Жоспары:
1. Бағдарламалық модулдерді қолдану.
2.Мәліметтерді өңдеуге арналған интерфейс ұйымдастыруды.
3.Меню ұйымдастыруды. Проект қосымшасын құру және оларды өңдеуді. 4.Берілгендер қорынан мәліметті іздеуді. Сұраныс тілі SQL.
4.Есеп алуды ұйымдастыруды түсіндіру
Бағдарламалық модулдерді қолдану
Бағдарлама құрғанда жүйелік функциялар қолданылады.
Жүйелік функцияларды келесі топтарға бөлуге болады:
Әртүрлі типті мәліметтерден жұмыс және оларды түрлендіру
Кестелер және басқа файлдармен жұмыс
Индекстермен
Айнымалылар, массивтер және бағдарламаларды өңдеу
Клавиатурадан негізуді өңдеу
Терезелермен және мәзірлермен жұмыс
Математикалық функциялар
Математикалық функцияларды келесі топтарға бөлуге болады: арифметикалық, тригонометриялық және финанстық функциялар.
Арифметикалық функциялар
-ABS(<вржN>)-<вржN>-нің абсолютті мәнін есептеу
-AVG(<вржN>)-сандық өрістің орташа арифметикалық мәнін есептеу
-exp(<вржN>)-e<вржN>-негізгі натурал саны болатын е-нің дәрежесі
-Int(<вржN>)-<вржN>-бүтін бөлігін алу
-max(<вржN>,<врж1>[<врж2>...])-бірыңғай аргументтің ішінен max мәнін табу
-min(<вржN>,<врж1>[<врж2>...])-min мәнін табу
-Mod(<вржN1>,<вржN2>)-<вржN1>-ді <вржN2> бөлгеннен қалған қалдықтың бүтін бөлігін анықтау
-Round(<вржN1>,<вржN2>)-бұл функция <вржN1>-ді <вржN2>-дегі берілген белгілер санын үтірден кейінгі санға дейін дөңгелектеуді анықтайды
-Sqrt(<вржN>)-<вржN>-нің квадраттық түбірін есептеуге арналған
-Sum(вржN)-сандық өрістердің қосындысын есептейді
Тригонометриялық функциялар
-Acos()-арккосинус
-Cos(<вржN>)-косинус
-Dtor(<вржN>)-берілген бұрышты градустан радианға түрлендіреді
-Pi()-П санын есептеу
-Rtod()-Dtor-ға керісінше
Достарыңызбен бөлісу: |