Еркін жазу не эссе жазу. Бұл жұмыстарды бірнеше тақырыптар көлемінде өткіздім. Оқушы жеке жұмыс істеуге жаттығады. Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді. Сабақтың соңында мәтіннің тақырыбына байланысты өз ойларын білдіріп, көкейлеріне не түйді соны қағаз бетіне түсіреді. Мысалы, әдебиеттік оқу сабағында «Сараң бай» мәтінін өткен кезде: «Бай қайыр сұраған адамға еш нәрсе бермеп еді, басына іс түсіп, өзі де қайыр сұрап қалды. Ал кедей оған жамандық тілеген жоқ, керісінше байды аяды», - деген сияқты оқиғаға өз пікірлерін білдіріп, эссе жазады.
Хат жазу. Хат жазу да – шығармашылық ізденістің бір түрі. Хат жазу – өз бетінше дербес орындалатын және сапалы мәтін құрай білуге, өз ойын дәл және логикалық байланыста бере білуге жаттығудың бірден-бір әр адамға қажетті мәні бар жазба жұмыстарының бірі. Сондықтан да өз бетінші хат жаздыру балалардың сауатты әрі логикалық байланысы бар мәтін құрай білуіне жетелейді. Ол үшін алдымен хаттың құрылысын түсіндіру қажет:
Амандасу
Айтылмақ ой
Қоштасу
Хат жазушының аты-жөні
Хаттың жазылған мерзімі.
Ертегі құрау. Ертегіні құрауға қойылатын талапта әңгіме құрауға қойылатын талап секілді. Тек ерекше назарда болатын нәрсе ертегі болу үшін өмірде болмайтын, орындалмайтын ғажайып нәрселер, оқиғалар жүзеге асып жатуы керек. Алдымен «Терек пен алма ағашы» ертегі тұтас беріледі.
Қарт бағбан ерте көктемде бақтың ортасынан ыңғайлы жер сайлап, терек пен алма ағашының талдырмаш шыбықтарын отырғызыпты. Құнарлы жерге түскен әрі күтімі жақсы жас ағаштар демде – ақ көгеріп, бүршік атып, жапырақ жая бастапты. Бірнеше жылдан соң, олар жайқалған үлкен ағаштар болып шығады. Терек ағашы болса, бұтақтарын кең жайып, ақ гүл жарады.
Есейе келе бұлардың арасындағы бұрынғы достық суыса түседі.Терек өзінің биіктігіне мақтанып, алма ағашына менсінбей қарайды. Тіпті бірге өскен досына өктем сөйлейтін болды.
Ал алма ағашы өте әдепті еді. Ақылсыз досын кешіріп, терекке күнде күн шапағымен бірге амандасады екен.
Алма ағашы күні бойы жас гүлдерін мәпелеп, уақыттың қалай өткенін білмей қалады.Ал терек мойынын көкке созып, мақтанумен болады.
Ертегімен оқып танысаннан кейін ертегі желісін оқушылар өз ойларымен жалғастырады. Тірек сөздер: бағбан, қызы, алма ағашы, терек, балта.
Достарыңызбен бөлісу: |