ІІІ. Қорытынды
Жұмысымызды қорытындылай келгенде атам қазақ айтқандай: «Алуан, алуан жүйрік бар, әліне қарай шабатын», - дегендей әр адамның өзінің қабілетінің салаларына қарай дара айырмашылығы да алуан болып келетінін жоғарыдан білдік. Өйткені, әрбір адамның физиологиялық ерекшелігі де әртүрлі, соған қарай кейбіреулеріне тумысынан ұрпақтан – ұрпаққа берілетін қабілеті болса, кейбіреулерінде жүре пайда болатын жеке дара қабілеті болады.
Біздің байқағанымыздай қабілетті адамның бірі – зеректілігімен, екінші біреуі байқағыштығымен, үшіншісі ақылдылығымен, ал төртіншісі іскерлігімен байқалады. Бұл әр адам бойындағы қабілет нышандарының физиологиялық және биологиялық ерекшелігіне байланысты екенін білдік. Адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандайда бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі.
Жалпы алғанда, болашақ жас ұрпаққа сапалы да саналы білім беру мен тәрбиелеу барысында, әр баланың жеке дара ерекшелігін ескеріп, әр баланың қабілет нышанын анықтап, оны жетілдіру, олардың бойында қалыптастыру мен ары қарай дамыту жолдарын табу қажет.
Сол үшін барлық істерімізді осы балалалардың бойындағы өзіндік қабілеттің барлық нышандарынан балалық шақтан бастап анықтау, жетілдіру, жас ұрпаққа жан – жақты білім берумен тәрбиелеу және оқыту әрбір ұстаздың басты міндеті.
Қабілеттіліктің өлшемі – белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамнық іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды.
Өзіндік қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызымет саласында және әрекетпен үйрену үстінде көрініп отырады.
Осы бағытта жұмыс істегеннен не ұттым?
Бала оқулық көлемінен шығып ойланады.
Шығармашылық жұмысын қорғап, пікір айта біледі.
Тәжірибелік жұмыстарға қызығып, зерттеу іс – әрекетін жүргізді.
Алған білімін өмірде тиімді пайдалана білуге үйренеді.
Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, өз ойын ашық, қысылмай жеткізе білуін, ынтасын дамыта түседі. Ол жеке тұлғаның қоғамда беделін көтеруде және оның өз – өзіне баға бере білуіне ықпал етеді.
Баланың шығармашылық әрекетін ұйымдастыру барысында бала өзінің бұған дейінгі білетін амал-тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.
Әрбір мұғалімнің басты міндеті - оқушының жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын, шығармашылығын ашу. Ұлы ғалым Д.И.Менделеев мұғалімдердің ғылымның сарқылмас көзін ашудағы еңбектерін жоғары бағалаған. «Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады» деген. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу – бүгінгі күннің мақсаты.
Достарыңызбен бөлісу: |