№11 лекция Сабақ, сабақтың морфологиялық және анатомиялық құрылыстары



бет2/6
Дата07.02.2024
өлшемі1.06 Mb.
#491214
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
11 лекция

Төселмелі деп аталуы өсімдік сабағының жерге төселе көлбеу бағытта өскендіктен болса керек. Төселіп өскен өсімдіктердің кейбіреулерінің (ақ беде, бүлдірген) сабағының топырақпен жанасқан жерінен қосалқы тамырлар өсіп шығады, ал сабағы төселмелі болып келетін қияр, қауын, қарбыз, асқабақ және т.б. жайылып өсіп, үлкен аймақты қамтиды, бірақ бұлардың сабағынан қосалқы тамырлар өсіп шықпайды, кейде мұндай өсімдіктер желі сабақтылар деп те аталады.

  • Төселмелі деп аталуы өсімдік сабағының жерге төселе көлбеу бағытта өскендіктен болса керек. Төселіп өскен өсімдіктердің кейбіреулерінің (ақ беде, бүлдірген) сабағының топырақпен жанасқан жерінен қосалқы тамырлар өсіп шығады, ал сабағы төселмелі болып келетін қияр, қауын, қарбыз, асқабақ және т.б. жайылып өсіп, үлкен аймақты қамтиды, бірақ бұлардың сабағынан қосалқы тамырлар өсіп шықпайды, кейде мұндай өсімдіктер желі сабақтылар деп те аталады.

Өрмелегіш сабақты өсімдіктер өзінің өркенін жоғары көтеріп тұру үшін таянышты пайдаланып өседі. Мұндай өсімдіктер лианалар деп аталады. Бұлар тропиктік аймақтарда жиі кездеседі. Лианаларға сабағы жіңішке, арқаулық ұлпасы біршама нашар жетілген, әрі ұзын болып келетін жүйелілік (систематикалық) тұрғыдан әр түрлі таксондардың өкілдері жатады.

  • Өрмелегіш сабақты өсімдіктер өзінің өркенін жоғары көтеріп тұру үшін таянышты пайдаланып өседі. Мұндай өсімдіктер лианалар деп аталады. Бұлар тропиктік аймақтарда жиі кездеседі. Лианаларға сабағы жіңішке, арқаулық ұлпасы біршама нашар жетілген, әрі ұзын болып келетін жүйелілік (систематикалық) тұрғыдан әр түрлі таксондардың өкілдері жатады.

Өрмелеу тәсілдеріне қарай лианалар: таянып өсетіндер – бұларда арнаулы өрмелеу мүшесі болмайды, мысалы, бұған Ротанг пальмасы, кейбір тропикалық фуксиялар жатады; жармасып өсетіндер – бұларда өрмелеу қызметін атқаратын әр түрлі тікенектер, ілгек, қылшық тәрізді қосалқы өркендер болады (жабысқақ, қызыл бояу шөп, раушанның түрлері, таңқурай); мұртшалар – таянышты арнаулы мұртшалары арқылы орап алады (жабайы жүзім, асқабақтар тұқымдасы мен бұршақ тұқымдасының көбі); шырмалғыштар, мұнда өркеннің өсу барысында таянышқа шырмалып өскендігі айқын байқалады. Көптеген өсімдіктер (құлмақ, шырмауық) сағат тілінің бағытында, кейбіреулерінде (дала шырмауығы, көпгүлді үрме бұршақ) сағат тіліне қарсы бағытта шырмалып өседі.

  • Өрмелеу тәсілдеріне қарай лианалар: таянып өсетіндер – бұларда арнаулы өрмелеу мүшесі болмайды, мысалы, бұған Ротанг пальмасы, кейбір тропикалық фуксиялар жатады; жармасып өсетіндер – бұларда өрмелеу қызметін атқаратын әр түрлі тікенектер, ілгек, қылшық тәрізді қосалқы өркендер болады (жабысқақ, қызыл бояу шөп, раушанның түрлері, таңқурай); мұртшалар – таянышты арнаулы мұртшалары арқылы орап алады (жабайы жүзім, асқабақтар тұқымдасы мен бұршақ тұқымдасының көбі); шырмалғыштар, мұнда өркеннің өсу барысында таянышқа шырмалып өскендігі айқын байқалады. Көптеген өсімдіктер (құлмақ, шырмауық) сағат тілінің бағытында, кейбіреулерінде (дала шырмауығы, көпгүлді үрме бұршақ) сағат тіліне қарсы бағытта шырмалып өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет