2.1 Адвокат қылмыстық iс бойынша iс қозғау сатысында
Қылмыстық iс бойынша тапсырманы қабылдағаннан кейiн адвокат өз өкiлеттiгi шеңберiнде дереу iске қатысуы керек.
Себебi, адвокат iске сезiктi ұсталған кезден бастап қатысса процестiң өз пайдасына өрбуiне әсер етедi. Сезiктiнi негiзсiз ұстаған жағдайда тергеу органының бастығына немесе прокурорға шығарылған шешiмнiң заңсыздығына шағымдана алады.
Қылмыстық iске араласқаннан кейiн адвокат өзiнiң қорғау жоспарларын құрады. Содан кейiн тергеу процесiнiң кез келген сатысынан тыс қалмауға тырысады. Адвокат өзiнен көмек сұрап келген адамдарға заң көмегiн көрсетiп, құқығын қалпына келтiруi тиiс. Осындай мiндеттерiн орындауда өз жоспарын қолданады. Адвокаттың қорғау жоспары жай, күрделi, қысқа, ұзақ болуы мүмкiн.12
Қылмыстық iс жүргiзуде, қылмыстық iстi қозғау бiрiншi стадия болып табылады. Бұл стадияда прокурор, тергеу, сот органдары нақты бiр iс бойынша тергеу әрекеттерiн жүргiзу қажеттiгiн, сонымен қатар қылмыстық белгiлерi бар деректер пайда болған жағдайда осы деректер негiзiнде қылмыстық iс жүргiзу органының араласуының қажеттiгiн шешедi.
Қылмыстық iстi тергеуде iс жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асырудың заңды негiзi – қылмыстық iстi қозғау қаулысы болып танылады. Заңда көрсетiлген тергеу және сот әрекеттерiн қылмыстық iс қозғағаннан кейiн жүзеге асырылады.
ҚIЖК 194 бабына сәйкес алдын ала тергеу әрекетi қылмыстық iс қозғау туралы қаулы шығарылғаннан кейiн ғана жүргiзiледi.
Қылмыстық iс қозғау қаулысы шығарылғаннан кейiн адвокаттың негiзгi мiндетi туындайды, мысалы кiнәсi жоқ адамды жауапқа тартудан алдын алу керек.
Қылмыстық iс қозғалғаннан кейiн прокурор алдын ала тергеу және сот органдары белгiлi құқықтарға ие болады. Мысалы, тергеушi (прокурордың санкциясымен) нақты қылмыстық iстi қарайды және азаматтарға процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолданады: тiнту, алу, кулерден жауап алады, қылмыстық iс болған жерлердi қарайды сонымен қатар басқа да тергеу әрекеттерiн жүзеге асырады.
Қылмыстық iс қозғау стадиясына қылмыстық iс жүргiзу стадияларының барлық белгiлерi тән: нақты мiндеттер, iстiң негiзгi қағидалары, құқықтық қатынастар мен әркеттер.
Қылмыстық iс кiнәлi деп сезiк келтiрген адамның болуынан емес, қылмыстық деректерiнiң бар болуына байланысты iс қозғалатынын адвокат бiлуi тиiс. Тұлғаны қылмыстық iс бойынша кiнәлi деп танымас бұрын қосымша мәлiметтер жинап оларды тексерулерi қажет. Табылған деректер қылмысқа қатысты болған жағдайда белгiлi тұлғаға қарсы қылмыстық iс қозғалды деп қорытындылаймыз.
Қылмыстық iстi қозғау барысында Заңмен бекiтiлген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына байланысты күрделi мәселелер шешiледi. Қылмыстық iс бойынша дәлелдемелердi табу, алу, бағалау процестiң келесi стадияларында қаралады.13
Мемлекет қылмыстық iс қозғау өкiлеттiгiн Заңда нақты көрсетiлген органдар мен лауазымды тұлғаларға берген. Заңда көрсетiлген органдар мен лауазымды тұлғалар қатарына: анықтаушыны,анықтау органын, тергеушiнi, алдын ала тергеу органын, прокурорды жатқызамыз. Қылмыстың белгiлерiн тапқан жағдайда әр орган өз құзыретi шегiнде қылмыстық iстi қозғай алады және кiнәлi тұлғаларға заңда көрсетiлген мәжбүрлеу шараларын қолдана алады.
Аталған органдардың қылмыстық iс қозғау стадиясында өкiлеттiктерiнiң ерекшелiктерi бар. Сондықтан да адвокат әр органның қылмыстық iс қозғау стадиясындағы өкiлеттiктерiн бiлуi тиiс.
Қылмыстық iстер тек қана Заңда көрсетiлген органдар мен лауазымды тұлғалар қозғай алады, ао егер де өкiлеттiгi жоқ адам iстi қозғаса адвокат прокурорға шешiмнiң заңсыздығын дәлелдеп күшiн жоюды сұрайды.
Қылмыстық iстi қозғауға өкiлеттiгi бар лауазымды тұлғалар мен органдар мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдардан қылмыстық iстi қозғауға қажет құжаттарды, есептердi әкiмшiлiк комиссияның актiлердi сұратуға құқылы.адвокаттың лауазымды тұлғалардың және органдардың қылмыстық iс қозғау қаулысын тексергендегi мiндетi:
- жiберiлген қателiктерiн табу керек;
- жiберiлген қателiктi тапқаннан кейiн соған сәйкес шешiм шығаруы керек;
- шешiмдi дұрыс орындауы тиiс.
Адвокат қылмыстық iстiң заңды және дәлелдi қозғалғанына ерекше назар аударады. Бұған кәсiптiк бiлiмдiлiгi, өмiрден тәжiрибесi және iстi жүргiзуге еркi, адвокаттық интуициясы көмегiн тигiзедi.
Лауазымды адамдар мен өкiлеттiгi бар органдар қылмыстық iстi Заңды себептер мен жеткiлiктi негiздер болған жағдайда қозғайды.
Қылмыстық iстiң қозғау себебi – прокурор, тергеушi, анықтаушы органдарының қылмыстық болатынын немесе болған қылмыс туралы мәлiметтерiнiң болуы.
Нақты қылмыстық iс қозғауға мыналар себеп болады:
- азаматтардың арызы;
- кiнәсiн мойындап келу;
- мемлекеттiк органның, лауазымды адамның немесе ұйымда басқару функцияларын атқарып отырған адамның хабарламасы;
- бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар;
- лауазымды адамдардың және қылмыстық iс қозғауға құқық берiлген органдардың қылмыс туралы мәлiметтердi тiкелей анықтау.
Барлық себептердiң процессуалдық мәнi бiрдей. Жоғарыда тiзiлген себептерден барлығы мiндеттi болып табылады. Өйткенi себепсiз қымыстық iс қозғалмайды. Бiрақ та бiр де бiр себеп даусыз және мiндеттi деп есептелiнбейдi, себебi қылмыстық iс қозғау себептерiне жеткiлiктi негiз болуы қажет.
Қылмыстық iс қозғаудың негiзi – қылмыс белгiлерiнiң бiрiншi тұжырымы болып саналады. Тұжырым белгiленген қайнар көздерге сүйене отырып шығарылуы тиiс. Қайнар көздерi болып: арыз, азаматтардың түсiнiгi, лауазымды тұлғалардың қаулылары, справкалары, актiлерi т.б. Қылмыстық iс сыбыс, өсек негiздерiнде қозғалмайды. Қылмыстық iс қозғауға берiлген материалдардың заңдылығы негiздiлiгi қажет. Егер де берiлген материалдарда қылмыстық iс қозғауға себеп пен негiз болмаса адвокат прокурорға шағымдана алады.
Адвокат жиналған деректердiң көлемiнде қылмыс әрекетiнiң барлығын айқындауы қажет. Кез келген қылмыстық iс жүргiзу стадиясында тиiстi лауазымды тұлға iшкi сенiмiне жүгiне отырып деректердi бағалайды. Сондықтан да, лауазымды тұлғалар болатын немесе болған қылмысты қорытындылау үшiн жиналған деректердiң жеткiлiктiлiгi туралы мәселенi шешедi.
Кез келген жағдайда жиналған деректердi адвокат жан-жақты бағалауы тиiс. Бiрақ та бұл стадияда, яғни қылмыстық iстi қозғау стадиясында деректер мен мәлiметтерге толығымен баға бермейдi. Қылмыстық iс қозғау стадиясында қылмыс жасаған тұлғаның бiлiмi, кiнәсiнiң мазмұны аса қажет емес.14
Қылмыстың iстi қозғау үшiн жиналған материалдарды тексеру қажет. Түскен арыздар мен хабарламаларға қосымша қажет материалдар мен түсiнiктер сұрауға құқылы. Қылмыстық iс қозғау қаулысын шығармай жауап алу хаттамасын, тiнту, алу тағы басқа тергеу әрекеттерiн жүргiзуге тiптi Заңда белгiленген лауазымды тұлғалар мен органдардың құқықтары жоқ. Жеке тұлғаға қол сұқпаушылық принципi бұзылған жағдайда адвокат төмендегiдей әрекеттердi жүзеге асырады:
- прокурорға шағымдана алады;
- тергеу әрекетiнен кейiн сот процесiне дайындық бөлiмiнде соттан заңсыз алынған дәлелдемелердi iске қажетсiз деп тануға өтiнiш бiлдiредi.
Болған немесе болады деген қылмысқа қатысты жиналған материалдарды бiрiншiден тексередi, бұл кезде дәлелдемелер жинауға құқықтары жоқ. Қылмыстық iс қозғағаннан кейiн ғана тұлғаның кiнәлiлiгiн дәлелдейтiн дәлелдемелердi тауып iске тiркейдi. Адвокат материалдарды тексеру барысында өзi тексеруi тиiс. Тексерiстi кiм, қандай тәсiлдермен, қашан жүргiзiлетiнiн тексередi.
Достарыңызбен бөлісу: |