12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері


СТУДЕНТТЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ТҰЛҒА ТҰТАСТЫҒЫ - САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЛШЕМІ



бет9/16
Дата16.06.2016
өлшемі1.38 Mb.
#139830
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

СТУДЕНТТЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ТҰЛҒА ТҰТАСТЫҒЫ - САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЛШЕМІ
Қожамбердиев С.И. – оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Біз тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы XXI ғасырдың ұрпақтарын дайындап жатырмыз. Президенттің 2030 бағдарламасындағы жастарға қойылып отырған міндеттерді іске асыру үшін, жастарды сауатты да, білімді, жан-жақты, денсаулығы мықты мемлекеттік тілді меңгерген, сол тілде жүмыс істей алатын айналасындағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға тәрбиелеуіміз керек. Нығайту ісін рухани мәдениетін, денсаулықтан бастайды. Мектепті бітіріп, жоғары оқу орындарына қабылданған студенттердің көпшілігінің спорттық білім деңгейі бірдей деп айта алмаймыз, сондықтан ең басты талап, әрбір бірінші курсқа қабылданған студенттің мектеп бағдарламасы бойынша дене шынықтыру пәнінен білім деңгейі қажетті деңгейде болуы тиіс. Бұл жерде «студенттің дене шынықтыру жұмысының» негізгі мағынасы не? деген заңды сұрақ туады. А.Байтұрсынов: «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек» - деп айтқан.

Студенттер дене шынықтыру жұмысын орындағанда төмендегі жағдайлар айқын көрсетіледі:

1) Оқу материалының тақырыбы, мазмұны, көлемі;

2) Студентке берілген өздік деңгейлі жаттығулар;

3) Жаттығу жұмысын жасау барысында студенттердің кездесетін қиындықтары;

4) Осы жаттығуларды орындау барысында студенттердің алатын бағалары;

5) Оқытушының көмегі.

Осы орайда оқытушы тарапынан істелетін ең қажетті жұмыс: дәріс болсын немесе тәжірибелік сабақ болсын, олардың ақпараттық мазмұнды мәтіні дайын болуы, нақты тапсырмалар берілуі, студенттердің өздіндік дене шынықтыру жұмысын орындаудың және оны аяқтаудың белгіленуі.

Бүгінгі жастар халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Сондықтан егеменді елдің ұрпағының жан дүниесін жаңғыртуға тиіспіз. Жақынырақ таныстырып, білімді, ақылды, иман жүзді, инабатты, сұлу да сымбатты, болашақ мамандырды дайындап, оқу-тәрбие тақырыбын ұлттық рухқа негіздеуіміз қажет. Болашақ жастарды спортқа дайындауда ең маңыздысы, жоғары-оқу орындарында міндетті пән деп білу қажет.

Қорыта айтқанда, біздің елдегі білім беру жүйесі мынадай қағидаларға сай құрылуы қажет деп сипаттаймыз, "Әрбір оқыту жүйесі, мақсаты мен міндеттері, формасы мен тәсілдері заман талабына сай өзгеруі тиіс". Оқытудың бұл қағидасы сөзсіз республикамыздағы білім беру саласындағы жағдайды терең зерттеуді талап етеді.

Дене тәрбиесінің мақсаттары; Елдегі шаруаның тұрмыс күйін зерттегенде толып жатқан кемшіліктерін көреміз. Соның бірі -жастар мен оқушылардың дене тәрбиесіне назар салынбағандықтан. Оның себебі, елдегі мұғалімдеріміздің дене тәрбиелеу мәселесіне көңіл бөлмегендігінен. Осы күні кеңес үкіметі жалпы мәдени жұмыстарының бірі етіп елдегі еңбекшілердің денсеулығын түзеу үшін түрлі шараларды жүзеге шығарып отыр. Соның біреуі дене тәрбиелеу (шынықтыру) жұмысы. Дене шынықтырудың қасиеті жастар арасында өте зор: мінез құлықын түзейді, тәнін пысық және ширақ етеді. Бірлестік жолына үйретіп бақытқа салады. Тұрмысыңды түзеп әлемге тіршілік беріп тұратын, жаратылыстың «тіршілік бұлақтарын» (күн,ауа,су) пайдалана білсең келешекте бұқараның денсаулығы артып, төңкеріс майданына керекті дені сау жауынгерлер шығаруға жәрдемдескенің.

Тазалық шарттарын жете орында. Денсаулықтың басты шарты – елдің тазалығын жөндеу. Саулықтың қадірін білетін әрбір саналы оқушы, болмаса жас жеткіншек төмендегі айтылған негізгі шарттарды отындасын.

Күн сайын беті- қолыңды, мойныңды әбден тазалап жу.

Ең кемінде жетісіне бір рет бүтін тәніңді сабынмен тазалап жуу керек, өйткені кір денеге арқандай түрлі-түрлі ауырулар үйір болады.

Жеті сайын бір рет ішкі киім ауыстыру.

Астың алды-артында қолыңды жақсылап жуып тұр.

Тамақты әбден асықпай шайнап же, ас ыдысы неғұрлым таза болсын, мүмкін болса әркім тамақты өз алдына бөлек ыдыстан жеп, ішсін.

Өз үйінде болсын, өзге үйде болсын(әсіресе көптің жиналатын жерінде) еденге түкіруші болма.

Тұратын үйің мен оқитын мектебіңнің есік терезелерін ашып, әлсін-әлсін ауасын жаңарт, үй ішіндегі киіз, кілем, төсек –орын, көпшік көрпелеріңді шығарып жиі қағып тұр; мектептегі парта, тағы басқа саймандарды, есік терезелерін ашып қойып, дымқыл шүберекпен сүрт; еден тақтай болса жетісіне ең кеміне бір рет жу.

ауыра қалсаң дереу дәрігерге бар. Өйткені ауырудын алдын алып (не ауыру болса да ) емдетсең бойыңа сіңбей тұрған да жылдам жазыласың.

Қай ауыру мен ауырсаң да бақсы балгерге қаратпа, қаратам деп жүргенше дерт өршігіп кетеді, жазылу қйынға түседі.

Жаз күндерінде жеңіл, кең киім киіп жүр. қалың киім терлеткіш келеді.

Әрбір оқушы мен жас жеткіншек осы жоғарыда айтылған кеңестерді толығымен орындаса, ел ішнде ауырулар азайып, елдің саулығы түзеліп, толып жатқан олжаға батамыз.

Күнді қалай пайдалану керек? Өсімдік пен жануарға күн қандай керек болса, адамға да сондай керек. күннің көзімен дұрыс пайдалана білсең, денең шынығады, күшің көбейеді. Көңілің ашылады, басқада ауыруларға жылдам берілмейді.Күннің көзімен дұрыс пайдаланылғысы келген әрбір саналы оқушы, жас жеткіншек мына кейінгі айтқанды орындауы жөн.

Күннің көзімен бір мезгілде пайдалан.

Бірден денеңді күнге күйдірме, алдымен тізеден төмен қарай ашып, бірте-бірте жоғарлата үйрету керек. Күнде бірден ұзақ жату жарамайды. алғашқы кезде 5-10 минут сосын 3-5 минут қосып отыру керек, сонан 1 сағатқа жеткізу керек.

Күннің көзіне денеңнің әр мүшесін кезекпен қарсылап аудара бер, бір жағыңмен жатып қалсаң ыстығы тегіс тимейді. Күннің көзіне жатып болғаннан кейін тұла бойыңды дымқыл шүберекпен сүрт, болмаса суға шомыл.

Әуелі суға түсіп, сосын барып күннің көзіне ыстықтанудың пайдасы жоқ.

Әйелдер «қан келіп» жүргенде күннің көзіне ыстықталудан тоқтала тұруы керек.

Егер күннің көзіне ыстықтау жақпай, бұрынғысынан жаман боп бара жатса, ыстықтау уақытын кеміту керек, оғанда болмай бұрынғы күйіндей төмендеп бара жатса, ыстықтауды тоқтата тұрып дәрігерге көрін.

Қызметтен қажып, шаршап шыққан бойда, болмаса уайым- қайғылы боп тұрғанда, болмаса ас ішкеннің соңынан екі сағат өткізбей күннің көзіне ыстықтану жарамайды. (Күннің көзіне ыстықтануды – ( күн ваннасы) дейміз.

Таза ауа сенің досың. Денсаулықтың мықты тұтқасы - таза ауа. Онымен пайдалана білу үшін мынаны ескер:

Тұратын ұйдің, бөлменің есік терезелерін мезгіл-мезгіл ашып, ауасын жаңартып тұр. Қызмет жасайтын және ұйықтайтын үйдің терезелері жаз бойы ашық тұрған дұрыс.

Оңаша жерде (орман, бақша, тоғай сияқты) үстіңдегі киімді жеңілдеп тастап, бос уақытыңның көбін сонда жатып үйрен.

Күн сайын серуенге шығып, жаяу өзен көлдер жағасында 2-3 шақырым жер жүріп қайт. Жүргенде ауаны мұрын мен ішке алып, іштегі ауаны сыртқа ауыз арқылы шығар. Үй айналасының ауасын бұзбау үшін: күн-күбірді, жуанды шайындыны өз алдына дербес, айналадан шұңқыр қазып, оларды сонда төгіп тұру керек. Үй айналасын тап-таза етіп ұстау қажет.

Сумен қалай пайдалану керек.

Денеңді күн сайын сабын менен жуып, орамалмен ысып тұр.

Өзені көлі бар жерде күн сайын 5-10 минут шомылып тұр.

Қайнатпаған лас ыдыста судың ішінде көзге көрінбейтін көп теген бактериялар бар. Сондықтан суды талғап ішу керек.

Маселен іш сүзгісінің басқа ауырулардың бактериясы (құрт) суда жүруі мүмкін. Аузы жабық таза ыдыстан су ішкен жөн. Күнді,ауаны, суды тіршілік тұтқасы деп бекер айтпаған:- осыны дұрыс пайдалана білсең науқас саған оңайлықпен жоламайды. Барын ұқсатпаған дағдыланбаған, мәдениет жөнінен артта қалған елдерде ауырудың неше түрін көруге болады.

Ойын және оның қасиеті.

Жас баланың өнеріне ойын өте керек екендігі әркімге де мәлім болса керек. Оқып жүргенде бала ойнап жүрсе онда оның жігері, күші молайып, құлқы түзеліп, білігі артады. Ойын адамның денесін ширатады, зейінін ашады. басқалар мен бірге бірлесіп жұмыс істеуге дағдыланады. Ойын өрнекті әлеумент тәрбиесінің мектебі. Ойынды түрлендіріп, бәсеке кіргізіп талқыға салса, алқада отырған көпкеде қызықты келеді. Ойынды ойнағанда төңкеріс мейрамдарына, көп қыдырыстар да, жұрттың алдына шығып ойнау тиіс.

Тартыс. Ойнаушылардың саны алты кісі не онан да көбірек болуы тиіс. Бұл ойынды да ашық ауада, алаңда жасауға болады.Қақ ортада бір-бірінен алыстығы жарты қадамдай етіп екі сызық сызылады. Бар ойнаушылар теңбе –тең екіге бөлінеді. Әр партияның кісілері бірінің белінен бірі ұстап екі жақ қарама –қарсы тұрады. Екі жақта алдыңғылары бір-бірінің қолынан мықтап ұстап, әр топ өз жақтарына қарай тартады. Арасындағы сызықтан екінші топты сүйтеп шығару керек.

Ескерту: Ұзын арқанмен тартысу әрі ебдейлі, әрі қызықты болады. Мұнда жаңағыдай екі жақ болып бөлініп арқанның екі ұшынан екі жақтың кісілері келіп ұстап тұрады. Ойынды басқарушы белгі бергенде екі жақтың шегіншектеп, өздеріне қарай сүйрей жөнеледі. Қай жақ өзінің қарсысындағыны әлгі сызықтан сүйреп өз жағына өткізсе, сол жеңген болады.

Лапта. Лапта- деген жүгіру мен соғудың сәйкес келген дене шынықтыру үшін өте пайдалы көп ойын. Әсіресе бұл ойынды оқушы мен жастар жаратады. Ойнаушылар саны 12-40 кісі, жері тегіс алаң, ашық дала, Ойынның аспаптары: кішірек бұлғары мен қаптап қолдан жасаған, болмаса базардағы сатылатын резеңке доп. Лапта- ұзындығы 1-1,5 аршын, жуандығы2-3 елі таяқ. Майдан былайша белгіленеді: Сызық сызылады.(а), онан 2-3 қадам барып ілгеріден тағы сызық сызылады (в) Алдыңғы сызықтан 30-50 қадам жүріп барып үшінші сызық сызылады. (с) Сонымен үш сызық белгіленіп болған соң ойнаушылардың бәрі екі партияға бөлінеді. жеребмен не болмаса бастықтың бұйрығы мен 1 партия доп соғады. Екінші партия доп ұстауға шығады. Соғушы (а-адам) сызықта тұрып соғады. Ұстаушылар бүтін майданда тарап, ыңғайына қарай шашылып тұрады. соғушы партияның кісілері бір ден артық соға алмайды. Бастапқы кезде әлсіздері соғып өтеді, соғып болғандар (в-адам) сызыққа барып тұра тұрып кейінгілері допты соғып алыс жібергенде аңдып, қапысын тауып (с-адам) сызыққа жүгіріп барып қалады да екінші соққанда (а-да келеді), а-ға келген соң кезегі жеткенже допты тағы соғады. Ұстаушы партияның кісісін (в) сызық пен (с) сызықтың ортасында жүгіріп шығып жүргенде ебін тауып соқса (доппен) соғушылардың орнына шапшаңдар тұрып бопты алып соғуға кіріседі. Өйткені (Бір көз) ұтқан болады. Допты жерге түсірмей ауадан тосып ұстап алса, онда да ұстаушы партия (а) сызыққа келіп соғуға кіріседі. –(Бір көз)- ұтқан болып шығады. Ойын бастапқы айтылған шарт бойынша 30 минут, 1 сағатқа созылады. Ұстаушы партия (а) сызыққа бір кісісін қояды, ол бойлай жерден допты 1-2 аршын жоғары көтеріп беріп тұрады. Ойын біткесін бастық кеі жағының ұтқан (көзін) санап қай жағынікі көп болса, соны жеңді деп жариялайды.

Ел ішінде дене тәрбиелейтін үйірмені қайтіп ұйымдастыру керек. Ол үшін елдегі жастар ұясы болсын, болмаса спорт комплекс, одақ ұялары, біреуімен байланыс жасау тиіс. Ол сізге ұйымдасу жолын іздеп, қаламен қатынас жасап, қаржы тауып беріп басшылық етеді. Үйірме болам деу- елінің алдымен санын біліп, тізбесін жасап, жалпы жиылыс пен бастық сайлау керек. Спорт комплекс, одақ ұяларымен байланыс жасап алғасын, олар қаладығы дене тәрбиелейтін мекемелер арқылы жұмысыңды тәртіпке салады. Басшылық жөн көрсетеді. Ойнауға көрініс пен бұрын денсаулығыңды дәрігерге көрсет, Ол сенің ойынға жарайтын- жарамайтыныңды айтып береді

ӘДЕБИЕТТЕР


  1. 3-я Национальная конференция по чтению. Письмо: от истоков к настоящему. Сборник выступлений. – Алматы, 2002

  2. Қалиев, Майғаранова Ш. Нысанбаева Г. Бейсенбаева А. Т.б. «Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері».- А., Білім, 2001.

  3. Сәдуахасова Р. «Жаңа технологияны пайдалан білейік».- А., 2004.

  4. Тәрбие құралы 2004 № 1

.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада жоғары оқу орнында білім берудің жалпы педагогикалық мәселелері қарастырылады.

РЕЗЮМЕ


В данной статъе рассматриваются новые направлеиия процесса обучения. Даны конкретные понятия педагогической технологии.

РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДЕ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Құттыжолова А. - мұғалім (Алматы қ., № 40 мектеп)
Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту. Белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу мектептің оқу-тәрбие үдерісінде алдына мақсат қоя отырып жүргізілген іс-шаралар негізгі орын алады.

Философтардың зерттеуі бойынша тұлғаның қалыптасуына қандай факторлар ықпал етеді және тұлғаның қарапайым адамдардан қандай айырмашылғы бар?- деген сұрақ қоя отырып, соған жауап іздейді. Олар тұлғаның қалыптасуында негізгі рөл әлеуметтік жағдайларға – тәрбиеге, білімге, қоршаған әлеуметтік ортаға, ата-анаға тиеселі екенін атап көрсетеді. Қоршаған әлеуметтік орта - бұл адамның мекен ету әлемі, бұл тұлғаның қалыптасуына тікелей әсер ететін дүниетанымдық, кәсіби, адамгершілік құндылықтар/1,248 б./

Философ Т.Ғабитовтың басшылығымен дайындалған “Философия” атты еңбекте “Тұлғаның тағы бір маңызды сипаттамасы – оның адамгершілік-рухани мәні. Тұлға мазмұнының және бағалануының маңызды компоненті ретінде оның санасының дүниетаным, адамгершілік және жауапкершілік деңгейімен сипатталатын тұлғалық бағдарлары көрінеді. Әрине, тұлғаның қалыптасуы мен қылығына әлеуметтік ортаның айрықша ықпал етері сөзсіз. Бірақ тұлға бағдары мен қылығы да сол деңгейде негізінен адамның ішкі, рухани әлеміне бағынышты. Адамның бойындағы интеллектуалдық- адамгершілік және еріктік қасиеттері неғұрлым айшықты көрінген сайын, оның өмірлік бағдарлары жалпыадамзаттық құндылықтармен сәйкес келеді, тұлғаның өзі де маңызы артып, бұл құндылықтардың орнығуы мен дамуы оң ықпалымен әсер етеді. Бұл тұрғыдан ол өз рухы, еркіндігі, шығармашылығы мен қайрымдылығы жақтарымен сипатталады /2/

Тұлғаның ерік-жігері мен рухының күштілігі, оның адамгершілік қайырымдылығы мен тазалығы тек нақты практикалық әрекетте және белгілі бір әлеуметтік жағдайларда ғана бекіп, іске асады” /3,250 б./

Расында да, тұлға – бұл әлеуметтік байланыстардағы және әлеуметтік қатынасқа түсетін адам, қоғам мүшесі, оған қоршаған орта әсер етеді, ол саналы түрде адамдармен және әлеуметтік құбылыстармен қарым – қатынас орнатады. Қабылдау қабілеті әр адамда әр түрлі, бірақ жеке тұлға әлеуметтік ортада өзін дара ұстайды және өз қарым – қатынастары үшін есеп бере алады.

Жекелей-тұлғалық педагогикалық құндылықтар жүйесіне төмендегі құндылық бағыттарын ұсынады:

- құндылықтар, оқушыны әлеуметтік және кәсіби ортада тұлға ретінде қабылдауы;

- құндылықтар, тұлғаның талаптарының, көзқарастарының сәйкес келуі (қарым-қатынаста, құрбыларымен іс-әрекеттерінің сәйкес келуі, рухани құндылықтармен алмасуы);

- құндылықтар, тұлғаның шығармашылық ерекшелігін дамытуға бейімдеу (әлемдік мәдениетті менгеруі, сүйікті ісімен айналысуы, үнемі жетілуіне ықпалы);

-құндылықтар, тұлғаның бойындағы ерекшеліктер іс-әрекет барысында іске асуы (шығармашылық);



  • құндылықтар, қоғамнан өз орнын таба білуі /4, 447-448 б.б./.

Жоғарыдағы құндылықтар жүйесі өзара бір-бірімен бірлікте іске асса тұлғаның бойындағы құндылықтар қалыптасады деген тұжырым жасайды. Олар тұлғаның толыққанды білім алуының өзін жалпыадамзаттық құндылықтарға жатқызады.

Білім беру жүйесінің мәдени-ізгілендіру функциясына бірінші, рухани құндылығын, рухани дамуын қалыптастыруды ұсынады. Тұлға өмірде кездесетін өмірлік кедергілерді жеңе білуі, екінші, моральдық жауапкершілік; үшінші, тұлға ретінде өзін-өзі іске асыруы; төртінші, тұлғаның рухани адамгершілік құндылықтарының қалыптасуы, бесінші, рухани құндылықтарды аша білуі және шығармашылық тұлға ретінде өзін-өзі іске асыруы /4,80/.

Рухани – адамгершілік құндылықтар мәселесін зерттеуші ғалым Ш. Майғаранова “Құндылықтар – тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар. Оларға шындық, қайырымдылық, тұлға, пайда, бостандық, махаббат, шығармашылық, т.б. жатады. Құндылықтар – идеалдарды қабылдау немесе қабылдау сезімі арқылы айқындалып, ақыл – ой сана арқылы қабылданды. Құндылықтар құрметтеу, қошаметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді. Құндылықтар – сезім мен ақыл – ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс - әрекетін белгілейді.

Құндылық – бағдарлы тәрбиеде рухани адамгершілік ұстанымдарын жүйелі түрде жүргізу тиімділікке жеткізеді. Ол үшін оқушының мәдени құндылықтарды игеруіне, өзін - өзі дамыту дағдыларына, өмір сүре білуге бейімділігіне, тұлғааралық қатынастарды, дағдыларды игеруіне, өзіне және өзгеге жауапкершілікпен қарауына көмектесу басты нысана болып табылады.

Құндылықтар тек объективті, яғни шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, солай бола тұра, субьективті өйткені ол адам санасында орын алады. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді де, іс - әрекет етеді.

… білім берудегі құндылық бағдар сезім мен ақыл – ойға тең дәрежеде сүйенуі қажет. Осы тепе – теңдіктің болмауынан білім жүйесінде сыңаржақты педагогикалық көзқарастар орын алып келгені белгілі. Сондықтан да, мектептерде құндылық – бағдарлы тәрбие үлгісін ұстанып, оны өмірге ендіру көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады, -деп атап көрсетеді/6/.

Ғылыми философияның түсінуінде дүниедегі ең бағалы, асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл - әрекеттердің негізгі, өлшемі және мақсаты. Жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл – ой туындыларының құдіретті иесі /4, 256б./

Мәдениет субъектісі бола отырып, адам әрдайым өз белсенділігін көрсетіп отырады. Ол белсенділік ақылға сыйымды болса, мәдениет табиғаттың көркейіп, бүгінгі бір күндік мақсаттан туатын болса, табиғатқа нұқсан келтіреді, экологиялық апаттар туғызады. Себебі, тарихи процесте табиғат пен мәдениет ажырамас бірлікте болып табылады.

Табиғат пен мәдениеттің арақатынасы – адамның табиғатқа қатысты, табиғатпен байланысты, табиғи ортаны игеру әдісі. Материалдық игіліктерді өндірсе де, рухани қызметпен айналысса да, адам сол табиғаттан нәр алады, басқаша айтқанда, оның тарихы, дамуы табиғатқа байланысты. Анықтап айтқанда, табиғат материалдық өндірістің мазмұны анықтауда ерекше рөл атқарады /4,359б./

Әлеуметтік ғылымы тұрғысынан “адамгершілік, этикалық нормаларды абсолюттік талаптар ретінде орындауына орай адам бойындағы әлеуметтік қасиеттің жоғары көрінісі және мәдениеттілік бастаулары”/2,173б./ - деп атап көрсетеді.

Әлеуметтану ғылымында адам тұлғасын зерттеуде тұлғалық қасиетті анықтаудың бірнеше деңгейлерін қолдану қабылданған: табиғи, бұл басқа адамдардың ықпалынан тәуелсіз адамның өзінде болатын және дамитын жағдайлар; биологиялық, бұл жалпы шыққан тегі; тұқым қуалаушылық, бұл ата-ана қанының негізінде болатын және дамитын факторлар (биологиялықтың бәрі бірдей тұқым қуаламайды); әлеуметтік, адамға әлеуметтендіру барысында, басқа адамдармен қарым-қатынаста және өзара іс-әрекет арқылы сіңісті болып, қабылдаған белгілер”/3,241б./

Аймақтану материалдары оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға үлкен ықпал етеді. Б.Лихачев ұсынған ғылыми -педагогикалық тұжырымдамада тұлғаның қатынастар жүйесінде тұлғаның тұтас қалыптасуы, іс-әрекет, қарым-қатынас, дүниетаным, сезім мен еріктің бірлігі идеясынан туындайды. Дүниетанымдық сана – баланың сезімі мен жігері, еркіне байланысты болатыны, сезім –сананың қуаттануына мүмкіндік жасай отырып, ерікті қалыптастыруға жағдай тудыратынына тоқталады.

Тұлғаның қалыптасуын әлеуметтік ғылым тұрғысынан қарастыратын болсақ “адам-қоғам-табиғат” өзара бірлікте қарастыра отырып, тұлғаны қалыптастыруда өндірістік қатынастар мен қоғамдық ортаны негізгі деп қабылдайды. “Тұлғаның барлық көріністерінің жиынтығы мен бірлігі, олардың өзара бір-бірімен байланысы оның әлеуметтік құрылымын құрайды. Тұлғаның әлеуметтік құрылымының негізін қоғамдық, әлеуметтік қатынастар қалыптастырады.

Осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ, рухани-адамгершілік тәрбие беру барысында стратегиялық және тактикалық жағдайларды іске асыруда біз төмендегі мәселелерді шешу арқылы жаңа әлеуметтік даму жағдайында алдымызға қойған негізгі талаптарымызды орындай аламыз:



  • рухани-адамгершілік тәрбие беру үрдісінде ұлттық және әлемдік дәрежедегі құндылықтарды өзара байланыстыра отырып, тұлғаның бойындағы рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру;

  • жүйелі-ұйымдастыру тұрғысынан мектеп, ата-ана және әлеуметтік ортаны өзара сабақтастыра отырып, мақсатты түрде оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруді ұйымдастыру;

  • оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып, рухани-адамгершілік тәрбие берудің формалары мен әдістерін нақты пайдалана білу;

  • аймақтық ерекшеліктерді ескеру, туған елге, жерге, ауылға, қалаға, т.б. сүйіспеншілігі арқылы, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру;

  • Қазақстан Республикасының ұстап отырған бағытына сәйкес, оқушылардың рухани-адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру;

  • кешенді тұрғыда ықпал ету арқылы біз, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани-адамгершілік, әлеуметтік құндылықтарды, тәжірибелерді жүйелі түрде пайдалану.

Оқушылардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда олардың жеке бас және жас ерекшелігіне байланысты тұлғаның тәрбиелілігін білімге, қоршаған әлеуметтік ортаға, табиғатқа, еңбекке, өзіне деген қатынасы оның іс-әрекеті, мінез-құлқы, қарым-қатынасы арқылы айқындалады.

Рухани-адамгершілік тәрбиені ұйымдастыру барысында төмендегі іс-әрекеттер атқарылды:



  • қоғамдағы жаңа әлеуметтік экономикалық және мектептегі әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін ескере отырып рухани-адамгершілік тәрбие берудің жалпымектептік бағдарламасы жасалды;

  • пән сабақтарды, сабақтан тыс уақыттаға іс-шараларды ұйымдастыруға байланысты әдістемелік ұсыныстар дайындалды;

  • оқушылардың білімдік және тәрбиелік деңгейлерін анықталды;

  • мақсатты нақты айқындауға байланысты тәрбие беруге байланысты формалар мен әдістерді таңдау және практикаға ендірілді;

  • зерттеудің аралық және қорытынды нәтижелелерін айқындауға байланысты бақылау срездерін жүргізілді;

  • негізделген және нақтыланған әдістемелік ұсыныстарды іс-тәжірибеге енгізілді.

Оқушылардың пән сабақтарында меңгерген білімдерін, үлгі-өнегелерін сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарда пайдалану қоғамдық еңбекпен айналысуға, ой-өрістерінің кеңеюіне үлкен ықпалын тигізе отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Адамгершілік – адамның өзіне тән жеке тәртібін реттейтін, сүйіспеншілік, адалдық, шындық, әділдік, еңбексүйгіштік, ұжымшылдық сынды адамгершілік категорияларды, адамгершілік нормаларды, сапаларды біріктіретін тұлғалық сипаттама. Адамгершілік норма – тұлғаның қоғаммен, табиғатпен, қоршаған әлеуметтік ортамен қарым-қатынастағы іс-әрекеті/4, 281/

Сластенин В.А., Каширин В.П. адам жаратылысын табиғатпен, қоршаған аймақпен байланыстыра қарастыруды көздейді. Табиғат – адам тіршілігінің табиғи – биологиялық алғышарты, адамның әлеуметтік мәні тұрғысынан қарастырады.

Зерттеу жұмысы барысында ғаламдардың табиғат-адам-қоғам өзара байланысы негізінде ұсынған теориялық тұжырымдарын аймақтану материалдары арқылы тұлғаның бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда басшылыққа алдық.

Педагогика және психология ғылымдары тұрғысынан: адамгершілік, мінез-құлық; рухани-адамгершілік тәрбие; адамгершілік сезім; адамгершілік сана; тарихи сана; ұлттық мұрат (идея); ұлттық идеология; ұлттық сана; географиялық сана; мораль; адамгершілік көзқарас; тағылым; ізгілік; менталитет, т.б. сияқты іс-әрекеттер мен қасиеттерді оқушылардың бойына сіңіре білуіміз керек.
ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада білім беру жүйесінің мәдени-ізгілендіру функциясы сөз етіліп, рухани құндылық, рухани даму мәселелері қарастырылады.


РЕЗЮМЕ

В статье рассмотрены культурно-духовная функция системы образования, вопросы духовного воспитания.



МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚША ТІЛ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Меңдаяхова Қ.- п.ғ.к., доцент (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Қоғамдық мектепке дейінгі тәрбиені дамыту – балабақша қызметкерлерінің алдына жаңа теориялық міндеттер қойды.

Қазақстанда “Балабақша тәрбиесінің бағдарламасына” өзгерістер мен толықтырулар енгізілу негізінде ол тұңғыш рет 1964 жылы қазақ тіліне аударылады. “Сауаттылыққа үйрету” бөлімінде қазақ тілін оқыту базасы құрылды. “Көркем әдебиет” бөлімі қазақтың халық ертегілері мен қазақ совет жазушыларының шығармаларымен толықтырылды. “Музыкалық тәрбие” бөлімі қазақтың халық музыкалары мен Қазақ совет композиторларының шығармаларымен толықтырылды. Бұл бағдарламадағы толықтырулар балабақшадағы ІІ топтан бастап енгізу көзделді. Мысалы, екінші кіші топта оқу мен әңгіме үшін 21 көркем шығарма тіркелген. Ән, күй, музыка, ырғақ үшін – 10 шығарма, орта топтағы көркем әдебиет – 32, музыкалық шығарма 14 болса, ересек топтағы көркем әдебиет 34, музыкалық шығарма 14; мектепке даярлық тобында – 41 көркем әдбиет, 19 музыкалық шығарамалар белгіленген. Сондай-ақ, бағдарламаға халық шығармалары, қазақ совет жазушылары мен композиторларының шығармалары енген.

Қоғам дамуына, ғылым мен техниканың алға жылжып, жалпы білім беру мекемелерінде жаңа мазмұнға ие білім жүйесі қалыптасып, оқу бағдарламалары өзгеріп, бастауыштық білім беру мерзімдері қысқара бастады. Осыған байланысты, 1969 жылы “Бағдарламада” бала тәрбиесінің төрт кезеңін бөліп көрсетті:


  1. ерте жас – туғаннан 2 жасқа дейін.

  2. Кіші топ – 2–4 жасқа дейін.

  3. Орта топ – 5 жасқа дейін.

  4. Ересек топ – 5–7 жасқа дейін.

1971жылы бағдарлама қайта жасалып, қайтадан басылып шықты. Бұл нұсқада да “Тіл дамыту”, “Музыкалық тәрбие” – деген бөлімдер қайта толықтырылды. Бағдарлама материалдарына қазақ ақын-жазушылары мен ақындарының, қазақтың төл өнері мен туған жердің табиғаты, қазақ композиторларының шығармалары енгізілді. Мысалы, мектепке даярлық топтарында (оқу, әңгімелеу, жаттау) қазақтың классик ақыны Абай Құнанбаевтың “Жаз”, Ы.Алтынсариннің “Бай баласы мен жарлы баласы”, “Мақта қыз бен мысық”, сондай-ақ, қазақтың көрнекті жазушылары С.Сейфулиннің “Балалар”, Ғ.Мүсіреповтің “Қанат пен қуыршақ”, Ә.Тәжібаевтің “Май, Алақай”, С.Мәуленовтің “Бала батыр”, Қ.Мырзалиевтің “Аңшы”, А.Тоқмағанбетовтің “Ақша қар”, М.Әлімбаевтің “Октябрь тойы” т.б. енді.

“Бағдарламада” қазақ балабақшаларында қоршаған ортаның ұлттық және табиғи ерекшеліктері туралы материалдар қамтылды. Мысалы:



  • екінші кіші топтарда бауырсақ, шелпекті дайындау туралы айтылса;

  • орта топта кесе, шәйнек, қымыз құятын торсық, т.б. заттарды жасату енгізілген;

  • ересек топтарда қазақтың ұлттық ыдыс-аяқтарын, құтыларға қазақтың ою-өрнектерін, алаша, төсеніштерге әшекейлер жасауды үйретті;

  • дайындық топтарда “Біздің ауыл” деген тақырыптарда суреттер салғызып, онда киіз үйдің, ұлттық өрнектердің бейнесі салынды.

“Музыкалық тәрбие” бөлімінде классик-композиторлар Ф.Шуберттің, М.Глинканың, П.Чайковскийдің, Д.Шестаковичтің және қазақтың халық күйшілерінің Құрманғазы, Дәулеткерейдің шығармаларымен бірге қазақ композиторларының Б.Байқадамовтың “Әйгөлек”, С.Мұхамеджановтың “Қазақстан”, “Қамажай”, “Қыздар-ай” шығармаларымен таныстырып, ырғақты қимылдар жасауды үйретеді.

“Дене тәрбиесі” бөлімінде - қазақтың ұлттық ойындары қамтылған. Мысалы:



  • кіші топқа – “Бұлан құйрық”, “Аттар”;

  • кіші топқа – “Тым-тырақай”, “Терме жіп”, “Орамал тастамақ”;

  • орта топқа – “Қасқыр қақпан”, “Ақ сандық пен көк сандық”;

  • ересек топқа – “Ботақан”, “Көген тартыс”, “Соқпа доп”;

  • дайындық топтарда – “Ақ сүйек”, “Қазан доп”, “Бөдене мен түлкі” ойындары ойнатылды.

“Бағдарламадағы” бұл өзгерістер орыс тілді балабақшаларды да қамтыды. “Бағдарламада” былай дейді: “…жергілікті жердің ерекшеліктерін ескере отыра, қазақтың ұлттық өнерін практикалық сабақтарда қолдануға рұқсат етіледі.

1960-1970 жылдар аралығында Ы.Алтынсарин атындағы институттың мектепке дейінгі тәрбие бөлімінде және Қаз.ССР ағарту Министрлігінде оқу-тәрбие жұмыстарының мазмұнын дамытып, жаңа оқу-әдістемелік құралдар шығарып, дидактикалық материалдар жасалды. Республика ғалымдары ауылдық жердегі балабақшаларда адамгершілік, еңбекке баулу, ана тілін (қазақ тілі) оқыту, сөздіктер пайдалану, ерте жастан оқыту мәселелерін зерттеді.

“Мектепке дейінгі балаларды психологиялық және педагогикалық тұрғыдан тәрбиелеу” бағдарламасы Ы.Алтынсарин атындағы институттың мектепке дейінгі тәрбие секторының ғылыми қызметкерлері В.И.Андросова мен Б.Б.Баймұратовтың монографиясы негізінде жарыққа шықты.

Бала тәрбиесінде үлкен орын алатын мәселенің бірі – балалардың тілін дамыту. Ы.Алтынсарин атындағы институтта мектепке дейінгі тәрбие бөлімі сөйлеу мәдениетінің мазмұны мен әдісі, дұрыс сөйлеудің грамматикалық түрлері, тілдік байланыстарды дамыту бағыттарында жұмыс істеді. Сондай-ақ өлең оқыту, сөйлей білуді меңгерту әдістері де зерттелді. Республикадағы тіл дамыту сабақтарын ерте жастағы топтарда ауыл балаларын қала балаларымен қатар бірдей дәрежеде меңгерту зерттеле бастады. Бұл мәселеде республикаға еңбек сіңірген мұғалім, педагогика ғылымының кандидаты, доцент Б.Б.Баймұратова үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ол өз еңбегінде, әсіресе, қазақ балаларының тілін дамыту, ана тілін оқытуды ұйымдастыру әдісі, қазақ балабақшаларында көркем сөйлеуге баулу мәселесін қарастырған.

“Бағдарламаның” қазақ тілінде шығуына байланысты, 1964 жылы Б.Баймұратовтың “Біздің кітап” деген тәрбиешілерге арналған оқу құралы жарық көрді.

1974 жылы бірінші “Біздің кітап” 2–4 жастағы балаларға арналған 1978 жылы “Балалар әдебиетінің хрестоматиясы” жарық көреді. Бұл кітаптарда халық шығармалары, қазақтың классик және совет жазушыларының, ақындарының шығармалары балалардың ана тілін меңгере отырып, тіл дамытуы үшін пайдаланылды.

Әр педагог маман өзінің алдындағы балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескеруі керек. Бұл бағытта бірнеше ғылыми еңбек жазған ғалым А.А.Давиденко болып табылады. “Ерте жастағы балаларды оқыту” деген еңбегінде А.А.Давиденко жас балалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыра білу, оған талдау жасай білу мәселелерін қарастырады. Қазақстанда Ұлы Отан соғысы кезінде мектепке дейінгі бала тәрбиесін дамыту туралы зерттеу жасаған Р.М.Жұмағожина (“Ұлы Отан соғысы кезіндегі мектепке дейінгі балалар мекемесі 1941-1945жж.”).

1976-1980жж. Ы.Алтынсарин атындағы институттың мектепке дейінгі тәрбие бөлімінде “Мектепке дейінгі балаларды оқытудың және адамгершілік тәрбиесін берудің педагогикалық мәселелері” деген тақырып зерттелді (1980). Осы тақырыпта монография шығып, онда мына сұрақтар қаралады.



  1. “Ересек топтардағы балалардың азаматтығын тәрбиелеу”;

  2. “Мектепке дейінгі балаларға қазақтың көркем әдебиеті шығармаларын оқыта отырып, адамгершілікке тәрбиелеу”;

  3. Көркем шығармаларды оқыта отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін және сөздік қорын дамыту.

ҚазССР Ағарту Министрлігі оныншы бесжылдықта мектепке дейінгі тәрбие бөлімдері “Балабақшалардағы аралас топтардағы оқу-тәрбие жұмыстары” (1976), “Мектепке дейінгі мекемелерде оқу-тәрбие жұмыстарын басқаруды ұйымдастыру” (1977), “Мектепке дейінгі балаларды Қазақстанмен таныстыру” (оқу-әдістемелік құралдарын шығарды. “Мектеп”, “Жалын” баспасынан әдістеме оқулықтар, өлеңдер жинақтары, әңгімелер, ертегілер, тақпақтар қазақ тілінде шыға бастады. Мысалы, “Балаларға базарлық”, “Балаларға арналған халық ауыз әдебиеті” – Р.Жұмағожина, “Біз билейміз, ән шырқаймыз” М.Әлімбаев, “Әрқашан күн сөнбесін”, “Біздің ортақ үйіміз” - Ә.Табылдиев. Сонымен бірге оқулықтар мен методикалық құралдар қазақ тіліне аударылды.

  1. Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын дамыту. (Т.В.Тарунтаева)

  2. “Бағдарламадағы” әдістемелік нұсқау. (А.И.Шустакова)

  3. “Балабақшадағы адамгершілік тәрбиесі. (В.Г.Начаева)

  4. “Балабақшаға көзқарас”. (Н.П.Сакулина, Т.С.Коморова)

  5. “Балабақшадағы балалардың тілін дамыту әдісі” (А.П.Федоренко, Г.А.Фомичева, В.К.Лотаев)

  6. “Бала бақшадағы басшылық туралы” (Демурова Е.Ю., Островская Ф.)

Бұл әдістемелік-құралдар бала бақшадағы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға әдіс-тәсілдерді жетілдіруге зор көмегі болды.

Жоғары оқу орындарындағы мектепке дейінгі тәрбие факультеттері студенттеріне арналған А.К.Менжанованың ғылыми еңбектері қазақ балалар бақшасындағы тәрбие мен оқытудың мәнін кеңірек ашуға игі әсерін тигізді.

Қазақ тілінде “Мектепке дейінгі педагогикаға арналған лекциялар курсы” (А.К.Менжанова, Г.И.Исмагулова, Е.Б.Дайрабаев), 1987жылы А.К.Менжанованың “Мектепке дейінгі балаларды көркем әдебиет арқылы тәрбиелеу” деген монографиясы жарық көрді. Ол балаларға арналған көптеген ән, өлең, тақпақтардың авторы. “Қоңырау”, “Айгөлек” жинақтары, топ-топ, балақай өлеңдер жинағы республикадағы балабақшаларда кеңінен пайдаланылды.

Ана тілін (қазақ) әр жастағы балалалар топтарында Х.Қожахметованың “Мәнерлеп оқу” оқулығы үлкен қызығушылықпен қолданылды. Бұл “Бағдарламада” (1971) балабақшада ана тілін мәнерлеп оқу әдісін кең қолдану көрсетілген болатын.

1970-1980 жылдар аяғында республикада алты жасар балаларды мектепке дайындаудың эксперимент (сынақ) жұмыстары жүргізілді. Бұл – оқулықтар мен бағдарламаларды дайындауға деген ынтызарлықты туғызды. Б.Б.Баймұратованың жетекшілігімен ғылыми зерттеу институттында мектепке дейінгі тәрбие ісіне арнап бірнеше оқулықтар жазылды. Мысалы: М.Т.Тұрыскелдина балаларға арналған қимыл-қозғалыс ойындары туралы “Кел, ойнайық” (1981) “Дене шынықтыру және ойын сабақтарына әдістемелік нұсқаулар” (1984) еңбектерінде 6 жасар балаларды мектепке даярлау керектігін ғылыми тұрғыдан нақтылады.

Сонымен 1960-1970 жылдары балабақша тәрбиесінде жаңа бағдарламалар жасалып, балалардың жан-жақты дамуына қатысты көптеген іс-шаралар атқарылды. Республика көлемінде бағдарлама бөлімдерінде көрсеткендей ұлттық шығармаларды оқыту (қазақ халық ертегілері, халық қолөнері, ұлттық ойындар, ән, би т.с.) балаларды оқытып, тәрбиелеуде айтарлықтай жақсы нәтижелер беріп, интернационалдық тәрбиенің дамуына әсер етті. Республикада (Б.Баймұратова, Л.А.Давиденко, Р.Жумагожина, М.Т.Турскелдина және т.б.) қазақ тілі мен әдебиеті, музыка, денешынықтыру пәндері бойынша оқу-әдістемелік құралдар ұлттық балабақшалардағы тәрбиешілерге көмекші құрал болды. Мұның бәрі республикадағы балабақшалардағы оқу-тәрбие жұмыстарының сапасы жағынан жақсы дәрежеге көтерілгенін көрсетеді. Болашақта мектепке дейінгі педагогиканы дамыту, кенжелеп қалған ғылым саласына үлес қосу болашақ жас ғалымдардың үлесі дей тұрғанмен де, балабақшалар бүгінгі таңға дейінгі жарияланған ғылыми-әдістемелік еңбектерді басшылыққа ала отырып, өздерінің алға қойған мақсат-міндеттерін айқындап, құқықтарын, қызметтерін жетілдіру үстінде. Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен білім беру жүйесін шығармашылық тұрғыдан жаңартуға көңіл бөлінуде. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандарты мен оқу-әдістемелік кешендердің дайындалуы осының айғағы.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 жылғы 22 қарашадағы № 1762 «Балаларды міндетті мектепалды даярлау мәселелері» туралы қаулысына сәйкес «Мектепалды даярлығы» бағдарламасы 1999 жылы жарық көрді. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен жоғарыда аталған бағдарламаға сәйкес мектепалды даярлығына арналған оқу-әдістемелік кешендер «Алматы кітап» баспасында даярланды. Әмина Әмірова министрліктің тапсырысын орындауға атсалысқан авторлардың бірі. Ғалымның міндетті мектепалды даярлыңына арнап жазған «Сауат ашу» №1, 2, дәптерлері, «Сауат ашудан» әдістемелік нұсқауы, хрестоматиясы, дидактикалық ойындары 2004 жылы баспадан жарық көріп, бүгінде республиканың барлық мектепке дейінгі ұйымдары мен мектеп жасындағы даярлық сыныптарында қолданылып келеді. Бұл оқу-әдістемелік кешендердің жоғары орындарымен арнаулы кәсіптік білім беру мекемелерінде болашақ мамандарды даярлауда «Тіл дамыту мен мәнерлеп оқу әдістемесі» пәнінде толық талқылануы, ертеңгі маманның мүмкіндігіне, онымен жұмыс істеу мүмкіндігіне ықпалын тигізеді деп ойлаймыз.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Концепция дошкольного воспитания в Казахской ССР. Алма-Ата, 19907.

  2. Қазақ балабақшаларында тәрбиелеу, оқыту мазмұнын жаңарту тұжырымдамасы // Қазақстан мұғалімі, 1991.18 қаңтар.

  3. Қазақстан Республикасының Мектепке дейінгі тәрбие тұжырымдамасы. Білім беру министрлігі, 1992.

  4. Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жағдайы. Астана, 2005

.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарға арналған бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендердің қазақша тіл дамытуы қарастырылады.

РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются программы и учебно-методические комплексы по развитию казахского языка в дошкольных учреждениях.



ЭкологиялыҚ білім мен тӘрбие беру Үрдісінде жаҢа технологияларды пайдалану
Мухамединова Н. А. – п.ғ.к., доцент, Садық Г. Б. -ізденуші

(Алматы ., ҚазмемқызПУ)


«ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» түсініктемеде: «Білімді, білік дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық зиянкерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, идеалардың қуат көзі болатын, жеделөзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылады» делінген /1/ Демек, бұл түсінік ұстаздар үшін өздерінің біліктілігі мен білімділігін арттыруды талап ететін басты міндет. Қоғамның дамуы ұстаздар үшін - бұл мәселе, яғни бүгінгі заман талабына сай мамандар даярлау қажеттігі міндетін алып отыр. Міне, осы міндеттерді орындау үшін ұстаздар үздіксіз ізденісте бола отырып, оқытудың яғни жаңаша маман даярлаудың жаңа әдіс-тәсілдері мен инновациялық технологияларын қолдануы қажет.

Ал, қазір халықаралық деңгейге көтеріліп отырған қоршаған орта жағдайы экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесіне әкеледі. Адамзат өркениетінің дамуының әр түрлі кезеңдерінде адам мен табиғат арасындағы қатынастардың түбегейлі өзгеріп отырғаны белгілі, ал өзінің түр ретінде ерекшеленуінің алғашқы кезеңдерінде көптеген консументтердің бірі ғана болған. Уақыт өте келе басқа түрлердің саны мен өнімділігіне ғана ықпал етіп қоймай, тіршілік ортасының көптеген параметрлерін өзгерте алатын түрге айналды.

Бүгінгі таңда жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр.

Елбасының қолдауымен Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау және қалыптасқан экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бірнеше маңызды заңдар мен құжаттар қабылданды /2/. Соның ең маңыздысы «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы» (2003ж.) көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие берудің өміршең бағдарламасын нақтылап берді /2/. Экологиялық білім беру адамзат қауымының қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру. Оның ішінде қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол ізгілікті экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақты тәрбиелеу бастапқы орын алады. Әуелден әр түрлі дәрежедегі биологиялық жүйелердің өзін қоршаған жансыз табиғатпен және тірі табиғатпен қарым-қатынасын зерттеумен шұғылданып келген экология ғылымының даму логикасы, ерте ме кеш пе, оны адамның өзін қоршаған ортамен қарым-қатынастары проблемасымен шұғылдануға жетелеп әкелуі тиіс еді, себебі адамзаттың ортамен қарым-қатынасы қаншалық алшақтап кетсе де, ол Биосферада белгілі бір орын аталатын күрделі жүйенің бір бөлігі болып қала береді.

Егер өз кезегінде экология - тірі органзимдерінің қоршаған ортамен байланыстарын зерттейтін ғылым, оны бүткіл мамандықтардың 2-ші курс студенттеріне өту Мемлекеттік стандарт негізінде енгізілген. Экология шеңберіндегі қоршаған орта туралы ілім курсы жер бетінде тіршіліктің пайда болу сәтінен бастап, қазіргі ғылыми техникалық дамыған кезеңге дейінгі аралықты қамтитын пән. Яғни бізді қоршаған ортаның қомақты мәселелерін қарастырады. Сондай-ақ әр бір организмнің ортасы - оны қоршаған көптеген органикалық және бейорганикалық элементтері мен шаруашылық нәтижиесінде түзілген. Ғылымның әр түрлі салалары мамандарының экология пәнін оқуы оларға қоршаған ортаны қорғау және табиғат рессурстарын тиімді пайдалану жолдарын үйретеді.

Биосфера мен Адамзат өркениетінің келешегіне байланысты алаңдаушылық білдіріп, тығырықтан шығудың жолдарын қарастыратын мамандар даярлау бүгінгі күн талабы. XX мен XXI ғасырдың түйісінде әлемдік және аймақтық әлеуметтік-экологиялық проблемалардың лайықты шешілуі «орнықты даму» түсінігімен байланыстырып отыр. Біздің ойымызша әрбір маманды экологиялық сауатты азамат ретінде тәрбиелеу “орнықты даму” ұғымының шешуі. Ал, “Экология” пәні жеке мектеп бағдарламасына енгізілмеген. Экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесін басқа пәндерде тақырыпқа сәйкес пәнаралық байланыс негізінде немесе жеке үйірме, факультативті сабақ түрінде жүргізіледі. Ұсынылып отырған модуль шеңберінде педагогтар экологиялық білім мен тәрбие беру мақсатында жұмыс жүргізе алады. Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау тәсілдері тек экологиялық жаппай және үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана іске асырылады. Осы орайда елімізде жасөспірімдерге үздіксіз экологиялық білім беруді ұйымдастыру барысында ұстаздың тапқырлығы мен жаңа әдіс-тәсілдерді оқу үрдісінде пайдалана алу ептілігі-бүгін күн тәртібіне қойылуы - орынды жағдай. Сондықтан да мектеп қабырғасында жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру барысында модульдік технологияны пайдаландық.

Модуль дегеніміз -міндетті түрде оқушының білімі мен біліктіліктерін тексеру элементі бар оқу материалының логикалық аяқталған бөлімі. Модульді құрастыру кезінде пәннің жұмыс бағдарламасы негізге алынады /3/ Пәннің тақырыптарына сәйкес немесе өзара байланысты тақырыптар болады. Көбіне біздің тәжірибелерімізде тақырыптарға сәйкес мәселелер сыныптан тыс қарастырылып отырады. Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрамды бөліктен тұрады: кіріспе, сөйлеу және қорытынды. Біз ұсынатын модуль «Сабақтың түрлері, құрылысы» тарауына арналған.

Сабақты өткізу барысында оқушыларға өсімдіктің тірегі сабақ екенін, яғни ол жер асты және жер үсті мөшелерін қосатын дәнекер екенін дәлелдеу, өсімдіктің жер асты жер үсті мөшелерімен таныстыра отырып, өсімдікке қажетті орта жағдайлары мен сабақтың түрлері туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: Оқушылардың сабақ туралы білімін тереңдету.

Тәрбиелілігі: өсімдіктер үшін сабақтың маңызын түсіндіре отырып, өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу мақсатында қолданылған бұл сабақтардың бірі. № 2- сабақ: өсімдік тірегі сабақтың түрлері, өсімдікке қажетті орта жағдайлары тақырыбында – «Сұрақ-жауап» оқыта, көрсете үйрету ойыны арқылы жүзеге асады.

Сабақтың мақсаты: өсімдіктің тіршілігі үшін сабақтың маңызын айқындау. өсімдіктің жер асты және жер үсті сабақтары мен (түрі өзгерген сабақтармен) олардың атқаратын қызметімен таныстыру. өсімдік көп түрлілігімен таныстыру. Оқушылардың өсімдіктер туралы білімін дамыта отырып, оларды қорғауға тәрбиелеу.

Қажетті құрал жабдықтар мен көрнекіліктер. Оқушылардың өзіндік эмблемалары, және сабақ түрлерінен гербарийлер жинақтау үшін сеткалар мен картондар.

Оқушылармен топ құра жинақталып, саяхат барысында жеке қауіпсіздігіне аса назар аудару қажеттігін түсіндіру. Сабақ өсімдік тірегі атты сыныпта өткен тақырыбын әңгімлей отырып, тірек сызбаларды еске түсіру. Сынып екі топқа біріктіріледі. Ойын шартымен тапсырма түрлерімен таныстыру. Топтар тапсырмаларды таңдап алады да оларға белсенді түрде кіріседі. Топ тапсырмалары бойынша жұмыс үстінде саяхат барысында қойылған сұрақтарға, сабақ түрлерін мысалға келтіре отырып жауап беріп отырады. Бұдан соң мұғалім тақырып мазмұнына сәйкес өсімдіктің өсу бағытымен – қарапайым күрделі сабақтармен таныстырып, көрсетіп шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зертеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше рет қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын ынтасын, ойлауын ауызша жєне жазбаша тілін дамытуға сүйене отырып түсіндіреді.

Әр топ өз тапсырмаларын мұқиат орындап, гербарилер жинақтайды. Табиғат жағдайына, биологиялық ырғақтылыққа аса назар аударылады. Табиғат аясында өсімдіктердің маңызы туралы сұрақ-жауаптар қойылып пікір-талас өткізіледі. Әрбір топ өз тапсырмалары негізінде күнделіктеріне белгілер қояды. Бұл сабақ модульдің сөйлесу бөліміне кіргендіктен сабақтың ұйымдастырылу формасы сыныптан тыс әр оқушы белсенді әңгімелесу үстінде болады. Әрбір топ мөшелері өзінің қалай және немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен немесе оның құрлысымен және жүру барысымен алдын ала таныстырады. Оқу модулінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, бір-біріне табиғат құбылыстары сабақ түрлерін көрсетуі мен түрлі ғылыми көздерді пайдалануы жұпталып келсе, енді қорытынды бөлімінде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдысын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде Венн диаграмасын, сөзжұмбақ, бейнесөз, сөзтізбек, шытырман, сурет-тапсырма, сұраќ-жауап, тест-тапсырма, сынақ тақырыптың ерекшелігіне орай шығарма немесе диктант пайдалана отырып, модульді қорытындылау 5-сабақта Тапқырлар әлемі бөлімінде беріледі.

Қорыта келгенде, Экологиялық білім мен тәрбие беру үрдісінде жаңа технологияларды пайдалану оқушыда өз бетімен еңбектену, оқу-танымдық процесті басқара алу икемділігінің дамуын қамтамасыз етеді. Егер жоғарыдағы айтылғандай әрбір сабақ сыныпта және сыныптан тыс жүйелі болса, оқыту технологиясының құрылымының мынадай нұсқасын көреміз:


  1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру;

  2. Балалардың тапсырманы немесе модульді таңдауына белсенді қатысуы;

  3. Мұғалімнің оқу материалын қысқаша баяндай келе, миға шабуыл технологиясын пайдалана отырып, тақтаға белгілер жүйелері – сызбалар, тақырып бойынша сөздер т.б.түсіру;

  4. Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және әрбір оқушының іс-әрекетін әр сабақта бағалап отыру;

  5. Жалпы тақырыпқа, тарауға қайта оралу негізінде оқу материалын бекітуде оқушылардың белсенділігі;

  6. Сыныптан тыс белсенділік жүйесінде оқушыларды табиғатты қорғауға шақыру;

  7. Сыныптан тыс белсенді тапқырлар жүйесінде оқушыларды ғылымға баулу;

  8. Сабақты әр түрлі ойын түрінде өту - оқушылардың белсенділігінің артуына бірден бір себеп;

  9. Оқушылардың танымдық, тапқырлық іс-әрекетін пайдалана отырып қорытындылау;

  10. Екі топ өз тапсырмаларын Венн диаграмасын пайдалана отырып қорытындылау.

Сонымен грек тілінен өнер туралы ғылым мағынасын беретін технология ұғымы педагогикалық процесінде катализатор қызметін атқарады деуге болады. Әрине, оның нәтижелі болуы педагогтың шеберлігіне, оқушылар континентіне, тіпті оқушылардың таным ерекшеліктері мен көңіл-күйіне байланысты екені сөзсіз.
ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада экологиялық білім мен тәрбие беруде жаңа технологиялық тәсілдерді қолдану әдістері қарастырылған.


РЕЗЮМЕ

В статье рассматривается применение новых технологий в экологическом образовании и воспитании.



ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ

БАРЫСЫНДАҒЫ ОҚЫТУШЫНЫҢ РӨЛІ МЕН БІЛІКТІЛІГІ
Мұхамбетова Ш.Қ., ф.-м.ғ.к., доцент (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Жас буынға білім мен тәрбие беру ісінде еліміздің көшбасшы оқу орындарының қатарына лайықты орын иеленіп үлгерген Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті мамандар даярлау бағытында да ұлағатты жұмыстардың ұйытқысы болып отыр. Қандай да бір жоғары оқу орнында (ЖОО) білімді де білікті мамандар даярлаудың сапалы нәтиже иеленуі білім, ғылым, тәрбие жұмыстарының өзара оңтайлы ұштаса жүргізілуіне байланысты екендігі белгілі. Нәтижелі жұмыс кепілі – білімі мен іскерлігі, жаңашыл ізденісі мен тәжірибесі үйлесім тапқан білікті кадрлар.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің былтырғы Жолдауында: «Қазақстан жоғары оқу орындарының міндеті – әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру», – деп қазіргі таңдағы жоғары мектептердің алдында тұрған ауқымды да жауапты міндеттерді атап көрсеткен болатын. Бұл міндеттердің ауқымдылығы– бірер жылдың аясында бірер оқу орнының көлемінде шешуге болатын межені місе тұтпай, білім саласында жеделдете қолға алынуға тиісті шараларды тұтастай елдік мұратқа ұластыруды көздеген кең құлашты мақсаткерлігінде жатса, жауаптылығы – алға тартылған міндеттердің үрдесінен табылу ұстаздар қауымының ғана емес, барша жұрттың абыройын асқақтатар игілікті іс болуында.

Қазіргі жағдайда, дәріс өткізу барысында көрнекті және техникалық оқу құралдарын, жаңа ақпараттық білім беру технологиясын (Интернет, мультимедиялар, электрондық сөздіктер, электрондық оқулықтар және т.б.) қолдану, дәрістің сапалылығы мен студенттердің оған деген қызығушылығын арттыратындығы таң қалдырмайды. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі күні ЖОО-ынданың оқытушылары үшін ерекше өзекті мәселе болып саналады, өйткені білімгерге қабілетін жетілдіруге көмектесіп, өздігінен жұмыс істеуге қызығушылығын тудырып, соны әдетке айналдыруға бағыт беру тікелей оқытушының міндетіне жатады.

ЖОО-ында ақпараттық технологияны қолдану еш қиындыққа түспейді, өйткені білімгерлер бірінші курста-ақ информатика пәнін оқып үйрену барысында компьютерді игеріп алады, нәтижесінде олардың логикалық ойлау қабілеттерді де жақсы жетіледі.

Компьютер – бұл интерактивтік құрылғы. Қазіргі заманға сай, интерактивтік білім беру мақсатында, аталмыш университетінің оқу ісінде, компьютер – жетікті қолданыс тапты. Оның дәлелі, аталған оқу орнында, білімгер, «Интернет» торабында өз бетімен жұмыс істеп, лазерлік дискіден дәріс курсын тыңдауы үшін, ал оқытушымен тек кеңес алу үшін ғана кездесуіне толық мүмкіндік жасалған.

Аталған оқу орнында, оқытушы студенттерге ақпарат беру мақсатында, жаңа ақпараттық технологиясының көрнекілігі жағынан өте күшті құралының бірі – лазерлік дискіні (CD-ROM) қолданады. Онда графика мен мәтіннен басқа да, дыбысты қозғалыстағы видеокөріністерді сидыруға болады. Негізінде, бағдарламасы дұрыс құрастырылған компьютер, біріншіден, оқытушы үшін үлкен көмек, екіншіден, студенттер үшін оңтайлы, өйткені компьютер олардың кейбір жариялықты талап етпейтін жағдайларын құпия сақтайды, мысалы, бағдарламадағы дайындық сұрақтарына жауап беру барысында қандай қате жібергенін студенттің өзі ғана біледі, оқытушы біліп қояды деп қорықпайды, сөйтіп студент өз білімін өзі бағалауына мүмкіндік алады.

Ал енді дәрістің өзіне келетін болсақ, ол – ЖОО-ындағы берілетін сабақтың дәстүрлі жетекші түрі. Оқытудың басқа әдістері дәрістің тақырыптары мен мағынасына тікелей байланысты болғандықтан, ол оқудың барлық түрлерінің әдіснамалық және ұйымдастыру негізі болып табылады, сонымен қатар дәріс – студентті ғылымға бейімдейтін бірден бір тәсіл, өйткені ол ғылыми, тәрбиелік, дүниетаным және ақпарат көзі функцияларын қатар орындайды.

Дәріс берушінің көңіл күйі, оқу материалын тыңдаушы топқа жеткізе білуіне, олармен ашық байланыста болуына тікелей әсерін тигізетіндігі дәлелдеуді талап етпейді. Яғни, оның рөлі мен біліктілігі жеке шығармашылығына, материалды түсінікті етіп баяндай білу қабілетіне, тыңдаушы топты тапқырлығымен немесе шеберлігімен үйіріп алу қасиеттеріне байланысты десек қателеспейміз, себебі осының бәрі студенттің пәнге деген қызуғышылығын тудырып, олардың ойлау қабілетін шыңдайтыны белгілі.

Қалай десек те, оқулықтар мен дәріс арқылы берілетін материалдың мазмұны бір болғанымен, оқытудағы дәрістің алатын орны бөлек. Анығын айтсақ, дәріс, біріншіден, пән туралы толық мағлұмат береді, оның ғылым саласындағы алатын орнын, басқа пәндермен байланысын айқындайды, ең бастысы пәнге деген қызуғышылықтың тууына себепкер болады. Екіншіден, білімгер, ғылым мен техниканың заманға сай болып жатқан өзгерістерін, өндіріс орындарындағы болып жатқан жаңалықтарды, әр тақырыпқа сәйкес жаңа мәліметтерді дәріс берушіден естиді.

Яғни, ЖОО-ындағы дәріс дегеніміз, білімгерге оқулықтың мағынасын әшейін ғана айтып беру емес, ол белгілі бір білім саласындағы оқытушының ғылыми педагогикалық жеке шығармашылығы. Пәннің әр тақырыбына тиянақты көңіл бөле дайындалу, көңілге қонарлық мысалдар келтіре отырып студенттерді еліте білу, олардың ой – өрісін кеңейту, өз беттерімен ойлау қабілеттерін оятып, бағыт бере білу – бүгінгі күні оқытушыларға қойылатын талаптардың ерекше түрі. Сол себепті, оқытушының оқу пәнін жан–жақты білуге міндетті болғанымен қатар, педагогикалық және психологиялық мәселелер жағынан да түсінігі терең болуы тиіс.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті жоғары оқу орнында, дәріс беру сабақтары техникалық оқыту құралдарымен жабдықталған арнайы аудиторияларда өткізіледі. Бұндай аудиторияларда дәріс, мұғалімнің «тақтаның алдында түсіндіру» сияқты міндетінен құтқарып, уақытын үнемдейді. Сонымен қатар, дәрісті бұндай автоматтандырылған аудиторияларда көрнекі құралдарды кеңінен қолдану арқылы өткізудің, дәстүрлі сабақ беру әдістемесінен үлкен айырмашылығы бар. Менің ойымша, ақпараттық қамтамасыздандыру жүйесі мен техникалық оқыту құралдарын біріктіру арқылы жоғары педагогикалық сапаға жетуге болады. Бұл жағдайда, оқытушының рөлі мен біліктілігі оқу мен ғылымды біріктіре білуде, яғни, дәрістің мәні мен мақсатын, оның ғылыми мазмұнын, білімді, белсенді түрде меңгерудің дидактикалық тәсілін айқындай білуде. Осы мәселені шешу мақсатында, аталмыш оқу орнының оқытушылары, оқыту процесіне мұқият жете зерттеліп дайындалған қазіргі заманға лайық, бұрынғы оқулықтардан ерекшеленетін, ғылыми дәйектелген оқулықтар мен әдістемелік құралдар енгізу үшін атсалысуда.

Тұжырымдай келе айтарым, оқытудың түрлері мен әдістерін дәріс беру мәселесінен бастау керек. Дәріс беру сабағы студенттердің логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге, есту, көру және есте сақтау қабілеттерін ынталандыруға бағытталуы тиіс. Сол үшін, алдын ала дайындалған, студенттерге таратып берілетін материалдарды (Handouts), графикалық және әдістемелік оқулықтарды (плакаттар, сұлбалар, кестелер), техникалық құралдарды (компьютерлік, аудио- және бейнелі ақпарат) кеңінен қолдану керек. Айтып өткендей, қазіргі кезде, оқытушының рөлі мен біліктілігі дәріс өткізу барысында жаңа ақпараттық технологияны қолдана білуіне көп байланысты, сондықтан менің ойымша, дәріс беру жөнінен шетелдік әріптестердің тәжірибесіне жүгіне отырып, дәстүрлі білім беру үрдісіне жаңа бағыттағы өзгерістер енгізу арқылы оқыту үлкен жетістіктерге жеткізер еді. Мысалы, берілетін әр дәрістің тақырыбына сәйкес, алдын ала арнайы дайындалған, қаралатын мәселелердің негізгі міндеттері белгіленген, ақпаратты сипаттағы активті материалдарды студенттерге тарату, бірлескен шығармашылық, бірлескен шешім, яғни қалыптасқан тура және кері байланыс жүйесін ауызша ғана емес, Интернет жүйесі арқылы тудыру, өте күрделі тапсырмаларды өз бетімен орындағаны үшін жүйелі түрде мадақтау, өздік жұмыстарын ұйымдастыруда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану, оны жете меңгеру мақсатында белгілі бір талап қою.

Сонымен, «Ұстаздық» деп аталатын ұлы жолды таңдап, өмірін сол мақсатқа қызмет етуге арнаған талапты жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісінде мақсаттарын айқын белгілеп, міндеттерін нақтылай айқындап үлгерген Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті бүгінге дейінгі аралықта қаншалықты табысты нәтижелерге қол жеткізсе, алдағы күндерде де межелі биіктерден табылары анық.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2008 жыл, ақпан.

  2. Правила кредитной системы обучения. (Проект).- Астана, 2003.

  3. Сборник инструктивно-организационной документации по внедрению КСО в КазГАСА. Алматы, 2003.

ТҮЙІНДЕМЕ


Мақалада білім беру жүйесіндегі графикалық және әдістемелік техникалық құралдарды кеңінен қолданудың жолдары қарастырылады.
РЕЗЮМЕ
В настоящей статье рассмотрены пути использования графических и методико-технических инструментов в системе образования.

ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Нусипалиева Б.- 4 курс студенті (Алматы;.ҚазмемқызПУ)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет