SQL тілі. INSERT, DELETE, UPDATE операторы.
Мәліметтерді өзгерту
SQL-дегі мәліметтерді өзгертуді INSERT, DELETE және UPDATE операторлары орындайды, олар сәйкесінше кестеге жаңадан жолдар қосып жазуды, кестедегі жолдарды жоюды, кестедегі мәліметтерді жаңартуды жүзеге асырады.
INSERT операторы
ІNSERT операторы кестеге әрбір баған үшін мәндерді көрсету арқылы жеке жолдарды, сондай-ақ SELECT операторының көмегімен басқа кестеден алынған жолдардың жиынын қосып жазуға мүмкіндік береді. Кестеге бір жолды қосып жазатын INSERT операторының синтаксистік диаграммасы төмендегідей болады (5-сурет):
5-сурет. Бір жазба енгізетін, INSERT операторының синтаксистік диаграммасы
Диаграммадан көріп отырғанымыздай, INSERT операторы – INTO және VALUES деген екі сөйлемнен тұрады. INTO сөйлемінде өзіне жаңадан жол қосып жазылатын кесте көрсетіледі, ал VALUES сөйлемінде жаңа жолға арналған мәліметтердің мәндерінен тұрады. Сонымен қатар, INTO сөйлемінде VALUES сөйлемінде келтірілген мәліметтер енгізілетін бағандардың тізімі көрсетілуі мүмкін. VALUES сөйлемінде көрсетілген тұрақтылардың саны мен типтері осы бағандарға сәйкес келуі тиіс. Егер INTO сөйлемінде бағандардың тізімі көрсетілмесе, онда кестенің барлық бағандары қамтылады деген сөз және VALUES сөйлемінде тұрақтылар барлық жолдар үшін беріледі.
Мысал
Salespeople кестесіне Atlanta қаласында тұратын Nancy агенті туралы жазбаны қосып жазып, және оған 1005 кодын беру, менеджер коды – 1003
INSERT INTO Salespeople VALUES(1005, ‗Nancy‘, ‗Atlanta‘,1003)
Кестеге жолдардың жиынын қосып жазатын INSERT операторы, тӛмендегідей синтаксистік диаграммасы тӛмендегідей болады (6-сурет)
6-сурет. Жазбалар жиынын енгізетін, INSERT операторының синтаксистік диаграммасы
мұндағы сұраныс SELECT – командасы болып табылады, оның нәтижелер кестесі бастапқы кестеге қосып жазылады. Сұратылып отырған кестедегі бағандардың тізімі мен INSERT командасында көрсетілген бағандардың тізімі бір-біріне саны бойынша, сондай-ақ типі бойынша да сәйкес келуі тиіс.
Мысал
Salespeople кестесіне Customers кестесін қосыңыз
INSERT INTO Salespeople
SELECT Cnum, Cname, City, 0
FROM Customers
DELETE операторы
DELETE операторы көрсетілген кестеден таңдап алынған жолдарды жояды. DELETE операторының синтаксистік диаграммасы төмендегідей (7-сурет)
7-сурет. DELETE операторының синтаксистік диаграммасы
FROM сөйлемінде жолдарын жою қажет болатын кесте көрсетіледі. DELETE операторында WHERE сөйлемі болуы мүмкін, мұнда SELECT операторындағы іздеу шартына ұқсас болып келетін жолдарды жою шарттары беріледі. Егер DELETE операторында WHERE сөйлемі болмаса, онда бастапқы кестенің барлық жолдары жойылады.
Мысал
Salespeople кестесінен коды 1005 болатын агент туралы жазбаны жою
DELETE FROM Salespeople WHERE Snum=1005
UPDATE операторы
UPDATE операторында көрсетілген кестенің таңдап алынған жолдарындағы бір немесе бірнеше бағандардың мәндері жаңартылып отырады. UPDATE операторының синтаксистік диаграммасы келесі түрде болады (8-сурет)
8-сурет. UPDATE операторының синтаксистік диаграммасы
UPDATE операторы SET сөйлемі меншіктеу амалының тізімі болып келеді, мұндағы әрбір амалда көрсетілген баған өрнектің мәніне тең жаңа мәнді қабылдайды. Бұл ретте өрнекке осы бағандардың ескі мәндері қатысуы мүмкін. WHERE сөйлемінде көрсетілген бағандардың мәндерін жаңарту қажет болатын жолдарды іздеу шарты көрсетіледі. Егер UPDATE операторында WHERE сөйлемі болмаса, онда бағандардың мәндері бастапқы кестенің барлық жолдарында жаңартылады.
Мысал
Customers кестесінде коды 2003 болатын тапсырыс берушінің мекен-жайын ‗Chicago‘ деп өзгерту
UPDATE Customers SET City=‘Chicago‘ WHERE Cnum=2003
Тақырыбы: SQL тілін қолданып мәліметтерді таңдау бойынша сұраныстарды ұйымдастыру. SQL көмегімен деректерді сұрыптау және топтау. SQL сұраныстарындағы функциялар
Достарыңызбен бөлісу: |