1.Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы. ХХ ғ. аяғындағы Қазақстандағы қоныстандыру саясаты. Экспедициялық зерттеу жұмыстары


Қазақ зиялылары мен ағартушыларының ойлары, Қарақаралы петициясы. Дін және жер мәселелесінің қойылуы



бет24/61
Дата03.01.2022
өлшемі395.67 Kb.
#450828
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   61
Қазіргі заман тарихы АБ 1

Қазақ зиялылары мен ағартушыларының ойлары, Қарақаралы петициясы. Дін және жер мәселелесінің қойылуы

XX ғасырдың басында Қазақстан Ресей империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар үстем болған аграрлық отарлық шет аймағы болды.

Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады: тілінен, дінінен, ділінен айыру бағытында қатігездікпен ойластырылған шаралар жүйесін жүзеге асырды. Бұл жөнінде Міржақып Дулатов 1907 жылы жазылған «Қазағым менің, елім менің» атты мақаласында былай деп ашына жазған еді;

«… Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық… Оның ешқандай правосы жоқтығы кек тудырады. Халықтан жиналған салық қаражатының көп бөлігі халыққа, тіпті, керек емес нәрселерге жұмсалады… Енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызға, біздің моллаларға ғана тиісті неке мәселесіне араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды» (Дулатов М. Ш.А., 1991. 221-б.).

Қазақ ауылын басқаратын әкімшілік жүйе патша үкіметінің отарлау-әкімшілік аппаратымен біте қайнасып бай-шонжарлар өкілдерінің қолында болды.

Қазақ өлкесіндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси хал-ахуал, негізінен, аграрлық, ұлттық және белгілі дәрежеде таптық мәселелердің шиеленісуімен ерекшеленеді. Қазақстанда осы шиеліністен туындаған аграрлық және ұлттық-азаттық қозғалыс ең алдымен отаршылыққа қарсы бағытталады.

Жұмысшы табының қалыптасуы басталады, жаңа әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар пайда болып, қалаларда майда кәсіпкерлер шоғыры дүниеге келеді. Қазақтар арасынан шыққан зиялылардың іс әрекеті халыққа танылды: олар жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрды. Олар қазақ қауымына тән қоғамдық-саяси қозғалыстың бастауында тұрды.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қалыптасқан қазақ интеллигенттерінің басым көпшілігі тек қана бір кәсіби мамандықтың тізгінін ұстаумен шектелмей, әмбебап мамандар ретінде қызмет етті: олар оқу-ағарту ісімен де, қазақ тілінде басылымдар (кітаптар, газеттер, журнал) шығару қам-қарекетімен де, жан-жақты шығармашылық жұмыспен де қатар айналысты. XX ғасыр басында тек ағартушылық іс-әрекетімен шектелмеді, өздерінің дүниетанымының қалыптасуы барысында Ресей империясында болып жатқан ірі қоғамдық саяси оқиғалардың, саяси партиялардың және ұйымдардың пайда болуының куәсі және қатысушылары да болды.

Осылардың барлығына ортақ қасиет, ортақ ерекшелік олардың қазақ қауымының саяси сұраныстарына мүмкіндігінше толық жауап беруге атсалысуы еді.

Қазақстанға саяси-азаттық қозғалыстардың алғашқы ұрығын жер аударылып келген орыс революционерлері – социал-демократтар әкелді. Олар тыйым салынған әдебиеттерді,үкіметке қарсы ұрандар таратып, саяси ұйымдар құрды.

Солардың ішінде Қарқаралыда қоныс тепкен орыс демократтарына келсек, олар жергілікті халық арасында революциялық идеяларды таратты. Негізгі мақсаттарын іріктеп бөліп, қазақ интеллигенциясының сана-сезіміне әсер ете бастады. Мысалы, 1884 жылы Қарқаралыға саяси жер ауып келген Анна Сабурова, Александр Никвист, Александр Григорьев, 1890-1903 жылдары келген Ермолай Савин, Петр Лимарев, Осип Браун, Иван Гусев, Николай Беляев, т.б, Рессейде және басқа шетелдерде жүріп жатқан тап күресі жайлы жаңалықтарды үнемі ауыз екі жеткізіп отырды (Бақтыбаев Ә. Қарқаралыда солай болған… Қарқаралы журналы. 2004, №2 ). Толық емес мәліметтерге қарағанда 1868-1910 жылдары Қарқаралыға 120 адам жер аударылып келген (Шаймұқанов Д.А., Аршабеков Т.Т., Қасиетті мекен – Қарқаралы. Қ., 2004. 45-б.). Олар жергілікті интеллигенция өкілдері мен оқушы жастарды, жұмысшыларды саяси үйірмелерге тартып, байланыс жасап тұрды. Үйірме мүшелері Омбыда, Қызылжарда басылып шығатын үнпарақтарды көшіріп, көбейтіп, таратып отырды.

Дала өлкесінде Семей, Өскемен, Павлодар, Ақмола, Қарқаралы, Көкпекті қалалары саяси жер аударылып келгендердің мекеніне айналды.

Халық қозғалысының кең түрде таралуына түрткі болған жағдай 1905-1907 жылдардағы орыс революциясы еді. Бұл жерде айта кететін бір жай, халықтың шашыранды көтерілістерін туындап келе жатқан ұлттық интеллигенция біріктіруге ұмтылды. Өзінің саны жағынан аздығы мен әртектілігіне қарамастан өлкедегі ұлт-азаттық қозғалысты басқарды.

Семей облысының ұлттық интеллигенциясының идеялық-саяси іс әрекетінің тоғысқан жері Қарқаралы уезі болды. Дәл осы жерде олардың жаңа тарихи кезеңде қазақ халқының отаршылдыққа қарсы күресінің жетекшілері ретінде қалыптасуы мен бұрынғы көшпенді малшыларға саяси күрестің әліппесін, саяси құқықтары мен еркіндігіне қол жеткізудің түрлері мен тәсілдерін үйретуі өткен еді. Бұған куә Қарқаралыда әрекет еткен Ә.Бөкейханов, Ә.Ермеков, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев, Мұхаммед – Мақсұт Хамидуллин – Бекметовтің, т.б. қызметі.

Семей губернаторының Дала генерал – губернаторына жазған хатына XX ғасыр басындағы Қарқаралы жағдайында Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев, А.Байтұрсыновтың қызметі өкіметке қарсы саяси сипатта болды деп жазуы кездейсоқ емес. Ол бұл үшеуін бір топқа біріктіріп, «…айқын залалды мақсат тұтқан, оның негізінде қазақ бұқарасына үкіметке қарсы наразылық сеуіп, әкімшілікке деген дұшпандылыққа бейімдеуге ұмтылған» бірыңғай пікірдегі ұйым деп те көрсетуге тырысты (Шығыс Сарыарқа. Қарқаралы өңірінің өткені мен бүгіні. А. 2004, 405-б.). Осы жерде билеуші жүйе ұлттық интеллигенцияға қарсы жазалау шаралары арқылы халықтың бас көтеруін болдырғысы келмесе, екінші жағынан, оларды іс жүзінде пәрменді саяси күш деп мойындауға мәжбүр болды.

Ұлттық шеткі аймақ халықтарының күресінің бір түрі петициялық қозғалыс болды, сол арқылы өкіметке экономикалық, саяси, діни сипаттағы талаптар қойылатын. Петициядағы маңызды орын қазақ халқына сайлау құқығын беру туралы мәселелерге беріледі.

«Бүкілелдік наразылықтың қазақ қоғамына бұрын тән емес петиция түрінде көрінуіне түрткі болған тұңғыш россиялық революция болғанда, ал оны жазған азаматтық қозғалыстың басына келген жаңа әлеуметтік күш – ұлт-азаттық интеллигенция өкілдері еді» (Қойгелдиев М. Оянған сана үні. Ана тілі. 1990 ж., 12 сәуір).

Ресейде 1905 жылы бірінші орыс революциясы басталып, жұмысшы- шаруалардың бас көтеруі қызып жатқан кездерде қазақ халқы да елдің тұрмыс-тіршілігіне, ауыр жағдайына, жүргізіліп отырған қоныстандыру саясатының озбырлығына, жердің талан-таражға салынып бара жатқандығына ашық наразылықтарын білдіріп, патша өкіметіне бірнеше арыз, шағым жазған еді. Солардың ішіндегі ең маңыздысы – Семей облысындағы Қарқаралы, Семей, Павлодар уезі қазақтарының Петербургке жіберген петициясы. Шындығында бұл жалғыз ғана петиция емес. Белгілі ғалым З.Тайшыбайдың анықтауы бойынша өзінше бөлек, дербес мазмұндағы бірнеше құжат. Олар жеке-жеке: Ресей Императорына, Министрлер Кеңесінің төрағасына, ішкі істер министріне жолданған. Петицияны дайындап, халық өкілдеріне қол қойғызғандарының ішінде Ж.Ақбаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, К.Тоғысов, А.Аяғанов болған (Тайшыбай З. «Қарқаралы петициясы» туралы ақиқат. Ақиқат журналы. 2003. №7). Құжаттар 25-26 маусым күндері жасалған.

Қоянды жәрмеңкесінен жазылып, Ресей патшалығының атына жіберілген петицияның қазақша мәтіні мынандай (қазақшалаған – З.Тайшыбай):

«Ұлы мәртебелі император ағзамға.

Министр А.Булыгиннің жасаған жобасын қолдап, Омбыда генерал Сухатин бастаған атқамінерлер қазақтарды Земский соборға қатыстырмау жөнінде шешім алыпты. Мұндай жетесіз шешім Қыр өлкесінің негізгі халқы болып табылған қазақтардың тіршілік ерекшеліктерінен және халық ретіндегі еркімен үш қайнаса сорпасы қосылмайды.

Қытайдан Ауғанстанға дейінгі ұлан-байтақ жерді алып жатқан қазақтар өзінің бүкіл тағдыры мен өмірлік мүдделерін мемлекеттің тағдырымен байланысты деп санайды және өзін басқа халықтарымен тең праволы деп есептейді. Сіздің, патша ағзамға, халық сеніміне ие болған, лайықты адамдарды мемлекет билігіне қатыстырмақ ниетіңізді білуші едік. Демек, алты миллион қазақ халқын ерекше құқықсыз, заңсыз тобырға жатқызып қою – қарапайым ғана әділдік пен ақиқатқа қиянат емес пе?

Біздің мал шаруашылығымен айналысатынымыз рас, мал бағып көшіп жүргеніміз де рас. Бірақ, кейбір ұлықтар ойлағандай дала кезіп, жөн-жосықсыз қаңғып жүрмейміз. Осы үшін ғана мемлекет билігіне сайлану сияқты аса маңызды саяси құқықтан айырылуымызды қалай түсінеміз?!

Мал шаруашылығымен айналысты деп қазақты сайлау правосынан айырасыз, ал сауда істейтін, диқан, балықшы және басқа кәсіп иелерінің сайлау правосы барын қалай түсінеміз? Шынында Ресей империясының халықтары білімі мен мәдениеті жағынан әрқилы, солардың ішінде қазақтар алдыңғы орында емес екені рас, бірақ, ең соңында да қалып отырған жоқ. Қазақтардың қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді орыс мұжықтарынан кем түсінетінін кім дәлелдеген екен? Оның бер жағында қазақтардан гөрі мемлекет билігіне көбірек араласуға мүмкіндік алған отырықшы бұратана елдерден біздің қай жеріміз кем? Қазақтардың мүддесін кім қорғайды? Олардың мұң-мұқтажын кім біледі, халықтың өзі сайлаған өкілдері болмаса, сол халықтың қажетін өтеудің жолдарын кім көрсетеді?

Алдияр, мынаған сеніңіз: біз, қазақтар осынау үлкен жұмысқа дайындығымыз басқалардан кем деп есептемейміз. Бірақ, бізді танығысы келмейтіндер көп, бізді төмен санайды, бюрократтар, ұлықтар бізге кеуде көтеріп, кемсіте қарайды, біз бұдан көп қорлық көріп жүрміз.

Қалай дегенде де бізді әлдекімдердің танығысы келмейтініне жауапты емеспіз.

Жоғарыдағыларды айта келіп, патша ағзам, Сізден басымызды иіп сұраймыз: Сайлауға қатысуға ерік беріңіз, мемлекет билігінде қазақтар болса ғана біздің мұң-мұқтажымыз ескеріледі және шешіледі. Сонда ғана біз, қазақ халқы, Империяның басқа халықтарымен тең екенімізді сезінеміз (Тайшыбай З. «Қарқаралы петициясы…»).»

Қарқаралы уезінен сайланған 42 өкіл қол қойды. Бұл петиция өкімет орындарын ерекше абыржытып, әуре-сарсаңға салған. Өйткені, оған қол қойғандар түгелге жуық ел билеуші қазақтар еді. Ондаған жылдар бойы айтқанына көніп, айдағанына жүрген момын, қараңғы, «бұратана» халықтың бұлайша оянуынан үкімет қатты сескенген еді.

Осы құжаттың жасалуы туралы мәлімет жетісімен Омбыдан Қарқаралыдағы уезд басшысына петицияны ұйымдастырушыларды анықтап, іс қозғау жөнінде Дала генерал-губернаторының канцелярия бастығы Лосевскийден шұғыл түрде құпия жеделхат жіберілді. Сондай-ақ, 8 қазанда Омбыдағы сот палатасының аға басқарушысы А.А.Кобылинге Дала генерал-губернаторы Н.Н.Сухотиннен петицияны ұйымдастырушыларға тез арада Омбы сот палатасының іс қозғауы қажет деген жеделхат салынды. Петицияға қол қойған 42 адамның аты-жөнін анықтап, бақылауға алу туралы бұйрық беріледі. Құпия түрде жүргізілген тексеру бойынша петицияны ұйымдастырушы Ә.Бөкейханов екені анықталды. Бұл туралы «…петицияны Омбыдан Петербургке осы жылдың 28 шілдесінде Ә.Бөкейханов жіберген, ол осы уездің қырғыздарымен тығыз байланыста, қырғыздардың арасында оның беделі жоғары», – деп жазады штаб-ротмистр Оссовский өзінің дала генерал-губернаторына жіберген ақпаратында (Смағұлова С. Қарқаралы петициясы. Қазақ тарихы журналы. 1996. №1).

Осы ақпаратта жеделхаттың түпнұсқасын жасаушы және оны Омбыдан Қарқаралыға құпия түрде жеткізуші Омбы сот палатасының сот ісінің кандидаты Ж.Ақбаев екендігі де айтылды. Өз ісінің білгір маманы, заңгер, қазақ бұқарасының арасында зор беделге ие заң магистрі Ж.Ақбаев пен Ә.Бөкейхановтың бұл іске араласуы Ресей әкімшілік орындарында үлкен мазасыздық, үрей туғызады. Ел ішінде көтеріліс ұйымдастыруы мүмкін-ау деген желеумен генерал-губернаторлар екеуіне де қатаң бақылау қояды.

Императордың атына жіберілген петицияға 42 адам қол қойғанын тыңшылар анықтаған және олардың тізімі губернаторға жолданған ақпаратқа тіркелген. Онда Қарқаралы уезіне қарайтын 21 болыстың әрқайсысынан 1-3-тен адам аттары көрсетілген. Олардың ішінде: Қу болысынан – Мұсатай Тәттімбетов және Мақат Ақаев (Мұсатай – атақты күйші Тәттімбеттің баласы, ал Мақат – атақты Ақаев Хасеннің ағасы, А.Байтұрсыновпен бастас болған қайраткер). Берікқара болысынан – Ақбай Жандеркин (заңгер, Ж. Ақбаевтың әкесі). Балқаш болысынан – Нарманбет Орманбетов (атақты Нарманбет ақын), т.б. қол қойды деп жазылған (Қазақтар. Көпшілікке арналған 9 томдық анықтамалық. А. 1-т. 1998. 115-б.)

Ал, Ресей Министрлер кеңесіне, атқарушы билік төрағасына қойылған талаптар кеңірек әрі мейлінше нақты. Патшаның атына жазылған тілек-арызда жалпы саяси тұрғыда, жоғары билік құрамына, қазақтарды қатыстыру сияқты заңдық мәні бар мәселелердің болғанын көрдік.

Енді Ресей үкіметіне жазылған құжатқа қысқаша тоқталайық. Онда ар бостандығын беру, халықтың өз тілінде білім алуын ұйымдастыру, келімсектерді қоныстандыру саясатынан бас тарту, жер қорынын жергілікті халыққа тиесілі екендігі туралы арнайы заң актісін қабылдау, «Далалық ережені» және өлкені әкімшілік басқару жүйесін қайта қарау, азаматтық және сот ісін қазақ тілінде жүргізуді заңды бекіту, отарлаушы аппарат чиновниктерінің санын қысқарту, генерал-губернаторды орталықтан тағайындаудан бас тарту, жоғары билік органдарынан отарланушы өлке депутаттары үшін үлес беру талаптары қойылды (Букейханов А. Выборы в Степном крае. См.: к 10 летию Государственной думы. Спб., 1916, 43-44 б.). Министрлер Кеңесінің төрағасына жолданған петицияға 12767 адам қол қойған.

Патша атына және Ресей Министрлер Кеңесіне жолданған петициялармен бірге Ішкі істер министірлігіне жолдама-хат жіберілген. Оған уездердің атынан болыстардың өкілдері қол қойған. «Қарқаралы, Семей, Павлодар уездерінің қазақтарынан Патша ағзамның атына жіберілген тілекке қоса, Сіздің қарап шешуіңізге мынандай нақты мәселелер қоямыз» деп басталатын құжатты Ішкі істер министірлігінің құзырындағы, мысалы, мешіт және оның жанынан медресе ашуға рұқсат беру, баспа ісімен әркімнің айналысуы құқығын қамтамасыз ету, іс қағаздарын қазақша жүргізу, салықтар ерікті түрде төленетін болсын, қазба-байлықтар, ашылған кен орындарды, заводтар мен кеніштер – қазақтардың ұлттық байлығы болып саналсын, ормандар, өзендер мен көлдер, олардың байлығы да қазақтың ұлттық байлығы болып бекітілсін, соңғы 20 жылда қазақтардан тартып алынған жерлер өздеріне қайтарылсын, көшпелі қазақтар мен орыс шаруаларының, қазақ-орыстардың құқығын теңгеру сияқты мәселелер көрсетілген.

Петиция қазақ және орыс тілдерінде жазылған. Оны қазақ тілінен орысшаға Семей облысының Қарқаралы, Семей, Павлодар уездері қазақтарының сенімді өкілі Темірғали Нүркенов тәржімалайды.

Белгілі саяси қайраткерлер – Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, А.Байтұрсыновтардың бірлесе отырып жасаған петициялары саяси партияның қайнар көзі деп алуға болады. Кейін талап-арыздарда жазылғандардың бәрі Алаш партиясы күресінің негізгі арнасы, Алашорда үкіметі іс қағаздарының нақты бағдары ретінде көптеген құжаттарға арқау болды.

1905 жылы қазан айының соңында Ә.Бөкейхановтың бастамасы бойынша Омбыда 17 қазан Манифесі қазақ тіліне аударылды және вице-губернатордың рұқсатымен облыстық баспаханада басылып, 10 мың данасы қазақ ауылдарына таратылды. Ә.Бөкейханов былай деп жазды: «қазақтардың жүріп-тұруының арқасында манифест қысқа уақытта бүкіл даланың қолына тиді. Жер-жерде қазақтар үлкенді-кішілі съездерге жиналды. Манифесті оқыды, оны түсіндірді, болашақтағы мемлекеттік Дума сайлауы туралы мәселелерді талқылады» (Букейханов А. Выборы в Степном крае. 44-б.)

Қазақстанның барлық қалалаларында 17 қазандағы Манифеске арналған саяси шерулер, митингілер мен жиналыстар толқыны жайылды. Перовскідегі, Оралдағы, Қарқаралыдағы, Павлодардағы т.б. манифестациялар неғұрлым ірі болды. Оларды орыстар арасынан да, қазақтардан да шыққан жергілікті зиялылар ұйымдастырды. Бұл күндерде Оралда Б.Қаратаев пен Ж.Сейдалин, Қарқаралыда А.Байтұрсынов, Бекметов пен Ж.Ақбаев және т.б. ерекше белсенділік көрсетті. 1905 жылдың күзінде Ж.Ақбаев Павлодар – Қарқаралы бағыты бойынша үгіт жүргізу сапарына шықты. Осы сапар барысында ол қарашаның жетісінде Павлодарда болған митингіде бостандық идеясын уағыздаған және жергілікті әкімшілікті қайта сайлауды талап етіп сөз сөйледі, ол осы мазмұнды сөздерді қарашаның 11-де Баянауылда көп адам қатысқан жиналыста да айтты. Ә.Бөкейханов былай деп жазды:

«…Ол туған қаласы Қарқаралыға қарашаның ортасында жетті. Полиция басқармасының қарсы алдындағы бірден-бір алаңда дереу митингі ұйымдастырылды» (Рабочее и аграрное движение в Казахстане. 1907-1914 жж. А. 1957, 137-б.). Сөйтіп, 1905 жылғы 15 қарашада әйгілі Қарқаралы оқиғалары басталды, ол мұсылмандардың Құрбан айт мейрамына тұстас келді. Оған жұмысшылармен, қоныс аударған шаруалармен және солдаттармен бірге осы уездің ауылдары мен болыстарынан келген салт атты қазақ жігіттерінің үлкен тобы қатысып (Қазақстан тарихы. 3-т. А. 2002. 610-б.), митингіде Ж.Ақбаевтан басқа жергілікті ауыл шаруашылығы мектебінің басқарушысы Павел Бельдицкий, штабс капитан М.Бекметов, жергілікті команданың бастығы Гомбинский, полиция бақылауындағы В.Соколов, орманшы Астрейн, оның көмекшісі Глебов, мектеп мұғалімдері – Чемодонов, Митьяшин, бітістіруші судья Вайсерт, бітістіруші судьяның хат жүргізушісі Төлеңгітов және басқалары сөз сөйледі.

Бұл Қарқаралы оқиғаларының кең әлеуметтік базасы болғанын дәлелдейді. Дегенмен, оларды ұйымдастырушылар қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы өкілдері: Ж.Ақбаев, А.Байтұрсынов (жергілікті қазақ -орыс мектебінің мұғалімі), Көлбай Тоғысов (бітістіруші судьяның хат жүргізушісі), Ережеп Итбаев (Ф.Щербина экспедициясына қатысушы, Ә. Бөкейхановтың 1896-1906 ж.ж. көмекшісі) және басқалар болды (М.Құл-Мұхаммед. Ж.Ақбаев. Патриот. Политик. Правовед. 1995. 43-б.). Ж.Ақбаев саяси «бостандықты манифест бойынша патша өз еркімен беріп отырған жоқ, одан күшпен тартып алынды» деп атап көрсетті және халықты отаршылдық әкімшілікке бағынбай, қайта оған қарсы күресуге шақырды (Бақтыбаев Ә. Қарқаралыда солай болған. 43-б.).

Халықтың жаппай ереуілінен қорыққан жергілікті үкімет өкілдері демонстрацияға қатысушыларды қуып, тарату үшін қазақтар жүздігін шақырды. Бірақ, әскери команда бастығы офицер Гомбинский жиынды қарумен тарату жөніндегі бұйрықты орындаудан бас тартты. Солдаттар қызыл жалау көтеріп, өздері демонстрацияға қатысушыларға қосылды. Бұл жөнінде уезд бастығы Оссовский Семей губернаторына былай деп телеграмма жолдаған: «Айдалып келгендердің ықпалымен жергілікті команданың рухы түсті. Команда демонстрацияға қатысты. Бастығы революционерлерге жатады» (Бақтыбаев Ә. Қарқаралыда солай болған… 44-б.) Митингіден кейін, Петербургте 1905 жылы 9 қаңтарда бостандық үшін қаза тапқандарға арнайы дұға оқылды.

Демонстрацияға қатысушылар «Самодержавие жойылсын!», «Полиция жойылсын!» деп ұрандатып, дала генерал-губернаторының атына болыстардың мекемелерінде іс-қағазы қазақ тілінде жүргізілсін деп жарнама хат жолдады.

Кейіннен Қарқаралы оқиғаларының басшылары қуғынға ұшырады, кейбір шенеуніктер жұмыстан босатылды немесе басқа жерлерге ауыстырылды, қалғандары қашып кетті, ал Ж.Ақбаев Якутияға жер аударылды.

Сонымен, 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы кезіндегі Қазақстандағы саяси оқиғалар, әсіресе, жұмысшылардың, шаруалардың және зиялылардың бой көрсетулері, ұлт-азаттық қозғалыс және т.б. олардың әлсіздігіне және бытыраңқылығына қарамастан жергілікті еңбекшілер үшін үлкен саяси мектеп болды, бұл тәжірибені олар ұлттық және әлеуметтік азаттық жолындағы бұдан кейінгі күресінде пайдаланады.

2.Қазақ депутаттарының Ресейдің І – ІІ Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы

І-ІІ Думаға сайланған «Алаш» депутаттарының стратегиялық мақсаты – тарих қойнауына кеткен Қазақ хандығының жер аумағында жергілікті инфрақұрылымы дамыған заманауи Қазақ елін құру болды І және ІІ Думаның (1906, 1907 жж.) қазақ депутаттарының алдында тұрған ең маңызды міндет – жер-аграрлық мәселе болды. Атап айтқанда, біріншіден, Ресейдің ішкі еуропалық гүбернелерінен миллиондаған жерсіз орыс және украин шаруасын (мұжығын – С.А.) қазақ даласынан жер үлесін беріп қоныстандыру саясатын Думаның қадағалауына алдырып, оны заң жүзінде тоқтату, екіншіден, «Қарқаралы құзырхатының» 4-тармағында жазылғандай, қазақ халқына ата-бадан мұраға қалған төл жерін Дума қабылдайтын заң жүзінде меншігіне рәсімдеп беру.

Қазақ депутаттары І және ІІ Думада алдарына екі міндет қойды. Біріншісі – Ресейді түбегейлі реформалап, толыққанды халық билігін, яғни шынайы демократиялық мемлекет құру, екіншісі – жеке меншіктегі жердің бәрін мемлекет меншігі пен патша әулетінің қолындағы жермен бірге жалпыұлттық мемлекеттік қорға күштеп алу. Ал мұндай жер реформасы, Алаш жетекшілерінің ұсынуынша, империя халқының экономикалық өмірін де, отаршыл патшалық мемлекеттің құрылымын да толығымен өзгертеді. Ондай өзгеріс, өз кезегінде, жекеменшікті жер институтын тамырымен жояды, ұсақ жер иелерімен бірге патшалық абсолютизмнің тірегі болып келген ірі дворян-помещиктер тап ретінде тарих сахнасынан біржола кетеді, ал саяси билік – өзінен өзі халықтың қолына өтеді . Қазақ өкілдерінің жер мәселесінен кейінгі екінші көздегені – қазақтың барлық 9 облысы мен Астрахан гүбернесіне қарайтын Бөкей ордасына, сондай-ақ Алтай өңірінің Бийскі және Змеиногорск болыстарына – Дума мақұлдаған заң жүзінде генерал-губернаторлық, ояз және крестьян бастықтары институттарын жауып, оның орнына жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін – земство енгізу болды. Оның себебі: егер Ресейдің ішкі еуропалық бөлігінде земствоға ұқсаған мекемелер болса, Сібір мен Дала облыстарында әлі күнге дейін қоғамдық өзін-өзі басқарудың сағымы да болған жоқ.

І-ІІ Думаға сайланған «Алаш» депутаттарының стратегиялық мақсаты – 1847 жылы біржола ыдырап, тарих қойнауына кеткен Қазақ хандығының жер аумағында жергілікті инфрақұрылымы дамыған заманауи Қазақ елін құру болды. Думаның қазақ депутаттары 1906 жылдан бастап Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлерінің үлгісімен дербес әскери қолбасшылығы бар ұлттық атты әскер жасақтау, «Қарқаралы құзырхатында» жазылғандай, қазақ тілінде цензурасыз мерзімді баспасөз пен баспахана ашу, жергілікті әкімшілік (земство жиналысы, басқармасы) пен соттың ісқағаздарын және ұлттық мектеп-медреселерде оқу жергілікті ұлт тілінде жүргізу, қазақтың ұл-қыздарын кәсіби оқу орындары (гимназия, училище, семинария, т.б.) мен ЖОО-да оқыту үшін «қазақ капиталы» есебінен стипендиялар тағайындау, жатақханалар (пансиондар) салу және т.б. маңызды мәселелерді, әсіресе жер мәселесін көтеріп, заң жүзінде шешуге ұмтылды. Ең маңыздысы: І және ІІ Думада осы ұлттық мәселелердің көпшілігін, әсіресе жер, земство мәселесін шешуге толық мүмкіндік болды. Өйткені І Думада кадет партиясының 161 депутаты, Еңбекшілер партиясының 107, поляк колосы, украин, эстон, латыш, литва және т.б. ұлт топтарын қамтитын автономистердің 70 депутаты, түркі-мұсылман халықтарының 25 депутаты болды. Ашығын айтқанда І Думадағы 511 дауыстың кемінде 338-і – самодержавиеге қарсы партиялар мен ұлттық топтардың үлесінде болды. Ә.Н. Бөкейханның 1905 жылдан кадет партиясының мүшесі, 1906 жылдың маусымында І Думаға кадеттердің Семей облыстық қазақ бөлімінен сайланғанын, І және ІІ Думадада түркі-мұсылман халықтарының депутаттары мұсылман фракциясына бірігіп, кадет партиясының фракциясына қосылғанын ұмытпау керек . І Думаның спикері (төрағасы), оның екі орынбасары әрі хатшысы болып Ә.Н. Бөкейханның партияластары әрі достары С.А. Муромцев , князь П.Д. Долгоруков, Н.А. Гредескул және князь Д.И. Шаховской сайланды

Алайда аталған мәселелердің бірі де жүзеге аспады. Себебі 5 жылға сайланған Мемлекеттік Думаның 1906 және 1907 жылдарғы І және ІІ шақырымдары 72 және 102 күн ғана жұмыс істеп, біріншісі 1906 жылы 8 шілдеде, екіншісі 1907 жылы 3 маусымда күштеп таратылды. ІІ Дума таратылған күні император ІІ Николай өзі шығарған «Негізгі мемлекеттік заңдардың» 87-бабын өрескел бұзып, сайлау ережесінің жаңа нұсқасын шығарды . Ресейдің либералдық қауымы жаңа ережені «3 маусым төңкерісі» деп бағалады. Екі Думаның мезгілсіз таратуының бар сырын Қыр баласы (Ә. Бөкейхан) сайлау құқынан айрылған халқына жалпақ тілмен түсіндіріп берді: «Себебі, бұл екі Дума да мұжыққа орыс дворяны жерінен жер бермек болды. ІІІ Дума депутаты сайланатын жол жасағанда мұжық депутатын неше қайтара бұрынғадан азайтты. Орыс патшалығы панасындағы жұрттың әрбір 100-іне 85 орыс мұжығы болады, қалған 15-тің ішінде поляк, еврей, татар, қазақ һәм уақ жұрттар. Орыстың қаласынан «3-інші июнь» законымен сайланған адамдардың мұжық депутаты 10-нан 1-ақ, Думада мұжық депуттары 40-50 - 442 депутат ішінде. Орыстың патшалығын арқалап асырап отырған мұжыққа мұны қылғанда - аз, бытыраңқы, «надан» қазақты не қылсын?! Думадан шығарды да тастады»

3.Бірінші дүниежүзілік соғыс және жалпыұлттық дағдарыстың пісіп-жетілуі

ХХ ғасырдың екінші онжылдығының алғашқы жылдарынан бастап-ақ патша өкіметінің Қазақстандағы отарлық саясаты одан сайын күшейе түсті. Қазақтарды жерінен айырып, құнарсыз және шөлді аймақтарға ығыстыру одан әрі жалғасты. Патша өкіметі 1916 жылға қарай қазақтардың 45 млн. десятина жерін тартып алды. 1907-1912 жылдары Ресейдің орталық аймақтарынан Қазақстанға 2 млн. 400 мың адам қоныстандырылды. Қоныс аударушылар салықтар мен алымдардың көптеген түрінен босатылды. Қоныс аударушыларға қарулануға рұқсат берілді. Патша өкіметі жергілікті халық пен қоныс аударушылар арасындағы ұлттық жанжалдарды әдейі өршітіп отырды.

Өнеркәсіп жұмысшыларының жағдайлары да нашарлай түсті. 1912-1914 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолының және Спасск мыс қорыту зауытының жұмысшылары, Доссор мұнайшылары мен Торғай уезіндегі Шоқпаркөл көмір кенінің жұмысшылары ереуілдер мен наразылықтар жасады. Аталған жағдайлардың бәрі өлкеде ұлт-азаттық наразылықтың күшейіп келе жатқандығын көрсетті.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы және соғысқа байланысты туындаған қиыншылықтар өлкедегі жағдайды одан сайын шиеленістіріп жіберді. Соғысқа дейін жинақталған әлеуметтік, экономикалық және ұлттық қайшылықтар одан әрі тереңдеп күрделене түсті. Қандай соғыс болса да оның қиыншылықтар мен ауыртпалықтар алып келетіндігі белгілі. Және бұл қиыншылықтар ауыртпалығы ең алдымен қарапайым еңбекші бұқараның мойнына түседі. Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы жылдарынан бастап-ақ патшалық Ресейдің техникалық және экономикалық жағынан артта қалғандығы айқын көрінді.

1915-1916 жылдардағы ауыр жеңілістерден кейін Ресей батыстағы едәуір территориясынан айырылды. Майдандағы сәтсіздіктер адам күші мен материалдық ресурстарды үсті-үстіне талап етті. Әсіресе, жұмыс күшінің жетіспеуі шаруашылықтың көптеген салаларын дағдарыс жағдайына жеткізді. Соғыс Қазақстанға да өзінің ауыр зардаптарын тигізді, салық 3-4 есе, ал кейбір жағдайларда 15 есеге дейін өсті. Арнайы соғыс салығы енгізілді. “Ерікті қайырымдылықтар”, мемлекеттік заемдар және тағы басқа да соғыс салығы түріндегі, барлығы 10-ға жуық әртүрлі салықтар мен міндеткерліктер төлеу және атқару міндеттелді. Қазақ даласынан орасан көп мөлшерде арзан бағамен мал сатып алынды, соғыс жүктерін тасымалдау үшін қазақтардың көлік күштері олардың ықтиярынсыз пайдаланылды. 1916 жылға дейін Түркістан өлкесінен 70 мың жылқы, 13 мың түйе, 300 мың пұт ет, 3 мың пұт мақта майы, 473 мың пұт балық, 38 мың аршын киіз, 13 мың киіз үй алынды. Қазақтар сонымен бірге Қазақстан территориясы арқылы өткен әскерлерді тегін етпен, астықпен, малмен, киіз үймен қамтамасыз етуге тиіс болды.

Соғыс жылдарында егіс көлемі қысқарып, мал саны азайып кетті. Соғыс өлкеде өнеркәсіптің құлдырауын, ауыл шаруашылығы өнімдерінің күрт төмендеуін, транспорт дағдарысын және қымбатшылық пен ашаршылықты туғызды. Патша әкімшілігі ұлтшылдық ұрандар тастап, ұлтаралық араздықты әдейі қоздырды, қоныс аударғандарды ұрылардан қорғану дегенді желеу етіп қаруландырды. Ұлттық-отарлық езгі одан әрі күшейе түсті. Қоныс аударғандар мен қазақтар арасында тартып алынған жерлер үшін күрес күшейіп кетті. Қазақтар кулактар мен казактардың қысымы мен озбырлығына жауап ретінде олардың жылқыларын айдап әкетіп, жер белгілерін қиратып, дайындаған пішендері мен шабындықтарын өртеп кетіп отырды.

Соғыс ауыртпалықтары мен патша өкіметінің отарлық езгісінің одан әрі күшеюі өлкеде жаппай наразылық туғызды. Қазақ даласында жалпы ұлттық дағдарыс пісіп жетілді.

1914 жылы басталған және оған патшалық Ресей де қатысқан бірінші дүниежүзілік соғыс оның халықтарына аса ауыр қайғы-қасіреттер әкелді: әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді, империяның шет аймақтарында патша шенеуніктерінің басынушылығы мен зорлық-зомбылығы өлшеусіз артты. Қазақстанда бірінші кезекте Сырдария облысының солтүстік-шығыс аудандарында, Жетісу облысының оңтүстігінде және басқа бірқатар облыстарда қазақтардың жерлерін жаппай тартып алу жалғасып жатты. Тек Жетісу облысының бір өзінен ғана соғыстың алғашқы үш жылы ішінде 1800 мың десятина ең таңдаулы жайылымдық және егістік жерлер тартып алынды, ал осы жерлердің шын қожалары – қазақтар шаруашылық жүргізуге жарамдылығы аз немесе мүлде жарамсыз шөл және шөлейт аудандарға күштеп көшіріліп жіберілді. Қазақтардан тартып алынған жерлер патша офицерлеріне, шенеуніктерге, дін басыларына, казак әскерлері мен Ресейден және Украинадан қоныс аударған шаруаларға үлестірілді. 1916 жылдың ортасына таман қазақ халқынан тартып алынған жерлердің көлемі 45 млн. десятинаға жетті. Соғыс шикізатты, азық-түлікті, малдың және басқа материалдық байлықтардың орасан зор мөлшерін жұтып жатты. Осыған байланысты қазақ халқының иығына жаңа ауыртпалықтар түсті: міндетті түрде ет тапсырылды, мемлекет керегіне мал жаппай еріксіз алынды, әрбір үйден жаңа соғыс салығын алу енгізілді, земстволық салымдар және болыс басқарушыларын бағып-қағуға арналған бай-болыстық алымдар, сондай-ақ жол үшін төленетін және басқа салықтар мөлшері артты. Жергілікті халыққа салынатын салықтар соғыстың басталуымен байланысты 3-4 есе, ал жекелеген жағдайларда – 15 есеге дейін өсті.

1916 жылы таптық және ұлттық езушіліктің, соғысқа деген өшпенділіктің күшеюі жаппай құбылысқа айналды. Соғыс елдегі жалпы-ұлттық дағдарыстың пісіп-жетілу процесін тездете түсті. Соның жарқын бір көрінісі Қазақстан мен Орта Азияның барлық аймақтарын дерлік қамтыған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі болды.

Көтерілістің шығуының басты себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің күшеюі, жерді тартып алу, салықтар мен алымдардың өсуі, еңбекшілерді қанау, өлкенің қазақ және басқа бұрыннан тұрған жергілікті халықтары жөнінде царизмнің жүргізіп жатқан орыстандыру саясаты, соғысқа байланысты қалың халық бұқарасы жағдайының күрт нашарлап кетуі, міне осыған алып келді. Көтерілістің бұрқ ете қалуына патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы армияның тыл жұмыстарына Қазақстанның, Орта Азияның және ішінара Сібірдің 19-дан 43 жасқа дейінгі “бұратаналық” еркек халықтарын шақыру жөніндегі жарлығы тікелей сылтау болды. Мемлекет әжетіне еріксіз алынғандарды әрекеттегі армия қимыл жасап жатқан аудандарда қорғаныс құрылыстары мен әскери байланыс жолдарын салу жұмыстарына пайдалану жоспарланды. Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан – 100 мыңнан астам, Жетісудан – 87 мың адам еріксіз алынуға тиісті болды.

Шілденің басында Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Халық қаһарының соққысын алдымен тылдық жұмыстарға баратындардың тізімін тікелей жасаушы болыс басқарушылары, ауыл ағамандары және патша әкімшілігінің басқа да төменгі қызметкерлері алды. Қазақтардың метрика куәлігінің жоқтығын пайдаланып, олар тізімге жасы нешеде екеніне қарамай, өз беттерінше кедейлерді енгізіп, ал байлардың балаларын пара бергені үшін шақырудан босатып отырған. Тізімдер жасау жүйесі іс жүзінде осындай жаппай парақорлық пен қызмет бабын теріс пайдаланушылық туғызды.

1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алды. Империализм мен бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайларында Амангелді Иманов пен көтерілістің басқа басшылары халықты өз уақытында Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Кенесары мен Наурызбай Қасымовтар бастаған тәуелсіздік жолындағы күреске көтерді. Кенесары Қасымовтың басшылығымен болған ұлт-азаттық қозғалысынан кейін бірінші рет 1916 жылғы көтеріліс кең байтақ өлкенің барлық аймақтарын қамтып, бүкілқазақтық сипат алды. Көтеріліс отарлауға және империалистік саясатқа қарсы бағытта өрбіді. Халықты ұлттық және саяси азат ету жолындағы көтерілістің таптық жағы екінші кезектегі мәселе болып қалды.

4.Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында 1916 жылғы көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарас.

Тарихшылар Қазақстанда 1916 жылы болған ұлт-азаттық көтерілісті түсіну үшін оны сол кезде Орталық Азияда болған бас көтерулермен біріктіре зерттеу қажет деп біледі.

Қазақстандық тарихшы профессор Мәмбет Қойгелді елде 1916 жылы болған көтеріліс тарихы тар ауқымда қарастырылып келгенін айтады. Оның пікірінше, Ресей патшасы Екінші Николайдың Орталық Азия мен Сібірдегі «бұратана халықтардан» 400 мың адамды майданның тыл жұмыстарына алу жайлы «Реквизициялау туралы» жарлығына қарсы шыққан көтерілісті бір ел ауқымында бағалау жөн емес.– Методологиялық-теориялық тұрғыдан қарағанда тар арнада қарау қате болып шықты. Кең арнада, тіпті Орталық Азия кеңістігінде ғана емес, әлемдік контексте, тарихи үрдістер ішінде қарау қажет. Себебі бұл мезгілде Орталық Азияда ояну үрдісі жүріп жатты, – деді Мәмбет Қойгелді Астанада өткен, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференцияда.

«ДІНГЕ ҚЫСЫМ МЕН ТЫЛҒА ШАҚЫРУ»

Қазақстандық тарихшының пікірімен қырғызстандық тарихшы Толобек Абдырахманов та келіседі. Ғалым оған қоса Орталық Азиядағы 1916 жылғы көтеріліс себептерін түгендегенде діни фактор да көп айтылмай келеді деп біледі.

– Жергілікті халықтың көтеріліс жасауына жанама түрткі ретінде діни жағдай әсер еткен. Мәселен, сол кездері тек Қырғызстанда 200-дей ауылда шіркеулер жұмыс істеп тұрды. Шіркеу салуға ешқандай шектеу болмады. Ал мешіт салу үшін отаршыл генерал-губернатордың арнайы рұқсаты керекболған, – дейді қырғыз ғалымы.

Толобек Абдырахманов патшалық Ресей билігінің дінге қысымы Қырғызстанда 1916 жылғы жарлыққа қарсы көтерілісті қоздырған себептің бірі деген пікір айтады.

– Осындай шетін жағдайда патшаның тылға адам алу жарлығы жетті. Ол дәлораза кезі еді. Молдалар «оразаны ешкімнің бұзуға хақы жоқ» деп жастарды қарсылыққа алып шықты, – дейді тарихшы.

Татар ғалымы, Қазандағы Маржани атындағы тарих институтының жаңа тарих кафедра меңгерушісі Ильдус Загидуллин Орталық Азияның кей елдерінде 1916 жылғы көтеріліс кезінде дін мәселесі де маңызды болғанын айтады.

– Осман империясы Ресей, Англия, Франция мұсылмандарына өз мемлекеттері мен билігіне қарсы жиһадқа шығуға пәтуа шығарды. Ресей билігі дереу әскери бөлімдерде діни көңіл-күйді қадағалауды қолға алып, молдаларды идеологиялық қызметкер ретінде пайданаланды. Себебі армияда мұсылман офицер өте аз еді, – дейді ол.

Ильдус Загидуллин Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Орталық Азиядағы халықтарды тыл еңбегіне шақырып жатқан кезде татарлар мен башқұрттар патша боданы ретінде соғыста жүргенін айтады.

– Бастапқыда майдан даласында молдалар жетпегендіктен қаза болған мұсылмандарды христиандық діни жоралғы бойынша жерлеген. Бұл жауынгерлердің көңіл-күйіне теріс әсер етті, – дейді ол.

Ал қазақстандық ғалымдар елдегі 1916 жылғы көтеріліске діннің қандай қатысы болғаны анықталмағанын айтады.


– 1916 жылғы көтерілістегі дін мәселесі Қазақстанда әлі зерттелмеген, – дейді түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференцияда бұл оқиғаға Орталық Азия елдерінде әртүрлі деңгейде мән берілетіні де сөз болды.

Қырғызстандық тарихшы Тынчтыкбек Чороевтың (Чоротегин) айтуынша, қырғыз қоғамында 1916 жылғы көтеріліс пен үркіншілікке қызығушылық жоғарғы.

5.Ресейдегі ақпан, қазан революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі. Жалпы қазақ съезі және Алаш партиясы.

1917 жылы ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархия құлатылды. Майдан штабы жанындағы Қырғыз бөлімінің басшысы Ə.Бөкейханов: “Ресей халықтары үшін Туысқандық, Теңдік және Бостандық күні туды. Жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтардың бірігуі керек. Жаңа тәртіпті нығайту үшін басқа халықтармен туысқандық байланыстарды күшейту қажет” деген үндеу жолдады. Ұлт-азаттық қозғалыс басшылары ұлттық автономия құратын, жалпыұлттық мәселелерді шешетін сәт туды деп санады.

1917 жылғы Ақпан төңкерісінің тарихи маңызы: патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді, ұлт саясатында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мəлімдеді. Кемшіліктері: ұлттық-аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды, отаршылдық басқару органдарын жоймады.

1917 жылғы наурыз, сәуірде әр жерде жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды. Кеңестермен бірге Уақытша үкімет органдары жұмыс істеді. Қазақстанда да қос өкімет орнады. Орал, Верный, Ақмола, Əулиеата, Семейде қырғыз (қазақ) ұлттық комитеттері құрылды. Уақытша үкімет реформашыл жолмен капитализмді дамытуға бет алу қажет деп санады. Ол ипериялық ұлт саясатын қайта қарауға қадам жасады. 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының дін ұстануына, ұлтқа байланысты құқықтарын қандай да болсын шектеудің күшін жойды. Уақытша үкімет “бұратана жұмысшы жасақтарын” Отанына қайтару туралы шешім қабылдады.

Революциялық пиғылдағы жұмысшылар Кеңес арқылы Верный, Семей, Екібастұзда 8 сағаттық жұмыс күнін енгізуге, Кеңестердің бағдарламасына помещиктердің жерін тәркілеу туралы талаптарды қосуға күш салды. Ақпан революциясы патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді.

Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, солдаттармен қарым- қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті. Олар туған жерлеріне түрлі партиялардың мүшесі болып оралды. 1917 жылдың шілдесінде Верныйда “Қара жұмысшылар одағы” құрылды.

Сергиопольде 800 майдангер солдатпен тыл жұмысына алынған қазақтар “Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымын” ұйымдастырды. Петропавлда “Жас арбакештер одағы” құрылды. Тыл жұмысшыларының бұқарасы Уақытша үкіметке қарсы оппозицияның әлеуметтік тірегіне айналды.

Ұлттық демократияшыл зиялылар ұлт азаттығы идеясын таратушы, ұлттық сананы оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші болды. Ол күресті Ресей либералдық-демократиялық қозғалысының қайраткері, бұрынғы кадет партиясының мүшесі болған Ә.Бөкейханов басқарды. А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ə.Ермеков, Ж.Ақбаев, Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов оның пікірлес серіктері болған. Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, эволюциялық-конституциялық жолмен автономиялық ұлттық мемлекет құру идеясы қозғалыстың негізгі өзегіне айналды.

1917 жылғы сəуірдегі Жетісу облыстық съезінде қаралған мəселелер:

− Халықты азық-түлікпен жабдықтау;

− Өзін-өзі басқару;

− Сот ісін жүргізу;

− Салық салу;

− Білім беру жəне ағарту ісі;

− Аграрлық мəселе;

− Босқындарды Қытайдан қайтару;

− Қазақ-орыс қатынастарын реттеу. Съезд “Облысқа сырттан әкеліп қоныстандыруға жол бермеу қажет” деп шешті.

1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор жалпықазақ съезі болып, оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана, Ішкі Бөкей Ордасынан делегаттар қатысты. Қаралған мəселелер:

− Мемлекеттік басқару формасы;

− Қазақ облыстары автономиясын құру;

− Жер мəселесі;

− Халық милициясын құру;

− Білім беру;

− Сот ісі;

− Рухани-діни мəселе;

− Жетісудың ашыққан халқына көмек ұйымдастыру;

− Қытайдағы 83 мың қазақ босқыны туралы.

”Алаш” саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау қажет деп тапты. Қазақ облыстары ұлттық-аумақтық автономия алуға тиіс деген қарар қабылданды.

1917 жылы мамырдағы мұсылмандардың Бүкілресейлік съезінде Ресейдің мемлекеттік құрылыс формасы мен әйелдер мәселесі қызу талқыланды. Қаралған мəселелер:

− Көп əйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық.

− 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу.

− Міндетті жəне тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беруді енгізу.

250 молданың қарсылығына қарамастан “Мұсылман əйелдері саяси жəне азаматтық құқықтары жағынан ерлермен тең болуға тиіс” деген қарар қабылданды.

1917 жылғы қыркүйекте тұңғыш мұсылман партиясы − Түркістан федералистер партиясы құрылды. 1917 жылы Әулиеата мен Меркеде “Қазақ жастарының революцияшыл одағы” құрылды. Ақмолада “Жас қазақ” ұйымы жұмыс істеді.

1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның солтүстік облыстарында кадеттер ұйымы жұмысын жандандыра түсті. Кадеттер бөлінбес біртұтас Ресейді, конституциялық монархияны қалыптастыру саясатын жақтады. Семейде кадеттер ұйымы “Свободная речь” газетін шығарып тұрды. Кадет партиясына мүше болған Ə.Бөкейханов бұл бағдарламамен келіспейтіндіктен, партия қатарынан шықты.

1917 жылғы көктемде өлкеде эсерлер ұйымы құрылды. “Жер оны өңдейтіндерге берілсін”, “Жер − бүкіл халықтың меншігі” ұрандарын көтерді. Патша өкіметінің отарлау саясатын айыптады. 1917 жылдың жазына қарай Черняев Кеңесінен басқа барлық Кеңестер эсерлердің қолында болды. Сонымен қоса казак партиясының бөлімшелері Орал, Атырау, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Семейде жұмыс істеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет