2015 жылы көктемгі егіс жұмыстарын орындалуы туралы ақпарат



жүктеу 35.75 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі35.75 Kb.


2015 жылы көктемгі егіс жұмыстарын орындалуы

туралы ақпарат
Аудан бойынша 2015 жылы жаздық егістік көлемі 23848 гектар құрайды. 2014 жылы егістік көлемі 21800 гектар болған. Өткен жылмен салыстырғанда егістік көлемінің өсімі 109 пайыз.

Оның ішінде дәнді- дақылдар 4062 гектар, 2014 жылы 3326 гектар болған, өсім 122 пайыз. Биылғы жылы соя 289 гектарға егіліп, 220 пайызды құрады. Картоп 1067 гектар егілді, өткен жылы 1030 гектарды құраған, өсім 103 пайыз.

Күнбағыс 3061 гектар, өткен жылы 2892 гектар болған, өсім 106 пайыз. Көкөніс пен бақша 1280,7 гектар, өткен жылы 997 гектар болған, өсім 128 пайызға ұлғайды. Теректі ауылдық округі қосымша 200 гектар жерге бақша өнімдерін екті. Бір жылдық, биылғы себілген, өткен жылдық көп жылдық шөптер 14090 гектарды немесе 102 пайызға ұлғайды.

2015 жылдың бірінші маусым айындағы мал басының көрсеткіші төмендегідей; Ірі қара мал саны барлығы 80145 бас, оның ішінде сиыр 36037бас; кой саны барлығы 195281 бас оның ішінде саулық 89060 бас, ешкі саны 51078 бас оның ішінде аналық 23707 бас; жылқы саны 21362 бас, оның ішінде биелер 7798 бас.

Аудан бойынша барлығы 20 асыл тұқымды шаруа қожалықтары бар. Оның ішінде: асыл тұқымды ірі қара мал шаруашылығымен айналысатын 3 шаруа кожалық бар, ірі қара мал саны барлығы 1755 бас, оның ішінде аналығы 890 бас; асыл тұқымды қой шаруашылығымен айналысатын 3 шаруа кожалық бар, қой саны барлығы 7667 бас, оның ішінде аналығы 4883 бас; асыл тұқымды жылқы мал шаруашылығымен айналысатын 3 шаруа кожалық бар, жылқы мал саны барлығы 908 бас, оның ішінде аналығы 542 бас; асыл тұқымды ара шаруашылығымен айналысатын 11 шаруа кожалық бар, омарта саны барлығы 1565 ұя, оның ішінде 1233 асыл тұқымды ұялар.

Мал шаруашылығын дамытуда 2015 жылы «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларын іске асыру бойынша ауылдық округтерге тапсырмалар берілген. Осы тапсырманы ағымдағы 2015 жылында «Сыбаға» бағдарлама бойынша 10,12млн тенге игерілуде, «Құлан» бағдарламасы бойынша 79,180 млн тенге игерілуде.

Сонымен қатар А ККорпорацияның қаралуында 5 тапсырыс бағасы 27,890 млн. тенге , олар несие бағдарламасын ауыл шаруашылық өндірістік және қайта өңдеуді несие серіктестігі арқылы-2 тапсырыс бағасы 9,150 млн. тенге, «Сыбаға» бағдарламасы- 2 тапсырыс бағасы 12,440 млн тенге, коммерциялық несие бағдарламасы-1 тапсырыс бағасы 6,300 млн. тенге.


Инвест жобалар-лизинг
Ауданда ауылшаруашылығы тауар өндірушілері 2014 жылы «КазАгроФинанс» АҚ арқылы 58 млн. 354 мың тенгенің 25 дана ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алса, 2015 жылдың алғашқы 6 айында 76 млн. 702 мың тенгенің 29 дана ауылшаруашылығы машиналары сатып алынды.Оның ішінде 50млн.992мың тенгенің 20 дана ауыл шаруашылығы техникасы лизингке алынса, 25 млн.710 мың тенгенің 9 дана техникасын шаруа қожалықтары өз қаражаттарына алды. 2015 жылдың 6 айында 76 млн.702 мың теңгенің 29 дана ауылшаруашылығы техникалары сатылып алынды.

ҚР Үкіметінің 29.04.2014 жылғы № 421-ші қаулысына сәйкес, 2014 жылы аудан шаруашылықтарының 13 жобасына 30 жаңа ауылшаруашылығы машиналары қатыстырылып, «КазАгроМаркетинг» АҚ арқылы 29 млн.466 мың 200 тенге инвест субсидированиясы төленсе, 2015 жылдың 5 айында 8 жоба бойынша 22 жаңа техникаға 18 млн.709 мың 430 тенге инвестсубсидирование төленді.



2015 жылдығы 6 айында алынған жаңа техникалар




Аулд. округ

Техн. саны

Соммасы,млн.тенге




1

Күршім

4

7,875




2

Абай

8

12,570




3

Балықшы

9

15,402




4

Маралды

3

6,255




5

Боран

1

3,100




6

Құйған

1

23,400




7

Төсқайың

1

3,500




8

Теректі

2

4,6







Барлығы:

29

76,702






Кәсіпкерлік және

ауыл шаруашылығы

бөлімінің басшысы С.Ашманов


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет