- Химияның медицинамен де байланысы өте тығыз. Әртүрлі дәрілік құралдардың орасан көп мөлшері (12 мыңнан астам) көптеген химиялық қосылыстар болып табылады. Химиктер дәрігерлермен, микробиологтармен және фармацевтермен бірлесе отырып, медицинада қолданылатын көптеген табиғи қосылыстардың құрылысын ғана анықтап қоймай, сонымен бірге кейбірінің алыну жолдарын да көрсете білді. Сонымен қатар, химиктер табиғи қосылыстардан өзгеше, алайда қасиеттері жағынан олардан тиімдірек қосылыстар алуды бастады. Табиғатқа таныс емес, көптеген ауруларға ем болатын жаңа дәрілік препараттар алынды. Дәрі-дәрмектер әртүрлі болады. Қанша ауру болса, сонша дәрі бар. Бір ауруды көптеген дәрілермен емдейтін жағдайлар жиі кездеседі. Дәрі-дәрмек құралдарын оның негізгі емдік әсеріне қарай: микробқа қарсы, жүректің, антигистаминдік, психофармакологиялық препараттар болып жіктеледі
Бекіту сұрақтары - Сабынның химиялық құрамы қандай?
- Гигиеналық химиялық құралдар қалай жіктеледі?
- Косметикада қолданылатын қандай химиялық заттарды білесіз?
- Медицинада қандай химиялық заттар қолданылады?
-
Әдебиет - Л.М. Тугелбаева, Р.К.Ашкеева, Р.Г. Рыскалиева Қолданбалы химия. «КазНУ», 2016
- Ерманова С.А. Тамақтану, су, топырақ, ауа гигиенасы.(2-ші басылым) Оқу құралы.- Қарағанды: ЖК «Ақ-Нұр» баспасы. 2012 ж. 134 б. https://aknurpress.kz/reader/web/1055
Достарыңызбен бөлісу: |