130 бұйрық 7-қосымшасына сай Қмж келесі бетте


-бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: «Саяхат»)



бет7/56
Дата17.04.2024
өлшемі1.31 Mb.
#498972
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   56
1 сынып кмж

1-бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: «Саяхат»)

Педагогтің аты-жөні:

Ж.Дәрібаева

Күні:

20.09.22ж

Сыныбы: 1

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.3.1.1 желідегі ақпараттың барлығы сенімді, пайдалы емес екенін түсіну.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:
Интернет және желідегі ақпаратпен танысады.
Көпшілік оқушылар үшін:
Интернет және желідегі ақпаратпен танысып, пайдалы емес екенін түсінеді.
Кейбір оқушылар үшін:
***.Интернет және желідегі пайдалы және пайдасыз ақпаратпен танысады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.
2. Оқушылар-ды түгендеу.

Ширату тапсырмасы. «Бұлт үстіндегі саяхат» ойыны
Нұсқау: көздеріңді жауып, ыңғайлы отырыңдар. Екі-үш рет терең дем алыңдар. Мен сендерді бұлт үстімен саяхатқа шақырмақшымын. Томпақ жастықтардан құралған жұмсақ тауға ұқсаған аппақ мамық бұлт үстіне секіріңдер. Аяқтарың, арқаларың, барлық денең осы үлкен бұлт жастыққа ыңғайлы орналасқанын сезініңдер. Саяхат басталады. Бұлт жайлап, көк аспанға көтеріледі. Самал жел беттеріңнен сипайды. Мұнда. Биік аспанда мүлгіген тыныштық орнаған. Бұлт сендерді өздеріңді бақытты сезінетін жерге жеткізеді. Бұл жерде сендер өздеріңді байсалды сезінесіңдер. Осы жерде ғажайып және таңғаларлық оқиға орын алуы мүмкін....(30 секунд). Енді сендер тағы да бұлт үстіндесіңдер. Ол сендерді қайтадан сынып ішіне әкеле жатыр. Бұлттан түсіп, оған рақмет айтыңдар...Бұлт ақырындап ауада ери бастайды. Қолдарыңды созып, көздеріңді ашыңдар, сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл-күй сыйлайды/.

Топтастыру

«Мозаика» әдісі. Оқушылар мұғалім үстелінен сурет бөлігі бейнеленген бір дана қағаз қиындысын таңдап алады. Алынған қағаз қиындысында бейнеленген суретті жинақталып құрастыру арқылы екі топқа бірігеді.

1-топ: «Интернет»
2-топ: «Браузер»
Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, сурет туралы өз ойларын айтады.
5.Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.









(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді.

  • «Инернет, ютуб, желі» сөздері саған таныс па?

  • 1,2 -суреттерде не бейнелеген? Ойыңмен бөліс.

  • Интернет, Ютубты не үшін қолданасың?

Сен қажетті ақпаратты қайдан іздейсің? Оқулықта берілген 3-суретке қарап әңгімеле.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет