Шығармашылық – ойлау қабілетінің ең жоғарғы қасиеті. Шығармашылық арқылы оқушының жолдасына, өмірге, білімге деген сенімі, көзқарасы өзгереді.
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрену керек. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері негізінде қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы шығармашылыққа бейімдеуге болатыны көп айтылуда. Адамның шығармашылыққа ынтасы оның өз даралығын, өз қабілеттерін іске асыруға жол ашады. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, жаратушы да. Адам бойындағы дарындылықты табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектенуге баулу.
Шығармашыл тұлғаның ерекшелігін И. Андреев «белсенді, шығармашыл тұлға өзімен және қоршаған ортамен қайшылыққа келуге қорықпайды, негізгі ерекшелігі - батылдығы, мәселені қоя және аша білетіндігі, мақсатқа жету жолындағы табандылығы, өзіндік пікірі мен жолы, бай қиялы» деп сипаттайды. Шығармашылығы дамыған тұлғаның ерекшелігі- жалпы зерделілігі, өзіндік ой түюі, мақсат қоя білетіндігі.
Бастауыш сынып оқушылары жалпы алғыр, шапшаң, сезімтал, ештеңені жасырмай, нені болсада ашық, еркін айтады. Олар мұғалімнің жетегіне тез ілескіш, үлкендердің ой – пікіріне қатты сүйенеді. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіруі керек. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.
Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік – оларды психологиялық дайындықтан өткізу, яғни шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырып, «сенің қолыңнан бәрі келеді екен ғой», «өзің де бәрін біліп, үйреніп аласың» деп олардың кішкентай жетістіктерін мадақтап, көтермелеп отыру керек.
Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттіліктері оқу әрекетінде көрінеді. Оқу әрекетінде мұғалім мен оқушы тығыз байланыста болуы керек. Ол үшін мұғалім бар күш – жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы қажет. Менің байқағаным, бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғарғы сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады және дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге тырысады. Оқушы не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығуын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сонымен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қажетті жағдайлардың мазмұнына тоқталмақпыз:
Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл – күй тудыру арқылы оқушылардың назарын бір нәрсеге бағыттау керек, яғни, оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін, үнемі шығармашылық тапсырма – міндеттер, жаттығу, ойын түрінде ұсынған жөн.
Шығармашылық жаттығу, ойын – тапсырмалардың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі керек.
Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: бірінші – «сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді» деген қорқыныш сезімі, екінші - өзіне - өзі тым риза болмаушылық сезімі, үшінші – жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдары:
Оқушылардың шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай жасау;
Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсіру үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс – тәсілдерді қолдау болып табылады.
Олар мынадай:
Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;
Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;
Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу;
Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын мәтін әңгіме құру);
Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу;
Қиялдау арқылы сурет салғызу;
Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру;
Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру;
Мәтін, әңгіме, ертегіні өз бетінше аяқтау.
Ал, сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жұмыс түрлері:
Мұражайға апару;
Әртүрлі кездесулер өткізу;
әртүрлі тақырыпта пікірталас, сайыс өткізіп, алған әсерлерін шығарма етіп жаздыру;
Балаларға арналған журналдарды сабақ кезінде үнемі пайдалану.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуше зор әсерін тигізеді.
Бала бойындағы қабілетті ашу – оқушының шығармашылық бағытта дамуына жеке мән беру болып табылады. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.
Бастауышта сәтті сабақ белгіленген мақсатқа жетуге ұстаз бен оқушының өзара ынтымақтастығы негізінде жүзеге асатын үрдіс. Оқушы әрекеті:
Өз ойын еркін жазу.
Өзгені тыңдай білу және көмектесу.
Бірлесе әрекет ету.
Өз әрекетін талдау.
Өз мақсатын анықтау.
Сабақта, тәрбие сағаттарында оқушылардың қабілеттерін қалыптастыруда мынадай инновациялық амалдармен жұмыс жүргіздік:
1) өзіндік пікірлерін дәлелдеу;
2) пікірталастар мен талқылауларға қатысу;
3) өзінің жолдасына, мұғалімдерге сұрақ қоюы;
4) жолдасының жауабына пікір айту;
5) сыныптасының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау;
6) үлгермеушілерге түсініксіз жерлерін түсіндіру;
7) өз бетімен күрделі тапсырмаларды таңдау;
8) танымдық тапсырма шешімдерін табуда бірнеше нұсқа көрсету;
9) өзіндік бағалауға жағдай туғызу, өзінің танымдық және практикалық әрекетін талдау;
10) танымдық тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы орындау.
Бастауыш буында шығармашылықтың алғашқы сатысын іс – әрекет және ойын арқылы бастаған дұрыс. Себебі: ойын баланың дамуындағы ең күшті әсер ететін фактор. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдаумен шығармашылық ойлауы тәрбиеленіп, қалыптасып дамиды. Мысалы 1-ші сыныпта сауат ашу сабағында :
Достарыңызбен бөлісу: |