Наполеониялық соғыстардың оң және теріс салдарын жазыңыз
3-тапсырма
Кодекстің үзіндісін оқып, 3 либералды идея мен уақытты біздің заманымызға сәйкестендіріңіз
Наполеон кодексінен либералды идеялар
Жеке жұмыс
«Менің шынайы даңқым 40 шайқаста жеңіске жеткенімде емес. Ватерлоу түбіндегі ұрыс менің қол жеткізген барлық жеңістерді жадыдан өшіріп тастады. Алайда, жадыдан ешқашан да өшірілмейтін, әрі мәңгі өмір сүретін – ол менің Азаматтық кодексім»
Әйгілі қолбасшы Н.Бонапарт өзі шығарған «азаматтық кодекстерді» соғыстардағы жеңістерінен маңыздырақ деп жоғары бағалады. Себебін түсіндіріңіз.
Деректі оқып шығып, сұрақтарға жауап беріңіз. Наполеон бекіткен азаматтық кодекстер бірінші кезекте жеке меншіктік қатынастарды түбегейлі бекітіп, буржуазия сынды әлеуметтік топтың күшеюіне мүмкіндік берді. Буржуазия бұрынғы феодалдық тәртіптер үстем болып тұрған кездегі ірі жер иелері феодалдар мен король билігі маңайына топтасқан ақсүйек топтары иеленген артықшылықтар мен саяси билікке қол жеткізе бастады. Буржуазия аталған кодекстің артықшылықтарын пайдаланып, елде өндіріс пен өнеркәсіптің қарқынды дамуына мүмкіндік жасады. Кодекстегі бір кемшілік жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы мүлде қарастырылмаған болатын, себебі бұл кезде француз қоғамында жұмысшы табы әлі толық қалыптаса қоймаған жаңа әлеуметтік топ болатын. Кодексте азаматтық теңдік мен бостандық алға қойылып, дінді ұстану еркіндігі қорғалды. Барлық азаматтар әлеуметтік тегіне, шыққан ортасына қарамай заң алдында барлығы тең құқықты иеленді деп жарияланды. Кодексте негізге алынған бостандық пен теңдік сияқты либералдық принциптер, жекеменшікті қорғау сынды буржуазияға қолайлы орта Францияда мың жылдан артық үстемдік жасаған бұрынғы ескі тәртіптің іргесін сөге бастады. Феодалдық тәртіптер мен артықшылықтарға соққы берілді. Кодексте қаралған азаматтардың теңдігі мен бостандығы, діни еркіндігі, сөз бостандығы баптары француз ағартушылары Жан Жак Руссо, Вольтер, Монтеське сынды тұлғалардың ойлары мен еңбектеріндегі тұжырымдары негізінде жасалынды. Наполеон кодекстеріне дейін Францияда біріңғай заң болған жоқ, әр аймақта әртүрлі заңдар мен діни қағидалар үстем болып келді, кодекс бүкіл елді бір құқықтық қатынастарға біріктірді және Н.Бонапарт жаулап алған Еуропадағы елдердің барлығына тарай бастады. Осылай Еуропада француздық либералдық дәстүрдегі заңдар мен еркін ой тарап, феодалдық
қатынастарға соққы бере бастады. Кодекс Еуропада капиталистік қатынастардың қарқынды дамуына әкелді. Кодекс өз заманының прогрессивті құқықтық актісі болды, кодекстің 2281 бабының 1200-і осы күнге дейін еш өзгеріссіз Франция Конституциясының баптарында негізгі заң қызметін атқарып отыр. Қазіргі таңда 70-ке жуық елдердің азаматтық кодекстерінде осы Наполеонның кодекстері өз маңыздылығын жоғалтпай келе жатыр. http://biofile.ru/his/29753.html Наполеон кодекстері қандай жаңа әлеуметтік топтың күшеюіне жағдай жасады? Неліктен? Наполеон Кодексінің Еуропадағы либералдық қоғамдық идеялардың таралуындағы маңызы не деп ойлайсыз? Дәлел келтіріңіз. «Қазіргі азаматтық қоғамның орнығуына ХІХ ғасырдың басындағы Наполеон кодекстерінің маңызы зор» деген тұжырыммен қаншалықты келісесіз? Дәлел келтіріңіз.
|
|