164 орта мектебінің 2020-2021 оқу жылының «Наурыз» мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары мақсаты



Дата17.04.2024
өлшемі458.48 Kb.
#499012
22 - наурыз


Бекітемін _________
Мектеп директоры:
164 орта мектебінің 2020-2021 оқу жылының «Наурыз» мерекесіне арналған іс-шаралар
ЖОСПАРЫ


Мақсаты: Жас ұрпақтың елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге, бойларына
адамгершілік құндылықтарды, қасиеттерді сіңіре білуге тәрбиелеу.





Іс-шаралар

Мерзімі

Сыныбы

Жауапты мамандар


Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарын бекіту.

12.03
2021ж




ДТІЖО
С.Бекжанов




Мерекелік және демалыс күндері ТҚ сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушыларға түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.



12.03
2021ж

1-11
сынып

Сынып
жетекшілер




16 наурыз – Жайлау күні. Бұл күні көшет егу, қоқыс тазарту шараларын ұйымдастыру.

16.03.
2021ж

5-11
сынып

Сынып жетекшілер


17 наурыз – Игі істер күні. Қайырымдылық шаралары болады. Волонтерлер мұқтаж отбасыларға көмектесу шаралары ұйымдастыру

17.03
2021ж



7-11
сынып

Аға тәлімгер
Сынып жетекшілер


18 наурыз – Шеберлік күні. Бұл күн спорттық шараларға арналған. Асық ату, арқан тарту, қол күрес, бұқа тартыс сынды жарыстар ұйымдастыру

18.03
2021ж

1-11
сынып

Денешынықтыру пән бірлестігі




19 наурыз – Зияткерлік күні. Мақал-мәтел, жаңылтпаш айту, жыр жаттау жарыстарын ұйымдастыру.

19.03
2021ж

1-11
сынып

Гуманитарлық пән бірлестігі


Ұлттық және спорттық ойындарынан мектепішілік жарыстар ұйымдастыру.
(Арнайы жоспар бойынша)



15-19.03
2021ж



2- 11
сынып

Денешынықтыру пән бірлестігі




Ұлыстың ұлы күні - наурыз мерекесіне бірыңғай тақырыптық сынып сағаттары.

15-19.03
2021ж

1-11
сынып



Сынып жетекшілері




Өтілген іс-шаралардың ақпарат құралдарында, ФБ парақшасында жарық көруін қадағалау.



12-25.03
2021ж




ДТІЖО
С.Бекжанов



Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Көрісу, шежіре, жайлау күні. Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы таныстырылды
28.02.2020, 13:22
Қазақстанда Наурыз 9 күн тойланады

Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа үлгісі қалыптасады. Бұл туралы бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов мәлімдеді.
«Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институты мерекені атап өтудің тұжырымдамасын әзірлеген. Ол бойынша Наурызға 9 күн арналады. Оның 6 күні дайындық күндері де, 3 күн ресми мереке.
«Соңғы жылдары наурыз елімізде сахналық-фольклорлық сипат алып жүр. Ғалымдар мұны сынады. Осыған байланысты институт жаңа тұжырымдама дайындады. Тұжырымдамада Наурызды, әсіресе, отбасылық деңгейде атап өтуге мән берілген. Ұжымдық корпоративтерді де наурызда атап өту ұсынылады», - деді бұл туралы институттың «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Ж.Бұқанова.
Корпоратив бойынша вице-министр де пікір білдірді.
«Корпоративті де қарастыру керек. Біздікі тек ұсыныс. Қазір де жыл сайын ұжымдар Наурызды өз іштерінде атап өтіп жүр ғой. Соны Рождество, Жаңа жыл мейрамдарындағыдай ерекше дәстүрге айналдырса дейміз», - деді Оспанқұлов.
Осылайша биыл Наурызды барлық өңір бірдей атап өтпек. 14-22 наурыз аралығына арналған тұжырымдама кестесі төмендегідей:

14 наурыз – Көрісу күні.
15 наурыз – Шежіре күні. 
16 наурыз – Жайлау күні. Бұл күні табиғат аясында серуендеуге жағдай жасалып, көшет егу, қоқыс тазарту шаралары ұйымдастырылады.
17 наурыз – Игі істер күні. Қайырымдылық шаралары болады. Волонтерлер мұқтаж отбасыларға көмектеседі.
18 наурыз – Шеберлік күні. Бұл күн спорттық шараларға арналған. Көкпар, бәйге, асық ату сынды жарыстар өтеді.
19 наурыз – Зияткерлік күні. Мақал-мәтел, жаңылтпаш айту, жыр жаттау жарыстары болады.
20 наурыз – Жоралғы күні. Салт-дәстүрлерді жандандыру шаралары ұйымдастырылады.
21 наурыз – Ұлттық ас күні. Ұмытыла бастаған тағамдарды үйрету бойынша мастер-кластар болады.
22 наурыз – Бұқара күні. Арнайы мерекелік іс-шаралар өтеді.
Мұның бәрі әзірге тек ұсыныс қана. Егер барлық халық қолдап жатса, жыл сайынғы дәстүрге айналады.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан
Тегтер: Рухани жаңғыру Наурыз мерекесі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет