Бiз жаңа мемлекеттi қаз бастыру, ашық экономикалық нарықты құру, ұлттық қауiпсiздiктi нығайту және демократиялық қоғамды дамыту барысында соқтықпалы соқпақтан өттiк. Елiмiз өз кезеңiнде нық та бекем, үдемелi де жан-жақты даму сатысына көштi. Заңгер қауымы үшiн мұның өзi Қазақстанның барабар құқықтық даму түсiнiгiн қалыптастыру қажеттiлiгiн бiлдiредi, бұл үшiн ең алдымен құқықтың және құқықтық мемлекеттiң қағидаларын нақты iске асырудағы негiзгi позициялар белгiленуi керек.
Бiр кездерi республикамыз мызғымас Одақтың құрамында СОКП-ның билiк монополиясының, үстемдiгiндегi социалистiк меншiк пен коммунистiк идеология көмкерген қуыршақ кейiпiндегi егемендi мемлекет болып саналды. Сол кездегi Конституция бойынша Қазақ КСР-ы егемендi кеңестiк социалистiк мемлекет болып жарияланған. Әйтседе, Қазақстанның егемендiгi iс жүзiнде тиiсiнше қамтылмады және жүзеге асырылған жоқ. Билiк бөлудiң либералдық-демократиялық идеологиясы, меншiк нысандарының көп түрлiлiгi мен адамның табиғи құқықтары қалыс қалды. Демократизм принциптерiн шетқақпай қыла отырып, қалып белгiлеудiң де, орындаудың да, бақылаудың да (әрине, Компратияның саясында) функцияларын кеңестер бiр қолға шоғырландырып, халық билiгiн бiлдiрген болды. Сол кездегi құқықтың негiзгi принципi таптық идеологияны арқаланған социалистiк заңдылықтың принципi болып табылғаны мәлiм. Демократиялық қоғамда азаматтардың құқықтарын қорғауға арналған қылмыстық құқық, қылмыстық iс жүргiзу нормалары тотаритарлық мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiретiндiктен, жазалау сипатында болды, кiнәлауға бет бұрып тұратын.
Қазiргi кезеңде заң мен қоғам адвокат қорғаушыдан жай заң көмегiн көрсетудi ғана емес, қылмыстық iс бойынша қорғаудың нәтижелiлiгiн талап етедi.
Күштi айыптауға күштi қорғау қарсы тұруы тиiс, ал бұған тек басты рол атқаратын тактиканы қолдана бiлу, қорғау проблемасын ғылыми шешу арқылы ғана қол жетедi. Бұл орайда, дәлелдеудiң ауыр жүгiн арқалаған адвокат-қорғаушы жауапкершiлiктi сезiне отырып, айыпталушы үшiн жайсыз жағдайды жеңiлдетуге , шамасы келсе, ақтауға тырысады. Сондықтан ғалымдар мен мол тәжiрибе түйген жауапты адамдар күш-жiгерлерiн бiрiктiру арқылы адвокат-қорғаушыларды қорғаудың интеллектуалды қаруымен қаруландыруы қажет.
Қылмыстық сот iсiн қарауда ақиқатқа жету адвокат – қорғаушының белсендiлiгiне байланысты. Сол үшiн ғылыми негiзделген тактикалық ұсынымның болуы адвокат-қорғаушының қылмыстық iс бойынша қорғауды анағұрлым мақсатты және жете түсiнушiлiкпен жүргiзуiне мүмкiндiк туғызады.
Дипломдық бiтiру жұмысымның тақырыбын таңдағанда осы проблемалардың қалай шешiлуiн, оны қазiргi заман, заң талабына қарай қалай жетiлдiру процесстерiн жүргiзу қажет екенiн болашақ заң маманы ретiнде зерттеп, бiлуге ден қойдым.
Бұдан бұрынғы құқықтық және идеологиялық жағдайларда қорғау тактикасын жасау қажеттiлiгi туралы мәселе қылмыстық сот iсiн жүргiзу мiндетi сипатына байланысты күн тәртiбiне қойылмады. Ал бүгiнде кәсiби қорғау тактикасы сөзсiз iлтипатқа алуды талап ететiн көкейкестi мәселе болып отыр.
Бiр сөзбен қорыта айтқанда, адвокат-қорғаушының кiрiс келтiруiнiң негiзгi көзi, қызметi,кәсiби қорғаушылық iсi болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер
-
Нормативтiк актiлер.
-
ҚР Конституциясы 1995.30.08. 7.10.1998 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлген.
-
ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» заңы 5.12.1995 жылы 11.07.2001 жылы өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген.
-
ҚР АIЖК 1999 жылы 13 шiлде. 09.08.2002 жылы өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген.
-
ҚР ҚIЖК 13.12.1997ж. 24.12.2001 жылы өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген.
-
Пакт ООН Основные положения о роли адвокатов. Международный адвокат №4 1992.
-
Общий кодекс правил для адвокатов. Европейского сообщество. «Адвокат» 1995. №10.
-
Сборник законодателья и нормативных актов регулирующих деятельность адвокатов. Алма-Ата. 1981ж.
-
Государстенная программа правовой реформы в РК (основные направление). Собрание актов президента РК и правительства РК №9. 1994.
-
ҚР Президентiнiң лицензиялау туралы заң күшi бар Жарлығы. 17 сәуiр 1995 жыл.
-
«Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру тәртiбi туралы» Ереже ҚР Әдiлет Министрiнiң 1998 жыл 21 қаңтар № 19 бұйрығымен бекiтiлген.
-
Правила профессиональной этики адвокатов, принятие решением Алматинской городской коллегии адвокатов от 20 августа 1998 года
Арнайы әдебиеттер.
-
Арсентьев О.В. Адвокатура и нотариат в Республике Казахстан. Г. Костанай, 1998.
-
Бусленко Н.И. Адвокат: Вопросы и ответы. Ростов на Дону. 1996.
-
Гаврилова С.Н. Адвокат в уголовном процессе. М.:1996
-
Кожевников А.В. Адвокат представитель потерпевшего гражданского истца, ответчика в советском уголовном процессе. Автореферат конд.диссерт. К.ю.н. Свердлова, 1974.
-
Николаев Т.П. Деятельность защитника в судебном следствии. Саратов, 1987.
-
Стецовский Ю.И., Ларин А.М. Конституционный принцип обеспечение обвиняемому права на защиту. М.: 1988.
-
Стецовский Сов.Адвокатура. Учебное пособие для ВУЗов. 1998.
-
Сборник законодательных и нормативных актов, регулирующих деятельность адвокатов. – Алма-Ата, 1981.
-
Тыныбеков С.Т. Организацинные формы и деятельность адвокатуры в Республике Казахстан. Алматы: Қазақстан Университетi, 1997.
-
Чертков В.Л. Дело гражданское (записки адвоката) М.: Рос.пр. 1992.
-
Шаламов М.П. История советской адвокатуры. М.: 1939.
Достарыңызбен бөлісу: |