№15 дәрістің тақырыбы


Шампуньдер мент тіс күту құралдары



бет3/5
Дата21.12.2022
өлшемі104.8 Kb.
#467649
1   2   3   4   5
Лекция-15 Косметика медицина

Шампуньдер мент тіс күту құралдары

Шампуньдер косметика-гигиеналық

бағыттағы жуғыш заттар.

  • Шашты жууға арналған құралдар ретінде сұйық,
  • калийлі және триэтаноламинді сабындар өткен ғасырдың басында кең тарай бастады. Кермек суда тұрақсыздығы және оның жоғары сілтілік сияқты кемшіліктерін кермек суда көбік түзгіш пен жуғыштық әсерін қамтамасыз ету үшін синтетикалық қоспалар ББЗ, кешен түзушілер қосылады.
  • Негізгі компоненті ББЗ сонымен қатар, тұтынушылық қасиеттерін қамтамасыз ететін қоюландырғыштар, консерванттар, шаштың грифін жақсартатын, қорғаныс, емдік және сергітетін компоненттер, рН реттегіштер, парфюмерлі хош иістендіргіштер, бояғыштар т.б. қосады.
  • Тіс ұнтақтарында абразивтер ретінде көбіне тұнбаға түсіру арқылы алынған бор болады СаСО3 сирегірек СаНРО4 болады. Жеңіл және борпылдақ болуы үшін тіс ұнтақтарына магний оксидін қосады. Ағарту қасиеті бар түрлеріне магний пероксидін қосады. Хош иістендіргіштер ретінде ментол, немесе жалбыз сығындысын қолданады.
  • Тіс пасталарының негізгі компоненттері абразивтер, байланыстырушылар, қоюлатқыштар, көбік түзгіштер .

Косметикалық бояулар

  • Химияның дамуына байланысты осы мақсатқа синтетикалық өнімдер жиі қолданыла бастады. Мысалы, ерін бояулары үшін пигмент ретінде таңқурай түсті никель диметилглиоксиматын қолданады.
  • Химик-аналитиктер органикалық реагент диметимглиоксимді никель (II) иондарын сапалық және сандық анықтауларға қолданса, бұл қосылыстың түзілу реакциясы біздің отандасымыз Л.А.Чугаевтың атына ие. Өнеркәсіпте жылтырлы ерін бояулары мен кремдері, сонымен қатар перламутр жылтыры бар шампуньдер де шығарылады.
  • Перламутр эффектісі косметикалық құралдарда висмутил BiOCl және BiO(NO3) тұздарының немесе титандалған слюда – шамамен 40% TiO2 тұратын перламутр ұнтағының көмегімен жасалады.
  • Інжулі немесе испандық ақ бояу ертеден белгілі. Олардың негізгі компоненті висмут нитратының Bi(NO3)3 суда еруі нәтижесінде түзілген BiO(NO3)2 болып табылады. Косметикада бұл ақ бояуларды ақ грим жасау үшін қолданады. Арнайы косметикалық құралдар (грим) жасау үшін негіздік карбонатты (ZnOH)2CO3 қыздыру арқылы алынған мырыш оксиді ZnO қолданылады. Медицинада ол сеппе ұнтақтар (тұтқыр, кептіру, залалсыздандыру құралы ретінде) және мазьдар дайындауда пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет