15 дәріс Тақырыбы: «Жобалар орындауда ақпараттық технологияларды пайдалану» Мақсаты



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата11.03.2024
өлшемі236.2 Kb.
#494908
1   2   3
15 лекция pdf

 География 
ғылымдары тұрғысынан алғанда, географиялық 
ақпараттық жүйелер табиғи және әлеуметтік-экономикалық жүйелерді 
танып-білу, зерттеу және үлгілеудің құралы болып табылады. Қазіргі кезде 
географиялық 
зерттеулердің 
барлық 
кезеңдерінде 
де 
ақпараттық 
технологиялар кеңінен қолданылады. Әсіресе ақпаратты жинақтау мен 
жүйелеу, сақтау, өңдеуді ақпараттандыру технологияларынан бөліп алу 
тіптен мүмкін емес. Зерттеудің үшінші кезеңінде ақпараттық технологиялар 
көмегімен үлгілеу жүргізіледі. Үлгілеулер қатарында қазіргі заманғы ГАЖ-
технологиялар арқылы құрастырылған сандық негіздегі карталар
сызбанұсқалар мен компьютерлік имитациялық үлгілер бар.
Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) – географиялық ақпарат әртүрлі 
мазмұндағы карталар түрінде сақталатын, бұл карталарға түсірілген 
объектілер бойынша сандық және мәтіндік ақпарат берілетін деректердің 
компьютерлік 
базасы. 
Кеңістік 
ауқымы 
бойынша 
ғаламдық, 
жалпымемлекеттік, аймақтық, аудандық және қалалық ГАЖ ажыратылады. 
Сонымен, ГАЖ ең жаңа техникалық деңгейде деректерді жинап, жүйелеп, 
сақтап, өңдеп, бағалау, бейнелеу мен таратуды жүзеге асырып, осының 
негізінде жаңа географиялық ақпаратты алуға мүмкіндік беретін айрықша 
жүйелер болып табылады. Ең соңында, зерттеу нәтижелерін таратуда да 
ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылады. Сонымен, ГАЖ Жер 
туралы ғылымдар мен оған жапсарлас әлеуметтік-экономикалық ғылым 
салалары зерттейтін объектілер мен құбылыстарды зерттеу үшін 
қолданылады.


Технологиялық тұрғыдан алғанда, ГАЖ кеңістіктік географиялық 
(геологиялық, экологиялық және т.б.) ақпаратты жинақтау, сақтау, 
түрлендіру, бейнелеу және тарату құралы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет