- Сабақтың соңғы құрылысы, тамырдағы секілді соңғы меристеманың – камбийдің пайда болуымен байланысты. Сондықтан да ол жалаңаш тұқымдыларға және қосжарнақты жабық тұқымдыларға тән. Камбий орталық цилиндрде алғашқы флоэма мен алғашқы ксилеманың арасында түзіледі. Ол прокамбийден және алғашқы өзектік сәулелердің паренхимасынан пайда болады. Камбий сабақтың шетіне қарай соңғы қабықтың элементтерін бөліп шығарады. Соңғы қабықтың өзіне тән гистологиялық элементтері – сүзгілі түтіктері, серіктік клеткалары, тіндік талшықтары, тіндік паренхималары және өзектік сәулелердің паренхималары бар, соңғы флоэмадан (екінші реттік тін) тұрады. Өзекке қарай камбий түтіктерден, трахеидтерден, сүректік талшықтан, сүректік паренхимадан және өзектік сәулелердің паренхимасынан тұратын соңғы ксилеманы бөліп шығарады.
Соңғы құрылысқа ауысқанда сабақтың алғашқы қабығы тамырдағыдай бірден өлмей, тіршілігін жалғастыра береді. Сонымен сабақтың соңғы құрылысы эпидермистен немесе тоздан, алғашқы және соңғы қабықтан, камбийден, соңғы және алғашқы сүректен тұрады. - Соңғы құрылысқа ауысқанда сабақтың алғашқы қабығы тамырдағыдай бірден өлмей, тіршілігін жалғастыра береді. Сонымен сабақтың соңғы құрылысы эпидермистен немесе тоздан, алғашқы және соңғы қабықтан, камбийден, соңғы және алғашқы сүректен тұрады.
- 1. Сабақ қандай қызмет тақарады?
- 2. Қандай өсімдіктердің сабағында фотосинтез жүреді?
- 3. Өсімдік сабақтарының еңсесі қандай болып келеді?
- 4. Ағаш, бұта және жартылай бұта өсімдіктерінің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?
- 5. Сабақтың соңғы құрылысы қандай қабаттың пайда болуына байланысты?
Достарыңызбен бөлісу: |