1991жылдың 16 желтоқсанында «Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы» заңға қол қойылды


Адвокаттың қылмыстық жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайларды қолдануы



бет5/8
Дата16.06.2016
өлшемі272.5 Kb.
#139597
1   2   3   4   5   6   7   8

2.3 Адвокаттың қылмыстық жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайларды қолдануы

Адвокат қылмыстық iс бойынша қорғаушы болып қатыса отырып тұлғаға айып заңды негiзде тағылғанына көзi жеткенде осы тағылған айыбына жауаптылығына жеңiлдететiн мән-жайлар қарастырады. Жауаптылығын жеңiлдететiн мән-жайларды табуы тиiс, ерекше белсендiлiк көрсетуi керек. Адвокат iстiң мән-жайын жан-жақты, толық және объективтi зерттейдi.

Адвокат жауаптылықты жеңiлдететiн жағдайларды анықтағанда қылмыстық құқық және қылмыстық iс жүргiзу заңдарына сай әрекеттер жасауға құқылы көптеген iстерде сезiктiнiң немесе айыпталушының қылмысты жасағандығы айқын көрiнiп тұрса, адвокат айыбын жоққа шығаратын емес, жауаптылығын жеңiлдететiн жағдайларды қарастырып, өз өкiлеттiгi шеңберiнде қызметiн атқарады.

Жеңiлдететiн мән-жағдайлар дәлелдеу пәнiнiң негiзi ретiнде болады. Тәжiрибеде көп кездеседi әсiресе ҚIЖК 71 бабының негiзiнде адвокаттардың мiндеттi түрде қатысуында, адвокаттар алдын ала тергеуден бастап сотта қорғаушының қорғау сөзiнде де тек қана қорғауындағы адамның шын жүректен өкiнетiндiгiн, тергеу әрекетiне көмегi тиетiндiгiн айтады. Мұндай қорғау сөздерiн қоғамдық қорғаушылар да айтып өте алады, бiрақ та кәсiптi, бiлiмдi, бiлiктi, тәжiрибелi адвокаттарға тек осындай қорғау сөздерiн баяндау ұят.

Бiлiктi, тәжiрибелi, кәсiптi адвокат жеңiлдету әрекеттерiн жүргiзгенде алдын ала тергеу бағытына, шығарған шешiмдерiне тiптi iске толығымен өз пайдасына әсерiн тигiзуi керек. Сонымен қатар адвокаттық тағы да бiр мiндетi айыпталушыны қорғауды жүзеге асыру үшiн тергеушiге, прокурорға, сотқа жазасын жеңiлдетуге дәлелдi негiздердi ұсына отырып сендiру және соған сәйкес шешiм шығарту.23

Адвокат соттың жаза тағайындап, жазасын жеңiлдететiнiн күтпеуi керек. Айыпталушы деп тапқанда, бұлтартпау шарасын қолданғанда, қорғаушы iс құжаттарымен танысқанда тергеушi айыптау қорытындысын шығарғанда, прокурор бұл қорытындыны бекiткен кезден бастап адвокат айыпталушының жазасын жеңiлдететiн мән-жайларды қарауы тиiс. Тергеу әрекетi кезiнде iс жүргiзу шешiмдерiне жеңiлдететiн мән-жайларды енгiздiрмесе, соттың айыптау қорытындысын шығарарда жеңiлдететiн мән-жайларды енгiздiре алмайды. Айыптау үкiмiн шығарарда жазасын жеңiлдетуге байланысты деректер ұсынса сотта бұл деректер тексерiлгендiктен жарамсыз болып табылады.

Адвокат жеңiлдету мән-жағдайларын табу мақсатында кез келген қылмыстық iс бойынша дәлелдеу пәнiне араласады. Адвокаттың мiндеттi түрде қадағалайтын жұмысы жеңiлдететiн мән-жағдайлардың нақты ашылуы, iс жүргiзу құжаттарында көрсетiлуi және шығарылған шешiмдерде ескерiлуi тиiс.

Жеңiлдету мән-жағдайларды судья қылмыстық iстер көбейтiп кеткенде, жеке тұлғаның белгiлерiн тексермей жасаған әрекетiнiң ауырлығына мән бергенде, сапасыз немесе бiр жақты айыптау тергеуi болғанда ескерiлуi мүмкiн.



2.4 Қорғау мүддесi үшiн сот сараптамасын тағайындау және қорытындылау негiздерi

Қылмыстық iс жүргiзуде сот сараптамасы өте маңызды орын алады. Тергеу және сот органдары заңға сәйкес сараптаманы iс үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау үшiн арнайы бiлiмдер негiзiнде iс материалдарын зерттеу үшiн тағайындайды. Сараптама зерттеуi дәлелдi iс жүргiзу шешiмiнiң шығуына негiз болады.

Адвокат сараптама негiзiнде қорғаушы өкiлеттiгiн жүзеге асыра алатындығын бiлуi тиiс.

Сот сараптамасын iске мүдделi емес, арнаулы ғылыми бiлiмi бар, лицензия негiзiнде сот сараптама қызметiн жүзеге асырып жүрген адам жүргiзуге құқылы. Ол сарапшы болып танылады.

Кез келген мән жағдайын ведомствалық зерттеуден өткен актiлер мен құжаттар, сонымен қатар ведомствалық қорытындылар мамандар iс жүргiзу әрекеттерi барысында жүргiзген зерттеулердiң нәтижелерi бойынша жасалған ресми құжаттардың болуы тергеу және сот органдарының сұрауы бойынша алынса да, адвокат оларды сарапшының қорытындысы есебiнде қарастырмауы тиiс және арнайы сот сараптамасын жүргiзу туралы өтiнiш бiлдiруге құқылы.

Сарапшының сапасы көбiнесе тергеушiнiң тапқан дәлелдемелерiнiң дұрыс тiркелуiне байланысты болады. Тергеушi дәлелдемелердiң әр қайсысының жеке-жеке қай жерде және қашан, қандай жағдайда табылғаны және алынғаны көрсетiлуге тиiс. Әсiресе химиялық билогиялық, трасологиялық-балистикалық зерттеуге жататын заттар.

Тергеушi сарапшыға iске қатысты, iстiң ашылуына әсерi тиетiн, зерттеуге жататын материалдарды жiберiп, бiрқатар сұрақтар қоюға құқылы.

Тергеушiнiң сұрақтары қылмыстық iске қатысты жiберiлген материалдар негзiнде қойылуы тиiс.

Адвокат есiнде сақтауы тиiс, сарапшының құқықтары iстiң материалдарымен танысуға ҚIЖК 83 бабының 3 бөлiгiне сәйкес сараптама пәнiне қатысты мән-жағдайлармен шектелген. Сондықтан да тергеу мен сот органдары сарапшыға себепсiз iс бойынша iс құжаттарын, дәлелдемелердi жiбермеуi тиiс, себебi соңында зерттеу қорытындысы жиналған дәлелдемелердiң әсерiмен шығуы мүмкiн. Сонымен қатар сарапшының iске қатысты тиiстi материалдармен танысуға заңсыз шек қоюға тыйым салынады. Осы жағдайда тергеу мен сот органының қателiгi адвокаттың қорғауына пайдалы болады.24

Егер де анықтау, алдын ала тергеу кезiнде сараптама мүлдем жүргiзiлмесе, адвокат соттан алдын ала тыңдау жүргiзiп басты сот талқылауында сараптама тағайындау немесе iстi тиiстi сараптама жүргiзу үшiн қосымша тергеу жүргiзiлуiне өтiнiш бiлдiре алады. Шешiм зерттеуге жататын мән жағдайлардың маңыздылығына, сонымен қатар зерттеуге жататын сот отырысындағы материалдарды ұсынуға байланысты шығарылады.

Мына жағдайларда сарапшыны сот отырысына шақыртады:

- айыпталушыны қорғауға қатысты барлық сауалдар шешiлмесе;

- сарапшының қорытындысы жеткiлiксiз және сенiмсiз болған жағдайда;

- егер де берiлген алдын ала тергеуде қорытынды айыпталушы мен қорғаушының әсерiнен күшiн жойса;

- сарапшының қорытындысы адвокаттың қорғауындағы адамның кiнәсiздiгiн дәлелдейтiн дәлелдеме болса.

Адвокат сараптама тағайындалған және ол жүргiзiлген кезде сезiктiнiң айыпталушының қорғаушысы ретiнде мына жағдайларды бақылауы тиiс және бақылаумен қатар сезiктiнiң, айыпталушының қорғаушысы ретiнде өтiнiш жасай алады;

- сезiктiнiң, айыптплушының сараптама тағайындалғаны туралы қаулымен танысуы және тиiстi құқықтарына түсiндiрме алуын бақылайды.

- сарапшыдан бас тартуға немесе сараптама жүргiзуден сот сараптамасы органын шеттету туралы өтiнiш жасайды.

- сараптаманы сарапшылар комиссиясының жүргiзуi туралы өтiнiш жасайды.

- сарапшының алдына қосымша мәселелер қою немесе бұрын қойылғандарын нақтылау туралы өтiнiш;

- сараптама кезiнде қатысуға, сарапшыға түсiнiктемелер бере алады.

Сараптама тағайындау және оны қорытындылау негiздерi сезiктi мен айыпталушылардың жағдайын жақсартуға себiн тигiздi ме не болмаса жаңадан ашылған дәлелдемелерге жол ашты ма осыларды ескере отырып, қорғаушы ары қарай өзiнiң қорғау тактикаларын жүргiзу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет