12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері



бет16/16
Дата16.06.2016
өлшемі1.38 Mb.
#139830
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Егер бірінші – екінші сынып оқушылары негізінен сыртқыбелгілер, объект қимылын (ол не істеп отыр) немесе оның бағытын (ол кім үшін), ал 3-4 – ші сынып оқушылары ұсынылған оқу процесіне қарай құштарлық танытады.

Оқушылардың негізгі қиыншылықтары, олардың себептерін - ізденуі үстінде түсінуі. Бұл түсінік: себептен ізденіске тікелей байланысын орналастыруын, әртүрлі себептердің нәтижесінің фактілерін қайта қарауды қарастыру.

Теориялық ойлаудың дамуы, яғни түсінікті ойлауда, бастауыш мектеп жасындағылар түбінде рефлексияның (табиғи зерттеудің өзіндік түсінігі) туындауы, сондай-ақ танымдық әрекеті мен басқа адамдарға деген қатынасына және өзіне өзінің әсері тиеді.

Бұл кезеңде ес процесінің оқуға әсерінің дамуы екіге бағытталады, бала өзіндік танымдық процестерін, соның ішінде есінің бағыттау мүмкіндігі мен айқындауға (есте сақтауы, еске түсіруі, қайта жаңғыртуы) жүйелеу, сөздік-логикалық ойлау арқылы есте сақтауын (көру, бейнелеуге қарағанда) қадағалау салмағы мен рөлі жоғарылайды.

Бастауыш сынып оқушыларының көру-бейнелеу есі өте жоғары деңгейде дамыған деп айтуға болады. Олар түсіндіргеннен және анықтауға қарағанда нақты елестерді (түрі, зат, факт) есте жақсы сақтайды. Бұл бастауыш оқушыларының тапсырманы есте сақтауға дифференциалана алмайтындығын көрсетеді, сондықтан барлығын жаттап алуға үйрету керек. Осы жастағы балаларға байланыстырып сөйлеу қиынырақ, сондықтан оларға жаттаған жеңілірек. Бала дұрыс есте сақтауды ұйымдастыра алмайды, яғни өз бетінше берілген тапсырманы жұйелеп топтауға, жоспарлауда логикалау қиынырақ соғады.

Мектептік өмірдің алғашқы кезеңі 6-10 немесе 7 -11 жас аралығын қамтиды. Бала өміріндегі бұл жастың хронологиялық әлеуметтік-психологиялық шекарасы өзгермейді деп есептеуге болмайды. Олар баланың мектепте оқуға дайындығына, сонымен қатар, қай жастан бастап оқытуға және соған сәйкес оқытудың қалай жүргізілуіне байланысты болады. Бұл жастың шеңбері оқытуда пайдаланылатын әдіс-тәсілдерге қатысты тарылуы немесе кеңеюі мүмкін. Оқытудың неғұрлым жетілдірілген әдістері дамуды жылдамдатады.

Кіші мектеп кезеңіне ену баланың психикалық дамуында сапалы жаңа қасиеттер мен ерекшеліктер қалыптасатын жас дағдарысымен байланысты. Осымен байланысты, бүгінгі бірінші сынып оқушыларына психологиялық қолдау көрсету ерекше маңызды. Баланың оқушы мәртебесіне ие болуы оның бүкіл психологиялық келбетіне, оның барлық мінез-құлқына өзгеріс әкеледі. Оның жаңа әлеуметтік ортаға ауысуы оның психикалық процестері мен тұлғааралық сфераларының, демек тұтастай тұлғасының қалыптасуына мәнді әсер етеді. Бала мектепке белгілі бір білім шеңберін жәй меңгеріп қана қоймайды, ол оқуға үйренеді. Ал оқу дағдыларына ие болу баланың оқу хабардалығының дамуына, оның алдағы оқуының табыстылығына ықпал етеді.

Оқу іс-әрекетінің ықпалымен баланың бүкіл таным процестері қайта құрылып, ересек адамдарға тән қасиеттерді жинақтай бастайды. Оның ойлауы, зейіні мен есі өзгереді. Баланың бүкіл таным процестері ырықты, өнімді және тұрақты сипат алады.

Бала үшін қоғамдағы жаңа жағдай – қоғамдық маңызды және қоғам бағалайтын іс-әрекетпен, демек, оқумен айналысу – оның өзге балалармен, ересектермен қатынасында, өзін және өзгелерді бағалауында өзгерістер тудырады. Баланың өзіндік дүниетанымы қалыптасып, моралдық, идеялық және саяси көзқарастары қалана бастайды. Оның сезімдерінің, эстетикалық қобалжуларының әлемі байып, еңбек, көркемөнер, спорттық қызығушылықтары кеңейе түседі. Бұл «бағдарламаға» бала алғашқы мектептік жылдарда кездеседі. Балалық шақтың қуаты шын мәнінде таусылмастай болғандықтан, оны шеберлікпен бағыттап отыру қажет.

Баланың мектепке келуімен өмірінің байып, күрделенуімен байланысты тәрбиенің маңызы арта түседі. Балаға бұрынғыдай ересектердің (мұғалімдердің, ата-аналардың т.б.) махаббаты, парасатты талаптары қажет. Ол айналасындағылардан өзінің жаңа міндеттеріне құрметпен қарауды күтеді және олардың өзіне деген қарым-қатынасына сезімталдықпен қарайды.

Кіші мектеп жасындағы балаларда дамудың едәуір қоры бар. Оларды айқындап тиімді қолдану – жас және педагогикалық психологияның негізгі міндеттерінің бірі. Алайда ол қорларды пайдаланудың алдында, балалрды оқуға дайындықтың қажетті деңгейіне жеткізу керек.

«Мектеке психологиялық дайындық» деп балалрдың құрдастары ұжымында мектептік оқу бағдарламаларын меңгеру үшін психикалық дамудың қажетті және жеткілікті деңгейі түсініледі.

Дамудың қажетті және жеткілікті деңгейі оқыту бағдарламасы баланың «таяудағы даму аймағына» жететіндей болуы керек. Ал «дамудың таяудағы аймағы» баланың ересектермен біріге отырып қол жеткізетін жетістігімен айқындалады. Егер оқу бағдарламасын меңгеру үшін қолданылатын талаптан төмен болса, онда бала мектепте оқуға психикалық дайын емес деп есептеледі. Оның дамуының таяудағы аймағы талапқа сай келмеуінен бағдарламалық материалды меңгере алмай, бірден арттағы оқушылар қатарына ілінеді.

Кеңес және ресей психологиясында мектепке психологиялық дайындық мәселесін теориялық жетілдіру Л.С. Выготскийдің еңбектеріне негізделеді (Божович Л.И., 1968, Эльконин Д.Б.,1989, Салмина Н.Г.,1988, Кравцова Е.Е., 1991 т.б.).

Баланың мектепке дайындық мәселесін талдай отырып, Д.Б. Эльконин оқу әрекетінің қажетті алғышарттарын бөліп көрсетеді. Ол және оның ізбасарлары төмендегі өлшемдерді атайды:


  • баланың өз әрекеттерін белгілі бір ережеге саналы бағындыра алуы;

  • берілген талаптар жүйесіне бағыттала алуы;

  • сөйлеп жатқан адамды зейінімен тыңдай алуы;

  • талап етілген тапсырманы үлгіні көзбен қабылдау бойынша дербес орындай алуы.

Мектепке келумен оның алғашқы кезеңі баланың бүкіл өмір тіршілігі мен іс -әрекетінде қайта құруды туғызады. Бұл кезең мектепке келетін 6-7 жасар бала үшін бірдей қиын. физиологтардың, психологтардың, педагогтардың бақылаулары бірінші сынып оқушыларының арасында дара психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарамай, жаңа жағдайға қиын бейімделетін, жұмыс режимін және оқу бағдарламасын әрең меңгеретін немесе мүлдем меңгермейтін балалардың кездесетінін көрсетеді. Оқытудың дәстүрлі жүйесінде осы балалардан үлгермеуші және екінші жылға қалатын балалар шығады.

Мектепке психологиялық дайындықты анықтаудың негізгі мақсаты – мектепке бейімделе алмаудың алдын алу болып табылады.

Тәжірибелі мұғалімдер алғашқы күннен бастап балаларға қандай талаптар қойылатынын өте жақсы біледі. Сондықтан мектептегі дезадаптацияны болдырмаудың алдын алу үшін мұғалімге көмек ретінде бірінші сыныптарында бейімделу сабақтарын жүргізу қажет, яғни бұл сабақтардығ мақсаты: балалардың бір-бірімен жақынырақ танысуына мүмкіндік жасау, сыныпта жағымды психологиялық ахуал тудыру, өзін-өзі дұрыс бағалауға үйрету.

В.В.Давыдов: «Кіші мектеп жасы – бұл тарихи тұрғыдан салыстырғанда жақында бөлініп шыққан бала өмірінің ерекше кезеңі», - деп жазды. Ол: «Ешқашан мектепке бармаған балаларда бұл жас болмаған, бастауыш мектеп білім алудың алғашқы және соңғы сатысы болып қалған балаларда да болмаған», - дейді. Бұл жастың пайда болуы жалпыға ортақ және міндетті толық емес және толық орта білім жүйесңн ендірумен байланысты. Орта білім берудің мазмұны мен міндеттері әлі түпкілікті анықталмаған. Сондықтан 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделу шарттарын, яғни осы жас кезеңінің физиологиялық, психологиялық дамуының ерекшеліктерін жақсы білу керек.

Мектеп жасында оқу мотивациясын қалыптастыру қазіргі мектептегі басты мәселелердің бірі, қоғамдық маңызды іс деуге болады. Оның өзектілігі оқыту мазмұнын жаңарту, оқушыларда білімдер мен танымдық қызығушылықтарды өз бетінше игеру амалдарын қалыптастыру міндетін қою, адамгершілік тәрбиесі бірлігін іске асыру, олардың өмірлік позицияларын қалыптастыру, жалпыға ортақ міндетті орта білімді енгізуден туындайды.

Сөйтіп, адамның іс – әрекеттерін белгілі бір білімді, дағдыларды, іскерліктерді, мінез – құлық пен іс – әрекеттің формаларын меңгерсем деген саналы мақсат басқаратын жерде оқу болады. Оқу адамға ғана тән іс – әрекет, осының өзінде ол адам өз іс – әрекеттерін саналы мақсатпен реттей алатын болған кездегі адам психикасының даму сатысында ғана мүмкін. Мұндай қабілет баланың мінез – құлқы мен іс – әрекетінің бұған дейінгі түрлерінің — ойынның, сөйлеу, қарым – қатынасының, практикалық іс – әрекеттерінің негізінде қалыптасып, шамамен төрт – бес жаста ғана дамиды.

Төменгі мектептің міндеті — "оқуға деген бейімділігін" қалыптастыру. Тек оқу қызметінің барлық құрама бөлшектерінің бірегейлігі және оны өз бетінше орындау ғана оқудың өзінің жетекші іс – әрекет ретіндегі қызметін орындауының кепілі бола алады.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Мырзатаева Б.П.Кіші мектеп оқушыларының психологиясы.Алматы. 2008 -111 б.

  2. Айқынбаева Г. 12 жылдық мектепте алты жастан бастап қабылдаудың ерекшеліктері. Мектептегі психология, 2007.№ 4, 7-9 б.

  3. Айқынбаева Г. 12 жылдық білім берудегі бастауыш сынып оқушыларының психологиялық – даярлық ерекшеліктері. Педагогика. 2006 . № 3,2-7 б.

  4. Бидайбекова А. 12 жылдық білім беру жүйесіне өтуге байланысты бастауыш сыныптарда білім беру ерекшеліктері, мұғалімдерді қайта даярлау қызметі Бастауыш мектеп. 2008. № 5. – 93-97 б.

РЕЗЮМЕ
В статье рассмотрены условия формирования готовности учащихся начальных классов при переходе на 12-летнее образование. Раскрыты особенности мотивации обучения и воспитания в современной системе профессионального образования.


ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада бастауыш сыныптарды 12-жылдық білім беруге көшірудің даярлық жағдайы сөз етіледі. Қазіргі жаңа білім жүйесінде оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері мен себептері айқындалған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет