15 дәріс Тақырыбы: «Жобалар орындауда ақпараттық технологияларды пайдалану» Мақсаты



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата11.03.2024
өлшемі236.2 Kb.
#494908
1   2   3
15 лекция pdf

Өндірістік тұрғыдан алғанда, ГАЖ құрылғылар мен басқару, 
шешімдер қабылдау үшін қажет бағдарламалық өнімдердің кешені болып 
есептеледі, бұл кешендегі ең басты құрамбөлік қызметін автоматты 
картографиялық жүйелер атқарады.
Геоақпараттану мен картографияның өзара әрекеттесуі нәтижесінде 
пайда болып, дамып жатқан геоақпараттық картография саласы ГАЖ 
негізінде табиғи және әлеуметтік-экономикалық геожүйелерді автоматты 
түрде ақпараттық-картографиялық үлгілеумен айналысады Қазіргі кезде 
географиялық 
зерттеулер 
мен 
қолданбалы 
карталарды 
жасауда 
геоақпараттық картография дәстүрлі карта жасау және карталарды басып 
шығару әдістерін алмастырып болды.
Геоақпараттық картографияның басты мақсаты және қолданбалы сипаты 
ең алдымен қазіргі заманғы сандық карталардың деректік базасының мол 
болуымен анықталады. Мысалы, қазіргі кезде құрастырылатын карталардың 
80%-ы аумақтарды бағалау және болжам жасау бағытында орындалған.
Геоақпараттық картографияда карталарды құрастыру және пайдалану 
бағыттары өзара тығыз байланысып кеткен. Электрондық динамикалық 
картометрияның пайда болуына байланысты сандық үлгілер жасау және осы 
деректерді пайдалану компьютерлік талдауда бірігіп кеткен
Жер туралы ғылымдар қазіргі кезде толығымен дерлік геоақпараттық 
картографиялауға көшті деуге болады. Қазақстанда жасалған, 3 томнан 
тұратын, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі тұңғыш Ұлттық атластың 
карталары да осы әдіспен құрастырылған. Қазіргі кезде осы әдіспен 
Қазақстанның тақырыптық карталары, 1:100 000, 1:500 000, 1:1000 000 
масштабындағы топографиялық негіздегі карталар жасалған. Республикалық 
«Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор» құрастырылған карталар 
сатылымға шыққанда олардың көпшілігінің электрондық нұсқалары қоса 
ұсынылады. Бұл Қазақстанда осы саланың даму үстінде екендігін дәлелдейді.
Қорыта келгенде, геоақпараттық жүйе технологиялары географиялық 
ғылыми зерттеулерде кеңінен қолданыс тапқан. Бүгінгі таңда оның барлық 
салада рөлі біршама артқанын көреміз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет