12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері



бет4/16
Дата16.06.2016
өлшемі1.38 Mb.
#139830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Гносеологический – этап непосредсвенно познавательной работы, соотенесения эмпирических данных, экспериментальная проверка эмпирических выводов.

Различение научно – исследовательской деятельности и исследовательской деятельности обучаемых приведены в таблице.

Общеизвестно, что вся сфера наук об образовании сформировалась в значительной степени по образу и подобию классических – естественных и техничских узкоспециализированных наук. И вследствие этого, как отмечают исследователи , они не могут не иметь принципальных пороков. Во–вторых, в них недооценивается определяющее влияние субъектов изучаемого процесса. Во–вторых, они недостаточно прогностичны, проективны. Они ориентированы больше на познание существующего, чем на создание будущего. И, в–третьих, они недостаточно системны.

Теоретический – этап формулирования теоретических выводов и положений, соотнесение с ведущими ключевыми концепциями и идеями.

Каждый этап развития самой науки характеризуется особенностями научной деятельности и процесса познания, включая понимание исследователем ценностно–целевых структур деятельности, знания и навыки применения методов и средств познания. При этом, для каждого этапа развития науки свойственно различная глубина рефлексии специфики самой научной деятельности /11/.

Основным видом научного труда является научное исследование. Это – организационный процесс умственного труда, непосредственно направленный на производство новых знаний, и в частности на познание объективных законов и тенденций развития явления, т.е. разработку научных теорий. Главные особенности современных научных исследований, опредеяющие собой специфику организации научного труда, следующие: вероятностный характер результатов исследования; уникальность исследования; сложность и комплексность исследований; масштабность и трудоемкость исследований; связь исследования с практикой.

Таким образом, исследовательская деятельность позволяет решить следующие задачи: развивает научное мышление, транслирует предметное содержание, формирует исследовательские компетенции и воспитывает личность.

ЛИТЕРАТУРА



  1. Обухов А. Исследовательская деятельность как способ формирования мировоззрения // Народное образование. 1999. №10-С.

  2. Леонтович А.В. Учебно–исследовательская деятельность как модель педагогической технологии. // Народное образование. 1999. №10 – С.

  3. Рубинштейн Л. С. Проблемы общей психологии – М, 1973. – 423 с.

  4. Философский словарь / Под ред. И. Т. Фролова, 5-е изд. – М: Поитиздат, 1987. – 590 с.

  5. Титова Е.В. Строение педагогической науки. / Образование и культура Северо – запада России. Вып. 6. – С. – Петербург, 2001. – С. 109 – 118.

  6. Развитие исследовательской деятельности учащихся. Методический сборник. – М: Народное образование, 2001.

  7. Узнадзе Д.Н. Психологическое исследование М: Наука, 1966. – 290 с.

  8. Никитина, Е.Ю. Проблемы научно – исследовательской деятельности в ВУЗе. Проблемы технологического образования в школе ВУЗе: материалы ХII – й международной конференции – Москва, 2006. – С. 316 – 317

  9. Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания. М: ЛГУ, 1968 – 339 С.

  10. Философия науки: уч. пособие . Под ред. А.И. Липкина. – М: Эксмо, 2007. – 608 с. – (Образовательный стандарт ХХI).

  11. Алиев У.Ж. Теоретическая экономика: общедисциплинарная модель. Алматы: НИЦ «Ғылым», 2001. – 348 с.

  12. Шукшунов В.Е., Взятышев В.Ф., Романков Л.И. Инновационное образование: идеи, принципы, мазли. – М: МНАВШ, 1996. - 63 с.

РЕЗЮМЕ


В статье рассмаривается сущность и логика исследовательской деятельностимагистранта как основа формирования его интеллектуального потенциала.
ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада автор магистранттарды ғылыми-зерттеу жұмысын интеллектуалдық леует тұрғысынан қарастырған.



РУХАНИ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Майғаранова Ш.- п.ғ.к., доцент (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Адамзат өзінің даму барысында технологиялық жетістіктерге қол жеткізгенімен де жер бетіндегі тіршілікке залал келтіруде. Оған дәлел ретінде 1989 жылы 2 қаңтарда «Тайм» журналында экология мәселелеріне арналған «Барлық адамдар білуге міндетті шындық» атты мақала басылды. Онда бұл жыл «Жер планетасының жылы» болып жарияланған еді.

Сол кездегі деректерге назар аударсақ, ХХ ғасырдың басында Жер бетінде 30 миллион тірі ағзалардың түрлері болған болса, 1993 жылы ол 15 миллионға төмендеген. Алуан түрлі тіршілік миллиондаған жылдар дамып, қалыптасқан болса, ХХ ғасырда, яғни жүз жыл аралығында, ал ғарыштық өлшем бойынша қас-қағым сәтте тіршіліктің жартысы құрып кеткен! Қазір әр минут сайын жер бетінен тіршіліктің отызға жуық түрі құрып отырады. Егерде ғарыштан жер бетіне көз салсақ, оның шіріп бара жатқанын көруге болады. Ал адамдар ештеңені байқамаған сыңай танытады. Күнделікті тіршілікте техника жетістіктерін пайдаланып, бейқам өмір сүріп жатқандай болады. Шындығына келсек, Жер бетіндегі тіршіліктің жойылу мәселесі тұрғанын тек озық ойлы санаулы адамдар ғана түсініп, адамзатты сақтандыруға мейілінше әрекет етіп келеді.

1992 жылы барлық мемлекеттердің өкілдері «Жер Саммитінде» Рио-де Жанейрода «Жердегі табиғатты қорғау» мәселесіне арналған жиында бас қосты. Жер планетасын сақтап қалуға арналған бұл жиын барлық мемлекет басшыларының басын қосқан тарихи оқиға болды. Көпшілік елдердің өкілідері бұл жиынға қатысқанымен де, табиғатқа жойқын нұқсан келтіріп отырған ең ірі мемлекеттердің бірі - АҚШ тіршілікті сақтау үшін маңызы зор бұл жиынға қатысқан жоқ.

Бес ай өкеннен соң, 18 қараша 1992 жылы «Әлемдік ғалымдардың адамзатты ескертуі» атты құжат басылып шықты. 71 елдің 1600 жетекші ғалымдары, Нобель сыйлығының лауреаттары осы құжатқа қол қойды. Ең әлемге белгілі ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінен туындаған бұл құжат жаһандық қауіптің алдын алуға арналған еді. Ол құжаттың мазмұны былай басталады: «Адамзат қоғамы мен табиғат қарама-қайшылыққа келді. Адамның іс-әрекеті айнала мен табиғи ресурстарға орны толмас нұқсан келтіруде. Егерде адамзат күнделікті өндірістік іс-әрекетінен туындайтын залалды бақыламаса, адамзат қоғамына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне, бүкіл тіршілік атаулыға орны толмас зиян келтіріп, жер бетіндегі тіршіліктің жойылуына әкелетіні ешқандай күмән туғызбайды. Өндіріс саласында табиғатты қорғауға жедел іргелі шаралар жасалмаса, онда табиғи ортаға тигізетін қауіп-қатердің орны толмайтындығы ескертіледі.

Сонымен бірге бұл құжатта жалпы тіршіліктің тығырыққа тірелуі ескертіледі: судың, теңіздің, топырақтың, ауаның бұзылуы, адамдардың орналасу тығыздығы, осының бәрі өсімдіктер мен жануарлардың жойылуына әкеліп соғады. Құжатта «табиғатты сақтау жедел қолға алынбаса, бірнеше ондаған жылдардан кейін қоршаған ортаның адам тіршілігін сақтауына қиындық туғызатыны қатаң ескертілген. Біздер, алдыңғы қатарлы әлемдік ғылыми бірлестік өкілдері, осы құжатқа қол қоя отырып, бүкіл адамзатты не күтіп тұрғаны жайлы мәлімдейміз. Жер бетіндегі тіршілік атаулыны сақтап, адамдардың залал шекпеуін, айналаға орны толмас зардап тигізбес үшін, ортақ үйіміз - Жер планетасын сақтау үшін түбегейлі де, жедел шаралар қабылдауымыз шарт деген.

1996 жылы Жер планетасын сауықтыру және экологиялық мәселелерді шешу үшін ғылыми бірлестіктің «Аспан –Жер» атты тәжірибелік курс жұмысын бастағаны жайлы айтылады» /1, 84/.

Жер планетасының тазалығын сақтау, бүкіл адамзат үшін ортақ мәселе. Осы тұрғыдан адамзат пен жер планетасының тіршілігін сақтау үшін жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелеріне, ең маңызды құндылықтарға баса назар аудару қажет.

Қазіргі педагогика ғылымында гуманистік тәрбие мәселелеріне ерекше мән беріліп отырғаны тегін емес. Гуманистік педагогика оқушы жастардың рухани танымын және адамгершілік санасын дамытуды қажет етеді.

Гуманистік педагогика жас ұрпақты дамытуда «Мен кіммін?», «Мен осы дүниеге неге келдім?», «Осы дүниедегі басты құндылықтар не?» т.б. мәселелерге ерекше мән береді. «Мен кіммін?» деген сұрақ төңірегінде «адам болу», «адамшылық», «адамгершілік» сапаларды дамытуға байланысты адамгершілік қағидалар туралы білім беріледі. Адамгершілік адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасып, әр дәуірдің қайшылықтарымен біте қайнасып жетіледі. Әрине адамзат тарихында пайда болған адамгершілікке байланысты көптеген ұғымдар – жомарттық, батылдық, шыншылдық, баққұмарлық, сыпайыгершілік, әділдік пен достық, ар мен намыс т.б. сонау ежелгі дәуірден басталып, күні бүгінге дейін маңызын жоғалтқан емес.

«Менің осы дүниеге келудегі мақсатым не?» деген сұрақ «адам-табиғат-қоғам» байланысын түсініп, оған қызмет етуге тәрбиелеуді көздейді.

«Осы дүниедегі басты құндылықтар не?» Олар жалпыадамзаттық рухани құндылықтар: адамның таңдау еркі мен бостандығы, ішкі рухани дүниесінің негізгі сапалары – үміт, сенім, махаббат үнемі даму барысында жетіліп отырады.

Ұлттық рухани мәдениет ұлттың әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне, оның өмір сүру ортасына және айналасына да байланысты екені белгілі. Сонымен бірге ұлттық мәдениетті біздер өзге халықтармен тарихи және үйлесімдік байланыстар таба алғанымызда ғана сақтай аламыз. Сондықтан біздің рухани құндылықтарымыздың бүкіл адамзат биігінен табылуы аса маңызды екенін жадыдан шығармаған абзал.

Қазақ халқы өзара байланыс және адамды ең биік құндылық ретінде қадірлей білу идеясын жоғары қоя алғандықтан да, мәдени құндылықтардың әр түрлі типін өз бойында үйлесімді түрде жинақтай білді.

Оқушы жастарды тәрбиелеуде баса назар аударатын мәселелердің бірі - олардың рухани танымын дамыту. Ұзақ жылдар бойы мектептегі оқу-тәрбие үдерісі тек материалистік танымға негізделіп, тұлғаны рухани дамытуды ұрпақ тәрбиесінде ескермей келді. Демек, бүгін оқушылардың рухани танымын қалыптастыратын, адамгершілік ой толғаныстарын қуаттайтын, жастарды өмір жолында кездесетін түрлі жағдайларды шешуге бағыттайтын, өзара сындарлы қатынас құра білетін, ішкі сезімін дамытатын әдіснама қажеттігі пайда болды /2/.

ХХІ ғасырда адамдардың рухани санаға бет бұрысы айқын байқалады. Қазіргі кезеңде дүниені материалистік тұрғыдан түсінумен қатар, адам санасынан тысқары дүниелердің бар екендігін мойындау қажеттігі пайда болды. Сондықтанда адамның табиғи жаратылысының екі қыры: тәндік және жандық (рухани) бар екеніне көз жеткізуге болады. Тәндік жаратылыс ғылыми тұрғыдан дәлелденгенмен де, рухани жаратылыс адам назарынан тыс қалып келді. Философия трансценденттік, яғни санадан тысқары рухани әлемнің бар екеніне көз жеткізіп отыр.

Адам материалистік тұрғыдан бес сезім мүшесінің қызметіне тәуелді, ал рух әлемінің сыры оның санасынан тысқары болғандықтан, оны ол қабылдай алмайды. Дегенмен де адамның күнделікті өмірі, оның жан дүниесі Нәзік әлеммен үнемі байланыста болады.

Таңдаулы адамдардың құпия білімді қабылдау тетігін қазіргі физика ғылымы былай тұжырымдайды. Жоғары Санамен байланысатын таңдаулы адамдар психикалық энергия арқылы Әлемдік ақпараттық кеңістік тербелістерімен байланыса алады. Әр таңдаулы адам, әлемдік білім көзінен білімді «ішкі дауыс тәрізді» қабылдайды. Діни ілімдер мен таңдаулы қасиет дарыған адамдардың пайдаланатын білім көзі - Әлемдік ақпараттық кеңістік. Акаша - әлемдегі барлық оқиға тіркеліп сақталатын және ұлы әлемдік дыбыстық тербеліс шығаратын Әлемдік ақпарат кеңістігі.

Ресейлік ғалым Валерий Лобанков, кеңістік физикасын зерттейтін ғалымдардың бірі - «Әлем физикалық және нәзік болып екіге бөлінеді» дейді. Физикалық әлем (планета, жұлдыздар, т.б.) электромагниттік және гравитациялық кеңістіктен құралады. Ал нәзік әлем психофизикалық құбылыстарды (психикалық энергия, биоэнергия, т.б.) қамтиды. Нәзік әлем жоғары жиіліктегі тербелістерге негізделеді. Сонымен бірге торсиондық кеңістік, яғни иірім кеңістігі де бар. Физикалық әлемде торсиондық кеңістік иннерция түрінде кездеседі. Нәзік әлемдегі торсиондық кеңістік - жан, яғни энергетикалық иірім немесе түйін. Осы иірімнің аясында, яғни адамның жанында астралды және ақыл-ой, менталды денелерінің қызметі туралы ақпараттар бар. Адамның ойлау үдерісі кеңістікте иірім тудырады: жақсы ой оң бағытта, ал теріс ой кері бағыттағы иірім - энергия тудырады /3/.

Барлық адамдардың жаны Әлемдік информациялық кеңістіктің бөлшегі болып саналады, ол Жоғары Сана деп аталады. Кейбір адамдар Әлемдік ақпарат кеңістігімен байланысып, онан қажетті білім ала алады. Әлемдік информациялық кеңістікте біздің ғана емес, бізден бұрынғы өркениет туралы да ақпараттар сақталған. Бізді қоршаған Әлем кеңістігі тұйық, сондықтан онымен байланыс орнатып өткен және осы шақ деректерін білуге болады.

Жан - Әлем энергиясының бөлігі, ол белгілі шегі бар әлеуметтік кеңістікте болады. Жан энергиясы – электроннан және протоннан тысқары. Ол өте күшті, ол жердің гравитациясына, яғни тартылыс күшіне әсер етеді. Көпшілік жанының энергиясы өте үлкен күшке ие болады.

Қазіргі физика ғылымының тілімен айтатын болсақ, тіршіліктің толқындық баламасы (рух, нәзік әлем, о дүние) біртіндеп материялық затқа айналып, адам денесін түзген. Рухтың заттануы, психикалық энергия иірімі ертегіде айтылатын жайылма дастарханды еске салады. Оған адамдардың илануы мүмкін емес екені белгілі. Дейтұрғанмен де, бұл құбылысқа басқа қырынан қарасақ, физикадан белгілі жәйт 2 гамма 1 электронға тең болғанда, яғни тербелістік элемент материалық элементке өзгереді.

Сондықтанда ешқашан материализм мен руханилықты, тән мен жанды, Әлем мен Жаратушыны бiрiне-бiрiн қарсы қоюға болмайды. Материализм мен руханилық бiртұтас, ол тән мен жанның бiрлiгi. Адамның материалдық жаратылысының уақыты біткен сәтте өлiм келедi, сондықтан адам iшкi дүниесiн оятуы арқылы өз өмірін реттей алады. Өмiрдiң қайнар көзi iшкi Жан дүниесінде. Мысалы, кез келген тiршiлiк өсімдік тұқымның бойында сақталады. Тұқымның бойындағы тiршiлiк оянғанда, жаңа өскiн жетiлiп, жемiс бередi. Сол тәрiздi ана жатырында адам тұқымы өсiп жетiледi, дүниеге келгеннен кейiн бала бойындағы табиғи жаратылыс сол тұқымнан өрбидi.

Қазіргі жастар өздерінің рухани білімін жетілдіру мақсатында түрлі ақпарат көздерінен алған деректерді қорытып, өздерінің тәндік жаратылысы мен жандық жаратылысын түсіне білуі тиіс. Ол үшін тән тазалығы мен салауатты өмір салтын ұстану, денесін шынықтырумен бірге ізгілік қағидалармен үйлесімді өмір сүру, өз ақыл-ойын үнемі жағымды, сабырлы қалыпта ұстай білуі тиіс. Адамның бойындағы Жаратушыдан дарыған құдыретті күш – Рухты өз денсаулығын сақтауға, шығармашылық істерге пайдалануға, өзін-өзі жетілдіру жолдарын меңгеруге қолдануы қажет.

Американдық ғалым Р.Моуди «Өмірден кейінгі өмір» атты еңбегінде клиникалық өлімді басынан кешкен адамдардың біздің санамыздан тысқары әлемнен алған ақпараттары негізінде ғылыми тұжырым жасап, адамның жан дүниесінің басқа кеңістікте болатынынан тұжырымдайды /4/.

Жер бетіндегі тіршілік ғаламшардың магниттік өрісімен тығыз байланысты. Ежелден келе жатқан түрлі рухани ілімдер Жер бетіндегі тіршіліктің күрделі өзгерістерге ұшырағанынан хабардар етеді. Жердің магниттік өрісі де адам әрекетінен туатын жасанды әрекеттердің салдарынан әлсіреп, адам ағзасына және бүкіл тіршілікке кері ықпал етеді. Жер – ана адамға тек пана мен тіршілік көзі ғана емес, сонымен қатар адаммен серіктес, олар бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды. Жер планетасын сақтау, оның тазалығын қамтамасыз ету, адамдардың рухани санасын дамыту арқылы жүзеге асырылады. Жердің тепе-теңдік қалыптағы магниттік өрісі адамның тіршілігін қамтамасыз етеді.

Қазргі кезде Жер планетасын ғаламдық зүлжаладан сақтаудың ең басты шарттарының бірі адамның ұйықтап жатқан жан дүниесін оятып, өзін-өзі рухани жетілдіру арқылы, рухани саналық деңгейге көтерілу арқылы Жердің магниттік өрісін нығайтуы өте маңызды. Жер бетіндегі тіршілік үшін оның магниттік өрісі тепе-тең қалыпта болғаны шарт. Жер планетасы полюстерінің магниттік өрісінің өз қалпынан ауытқуы бүкіл тіршілік атаулының жойылуына әкеліп соғады. Тарихи деректерден білетініміз, жер бетіндегі өркениет ошақтары өздерінің азғындау деңгейіне жеткен шағында ғаламдық апатқа ұшырап, жойылып отырғаны мәлім. Сондай зүлжала ошақтары қазіргі кезде де әлемнің әр жерінде бой көрсетіп келеді. Осы тұрғыдан Жер планетасы мен онда тіршілік етіп жатқан саналық деңгейі ең жоғары адамзат баласының өзара үйлесімі өте қажет.

ХХІ ғасырдың басында адамдардың материалистік санадан рухани санаға бетбұра бастағаны байқалады, олар өздерінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, оны Ғарыштық Санамен үйлестіруге талпынысы, өзін-өзі тануға көңіл қоюы, жалпы тіршілікті сақтау үшін керек.

Қорыта келе, қазіргі жастар тәрбиесінде ізгілікке негізделген рухани сананы дамытудың кезек күтіртпейтіні белгілі болды. Рухани сананы дамыту адамның ішкі құдыретті күші - Рухының Жоғары Санамен үйлесім табуының Әлемдік маңызы орасан зор. Адам жаратылысының тәндік және жандық екі қырын өз мәнінде түсініп, оны үйлесімде ұстай білуі қажет. Тәндік қажеттіліктермен бірге, рухани қажеттіліктердің тетігін түсініп, оны үйлесімділікпен қамтамасыз ете білген абзал.

Шығыста махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық, рахымдылық, қайырымдылық, мейірімділік ең үлкен ғылым болып саналады. Жанашырлық – жанның ең үлкен жағымды күші. Жанашырлықтың адам өміріндегі рөлі зор. Жанашырлықтың екі қыры бар: даналық - жанашырлық, даналықсыз - жанашырлық (қызғаныш, өшігу, көреалмаушылық). Көз - адам жанының айнасы. Адамның жаны, рухы жүректе орналасқан, сондықтанда адамдар мейірімділікті жылы жүрекпен байланыстырады.

Отты жүрек – магнит тәріздес. Жүрегі ашық, «көкірек көзі ояау» адамдардың энергетикасы зияттан жоғары болады, олар адамның жанына ең тиімді жол - мейірім, сүйіспеншілік, махаббат арқылы ықпал етеді. Таза жүрекке жоғары саналық деңгей сәйкес келеді.

Махаббат жанға шуақ түсiрiп, шипа бередi. Сүйiктi болу, бұл өмiрде өзiнiң керектiгiн сезiнуді білдіреді. Махаббат адам ғұмырын ұзартады, ол адамның өзгелердi жатсынудан сақтайды. Бiреуге қажет болу, сүйiктi болу өте маңызды. Өзiңнiң өзгеге керек екенiңдi сезiну, денсаулық пен тұтастықты қамтамасыз етедi.

Махаббаттың ең жоғары түрi – Жаратушыны сүю, онымен үйлесімді болу, оған мiнәжәт ету. Егер махаббатты гүлге теңесек, мінәжат етуді оның жұпар исiне теңеуге болады. Махаббат екi адам арасында пайда болса, мiнәжәт ету Абсолютпен жеке адам арасында болады. Махаббат шектеулi, ал мінәжәт ету шексiз. Егер сiз мінәжәт ете бiлсеңiз, онда сiзге ешқандай емделу, шипалық әрекет жасау керек емес. Құдайға мінәжәт ету болмағандықтан терапия керек.

Жаратушыға мінәжәт ету дегеніміз онымен бірлікке, үйлесімге келу тәсiлi. Мінәжәт ететін адам бойынан өте нәзiк, мөлдiр қуат бөлiнедi, оны аура деп атайды. Ондай мөлдiр қуат әулие адамдардың басының айналасында жарқырап тұрады, оны жүрегі таза, пәк адамдар ғана көре алады. Ғылым осы мөлдiр қуат көзiн «аураны» қазiр мойындайды. Мысалы, Ресейдегi Кирлиан фотосуреттерiнен адам аурасын бақылауға болады. Сол мөлдiр қуат - аураны бақылау арқылы адам ағзасы туралы ақпарат алуға болады. Адам дертке шалдыққанда оның аурасы түссiз, жарығы солғын болады. Егер адам өзiн көтерiңкi көңiл-күйде сезiнсе, өзiн бақытты санаса, онда оның аурасы таза және айқын болып көрiнедi. Жан дүниесі таза адам аурасынан мөлдiр қуатты байқауға болады.

Адам тек материялық дүниені ғана көре алады. Рухты көру өте нәзiк дүние. Адам тәндiк және рухани үйлесімді тазалыққа жеткенде ғана нәзiк дүниенi көре алады. Сонымен бірге рухты медитация арқылы көруге болады.

Гравитация - тартылыс заңдылығы адам денесiн жерге тартады. Ал медитацияда адам өзiнiң жоғары көтерiлгенiн сезiнедi. Ол көзiн ашса, денесiнiң сол қалпында отырғанын байқайды, жоғары көтерiлген оның рухы. Жоғары тартатын күштi үйлесiмдiлiк заңдылығы деп атауға болады. Кез келген заңдылықтың екi қыры болатыны белгiлi. Күн мен түн, махаббат пен жеккөрушiлiк, ер мен әйел, жағымды және жағымсыз жағдайлар, т.б.

Бiрлiкке келу дегеніміз ең жоғары үйлесімдік қалыпқа келу. Адамның ішкі дүниесі тәнмен бiрлiкке келгенде, оның шығармашылық қабiлетi ашылады. Мысалы, шебердiң бойында үйлесiмдiлiк пайда болғандықтан, Тәж Махал туындысы дүниеге келген.

Түйіндей келе, адамның Рухани Сана тетігін түсінбей, жер бетіндегі тіршілікті сақтаудың мүмкіндігі шамалы екенін көреміз.

Жастарға рухани тәрбие беру адам дамуының тәндік, жандық, рухтық үйлесімділігін, өмірді құндылық деп түсінуін, өзін Жаратқанмен, табиғатпен үйлесімділікте ұстай білуін, жердегі тіршілікті сақтау үшін өзінің қажеттігін түсінуді қамтамасыз етеді. Рухани тәрбие адамның ізгілік, имандылық ұстанымдарын тәрбиелеп, адамның ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмірдің күрделілігін түсінуге рухани көзқарас қалыптастырады. Әр адам өзін рухани жетілдіру үшін өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өздігінен оқуға ұмтылуы тиіс. Өзін-өзі тәрбиелемей жеке тұлға қалыптаспайды. Өзін-өзі тәрбиелеу барысында адам өз білімін, сана-сезімін, дүниеге көзқарасын кеңейтеді.

ХХІ ғасырдың басында американдық зерттеушілер Кэрролл Ли мен Джен Тоубер

«Индиго балалары», «Индиго мерекесі» атты кітап шығарып, осы ұғымды ғылыми айналымға енгізді. Осындай балалар жайындағы зерттеулер Ресейде де жүргізілуде. Мұндай балалар Әлемнің барлық жерінде дүниеге келуде. Олар кімдер, олардың айырмашылығы неде? Адамның физикалық денесінен басқа жай көзге көрінбейтін түрлі-түсті энергетикалық қабаттары бар. Индиго балаларының энергетикалық қабаттарында, яғни аурасында «қою көк түс - индиго» басым болғандықтан солай аталады. Ресей ғалымдары оларды «Жарық балалары», «Жаңа санадағы балалар» деп атайды. Олар үшінші мыңжылдықтың өкілдері, олардың санасы мен энергетикалық қуаты өте жоғары, жүректері ашық, мейірімді, олар дүниені өзгертуге келгендер. Көк және сия түстес сәулелердің толқыны қысқа, бұлар ең жоғары ғарыштық тазалықтағы энергия, Нәзік Әлеммен үйлесімділігі сақталғандар.

Ресей ғалымдары индиго балаларының ерекшеліктерін Е.И.Рерихтің «Тірі Этика» атты еңбегінің негізінде түсіндіреді. Е.И.Рерих Нәзік әлемдегі Ұлы ұстаздардан біздерге «Тірі Этика» ілімін қабылдап жеткізуші. Мәскеудегі Н.К. Рерих және Е.И.Рерих орталығы американдық зерттеушілермен бірге «Жарық балалары» деген фильм шығарды.

Жер бетіне Жаңа Санамен келгендер Нәзік Әлеммен байланыстарын үзбеген, жағымды ой, жаңа көзқарастағы балалар - келешектің тірегі. Жер ғаламшары мен адам санасының эволюциясы бір-бірімен тығыз байланысты. Жерді ғаламдық апаттан сақтап қалу міндетін атқаратын жаңа саналық деңгейдегі ұрпақтардың дүниеге келуі - Ғарыш талабы. Қазіргі жер бетінде тіршілік етіп жатқан адамдардың бес сезім мүшесі болса, жаңа санадағы балалардың алтыншы және жетінші сезімдері дамыған келешектің ұрпақтары.

Сонымен, педагогика ғылымы дәстүрлі көзқараспен қатар, жас ұрпақты рухани дамыту мәселелерімен бірге, жаңа санадағы балаларды тәрбиелеуге байланысты, рухани таным мәселелеріне назар аударып, оны зерттеу мәселесін қолға алуы қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Боб Фриселл. В этой книге нет ни слова правды, но именно так и все происходит. – М.: изд. дом «София», 1999. -192 с.

  2. Майғаранова Ш. Мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселелері. – Алматы «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002.- 124 б.

  3. Мулдашев Э. От кого мы произошли? –М.: «АРИА-АИФ» 2000.- 448 с.

  4. Р.Моуди. Өмірден кейінгі өмір. – Санкт-Петербург, 1994.

  5. Ли Кэрролл. Крайон. Последние времена (ченнелинг – информация переданная с любовью). Ли Кэрролл / Перевод с англ. 1 том. - М.: изд. дом «София», 2006.

  6. Живая этика: Избранное /Сост. М.И.Ключниковой. – М.: Республика, 1992.- 414л.

ТҮЙІНДЕМЕ


Мақалада оқушы-жастарды рухани дамыту, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тану мәселелері қарастырылады. Гуманистік педагогика тетіктерін ашу және жеке тұлғаны рухани дамыту, тұлғаның рухани санасын қалыптастырады. Жер бетіндегі тіршілікті сақтау адамның саналы әрекетімен тығыз байланысты.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются проблемы духовного развития учашейся молодежи, их саморазвитие и самопознание. Раскрытие механизмов гуманистической педагогики и духовного развития личности способствуют формированию духовного сознания личности. Сохранение жизни на планете Земля зависит от разумной деятельности человека.

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУ АСТАРЛАРЫ
Суранчиева З.Т. – аға оқытушы, Өтелбаева А.Қ.– оқытушы,

(Алматы қ., ҚазмемқызПУ)


«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.

В.Кларин технология сөзінен қандайда болсын істегі шеберлікті, оқыту-үйретудегі амалдардың жиынтығы, ал педагогикалық технология (тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, оқыту технологиясы) «педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығымен жұмыс істеудің реті» – деп түсінік берді. Педагогикалық жаңа технология – іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс-тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі, технология – ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор.

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы. «Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген  пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен  байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, тұрпаттары  мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әрбір құрамның  басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»

Жаңа технология түрлерін информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.

Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:
І кезең: оқып-үйрену;

ІІ кезең: меңгеру;

ІІІ кезең: өмірге ендіру;

IV кезең: дамыту.

Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Оларды информатиканы оқытуда тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты.

Информатиканы оқытуда жаңа технология түрлерінің міндеті және қолдану мақсаттары төмендегідей ұсынылады: Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады. Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту – мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.



Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Информатиканы оқытуда тәжірибені шыңдай түсуде көп жеңілдік ашқан технологиялардың бірі – осы технология. Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:

- ассоциация;

- бірлестік қызмет;

- көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша:

- оқу үрдісінде қызығушылық артады;

- оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;

- оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.

Түсіндіре баяндау арқылы тірек желілерін келешекті оза оқыту. Бұл технологияда С.Н.Лысенкова бойынша материалды меңгеру үш кезеңнен тұрады:- алдынала даярлық;- жаңа ұғымдарды дәлелдеу, оларды жинақтау, қолдану;- оқу іс-әрекеті және ойлау әдістерін дамыту.Оқу материалдарын осылайша деңгейлеу білімді ұзақ уақыт есте сақтауға мүмкіндік береді.



Деңгейлік саралау технологиясы. Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;

2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.

Жекелеп оқыту технологиясы.Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады.

- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;

- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады. Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.

Оқытудың ұжымдық әдісі (ОҰӘ). ОҰӘ - оқу процесінде адамдарды өзара және жұптық еңбек әрекеттерін орындауы.

ОҰӘ принциптері:- жоғары жетістікке талпыну;

- алынған мәліметті бір-біріне лезде кідіріссіз жеткізу;

- оқушылар арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық;

- әр түрлі деңгейлік; тақырып пен тапсырмалардың әр түрлілігі;

Топтық технология Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.



Оқытудың компьютерлік технологиясы.Бұл технология – оқытудың бағдарламалық көзқарастарын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады.
Оқытудың компьютерлік технологиясы – мәліметтерді компьютер көмегімен даярлау және беру әрекеттері. Бұл технология материал мазмұнын кейбір үлгілерді пайдалануға негізделеді.

Қазіргі кезде компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтан оқыту үрдісі де дамып отыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді.



Презентациялар технологиясы.Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға информатика сабағынан жаңа материалды (бейнелеулер, фотографиялар, дидактикалық материалдар, т.с.с.) көрнекі көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Алдынала жүргізілген тәжірибелер, презентациялар технологиясын информатика сабағында пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін қысқартады, ең бастысы – мұғалімдерді жаңа ақпараттық желілік технологияларды пайдалануға дағдыландырады.

Егер біз барлық мүмкіндіктерімізді толық пайдалана алатын болсақ, онда біздің келешек ұрпағымыз компьютерлік технологиямен білім ала алады. Оқу материалдарын дидактикалық жетілдіру негізіндегі педагогикалық технологиялар:

1. Мәдени кезек сөз – оқу процесінің екі негізгі бөлігі арасында кезексөз түрінде құрылады.

Оқу-негізгі «таңдану нүктесі» айналасына орналасқан ішкі кезексөзге негізделіп құрылады.

2. Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ)Әдістемелік құрылымның түзгіші негізіне мұғалім мен оқушы қызметін байланыстырушы ретінде математикалық жаттығу ұғымы алынған, әрі тұра, кері ұғымдары мен қағидалары бір кезде оқытылады.

ДБІ технологиясының ашушы түзгіші – жаттығу – үшен сабақтардың бірінде қаралады:

- қазіргі тапсырма;- кімге арналғандығы;

- жинақтау. Технология мазмұнының басты ерекшелігі пән оқу материалдарының дәстүрлі дидактикалық құрылымын қайта құру.



Кезеңдеп оқыту технологиясы.3. Ойлау қызметін кезеңдер бойынша қалыптастыру, мақсаттың бағытталу технологиясы – бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл технология әрбір оқушының жұмыстарды, әрбір қадамын мұғалімнің бақылауын қажет етеді. Сабақ меңгерудің барлық кезеңдерінде бақылап отыру – технологияның ең маңызды құраушыларының бірі болады. Ол оқушыны қателесуден сақтандыруға бағытталады.

Жеке пәндік педагогикалық технология.1. Ерте және ыждағатты сауаттылыққа оқыту технологиясы.Технология мазмұны оқу процесі бала миының танымдық қуатын жан-жақты жандандыра отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына негізделген.

2. Әсерлі сабақтар жүйесіне негізделген технология.

Мақсаттық бағыттары:

- қалыпты білім, шеберлік дағдыны меңгеру;

- ойлау қызметіне математикалық тәсілдерді меңгеру;

- қабілетті балаларды дамыту;



Альтернативті технологиялар.Вольдорф педагогикасы «гуманистік педагогика» мен «еркін тәрбие» идеяларын іске асырудағы әр түрдің біреуі болып табылады. Ол мұғаліммен одақтасуда жекеліктің өз бетінше таңдауы мен тануы жүйесінде көрінуі мүмкін.

Өзіндік дамыту технологиясы (М. Монтессори)Мақсаттық бағыты:

- жан-жақты дамыту;

- жекелікті тәрбиелеу;

- бала санасында ойлау қызметі мен пәндер түзгіштерін біріктіру.

Басты мақсаты – оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту.

Дамыта оқыту технологиялары. 1. Л.В. Занковтың дамыта оқу жүйесі. Оқыту қызметінің негізгі мотивациясы танымдық қызығушылық. Занков әдісі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдісі.

2. Д.Элькони – В.Давыдовтардың дамыта оқыту технологиясы. Элькони – Давыдов техноло-гияларындағы дамыта оқыту ең алдымен оның мазмұны, теориялық білімге негізделе отырақұрылған. Білімнің теориялық негізі терең түрдегі жинақтаудан тұрады. Дәстүрлі технологиялардан өзгешелігі дамыта оқыту оқу қызметін басқаша бағалайды. Оқушының орындаған жұмыстары мен сапасы оқушыға білімнің жетімділігі мен қабілетінің жететіндігін мұғалімнің көзқарасы бойынша бағаланбай, оқушының өз мүмкіндігі тұрғысынан қаралады.

3. Жеке бас шығармашылығын дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі. Іздену, ойлап табу қызметтері процестері оқытудың негізгі мазмүны болады.

Дамыту мазмұны жақыннан орташаға, сонан кейін қашықтағы мақсаттық келешекке көшуден тұрады.

Бұл технологияда ұжымдық жұмыс әдісі кеңінен қолданылады; ойға шабуыл, ұйымдастыру – қызмет ойыны, еркін шығармашылық пікірталасы.



Авторлық мектептер педагогикалық технологиялары. Мектеп – парк (М.Балабан) – түрлі жастағы балалар бірлестігіне негізделген – ашық студиялар. Ашық студияның сыныптан айырмашылығы, сабаққа келген бір топ оқушылар емес, немесе бір деңгейдегі даярлығы барға жататын оқушылар тобы емес. Ашық студияда топ басында тұратын лидер – мұғалімі бар аға және кіші оқушылардың құрылымы.

Оқытудың негізгі әдісі – одақтасудың сөзбен қарым-қатынасы, кезексөз. Нәтижесін бағалау - өзіндік бағалау деңгейінде әркімнің қалыпты өсуін сезінуді қамтамасыз ету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет