Осындай жағдайлар сот тергеу барысында анықталады, көбiнесе сот отырысында сотталушылар кiмнiң қандай қылмыс жасауда «үлестерiн» қосқандығын өздерi айтады. Осылайша шындық белгiлi болады, ал қорғану құқығы – қамтамасыз етiледi.
Адвокат сот тергеуiнде мынадай мiндеттердiң шешiлуiн көздейдi;
- қылмыстық оқиғасын белгiлеуi
- қорғауындағы адамның кiнәлiлiгiн зерттеу.
Осы мiндеттерiн жеке-жеке қарастырайық.
1. Қылмыстық оқиғасын белгiлеуi. Қылмыстық оқиғаны толық анықтау үшiн, адвокат сотталушы мен жәбiрленушiнiң нақты жасаған әрекеттерiн алуы керек.
Мысалы, бiреу жай өтiп бара жатқан екiншi адамға тиiседi, екiншi адам – жауап ретiнде бiрiншi адамды балағаттап, соңында ұрып жықты. Қылмыстық оқиғаны дұрыс қорытындылау үшiн қылмыстық iске қатысушы тұлғалардың (сотталушы мен жәбiрленушiнiң) әрекеттерiн анықтауы тиiс. Мұндай қорытынды қылмыстық iстiң нақты материалдарымен берiледi.
Қылмыстық оқиғаны анықтап отырып адвокат бiр әрекеттердi қорытындылап қылмыстық әрекетке жатқызса, басқасы – құқыққа қайшы әрекеттер, үшiншi – моральдық әрекеттер, төртiншiден – жай тұрмыстық.
Қылмыстық оқиғаны қорытындылауда адвокат қоғамға көмегi тиген әрекеттерге мән беруi тиiс.
Мысалы, адвокаттың қорғауындағы адам құқық бұзушыны ұстап алуы, ДТП – iсi бойынша жәбiрленушiге сотталуышының көмегiн көрсетуi т.б.
Осыған ұқсас iстерде әрқашанда қорғану мүмкiндiктерi бар.,
Сонымен қатар адвокат қорғауындағы адамның қолданылып жүрген заңға, қоғамға салқырт, тәкаппар екенiн анықтауы керек.
Мұндай бағаны адвокат куәнiң, жәбiрленушiнiң жауап алу хаттамасының негiзiнде анықтайды. Куә, жәбiрленушiнiң берген мәлiметтерiнде сотталушының әрекетiнде менсiнбеушiлiк, тәкаппарлылығы, қоршаған ортаны сыйламайтындығы көрсетiледi. Мұндай әрекеттер болса адвокатқа тәртiп, сыйласымдылық жағдайларын қозғамауына тура келедi.
Адвокат сотталушының, жәбiрленушiнiң, куәлардың жауаптары секiлдi құжаттар негiзiнде қылмыстық жағдайды белгiлейдi.
Адвокат қорғауындағы адамның жасаған әрекетiнде қылмыстық әрекеттердiң бар немесе жоқ екенiн өзi дәлелдеуi керек, егер де қылмыстық әрекет болмаса айыптаудан босатуды талап ете алады.
Қылмыстық оқиға әрқашанда нақты. Белгiлi орында және белгiлi уақытта жасалған қылмыс, нақты белгiленген қылмыс болып табылады.
Тәжiрибеде уақытын, күнiн, тiптi сағатын белгiлеудi талап етедi. Бұлар болмаса қылмыстық оқиға нақты болмайды.
Қылмыстың жасалған орны мен уақыты кез келген қылмыстарға сәйкес объективтi жағы болып табылады.сонымен қатар ауырлық дәрежесiн анықтауға қажет.
Кез келген қылмыстық оқиға дәлелденген болып табылмайды, егер оның тәсiлдерi анықталмаса қылмыс әр түрлi тәсiлдермен жасалынуы мүмкiн. Куәлердiң жәбiрленушiнiң қандай тәсiлмен қылмыстық әрекет жасалғандығын тергеу кезiнде айтса, қылмыстық оқиғаның болғандығын дәлелдейтiн дәлелдеме болады. Егер де мұндай дәлелдемелер болмаса қылмыстық оқиғаның дәлелденгендiгiне адвокат қарсы шыға алады.
Сонымен қатар адвокат қылмыстық оқиға болған уақытта жәбiрленушi мен сотталушының қарым-қатынасын бiлуi тиiс.
Адвокат өз қарауындағы адамды, жәбiрленушiлердi, куәлерден жауап алған кезде нақты қандай құқықтарының бұзылғанын, шектелдгенiн, қылмыстық құқыққа қайшы тқандай әрекет жасалғанын, жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына қандай дәрежеде қауiп төнгенiн анықтауы тиiс.
Қылмыстық iс әрекет жасай отырып субъект тұлғаның өзiне және мүлiкке залал тигiзуi мүмкiн. Мұндай жағдайда адвокат жасалған мүлiктiк залалдың сомасымен анықтауы тиiс. Бұл қылмыстық оқиғаны анықтаумен қатар қоғамға қаншалықты әсерiн тигiзгенiн шешедi. Адвокаттың нақты қанша материалдық залал келтiретiнiн анықтауы соттың қылмыстық әрекеттiң дұрыс саралауына көмектеседi.
Атыс қаруын, газ қаруын, пышақты, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы бейiмделген басқа да заттарды қолданған қылмыстар да кездеседi. Сотта осы аталған заттар қару ретiнде қолданылғаны анықталса қылмыстық оқиға дәлелденген болып табылады. Мұндай заттарға қылмыс жасау мақсатында алдын ала дайындаған және қылмыс әрекетiнде қолданамын депесетеген құралдар кiредi.
Егер де адвокат сотта қорғауындағы адам жәбiрленушiге аяқ астынан табылған затпен (таяқ, отвертка) дене жарақатын салса да ҚР ҚК 257-бабының 3 бөлiгi мен сараланбайды. Аяқ астынан табылған, тұрмыстық заттар қаақана дене жарақатын салуға арнайы арналған кұрал болып табылмайды.
Адвокат қылмыстық оқиғаны, қолданылған құралдарды зерттеумен қатар өз қорғауындағы адамның кiнәлiлiгiн зерттейдi. Адвокат қорғауындағы адамның есiнiң дұрыстығын және белгiлi жасқа толғанын тексеруi тиiс. Көптеген қылмыстық iстерде алдын ала тергеу органдары айыпталушыға сот-психикалық сараптама тағайындайды. Сот-психикалық сараптаманың тағайындау негiздерi: жасаған iс әрекеттiң ауырлығын айпталушының жасаған әрекетiнiң бiлмейтiндiгi және психиатр тiркеуiнде тұратындығы жөнiнде жазған арызы. Бiрақ та мұндай сараптама жүргiзу соңында айыпталушының жасаған әрекетiнiң бiлмеуi; есiрткi заттарын қолданғаннан және спирт iшiмдiгiнiң мастығынан екендiгi анықталады. Осындай жағдайларда сарапшы және мәжбүрлi түрде емдеу жүргiзу жайлы белгiлейдi.
Қылмыстық iске тiркелген сот-психиатриялық сараптама актiсi сотта қылмыс жасаған тұлғаның есiнiң дұрыстығын дәлелдейтiн негiзгi қайнар көз болып табылады. Сонымен қатар айыптиалушының есiнiң дұрыстығы жәбiрленушi мен куәлардың берген жауаптары дәлел болады.
ҚР ҚК 18 бабында көрсетiлген «алкогольдi iшiмдiктi есiкртi заттарды немесе басқа да есеңгiрететiн заттарды пайдалану салдарынан мас күйiнде қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды».
Тәжiрибеде анық көрсетiледi көптеген қылмыстық әрекеттердi тұлға мас күйiнде өз-өзiне бақылау жүргiзе алмайды, осының салдарынан қоғамға қауiптi iс әрекеттер жасайды. Мұндайжағдайда адвокат қорғауындағы адамның жасаған қылмыстық iс әрекетiн алдын ала ойластырып жасамағандығын дәлелдеуi керек. Адвокат өз қорғауындағы адамның жауаптылығын жеңiлдетуге қатысты мән-жайлар ұсына алады. Мысалы, қорғауындағы адам мас болған жағдайда да қылмыстық әрекеттi алғаш рет және кездейсоқ жасағандығы, қылмыс жасау үшiн түрткi болып табылған жәбiрленушiнiң адамгершiлiкке жатпайтын қылығы, шын жүректен өкiнуi, айыбын мойындауы. Есi дұрыс, ҚР қылмыстық кодесiнде белгiленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиiс.
Қорғауындағы адамның жасы туралы мәлiмет негiзгi қайнар көзi: берген жауабы, алдын ала тергеу органдарымен тiркелген жеке құжаты (паспорт, туу туралы куәлiк).
Адвокат қорғауындағы адамның бұрын сотталғанын сотталмағанын анықтауы тиiс.
Сонымен қатар кiнә түрiн анықтауы тиiс:
Қасақана ма әлде абайсызда жасалғандығы. Қылмыстар қасақана, абайсызда және аралас болады.
Егер қасақана жасалды деп тапса адвокат қорғауындағы адамның барлық әрекетi қасақана жасалмағандығын дәлелдеуi тиiс. Мысалы, адам өлтiру, сотталушы адамды өлтiремiн деп алдын ала ойластырмайды, қатты соққы бергеннен адам өлiп кетедi. Ол тек қана жеңiл дәрежеде денесiне жарақат келтiремiн деп қасақана ойластырды, нәтижесiнде кiсi өлiмi болады.
Адвокат қылмыс оқиғасын зерттегенде сотталушының әрекетiнiң қоғамға қауiптiлiк дәрежесiн бiлуi тиiс.
Қылмыстық оқиғаның жасалған орнын, уақытын, жасалу жолын, мативiн, мақсатын, жасаған әрекет зардабын зерттеуi тиiс. Қоғамға қауiптi адвокаттың қорғауындағы адамның әрекетiн сыртқы көрiнiсi қылмысқа ұқсағанымен маңызы шамалы (қауiптiлiк дәрежесi төмен) болса қылмыс қатарына қоспайды. Сонымен қатар қауiптi әрекет қылмыстық заңда мiндеттi түрде көрсетiлуi тиiс.
Қылмыс жасаған кезде, сотталушы бiрнеше қимыл жасайды. Ол жай ербендеген, берекесiз қимыл емес әлеуметттiк мазмұнға ие болуы шарт, iс-әрекеттiң белсендiлiгi осында. Сонымен қоса есi дұрыс адамның саналы түрде жасауы, әрi әрекет ерiктi болуы тиiс. Өзi қаламай еркiнен тыс (мысалы, мәжбүрлеумен) жасалған әрекет үшiн қылмыстық жауаптылық жоқ. Адамға белгiлi бiр зардап келтiремiн деп үрейлендiрiп, қоғамға қауiптi әрекет жасауға мәжбүрлейдi. Мұндай тәсiл адамның өз еркiнше әрекеттенуiн жоққа шығармайтындықтан, кiсiнi жауаптылықтан босатпайды. Бiрақ жазасын жеңiлдетуге ғана кiсi жауапты болмайды.
Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кiнәлi деп танылады, қасақана немесе абайсызда, тиiсiнше екi түрге жiктеледi: тiкелей және жанама қасақаналық, менмендiк пен немқұрайлық.
Тiкелей қсақаналық адам өз iс әрекетiнiң (әрекетсiздiгiн) қоғамға қауiптi екендiгiн ұғынып, оның қоғамға қауiптi зардаптары болуынын мүмкiн екенiн немесе бола қоймайтынын алдын ала бiлiп және осы зардаптың боллуын тiлеп тiкелей ниетпен жасау. Ниеттiң, пайда болуы уақыты кенеттен туындаған және алдын ала ойластырылған болады. Кенттен туындаған жай немесе аффектiлi болуы мүмкiн.
Кiнәнiң тағы бiр нысаны -* абайсыздық. Оның 2 түрi бар менмендiк жән немқұрайлық, егер адам өз iс әрекетiнiң қоғамға қауiп туғызуы мүмкiн екенiн алдын ала бiлсе, бiрақ бұл зардаптарды жеткiлiктi негiздерсiз жеңiлтектiкпен болғызбау мүмкiндiгiне сенсе, қылмыс менмендiкпен жасалған қылмыс деп танылады.
Кей қылмыстар тек қасақаналықпен, ал кейбiр қасақаналықпен де, абайсыздықпен де жасалады, ал кейбiр тек абайсыздықпен жасалады. Кейде бiр қылмыстан кiнәнiң қос нысанын аңғарту болады. Олар әрекеттi қасақана жасап, ауыр зардапта абайсызда ұрынады, ал зардап неғұрлым ауыр жазаға әкеп соғады.бұндай қылмыс негiзiнен қасақана жасалған деп танылады.
Осындай кiнәнiң нысанын адвокат алдын ала топшылап қорғау жоспарын құрып, сотталушының жазасын жеңiлдетуге әсерiн тигiзуi керек.
Сонымен қатар адвокат сотталушының қорғаушысы болып қылмыс мотивiн анықтап алуы тиiс. Яғни қорғауындағы адамның қылмыс жасағандағы шетi. Мысалы, пайдакүнемдiк. Қазiргi уақытта көп адамдар жұмыссыздық себептермен, ақша табу мақсатымен, ұрлық жасайды, тонайды, тонау нәтижесiнде жәбiрленушi де денсаулығына зиян келтiредi. Бұл зардаптан адам өлiп кетуi мүмкiн. Сонда пайда табу мақсатымен кiсi өлтiрген деп қорытындылайды.
Мотив пен мақсат жазаны жеңiлдететiн мән-жайы болуы мүмкiн екенiн адвокат есте сақтауы тиiс.
Сонымен қатар қылмысты жан күйзелiсi (аффект) күйiнде жасаудың қауiптiлiк дәрежесi төмен деп есептеледi.
Мұнда адвокат қорғануындағы адамның қылмыстық iс әрекетi қылмыс жасау уақытында жәбiрленушiнiң заңға қайшы, адамгершiлiк жат әрекеттерi әсерiнен болды деп тұжырымдай алады. Тұжырымдап қана қоймай соған дәлел негiздер тауып, қорғауындағы адамның жазасын жеңiлдетуге әрекеттер жасау керек.
Адвокат сотталушыдан жауап алу барысында психолгоиялық, логика, педагогика бiлiмiн пайдаланады. Ждауап алу барысында ештененi жасырмай, iске қатысты мәлiметтердi толық баяндауын талап ете алады. Сотталушының жәбiрленушiмен қылмыс болар алдындағы қарым-қатынасын, келiспеушiлiгiн, неден қандай себептерден қылмыстық оқиғаның туындауын, зардап келтiрiлгеннен кейiн бiрiншi мендициналық көмек көрсеткенiн көрсетпегенiн, немесе қорғану барысында ауыр зиян келтiрiп қылмыстық iс әрекет жасағандығын баяндап беруiнен адвкат жазасын жеңiлдетуге шаралар жүргiзе алады.
Сыртқы бейнесi қылмысқа ұқсағанымен адвокат қорғануындағы адам қажеттi қорғану кезiнде құқына қол сұққан жәбiрленушiге зиян келтiргенiн өз сөзiнде баяндауы тиiс. Мысалы, ер адам жас қызды зорламақшы болып қауiп төндiргенде қыз оған басына таспен жарақат келтiредi. Ол жарақатты сарапшы денсаулығына ауыр зиян келтiрiлген деп қорытындылайды. Осындай жағдайларда адвокат қыздың өз құқын, ар намысын қорғау мақсатында әрекет жасағандығын дәлелдейдi. Дәлелдеуде адвокат куә болған жағдайда куәнiң жауабын және сарапшының қыздың денесiндегi жарақатын, көйлегiн киiмдерiн тексерген қорытындысын ұсына отырып дәлелдейдi. Адвокат қажеттi қорғанғынын және қорғану шегiнен асып кетпегендiгiн, егер адамның әрекетi шын мәнiнде қоғамға қауiптi болғанын көрсетедi.
Адвокаттың мақсаты соттың шешiм қабылдау сәтiнде белсендiлiк iс әрекет жасайды. Адвокаттың мiндеттi айыптауды жоққа шығару; айыптауды жеңiлдету; заңсыз қылмыстық қудалауға ұшыраған адамдарды ақтау. Адвокат қорғау тәсiлдерi мен құралдарын пайдалануға, қорғаудың өзiндiк тактикасын белгiлеуге құқылы.
Адвокат өз болжамын ұсынады. Қорғаушы (адвокат) соттағы сөзiне сот тергеуiнде мәлiм болған деректердi келтiредi, бұларға баға бередi, бiр дәлелдемелердi сынаса екiншiлерiнiң сенiмдiлiгiн дәлелдейдi, өз болжамын ұсынып көбiнесе айыптау нәтижесiмен келiспейтiн қорытындылар жасайды. Қорғау болжамы – бұл адвокаттың ғылыми болжам түрiндегi нақты деректерге негiзделген қылмыстық iс бойынша қорғау барысында ұсынған және тексерiлген ой тұжырымы. Адвокат қорғауда ағымдағы ақпаратқа тұрақты түрде назар аудару қажет. Түскен барлық ақпараттық қорғау үшiн маңызды дегенiн талдап, таңдайды.
Қорғаушы қызмет жоспары нәтижесiнде барлық iс қимыл мен құралдарды бiр мақсатқа бағындырады.
Адвокат әрдайым әтикалық қалыпты қолданады. Адвокат тактиканы қолдану барысында, рухани, адамгершiлiк және этикалық қалыпты бұзбауға тырысуы қажет.
Адвокат айыптауға қарсы тұру тактиканы қолдана бiлуi тиiс.
Қорғау тактикасы ұғымы жөнiндегi жан-жақты қамтылған түсiнiктi алғаш рет 1967 жылы Шафир бергенi белгiлi. Оның пiкiрi бойынша тактика – бұл қорғаушының мiндетiн орындауға ең жақсы мүмкiндiк беретiн заңды қорғау құралының орналасуы мен үйлесiм табу өнерi. Қорғау тактикасы – бұл өнер ғана емес, көбiне көп қорғаушының жеке санасына байланысты әрекет.
Қорғау тактикасын ғылыми ережелер жүйесi және қорғауды ұйымдастыру мен жоспарлау жөнiндегi ұсыным негiзделген, қорғау субъектiсiнiң қорғау қызметi барысында процеске басқа қатысушылармен қатынасы және өзара iс-қимылын есепке ала отырып, тәртiп жүйесiн тағдауы сондай-ақ қылмыстық iс жүргiзу заңнамасы мен күрделi жағдайда сәйкес сезiктiнiң, айыпталушының құқықтары мен мүдделерiн тиiмдi қорғауға және заңи көмек беруге бағытталған басқа да ережелер мен тәсiлдердiң қатыстырылуы қорғау тактикасы – бұл ең алдымен қызмет тәсiлi, iс-қимыл тәсiлi. Тәсiл дегенiмiз - әдiс, атап айтқанда, қызметтi белгiлi бiр жағдайда ретке келтiретiн мақсатқа жету әдiсi.
Дәлелдеудiң ауыр жүгiн арқалаған адвокат жауапкершiлiктi сезiне отырып, айыпталушы үшiн жайсыз жағдайды жеңiлдетуге, шамасы келсе, ақтауға тырысады. Қорғау тактикасы ұсыным түрiнде адвокаттың мақсатқа жету үшiн қорғауды дұрыс және тиiмдi ұйымдастыруына көмектесуi тиiс қылмыстық сот iсiн қарауда ақиқатқа жету адвокаттың белсендiлiгiне байланысты.
Адвокаттың қорғау мақсатының маңызы мынада. Мақсат айыптаушыны қорғау мiндетi жүктелген адвокаттың шешiм қабылдау сәтiнде белсендiрек iс-әрекет жасауға итермелейдi. Қорғау мақсаты бағыттаушы, реттеушi және жүйе құру арқылы қорғау рөлiн атқарады. Адвокат әрдайым қорғаудың осы құралдары мен тәсiлдерiн пайдаланды. Қорғау мақсаты қорғау қызметi құрылымына елеулi ықпал етедi, оған тұрақтылық және мақсаткерлiк сипат бередi. Мақсат пен мiндеттi дәл анықтау алға қойылған мақсат және тиiсiнше оны жүзеге асыру құралының заңды немесе заңсыз сипатын айқындауға мүмкiндiк туғызады.
Мақсат – бұл жүзеге асыруды қажет ететiн ұмтылу мәнi, ал мiндет – бұл атқаруды, шешудi талап етедi. Мұндай жағдай адамды және азаматты негiзсiз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кiнәсiз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда – оны дереу және толық анықтауды қамтамасыз етудi, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайтуды, қылмыстың алдын алуды құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруды қамтамасыз ететiн қылмыстық iс жүргiзу қызметiнiң мақсаты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |