1999 жылғы 01 наурыздағы партияның І съезінің қаулысымен



жүктеу 398.26 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі398.26 Kb.


1999 жылғы 01 наурыздағы
партияның І съезінің қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН

өзгерістер мен толықтырулар

партияның 2007 жылғы 04 шілдедегі ХI съезінде

партияның 2009 жылғы 15 мамырдағы ХІI съезінде партияның 2011 жылғы 11 ақпандағы ХІII съезінде енгізілген


партияның 2013 жылғы 18 қазандағы ХV съезінде

енгізілген



«Нұр Отан» партиясы»

қоғамдық бірлестігінің


Ж А Р Ғ Ы С Ы

«Нұр Отан» партиясы»

қоғамдық бірлестігінің


Ж А Р Ғ Ы С Ы
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – партия) 1999 жылғы 19 қаңтарда «Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Ә. Назарбаевты қолдау қоғамдық штабы» қоғамдық бірлестігін (республикалық мәртебе) қайта құру жолымен құрылды.

1.2. Партияның толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігі;

орыс тілінде: общественное объединение «Партия «Нұр Отан»;

ағылшын тілінде: «Nur Otan» рarty» рubliс union.

Партияның қысқартылған атауы:

мемлекеттік тілде: «Нұр Отан» партиясы;

орыс тілінде: партия «Нұр Отан»;

ағылшын тілінде: «Nur Otan» рarty.

1.3. Партия деп мемлекеттік биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді және атқарушы органдарында азаматтардың, түрлі әлеуметтік топтардың мүддесін білдіру және оларды қалыптастыруға қатысу мақсатында олардың саяси еркін білдіретін Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі танылады.

Партия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылады.

1.4. Партияның және оның құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдарының) басшы органдары Қазақстан Республикасының аумағында болады.

1.5. Партия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ партияның Жарғысы мен Бағдарламасына сәйкес жүзеге асырады.

1.6. Партия заңды тұлға болып табылады, меншік құқығында оқшауланған мүлкі болады, өз міндеттемелері бойынша осы мүлікпен жауап береді, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді ала және жүзеге асыра алады, сотта талапкер және жауапкер бола алады.

Партияның құқықтық қабілеті оның мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен басталып және оны тарату аяқталған сәтте тоқтатылады.

1.7. Партияның дербес балансы, банктерде есеп айырысу және басқа да шоттары, өз атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөрі болады.

1.8. Партия орталық аппаратының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 12/1.
2. ПАРТИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ, МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ, ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТКЕРЛІКТЕРІ
2.1. Партия қызметінің мәні:

қоғамның саяси өміріне қатысу;

партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыру;

заң шығару қызметіне қатысу.

2.2. Партияның мақсаты – саяси жұмыс әдістерімен азаматтық қоғамның дамыған институттары, қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар экономикалық мықты, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құруға қол жеткізу.

2.3. Партияның міндеттері:

мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына саяси көшбасшылар, партия мүшелерін даярлау, оларды қолдау және ұсыну;

партияның бағдарламалық және жарғылық мақсаттары мен міндеттерін халық арасында түсіндіру және насихаттау, өз қызметі туралы ақпарат тарату;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық референдумдарға қатысу;

мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында партияның және оның мүшелерінің, азаматтар мен түрлі әлеуметтік топтардың мүддесін қорғау;

партия Бағдарламасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жүргізуге қатысу, өмір сапасының ұлттық стандартын қалыптастыру;

кіші және орта кәсіпкерлікті, шаруа, фермер шаруашылықтарын қолдау;

ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға жәрдемдесу;

заң жобаларының бүкілхалықтық талқылауларына қатысу;

өкілді және атқарушы органдарға енгізу үшін қоғамдық пікірді зерделеу әрі заң және басқа да нормативтік құқықтық актілер жобаларына ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, оларды депутаттық бірлестіктер арқылы іске асыру;

қоғам мен мемлекет өмірінің әлеуметтік, экономикалық және өзге де салаларына жастарды біріктіруге жәрдемдесу;

белгіленген тәртіппен партия мүшелерін мемлекеттік наградаларға ұсыну;

партия мүшелерін моральдық тұрғыдан көтермелеу;

азаматтардың бойында жемқорлық фактілеріне төзімсіздікті тәрбиелеуге жәрдемдесу, билік органдарының қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.

2.4. Жарғы мен Бағдарламада айқындалған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін партия Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) кандидаттарды:

Қазақстан Республикасының Президенттігіне;

бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізіммен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына;

жергілікті өзін-өзі басқару органдарына;

мемлекеттік билік органдарындағы өзге де сайланбалы лауазымдарға ұсынуға;

2) партияға мүше мәслихат депутаттары арқылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатуралар ұсынуға, әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімі және мемлекеттік билік органдарындағы өзге де сайланбалы лауазымдарының кандидатураларын талқылауға қатысуға, барлық деңгейдегі әкімдерді тағайындау барысында олардың кандидатураларын мәслихаттармен келісу процесіне ықпал етуге, мәслихаттардағы партияның депутаттық фракциялары (топтары) арқылы тиісті әкімдерге сенімсіздік вотумын білдіруге бастама жасауға;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде депутаттық фракция және жергілікті өкілді органдарда партия депутаттық фракцияларын (топтарын) құруға, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында депутаттық топ құруға бастама жасауға, Парламент Мәжілісіндегі депутаттық фракция арқылы Үкіметке және оның мүшелеріне сенімсіздік вотумын білдіруге бастама жасауға;

4) Қазақстан Республикасында әрекет етуші саяси партиялармен және басқа да азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтасуға, басқа елдердің саяси партияларымен қарым-қатынас жасау және байланыс орнатуға, ұжымдық мүше ретінде, діни бірлестіктерді қоспағанда, халықаралық коммерциялық емес, үкіметтік емес бірлестіктерге кіруге;

4-1) өз қызметі туралы ақпарат таратуға және өзінің мақсаттары мен міндеттерін насихаттауға;

5) заңнамаға сәйкес бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, басқа да қоғамдық-саяси акциялар мен іс-шаралар өткізуге;

6) баспа және полиграфиялық қызметтерді жүзеге асыруға;

7) өзінің бұқаралық ақпарат құралдарын құруға;

8) партия съезінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының басқа да саяси партияларымен және қоғамдық бірлестіктерімен ерікті түрде қауымдастықтарға (одақтарға), бірігуге;

9) партия Жарғысының мақсаттарына сәйкес шамада ғана кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қайырымдылық қызметтерін жүзеге асыруға;

11) «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

2.5. Партия:

Қазақстан Республикасы Конституциясының және заңнамасының талаптарын сақтауға;

әрбір азаматты өзінің құқықтары мен мүддесіне қатысты партия құжаттарымен, шешімдерімен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігімен қамтамасыз етуге;

тұрақты жұмыс істейтін партия органының орналасқан жерінің өзгеруі туралы және оның басшылары туралы мәліметтерді заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне енгізілетін мәліметтер көлемінде тіркеу органына хабарлауға;

өзінің қаржылық қызметі туралы есепті салық органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім мен көлемде тапсыруға міндетті.
3. ПАРТИЯҒА МҮШЕЛІК
3.1. Партияға мүшелік – жеке, ерікті, тіркеуге алу түрінде.

3.2. Партия Жарғысы мен бағдарламалық құжаттарының талаптарын орындайтын, партия алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізуге, міндеттерді жүзеге асыруға белсенді араласатын, мүшелік жарналарды уақтылы төлейтін, заңнамалық актілерде айқындалған тұлғаларды қоспағанда, жасы 18-ге толған Қазақстан Республикасының азаматы партияға мүше бола алады.

3.3. Партияға мүшелік басқа партияға мүшелікпен үйлеспейді.

3.4. Партияға қабылдауды партияның екі мүшесінің ұсынымы қоса беріле отырып, азаматтың жазбаша өтініші негізінде бастауыш партия ұйымының жиналысы шешеді.

Электрондық цифрлік қол қою жолымен расталған партияға қабылдау немесе одан шығу туралы электрондық құжат түріндегі өтініш қағаз бетіне жазылған жазбаша өтінішпен теңестіріледі.

Партияға қабылдауды партияның және оның филиалдарының Саяси кеңестерінің Бюролары, сондай-ақ бастауыш партия ұйымының Бюросы жүзеге асыра алады.

3.5. Партияға мүшелік тиісті партия құжатымен расталады.

3.6. Партияға мүшелік мынадай жағдайларда тоқтатылады:

1) тиісті құрылымдық бөлімшеге берілген жазбаша өтініш негізінде партиядан шығу;

2) азаматтығын жою, Қазақстан Республикасынан тысқары жерге тұрақты тұруға көшу;

3) әскери қызметке, ұлттық қауіпсіздік органдарына, құқық қорғау органдарына қабылдану, судья болып тағайындалу (сайлану);

4) партияның келісімінсіз Парламент Сенатының, мәслихаттар депутаттығына кандидат болып және өзге де мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы сайланбалы лауазымдарға өзін-өзі ұсыну;

5) мынадай әрекеттері үшін партиядан шығарылған жағдайда:

соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін қылмыс жасағаны үшін;

жемқорлық әрекеттері үшін;

партия беделін түсіретін әрекеттері (әрекетсіздігі) немесе партия мүддесіне зиян келтіретін басқа да әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін;

партия Жарғысын, партия органдарының бағдарламалық құжаттарын, шешімдерін сақтамағаны үшін;

тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда уақтылы есепке тұрмағаны (алты айдан астам) үшін;

6) басқа партияға кіру;

7) қайтыс болу, сондай-ақ сот шешімімен азамат қайтыс болды немесе іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда.

3.7. Партия мүшелігін тоқтату немесе партия қатарынан шығару жөніндегі шешімді бастауыш партия ұйымының жиналысы немесе партияның, филиалдың Саяси кеңесінің Бюросы қабылдайды.

3.8. Партия мүшесі партиялық ішкі тәртіпті бұзғаны үшін оған алдын ала ескерту, ескерту және сөгіс сияқты партиялық жаза қолданылуы мүмкін.

Партиялық жаза қолдану туралы шешімді бастауыш партия ұйымының жиналысы немесе Бюросы, партияның, филиалдың Саяси кеңесінің Бюросы қабылдайды.
4. ПАРТИЯ МҮШЕЛЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУ ТӘРТІБІ
4.1. Партия мүшелерінің есебі партия мүшелерінің есеп карточкалары, электронды дерекқор, партия филиалдарының есептері негізінде жүзеге асырылады.

4.2. Партия мүшелерін тіркеуге алу былайша жүргізіледі:

бастауыш партия ұйымында – тізім бойынша;

аумақтық филиалдарда – есеп карточкалары бойынша және электронды дерекқор бойынша;

аймақтық филиалдарда – аумақтық филиалдардың есептері бойынша және электронды дерекқор бойынша.

4.3. Аймақтық филиалдардың есептері мен электрондық дерекқоры негізінде партияның Орталық аппаратында партия құрылымы және оның құрамы туралы есеп жасалады.

4.4. Партия мүшелерін есепке алу жауапкершілігі, берілетін мәліметтердің анықтығы бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына, партия филиалдарының төрағаларына және төрағаларының бірінші орынбасарларына жүктеледі.
5. ПАРТИЯ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
5.1. Партия мүшесінің мынадай құқықтары бар:

партияның және партия ұйымдарының бағдарламалық және өзге де құжаттарын әзірлеуге қатысу;

партияның және оның филиалдарының органдарын сайлауға және оларға сайлануға;

партиялық тізім бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына партияның атынан кандидат болып заңнамада белгіленген тәртіппен ұсынылу;

партияның қолдауымен заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенаты, мәслихаттар депутаттығына және мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы басқа да сайланбалы лауазымдарға ұсынылу;

өз пікірін еркін айту, партия қызметінің мәселелерін еркін талқылау, ауызша және жазбаша түрде ұсыныстар енгізу, партияның кез келген органы мен кез келген партия мүшесін сынау;

партияның қорғауы мен қолдауын пайдалану;

өзін қызықтыратын сұрақтар бойынша партияның кез келген органына өтінім жасау және тиянақты жауап алу;

партия қызметі және оның сайланбалы органдары туралы ақпарат алу;

партия органдарына сайланған партия мүшелерін қайта сайлау және партиялық тізім бойынша сайланған депутаттарды кері шақырып алу немесе ауыстыру туралы дәлелді ұсыныстарын заңнамаға сәйкес енгізу;

партияға жаңа мүшелер тарту бойынша жұмыс жүргізу;

партиядан шығу мәселесін өздігінен шешу;

партиядан шығару туралы немесе оған партиялық жаза қолдану туралы шешім бойынша үш айдың ішінде партияның жоғарғы органына шағым жасау.

5.2. Партия мүшесі:

партия Жарғысының, Бағдарламасының және партия қызметін реттейтін басқа да құжаттардың талаптарын сақтауға;

партияның жарғылық және бағдарламалық мақсаттарын, сайлауалды платформасын түсіндіруге және қуаттауға;

партия органдарының шешімдерін орындауға. Мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін партия мүшелері өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау барысында партияның және оның органдарының шешімдерімен байланысты емес;

партия жұмыстарына жеке қатысуға, өз әрекеттерімен партияға тиесілігін дәлелдеуге және оның халық арасындағы беделі мен ықпалының артуына атсалысуға;

мүшелік партия жарналарын уақтылы төлеп тұруға;

тұрғын орны ауысқан жағдайда партиялық есепке тұруға;

партияның рәміздеріне, сондай-ақ партия құжатына ұқыпты қарау және оны сақтауды қамтамасыз етуге;

партия жиналыстарына тұрақты қатысуға міндетті.


6. ПАРТИЯНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ҚЫЗМЕТ ПРИНЦИПТЕРІ, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
6.1. Партия өз қызметін еріктілік, теңқұқылық, өзін-өзі басқару, заңдылық және жариялылық принциптерінде құрады.

6.2. Партияның ұйымдық құрылымы заңға сәйкес аумақтық принцип бойынша құрылады.

6.3. Партияның өз құрылымдық бөлімшелері – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылатын аймақтық филиалдары (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және астана), аумақтық филиалдары (аудандық және қалалық) және бастауыш партия ұйымдары болады.

6.4. Партияның аймақтық филиалдары барлық облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада құрылады.

6.5. Партия филиалдары аумақтық әділет органдарында тіркеуден өтеді.

6.6. Партияның ұйымдық негізін бастауыш партия ұйымы құрайды, ол кемінде үш партия мүшесі болған жағдайда құрылады.

Бастауыш партия ұйымдары партия мүшелерінің тұратын жерінде, бастауыш партия ұйымдарын құруға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тыйым салынған ұйымдарды қоспағанда, түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы ұйымдарда құрылады.

Селолық округтер мен сайлау округтері немесе учаскелері шекараларында бастауыш партия ұйымдарын құруға жол беріледі.

6.7. Бастауыш партия ұйымының ішінде партиялық топтар құрылуы мүмкін.

6.8. Партия мүшелерінің саны бір мыңнан асқан бастауыш партия ұйымдарына партия Саяси кеңесі Бюросының шешімімен тиісті аумақтық партия филиалына бағынышты партия филиалының құқығы берілуі мүмкін.

6.9. Бастауыш партия ұйымдары тиісті аудандық және қалалық партия филиалына бірігеді.

6.10. Аудандық және қалалық партия филиалдары тиісті облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астана партия филиалдарына бірігеді.

6.11. Партия филиалдарының және бастауыш партия ұйымдарының заңды тұлғалық құқығы болмайды, өздері туралы Ережелер негізінде әрекет етеді, өз қызметінде партия Жарғысы мен бағдарламалық құжаттарын, жоғары тұрған партия органдарының шешімдерін басшылыққа алады және оларға партия мүлкі беріледі.

6.12. Партияның құрылымдық бөлімшелері жоғары тұрған партия органдарының шешімдерін жүзеге асыру барысында алға қойылған міндеттерді орындау жолдарын дербес айқындайды.

6.13. Аймақтық партия филиалдары аумақтық филиалдар мен бастауыш партия ұйымдарының ұсынысы бойынша партияның Саяси кеңесінің Бюросына Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат, Қазақстан Республикасының Парламенті мен мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар етіп кандидатуралар ұсынуға құқылы.
7. ПАРТИЯНЫҢ ӨКІЛДІ ОРГАНДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ
7.1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және жергілікті өкілді органдарының депутаттары партия Саяси кеңесі Бюросының және тиісті партия филиалының Саяси кеңесі Бюросының шешімімен Парламент Мәжілісіндегі фракция және жергілікті өкілді органдардағы депутаттық фракциялар (топтар) түрінде партияның депутаттық бірлестіктерін құрады.

7.2. Парламент Мәжілісіндегі депутаттық фракциясын тіркеуге алу Парламент Мәжілісінің Бюросында іске асырылады. Оның өкілеттіктері, ұйымдасуы, қызметі және жұмысының қамтамасыз етілуі Парламент және Мәжіліс регламенттерімен айқындалады.

Жергілікті өкілді органдарындағы партияның депутаттық бірлестіктерін тіркеу мәслихат сессиясында іске асырылады.

7.3. Депутаттық бірлестіктер – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі партия фракциясының және Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді органдарындағы партия фракцияларының (топтарының) жұмысына депутаттың қатысуы, Парламент Мәжілісінің отырысына дейін Премьер-Министр кандидатурасы бойынша және әкім лауазымының кандидатурасын тиісті мәслихат отырысында қарағанға дейін кеңесу, сенімсіздік білдіру вотумына бастама жасау, шешімдерді қабылдау механизмдері, оны бұзу, партия құрылымдарымен өзара қатынас жасау тәртібі депутаттық бірлестіктер – фракциялар (топтар) туралы тиісті Ережемен айқындалады.

7.4. Депутаттық бірлестіктер – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі фракция және Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді органдарындағы фракциялар партия Төрағасының және Саяси кеңес Бюросының ұсынысы бойынша депутаттық бірлестіктер – фракциялардың (топтардың) басшыларын сайлайды.

7.5. Партия және оның құрылымдық бөлімдері депутаттық бірлестіктерге олардың жұмысында көмек көрсетуге міндетті.

Парламент Мәжілісіндегі депутаттық фракция партия Төрағасының, партияның жоғары және басшы органдарының алдында жауапты; жергілікті өкілді органдардағы депутаттық бірлестіктер – тиісті деңгейдегі жоғары, басшы және партия атқарушы органдарының алдында жауапты және оларға есеп береді.

Парламент Мәжілісіндегі депутаттық фракция «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңда белгіленген жазалау шараларын партияға мүше Мәжіліс депутаттарына қолдану мәселесі туралы және Үкімет пен оның мүшелеріне сенімсіздік вотумын білдіру туралы бастама жасай алады.

7.6. Депутаттық бірлестіктер – фракциялардың (топтардың) қызметін тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

7.7. Өкілді орган депутаты болып сайланған партия мүшесінің міндеттері:

тиісті өкілді органдағы партия депутаттық фракциясының (тобының) құрамына кіру;

депутаттық фракцияның (топтың) жұмысына жүйелі қатысу;

депутаттық фракцияның (топтың) шешімдерін орындау;

сайлаушылармен кездесуде партия шешімдерін түсіндіріп, сөз сөйлеу;

партияның тиісті Саяси кеңесі Бюросының, партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының алдында депутаттық фракциядағы (топтағы) және сайлау округіндегі жұмыстары бойынша есеп беру;

есепте тұрған тиісті құрылымдық бөлімді өзінің депутаттық қызметі туралы хабардар етіп отыру.
8. ПАРТИЯ ОРГАНДАРЫ
8.1. Партияның және оның филиалдарының органдары:

Жоғары басшы органдар;

Жоғары өкілді органдар;

Басшы органдар;

Атқарушы органдар;

Бақылау-тексеру және бақылау органдары.

8.2. Партияның орталық, филиалдарда – облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және астана, аудандық, қалалық және бастауыш органдары болуы мүмкін.

8.3. Жоғары басшы органдар.

8.3.1. Партияның жоғары басшы органы Съезд болып табылады.

Партия съезі қажет болған жағдайда партия Төрағасының немесе партия Саяси кеңесінің шешімімен, бірақ төрт жылда бір реттен кем емес, шақырылады.

Съезд жұмысына барлық партия филиалдарының өкілдері қатысқан жағдайда партия съезі заңды болады.

Партия съезінің делегаттары аймақтық партия филиалдарының конференцияларында, жеке жағдайларда – партияның барлық аумақтық филиалдары өкілдерінің қатысуымен өткен аймақтық партия филиалдары Саяси кеңесінің отырыстарында Партия төрағасының шешімімен сайланады.

Партия съезінің шешімдері съезге қатысып отырған партияның барлық филиалдары өкілдерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

Партияның кезектен тыс съезі партия Саяси кеңесінің немесе партия Төрағасының шешімі бойынша, сондай-ақ аймақтық партия филиалдарының кемінде үштен екісінің бастамасы бойынша шақырылуы мүмкін.

8.3.2. Партия филиалдарының жоғары басшы органы конференция болып табылады.

Конференция қажет болған жағдайда, бірақ екі жылда бір реттен кем емес, партия филиалының Саяси кеңесі немесе Саяси кеңес Бюросының шешімімен шақырылады.

Аймақтық филиал конференциясы оның жұмысына партияның аумақтық филиалдарының конференцияларында сайланған делегаттардың кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда, ал тиісті аумақтық филиал конференциясы оның жұмысына бастауыш партия ұйымдарының жиналыстарында сайланған делегаттардың кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды деп саналады.

Конференция шешімі қатысып отырған делегаттардың көпшілік дауысымен қабылданады.

8.3.3. Бастауыш партия ұйымының жоғары органы жиналыс болып табылады.

Жиналыс қажет болған жағдайда, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес, бастауыш партия ұйымы Бюросының (төрағасының) шешімі бойынша шақырылады және оған партия мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан жағдайда заңды болады.

Жиналыс шешімі қатысып отырған партия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

8.4. Жоғары өкілді органдар.

8.4.1. Партия Төрағасы немесе партия Саяси кеңесінің Бюросы қажет болған жағдайда, бірақ жылына кемінде бір рет шақыратын партияның Саяси кеңесі партия съездері аралығындағы партияның жоғары өкілді органы болып табылады.

Партия Саяси кеңесінің отырысы, егер оған оның мүшелерінің жартысынан астамы қатысқан жағдайда заңды болады.

Партия Саяси кеңесінің шешімдері қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

Партия Саяси кеңесінің өкілеттік мерзімі – 4 жыл.

8.4.2. Конференциялар аралығында партия филиалының жоғары өкілді органы партия филиалының Саяси кеңесі болып табылады.

Партия филиалының Саяси кеңесі қажет болған жағдайда, бірақ жылына кемінде бір рет партия филиалы Саяси кеңесінің тиісті Бюросының шешімі бойынша шақырылады.

Партия филиалы Саяси кеңесінің отырысы, егер оған оның мүшелерінің жартысынан астамы қатысқан жағдайда заңды болады.

Партия филиалы Саяси кеңесінің шешімі қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

Партия филиалы Саяси кеңесінің өкілеттік мерзімі – 2 жыл.

8.5. Басшы органдар.

8.5.1. Қажет болған жағдайда, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес, партия Төрағасы немесе оның Бірінші орынбасары шақыратын партия Саяси кеңесінің Бюросы партия съездері және партия Саяси кеңесі отырыстары аралығындағы партияның басшы органы болып табылады.

Саяси кеңес Бюросының отырысы оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан жағдайда заңды болады.

Партия Саяси кеңесі Бюросының шешімі қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

Саяси кеңес Бюросының шешімін оның мүшелерінен сұрау жолымен қабылдауға жол беріледі.

Партия Саяси кеңесі Бюросының өкілеттік мерзімі – 4 жыл.

8.5.2. Қажет болған жағдайда, бірақ кемінде тоқсанына бір рет партия филиалының төрағасы немесе филиал төрағасы болмаған жағдайда партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары шақыратын партия филиалы Саяси кеңесінің Бюросы конференциялар мен партия филиалы Саяси кеңесінің отырыстары аралығындағы партия филиалының басшы органы болып табылады.

Партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы оның мүшелерінің жартысынан астамы қатысқан жағдайда заңды болады.

Партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының шешімдері қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

Партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшелерінен сұрау жолымен оның шешімдерін қабылдауға жол беріледі.

Партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының өкілеттік мерзімі – 2 жыл.

8.6. Атқарушы органдар.

8.6.1. Партияның атқарушы органы партияның Орталық аппараты болып табылады.

8.6.2. Партия филиалының атқарушы органы партия филиалының аппараты болып табылады.

8.6.3. Бастауыш партия ұйымының атқарушы органы партия мүшелерінің саны 50-ден асқан жағдайда бастауыш партия ұйымының Бюросы, ал қалған жағдайларда бастауыш партия ұйымының төрағасы болып табылады.

Бастауыш партия ұйымы Бюросының отырысы қажет болған жағдайда, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі және мүшелерінің жартысынан астамы қатысқан жағдайда заңды болады.

Бастауыш партия ұйымы Бюросының шешімі қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

Бастауыш партия ұйымы Бюросының (төрағасының) өкілеттік мерзімі – 2 жыл.

8.7. Партияның бақылау-тексеру және бақылау органдары:

1) партияның Орталық бақылау-тексеру комиссиясы – 4 жылға сайланатын партияның жоғары бақылау органы;

2 жылға сайланатын тиісті партия филиалының Бақылау-тексеру комиссиясы.

Барлық деңгейдегі бақылау-тексеру комиссияларының отырыстары қажет болған жағдайда, бірақ кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі және оның мүшелерінің жартысынан астамы қатысқан жағдайда заңды болады.

Партияның бақылау-тексеру органдарының шешімдері оның қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады және орындалуға міндетті.

2) Партиялық бақылау комитеті – партияның бақылау органы.

Партиялық бақылау комитетінің, Партиялық бақылау комитетінің аймақтық және аумақтық комиссияларының отырыстары қажет болған жағдайда, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі және оның мүшелерінің жартысынан астамы қатысқан жағдайда заңды болады.

Партиялық бақылау комитетінің, Партиялық бақылау комитетінің аймақтық және аумақтық комиссияларының шешімдері олардың қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

8.8. Партияның, оның филиалдарының қызметін қамтамасыз ету үшін Партия орталық аппараты және тиісті партия филиалдарының аппараттары құрылады.


9. ПАРТИЯНЫҢ ЖОҒАРЫ БАСШЫ, ЖОҒАРЫ ӨКІЛДІ ЖӘНЕ БАСШЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
9.1. Партия Съезі партия қызметінің барлық мәселелерін шешуге құқылы.

Партия Съезінің айрықша құзыретіне мыналар жатады:

партия Жарғысын, Бағдарламасын және басқа да бағдарламалық құжаттарын қабылдау, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

партия Төрағасын лауазымға сайлау және босату;

партияның Саяси кеңесінің және Орталық бақылау-тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау, сондай-ақ мүшелерді олардың құрамынан шығару;

партия мүшелерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

1) Қазақстан Республикасының Президенттігіне;

2) партиялық тізім бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар етіп ұсыну, осы тізімді бекіту және оған өзгерістер енгізу;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына партия ұсынған кандидаттарды кері шақырту;

партия съездері аралығындағы жұмыс туралы партия Саяси кеңесінің есебін тыңдау;

съездер аралығындағы партияның қаржы-шаруашылық қызметі туралы Орталық бақылау-тексеру комиссиясының есебін тыңдау;

партияның басқару органдарының құзыретін, ұйымдық құрылымын, өкілеттіктерін қалыптастыру және тоқтату тәртібін айқындау;

Бақылау-тексеру комиссиялары туралы ережені бекіту;

партияны қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдау;

мүшелік партия жарналарының мөлшерін бекіту.

9.2. Партия Төрағасы – партиядағы жоғары басшылық етуші тұлға:

партия қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

партия съезін ашады және онда төрағалық етеді;

партия Саяси кеңесінің, оның Бюросының жұмысын басқарады және басшылық етеді, олардың отырыстарында төрағалық етеді;

мынадай ұсыныстар енгізуге құқылы:

1) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына кандидаттар ұсыну жөнінде, Қазақстан Республикасының Президенті фракциямен консультация өткізген кезде Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кандидатурасын талқылау жөнінде;

2) партияның Саяси кеңесі, оның Бюросы және партияның Орталық бақылау-тексеру комиссиясының құрамына ұсынылатын кандидатуралар бойынша;

партия Төрағасының шешімі бойынша партия мүшелерінің қатарынан партия Төрағасының Бірінші орынбасары мен партия Хатшыларын, сондай-ақ басқа да лауазымды тұлғаларды тағайындайды, олардың өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін белгілейді және оларды атқарып отырған лауазымдарынан босату туралы мәселені шешеді;

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі партияның депутаттық фракциясының жұмысын үйлестіреді;

партияның қоғамдағы беделі мен ықпалының өсуін қамтамасыз ету, партия қатарын және партияның ішкі тәртібін нығайту, партияның кадр саясатын жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды;

партия филиалдары басшыларының есептерін тыңдайды, қажет болған жағдайда олардың партия органдарында атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігі туралы мәселені шешеді;

партия органдарының құрылымын жетілдіру жөнінде шешімдер қабылдайды;

партия атынан сенімхатсыз әрекет етеді және ел ішінде, сондай-ақ шет елдерде де үшінші тұлғалармен, соның ішінде мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және басқа да партиялармен қатынастарда партияны білдіреді;

партия органдарының лауазымды тұлғаларына үшінші тұлғалармен қатынаста, соның ішінде сот және басқа да органдарда партия мүддесін білдіру құқығына сенімхат береді;

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі депутаттық фракцияға фракция басшысының кандидатурасын ұсынады;

Съезд, партияның Саяси кеңесі және оның Бюросы қабылдаған қаулыларға, мәлімдемелер мен үндеулерге қол қояды;

партия Съезінің айрықша құзыретіне жатпайтын партия қызметінің барлық мәселелері бойынша шешімдер қабылдай алады, қаулылар, өкімдер шығарады, қаржылық және өзге де құжаттарға қол қояды, партия органдары мен аппараттары қызметкерлерін заңнамаға сәйкес жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату құқығына ие;

егер олар заңнамаға, партия Жарғысы мен бағдарламалық құжаттарына, партия Съезінің, Төрағасының, партия Саяси кеңесінің және оның Бюросының шешімдеріне қайшы келсе, партия органдарының, Парламент Мәжілісіндегі депутаттық фракцияның шешімдерін бұзады;

Парламент Мәжілісіндегі партияның депутаттық фракциясы арқылы Үкіметке және оның мүшелеріне сенімсіздік вотумын білдіру мәселесіне бастама жасайды;

заңнамада және партия Жарғысында белгіленген өзге де құқықтарға ие.

9.3. Партия Төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланған жағдайда ол мыналар жөніндегі өкілеттіктерді партия Төрағасының Бірінші орынбасарына жүктейді:

партияның қызметіне, сондай-ақ партияның қатысуымен құрылған немесе партия құрған ұйымдардың қызметіне жалпы басшылық ету;

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі фракцияның және партия филиалдарының жұмысын үйлестіру;

Партияның Орталық аппараты және партия Орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері туралы, партияның бюджеті, партия қаражаты мен мүлкін пайдалану тәртібі туралы ережелерді бекіту;

құрылымды, штаттық кестені, партия қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу және оларды материалдық ынталандыру жүйесін бекіту;

партия наградаларымен марапаттау;

партия органдарының қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану;

партияның Саяси кеңесі Бюросының отырыстарында төрағалық ету және Бюро қаулыларына қол қою;

партия филиалдарының басшыларын тыңдау және қажет болған жағдайда олардың өз лауазымдарына сәйкестігі туралы партия Төрағасына ұсыныстар енгізу;

партияның жанынан консультативтік-кеңесші органдар құру және құрамы мен олар туралы Ережелерді бекіту;

партия Төрағасының келісімі бойынша партияның шоғырландырылған бюджетін және партияның шоғырландырылған бюджетінің орындалуы туралы есепті бекіту;

партия филиалдарының жылдық бюджеттерін (шығыстар сметаларын) және олардың орындалуы туралы есептерді бекіту, сондай-ақ партияның қатысуымен құрылған немесе партия құрған ұйымдардың жылдық бюджеттерін және олардың орындалуы туралы есептерді келісу;

тиісті партия филиалының Саяси кеңесі Бюросының ұсынуы бойынша аймақтық филиал төрағасының бірінші орынбасары мен орынбасарлары қызметіне партия мүшелерінің бірін тағайындау немесе оны атқарып отырған лауазымынан босату;

партия Төрағасының Бірінші орынбасары тағайындайтын және босататын немесе онымен келісілетін лауазымдардың номенклатурасын бекіту;

Орталық аппараттың Басшысына, партия органдарының өзге де лауазымды тұлғаларына үшінші тұлғалармен қатынастарда, соның ішінде сот және өзге де органдарда партия мүддесін білдіру, қаржылық және басқа да құжаттарға қол қою, тиісті бұйрықтар шығару құқығына сенімхаттар беру;

партия Саяси кеңесінің Бюросы қабылдайтын шешімдерді қоспағанда, құрылтайшысы (қатысушысы) партия болып табылатын басқа да заңды тұлғаларда құрылтайшысының (қатысушысының) құзіретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;

осы Жарғыға сәйкес партия Төрағасының, Съездің, партия Саяси кеңесінің және Саяси кеңесі Бюросының айрықша құзыреттеріне жатпайтын өзге де функцияларды жүзеге асыру және шешімдер қабылдау.

9.4. Партияның Саяси кеңесі:

партия съезінің шешімдерін орындау жөніндегі партия органдары қызметінің негізгі бағыттарын белгілейді;

партияның сайлау науқандарына қатысуына байланысты мәселелерді қарастырады;

партияның атынан саяси мәлімдемелер мен үндеулерді қарастырады және енгізеді;

қалыптасқан қоғамдық қатынастар бойынша партия ұстанымын белгілейді;

партия Төрағасының ұсынысы бойынша өз құрамынан партия Саяси кеңесі Бюросының мүшелерін сайлайды;

партия съезін шақырады, олардың күн тәртібін әзірлейді;

партияның ішкі пікірталастарын өткізу туралы шешімдер қабылдайды, олардың өткізілуін және қорытындылануын ұйымдастырады;

партия съезінің айырықша құзыретіне жатпайтын партия қызметінің басқа да мәселелерін шешеді.

Партияның Саяси кеңесі өз құзыретіне жататын жекелеген мәселелерді партияның Саяси кеңесі Бюросының қарауына беруге құқылы.

9.5. Партия Саяси кеңесінің Бюросы:

Съездер және партияның Саяси кеңесі отырыстарының аралығында партияның жұмысына басшылық етеді;

Съезд, партия Төрағасы және партияның Саяси кеңесі шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

республиканың қоғамдық-саяси өмірінің түрлі бағыттары бойынша мәселелерді талқылайды;

партиялық тізімге енгізілген кандидаттар құрамына депутаттық мандаттарды үлестіру кезектілігін белгілейді;

партия филиалдары басшыларының, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі депутаттық фракцияның басшысы мен мүшелерінің, партияға мүше Сенат депутаттарының есептерін тыңдайды;

қоғамдық қатынастар бойынша партия ұстанымын білдіреді;

партия Саяси кеңесінің атынан саяси мәлімдемелер мен үндеулер қарастырады және енгізеді;

партия Саяси кеңесінің отырыстарын шақырады;

бірыңғай жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына сайлау үшін партиялық тізімге енгізуге кандидатураларды, кейіннен оларды тиісті мәслихаттардың партия фракцияларына (топтарына) ұсыну үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну жөнінде партияның Саяси кеңесіне ұсыныстар енгізеді;

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде депутаттық фракция құрады;

партияның, оның депутаттық бірлестіктерінің қызметі үшін қажетті партиялық құжаттар мен ережелердің нысандарын, моральдық көтермелеу атрибуттарының үлгілерін бекітеді;

мемлекеттік наградалармен, құрметті атақтармен марапаттауға кандидатураларды ұсынады, партиялық наградалармен марапаттау тәртібін бекітеді;

партиядағы мүшелігін тоқтату, соның ішінде партиядан шығарылғандардың апелляция мәселелерін қарайды;

партиялық-саяси жұмыстың түрлі бағыттары бойынша комиссиялар мен жұмыс топтарын құруға құқылы;

партия Съезінде қабылданатын бағдарламалық құжаттарды қоспағанда, партия қызметінің түрлі бағыттары бойынша құжаттар қабылдайды;

құрылтайшысы (қатысушысы) партия болып табылатын заңды тұлғаларды құруға, қайта ұйымдастыруға немесе таратуға партияның қатысуы туралы шешімдер қабылдайды;

партияның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

өзге де, соның ішінде партия Саяси кеңесі өкілеттік берген мәселелерді шешеді.

9.6. Партия филиалының конференциясы:

партияның жоғары тұрған органдарының құзыретіне жататындардан басқа, тиісті аймақтық, аумақтық филиал қызметінің барлық мәселелерін шешеді;

партия филиалының Саяси кеңесінің, бақылау-тексеру комиссиясының есептерін тыңдайды;

партия филиалының Саяси кеңесі мен бақылау-тексеру комиссиясының мүшелерін сайлайды, қажет болған жағдайда мүшелерді олардың құрамынан шығарады;

партия филиалының төрағасын сайлайды және оны атқарып отырған лауазымынан босатады. Аймақтық партия конференциясының тиісті шешімін партия Төрағасы немесе партия Саяси кеңесінің Бюросы бекітуге тиіс;

тиісті мәслихаттар депутаттығына және мемлекеттік билік органдары мен өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы өзге де сайланбалы лауазымдарға кандидаттарды заңнамаға сәйкес ұсынады;

әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдігіне ұсынылған кандидатураларды талқылауға қатысады.

Аймақтық партия конференциясы партия съезіне делегаттарды сайлайды.

Аумақтық партия конференциясы тиісті аймақтық партия конференциясына делегаттар сайлайды.

Партия филиалының конференциясы кейбір өкілеттіктерін тиісті партия филиалының Саяси кеңесіне беруге құқылы.

9.7. Партия филиалының Саяси кеңесі:

партия съезінің, Төрағасының, партияның Саяси кеңесінің, партияның Саяси кеңесі Бюросының, партия филиалының жоғары тұрған конференциясының шешімдерін іске асыру жөніндегі мәселелерді қарайды және шаралар белгілейді;

өз құрамынан партия филиалының Саяси кеңесі Бюросының мүшелерін сайлайды;

партияның және оның филиалдарының жоғары тұрған органдарының құзыретіне жатпайтын басқа да мәселелерді шешеді.

9.8. Партия филиалы Саяси кеңесінің Бюросы:

жоғары тұрған партия органдарының шешімдерін іске асыруды қамтамасыз етеді;

төмен тұрған партия органдарының қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады, олардың есептерін тыңдайды;

жергілікті өкілді органдарда депутаттық фракциялар (топтар) құрады және олардың басшыларының кандидатураларын ұсынады;

жергілікті өкілді органдарға сайлау үшін ұсынылатын кандидатураларды партия Саяси кеңесінің Бюросымен келіседі;

партия филиалының конференциясын шақырады және оның күн тәртібін әзірлейді;

тиісті жергілікті өкілді органдардың депутаттық фракцияларының (топтарының) жұмысын үйлестіреді, оның құрамына кіретін депутаттардың есептерін тыңдайды;

мәслихаттардағы партияның депутаттық фракциясы (тобы) арқылы әкімге сенімсіздік вотумын білдіру туралы мәселеге бастамашылық етеді;

тиісті партия филиалы Саяси кеңесінің отырыстарын шақырады;

бастауыш партия ұйымдарын құру, қайта құрылымдау және оның қызметін тоқтату туралы шешімдер қабылдайды;

тиісті Саяси кеңеске түрлі деңгейдегі сайланбалы органдарға ұсынылған кандидатуралар бойынша ұсыныстар енгізеді;

партияға қабылдауды жүзеге асырады, партиядағы мүшелікті тоқтату, соның ішінде партиядан шығарылғандардың апелляция мәселелерін қарастырады;

филиалдың жылдық бюджетінің (шығыстар сметасының) жобасын және филиал бюджетінің (шығыстар сметасының) орындалуы туралы есепті алдын ала мақұлдайды;

партия Жарғысына сәйкес келмесе, төмен тұрған партия органдарының шешімдерін бұзады;

жарғылық құзыреті шегінде өзге де мәселелерді шешеді.

9.9. Бастауыш партия ұйымының жиналысы:

жоғары тұрған партия органдарының шешімдерін талқылайды және оларды орындау жөнінде шаралар қабылдайды;

бастауыш партия ұйымы қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды және оның алдында тұрған міндеттерді орындау жөнінде шешімдер қабылдайды;

азаматтардың заңды мүддесін қозғайтын қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да мәселелерді талқылайды және олар бойынша жоғары тұрған партия органдарына ұсыныстар енгізеді;

партияның аумақтық филиалдарына партия мүшелерін партия мүшелерін заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат, Қазақстан Республикасының Парламенті, Республика мәслихаттары депутаттығына және мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы өзге де сайланбалы лауазымдарға кандидаттар етуге ұсыныс береді;

бастауыш партия ұйымының, қажет болған жағдайда бастауыш партия ұйымы Бюросының, төрағасын және оның орынбасарын сайлайды;

партияға қабылдау, партиядағы мүшелігін тоқтату және партия мүшелеріне партиялық жаза қолдану туралы шешім қабылдайды;

аумақтық партия конференциясына делегаттарды сайлайды.

Бастауыш партия ұйымының жиналысы өзінің кейбір өкілеттіктерін ол сайланған жағдайда, бастауыш партия ұйымының Бюросына беруге құқылы.
10. ПАРТИЯНЫҢ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ

ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
10.1. Атқарушы органдар партияның жоғары тұрған органдарының құзыретіне жатқызылғандардан басқа, өз қызметінің барлық мәселелерін шешуге құқылы.

10.2. Партияның орталық аппараты:

партияның құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарының, бастауыш партия ұйымдары Бюроларының (төрағаларының), сондай-ақ партияның қатысуымен құрылған немесе партия құрған ұйымдардың жұмысын үйлестіреді;

партия қызметін ақпараттық, талдамалық, идеологиялық, ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

партия Төрағасының, оның Бірінші орынбасары мен партия Хатшыларының, партияның жоғары басшы, жоғары өкілді, басшы органдарының және партияның Орталық бақылау-тексеру комиссиясының шешімдері мен тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;

партия Төрағасының, оның Бірінші орынбасары мен партия Хатшыларының тапсырмасы бойынша өзге де мәселелерді шешеді.

Партияның Орталық аппараты және партия Орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, құрылымды, штаттық кестені, еңбекақы төлеу жүйесін партия Төрағасының Бірінші орынбасары бекітеді.

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды, жұмыстан босатуды, көтермелеуді және оларға тәртіптік жаза қолдануды партия Төрағасының Бірінші орынбасары жүзеге асырады.

Партия Орталық аппаратының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасы қолданылады.

10.3. Партия филиалының аппараты:

партия филиалы қызметін ақпараттық, талдамалық, идеологиялық, ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

партия Төрағасының, оның Бірінші орынбасары мен орынбасарларының, жоғары тұрған партия органдарының шешімдері мен тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді және олардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;

жарғылық құзыреттер шегінде өзге де мәселелерді шешеді.

Тиісті партия филиалдары аппараттарының қызметіне басшылық етуді партия Төрағасының немесе партия Төрағасының Бірінші орынбасарының шешімі бойынша партия филиалының төрағасы немесе оның бірінші орынбасары жүзеге асырады, ол:

партия филиалының конференциясын ашады және онда төрағалық етеді;

филиалдың Саяси кеңесі, оның Бюросы жұмыстарын басқарады және басшылық етеді, олардың отырыстарында төрағалық етеді;

Бюро мүшесі етіп сайлау үшін кандидатуралар ұсынады;

партия филиалы аппаратының қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды, жұмыстан босатады, көтермелейді, оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртіптік жаза қолданады немесе оған өз келісімін береді.

Партия филиалдары аппараттарының құрылымын, штаттық кестесін, еңбекақы төлеу жүйесін партия Төрағасының Бірінші орынбасары айқындайды.

Қаржылық және басқа да құжаттарға қол қою құқығы, атқарушы, сот және басқа да органдарда партияның және оның мүшелерінің, партия органдарына өтініш білдірген заңды және жеке тұлғалардың заңды мүдделерін білдіру және қорғау құқығы партия Төрағасының Бірінші орынбасарының сенімхаты бойынша аймақтық және аумақтық партия филиалдарының төрағаларына және/немесе төрағаларының бірінші орынбасарларына беріледі.

Партия филиалдары аппараттарының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының еңбек, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасы қолданылады.

10.4. Бастауыш партия ұйымының Бюросы (төрағасы):

бастауыш партия ұйымының қызметін және бастауыш партия ұйымының жиналыстарын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

жоғары тұрған партия органдары шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және олардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асырады;

кіру және мүшелік партиялық жарналарды жинауды қамтамасыз етеді;

партияға жаңа мүшелерді қабылдау жұмысын жүргізеді;

партия мүшелерінің есебін ұйымдастырады;

жарғылық құзыреті шегінде өзге де мәселелерді шешеді.


11. ПАРТИЯНЫҢ БАҚЫЛАУ-ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ОРГАНДАРЫН ҚҰРУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
11.1. Партия съезі, партияның аймақтық филиалдарының конференциялары өздерінің бақылау-тексеру органдарын сайлайды, олардың сандық және дербес құрамын белгілейді.

11.2. Партияның Орталық бақылау-тексеру комиссиясы, партияның аймақтық филиалдарының бақылау-тексеру комиссиялары партия органдарының қаржы және шаруашылық қызметтеріне бақылау жасауды жүзеге асырады және заңнамаға, партия Жарғысы мен Бақылау-тексеру комиссиялары туралы ережеге сәйкес әрекет етеді.

11.3. Орталық бақылау-тексеру комиссиясы партия Съезінің, аймақтық бақылау-тексеру комиссиялары тиісті партия конференцияларына есеп береді.

11.4. Орталық бақылау-тексеру комиссиясы, аймақтық филиалдардың бақылау-тексеру комиссиялары өз құрамынан комиссия төрағаларын және олардың орынбасарларын сайлайды.

11.5. Партияның Орталық бақылау тексеру комиссиясы өз қызметін жүзеге асыру үшін тәуелсіз сарапшыларды жұмылдыруы мүмкін.

11.6. Партиялық бақылау комитеті партия Төрағасының Бірінші орынбасары бекіткен Ереженің негізінде әрекет етеді.

11.7. Партиялық бақылау комитеті партия Төрағасына және оның Бірінші орынбасарына есеп береді.

11.8. Партиялық бақылау комитетінің Төрағасын партия Төрағасы тағайындайды.

11.9. Партиялық бақылау комитетінің, Партиялық бақылау комитетінің аймақтық және аумақтық комиссияларының құрамы мен құрылымын Партиялық бақылау комитеті Төрағасының ұсынысы бойынша партия Төрағасының Бірінші орынбасары айқындайды.

12- тарау. Алынып тасталды.



13. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ

ЖӘНЕ ПАРТИЯ МЕНШІГІ
13.1. Партияның қаражаты мыналардан қалыптасады:

кіру және мүшелік партия жарналары;

Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес ұйымдарының қайырмалдықтары. Бұл қайырмалдықтар құжаттамалық түрде расталып, олардың пайда болу көзі көрсетілген жағдайда мемлекет алдындағы салықтық міндеттемелердің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады;

кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістер;

бюджет қаражаты.

Мыналардан қайырмалдықтар қабылдауға жол берілмейді:

шет мемлекеттерден, шетелдік заңды тұлғалар мен халықаралық ұйымдардан;

шетелдіктерден және азаматтығы жоқ адамдардан;

шетел қатысатын заңды тұлғалардан;

мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдардан;

діни бірлестіктер мен қайырымдылық ұйымдарынан;

иесі белгісіз қайырмалдық жасаушыдан;

халықаралық немесе шетелдік үкіметтік емес ұйымдардан гранттар және өзге де қаражат алатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес ұйымдардан.

Партия Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарғыда көзделген қызметті материалдық қамтамасыз ету үшін қажетті мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынатын объектілерді қоспағанда, өз қаражаты есебінен құрылған ұйымдарды меншіктене алады.

Партия филиалдары партияға тиесілі мүлікті қолдануға құқылы және олардың басшылары олардың сақталуына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

Партия қаржысының, мүлкі мен оның филиалдарының меншік иесі партия.

Партияның қаражаты және басқа да мүлкі партия мүшелерінің арасында үлестірілмейді және жарғылық мақсаттарға сәйкес шығындалып, жұмсалады.

Партия мүшелері партияның міндеттемелері бойынша, сол сияқты партия өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Партия мүшелерінің партия мүлкіне иелік етуге құқықтары жоқ.

13.2. Партия мүшелері партиялық жарналарды ай сайын мынадай мөлшерде төлейді:

еңбекке жарамды жастағы жұмыс істейтін азаматтар – Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 1% және партия мүшесінің қалауы бойынша одан да жоғары;

студенттер, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тыңдаушылары – Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 0,1% және партия мүшесінің өз қалауы бойынша одан да жоғары.

Зейнеткерлер, мүгедектер, жұмыс істемейтіндер, сондай-ақ бала күтімі бойынша демалыстағы тұлғалар мүшелік партиялық жарналарды төлеуден босатылады.

Партиялық кіру жарнасы бір рет төленеді және мүшелік партиялық жарналардың ай сайынғы мөлшеріне теңестіріледі.

Студенттер, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тыңдаушылары, сондай-ақ зейнеткерлер, мүгедектер, жұмыс істемейтіндер, сондай-ақ бала күтімі бойынша демалыстағы тұлғалар партиялық кіру жарналарын төлеуден босатылады.

Кіру және мүшелік партиялық жарналарды төлеу және есепке алу партиялық жарналарды төлеу және есепке алу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

13.3. Алып тасталды.

13.4. Ақшалай қаражаттың келіп түсуін, оларды және партияның өзге де мүлкін пайдалануды бақылау-тексеру комиссиялары белгіленген тәртіппен тексереді. Тексерістердің нәтижелері қажет болған жағдайда партия органдарының қарауына енгізіледі.

Партия қызметін қаржыландыруға бөлінетін бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

13.5. Алып тасталды.

13.6. Аумақтық филиалдар ай сайын тиісті аймақтық филиалға бюджеттің (шығыстар сметасының) орындалуы туралы есеп береді.

Аймақтық партия филиалдары тоқсан сайын Партия орталық аппаратына бюджеттің (шығыстар сметасының) орындалуы туралы шоғырландырылған есептемені береді.

Аймақтық партия филиалдары жыл сайын Партия орталық аппаратына шоғырландырылған жылдық қаржылық есептемені және бюджеттің (шығыстар сметасының) орындалуы туралы шоғырландырылған есептемені береді.

Есеп берулердің формалары және оларды беру мерзімдері партия Төрағасының Бірінші орынбасары бекітетін партия бюджеті туралы ережеде айқындалады.

Партия Саяси кеңесінің Бюросы партияның жылдық жеке және шоғырландырылған қаржылық есептемесін, сондай-ақ партияның қатысуымен құрылған немесе партия құрған ұйымдардың жылдық жеке және шоғырландырылған қаржылық есептемесін бекітеді.

13.7. Партияның, оның филиалдарының лауазымды тұлғалары партияның ақшалай қаражаты мен мүлкінің сақталуына және мақсатты пайдаланылуына жауапты.

13.8. Қаржы ресурстарын жинақтау және материалдық-техникалық базаны дамыту мақсатында, заңнамада белгіленген тәртіппен жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін партияның мынадай құқықтары бар:

Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбайтын кәсіпкерлік және шаруашылық қызметті жүзеге асыру, шарттар мен мәмілелер жасасу;

ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, көлік құралдарын, өзге де мүлікті белгіленген тәртіппен жалға алу, жалға беру;

несие алу және несие қаражатын пайдалану;

мәмілелер, шарттар жасасу, өзіне міндеттемелер алу, ұйым тараптарының сенімхаты бойынша әрекет ету;

өз қызметін басқа да тұлғалармен бірлесе отырып жүзеге асыру, соның ішінде заңды тұлға құру;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес ұйымдарының қайырмалдықтарынан түскен, партияның мүлкін жалға беруден түскен түсімдер, партияның кәсіпкерлік және шаруашылық қызметін жүзеге асырудан түскен кірістер партияның банктік шотына есептеледі.

13.9. Партияның өз қаражатын белгіленген тәртіппен қайырымдылық мақсатта пайдалануына жол беріледі.

13.10. Азаматтардың және мемлекеттік емес ұйымдардың қайырмалдықтары, партияға кіру, мүшелік жарналар және өзге де көздерден алынған ақша, сондай-ақ өзге де мүліктер осы Жарғыда көзделген партия мақсаттарына жұмсалады.

13.11. Партия және оның құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қаржылық жауаптылықта болады. Партияның және оның құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдарының) ақшалай және өзге де материалдық активтерді басқару саласындағы қаржылық есеп беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
14. ПАРТИЯНЫҢ РӘМІЗДЕРІ
14.1. Партияның рәмізі ретінде өзінің жеке туы, әнұраны, эмблемасы мен кеуде белгісі бар.

14.2. Партияның эмблемасы мөрлерге, бланкілерге, партиядағы мүшелікті растаушы партия құжаттарына міндетті түрде түсіріледі.

14.3. Партияның эмблемасында осы Жарғының №1 қосымшасына сәйкес мыналар бейнеленген: партияның атауы және оның үстінде ұясынан көтеріліп келе жатқан күннің нұрына бөленген тау шыңы;

ұясынан көтеріліп келе жатқан күннің орта бөлігінде ырғыған барыс бейнеленген;

эмблема үш гаммада түрлі түсті бояумен орындалған: сары, көгілдір ақық және ақ түсті.

14.4. Партияның жалауы – осы Жарғының №2 қосымшасына сәйкес ортасында партияның эмблемасы бейнеленген, ұзындығы енінен екі есе ұзын, түсі ақ тікбұрышты мата. Партияның Әнұраны – осы Жарғының №3 қосымшасына сәйкес «Елім менің» шығармасы, сөзі Нұрсұлтан Назарбаевтікі, әуенінің авторы Бекболат Тілеухан.

14.5. Осы Жарғының №4 қосымшасына сәйкес кеуде белгісінің формасы дөңгелек, диаметрі 23 мм, партияның эмблемасы бейнеленген.
15. ПАРТИЯ ЖАРҒЫСЫНА ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨЗГЕРТУЛЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ
15.1. Партия Жарғысына және Бағдарламасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселесін партия съезінің қарауына партияның Саяси кеңесі немесе партия Төрағасы енгізеді, не болмаса съезге қатысушы делегаттардың жалпы санының кемінде 1/3-нің талап етуімен енгізіледі.

15.2. Партия Жарғысына енгізу үшін съезд қабылдаған өзгертулер мен толықтырулар мемлекеттік тіркеуге жатады.


16. ПАРТИЯНЫ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ

ЖӘНЕ ТАРАТУ ТӘРТІБІ
16.1. Партияны қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) партия съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының заң актілерінде және осы Жарғыда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Қайта ұйымдастырудан кейін жаңадан құрылған партияны тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

16.2. Партия мынадай жағдайларда таратылуы мүмкін:

партия съезінің шешімі бойынша;

сот шешімі бойынша;

аймақтардың кемінде жартысынан астамын қамтитын партия мүшелерінің елу бір пайызының ұсынысы бойынша.

16.3. Партияны таратуды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен партия съезі немесе сот тағайындаған тарату комиссиясы жүргізеді.

16.4. Партия таратылғаннан кейін қалған оның мүлкі осы Жарғыда көзделген мақсаттарға жіберіледі.

16.5. Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеліміне тиісті жазба енгізілген соң партияны тарату аяқталды, ал партия өз қызметін тоқтатты деп саналады.

16.6. Алып тасталды.



«Нұр Отан» партиясы» ҚБ

«Нұр Отан» партиясы» ҚБ

Жарғысына №1 қосымша


Эмблема



«Нұр Отан» партиясы» ҚБ

Жарғысына №2 қосымша
Ту



«Нұр Отан» партиясы» ҚБ

Жарғысына №3 қосымша

Әнұран

ЕЛІМ МЕНІҢ



Сөзі: Н.Назарбаевтікі

Әні: Б.Тілеухандікі


Арайлап таңым, асқақтап тауым,

Ән ойнап көгім, күй тартты көлім.

Қол жетті міне аңсаған күнге,

Жасай бер, жаса, қазағым менің.


Қазақстаным – жасыл орманым,

Қуанышымды жасыра алмадым,

Аңсаған бабам, аңсаған елім!

Бостандық еді-ау асыл арманың.


Қайырмасы:

Елім менің аңсаған,

Тас бұғаудан босаған.

Құтты болсын отауың-оу,

Берік болсын-оу босағаң.

Бабамның қаны, анамның жасы,

Сіңген бұл далам, қымбатсың маған.

Береке-бірлік қамалдың басы,

Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы далам.
Күйінсін жауың, сүйінсін досың,

Жиылсын қауым, құйылсын көшің.

Ертеңің үшін аянба ерім,

Ояншы, елім, жиылсың есің.


Қайырмасы:

Ұрпақ үшін, ел үшін,

Ата мекен жер үшін.

Береке мен бірлігің-оу,

Таси берсін-оу өрісің.

________________________________________



«Нұр Отан» партиясы» ҚБ

Жарғысына №4 қосымша

Кеуде белгісі






©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет