Кейіпкерге мінездеме беру де шығармашылықты шыңдауға септігін тигізетін тапсырмалардың бірі. Оқушылармәтінмен танысқаннан кейін ондағы кейіпкерлерге мінездеме беріп, оған деген өз көзқарасын білдіру арқылы тілі дамып, пікірін дәлелдей білуге жаттығады. Венн диаграммасы арқылы да кейіпкерлерді салыстырып, сипаттама беруге болады.
Жағымды немесе жағымсыз кейіпкерлердің образына еніп сомдау да балалардың сабаққа қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Елестету. Берілген мәтіндегі бір көріністі көз алдарына елестету. Оқушылар тыныш отырады, көздерін жұмып, әрбір мен айтқан нәрсені елестетуге тырысады.
Мысалы: Жазғы дала. Тау етегі. Айнала жап – жасыл. Бір топ бала өзенге қарай жүгіріп барады... Оқушылар осындай кез келген көріністі көз алдарына елестете алады, өздері сол елестен үлкен қуанышқа бөленеді. Олардың алғашқы әсерлері мынадай сөздерден байқалады «кино көргендей болдым», «суретке түсіріп алғандай болып елестеттім» т.б.
Шығарма, мәтін құрастыру.
- тақырып бойынша
- жоспар бойынша
- тірек сөздер бойынша.
Өлең құрастыру
- дайын өлең жолдарының бір, екі жолдарын беру
- дайын ұйқастарды ұсыну
Қазақ тілі сабақтарында әр түрлі тапсырмаларды түрлендіре беріп отырудың пайдасы көп. Мысалы: хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр немесе тірек сызба арқылы сөйлемдер құрастыр деген сияқты тапсырмаларды үнемі беріп отырса, оқушының ой қиялының дамуына әсер тиеді.Тірек сөздер беру арқылы жұмбақ құрастыру тапсырмасын да беруге болады. Мысалы, «Сын есім» тақырыбын өткен кезде мынадай дайын ұйқас беріледі де, балаларға жұмбақ құрау тапсырылады.
_ _ _ _ _ _жұмсақ,
_ _ _ _ _ _қорқақ.
Балалар мынадай жұмбақ құрауы мүмкін:
Тоны сондай жұмсақ,
Өзі бірақ қорқақ. (Қоян)
_ _ _ _ _ _домалақ,
_ _ _ _ _ _домалап.
Резеңке домалақ,
Тоқтамайды домалап. (Доп)
«Сөз және оның мағынасы» тақырыбында мынадай тапсырма беруге болады: берілген сөздерді солдан оңға қарай оқы,жаңа сөз жаса:
қыран – нарық, есек – кесе, сүт – түс.
Оқушылардың шығармашылық іс - әрекеті мен іздемпаздық дағдыларын қалыптастыру, жүйелі қорытынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, жалпылай алу, логикалық икемділіктер – салыстыру, талдау, жинақтау, жүйеге келтіру математика пәнін оқытудың өн бойында жүзеге асыруға болатындай мүмкіндіктер өте көп.
Математика пәнінде кез келген геометриялық фигуралардан түрлі заттар құрастыруға болады. Мысалы:
Шығармашылық есеп зерделікке, қиялдауға, логикалық ойлауға, тапқырлыққа, байқампаздыққа, есепті шешу тәсілдерін меңгеруге тәрбиелейтіндей болу керек. Мысалы:
Төрт бұрышта төрт мысық отыр. Әр мысыққа қарама – қарсы үш мысықтан отыр. Мысықтар нешеу?
Суреттегі сандарды 4 топқа бөл, сонда әр топтағы үш санның қосындысы 125-ке тең болсын.
15
78
23
75
24
62
25
49
29
47
35
38
Барлығы неше тік төртбұрыш және неше үшбұрыш?
Көркем еңбек сабағы кезінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін түрлі әдіс – тәсілдерді қолдандым.
Сабақтың ұйымдастыру бөліміндегі аяқ-қол жаттығуларына ертегі кейіпкерлерінің жүрісі.
Мүсіндеу арқылы ермексаздан ертегі кейіпкерлерін жапсырмалау арқылы театрландырылған көрініс дайындайды.
Өз ойларынан сурет салады.
Өз ойларынан қол орамалды немесе тұтқышты сәндейді.
Өз идеялары бойынша ашық хат дайындайды және оған өз тілектерін жазады.
Жаратылыстану және дүниетану пәндерінде балалардың сабаққа қызығушылық-тарын арттыру үшін түрлі сөзжұмбақтар мен ребустар құратуға болады. Бұл жұмыстар барысында балалар өткен тақырыптарды үнемі қайталап отырады және жасырынған сөзді дәл табуға жетелейтін сұрақтарды дұрыс қоя білуге баулиды. Сөзжұмбақтар мен ребустарды дұрыс құрай білу үшін, мұғалім 1-сыныпта көбірек сөзжұмбақтар мен ребустарды шешкізіп отыру қажет. 2-сыныптан бастап алдымен үйге тапсырма ретінде беріп, бірте-бірте сабақ барысында да құрауға тапсырма беру қажет.
Мұғалім үнемі оқушыға шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын нұсқап отырса, онда балалардың өздері де ізденіске түседі. Психологтардың айтуынша, қабілеттілік туа біткен қасиет емес, ол тікелей пәндік әрекет арқылы дамиды. Оның дамуы баланың жаңа білім алуымен, оның біліктілігі мен дағдыларының қалыптасуымен тікелей байланысты. Шығармашылық қабілетті бүкіл сабақта дамытуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |