1.Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы. ХХ ғ. аяғындағы Қазақстандағы қоныстандыру саясаты. Экспедициялық зерттеу жұмыстары


Тұтас Түркістан идеясы және басмашылар қозғалысы



бет28/61
Дата03.01.2022
өлшемі395.67 Kb.
#450828
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61
Қазіргі заман тарихы АБ 1

Тұтас Түркістан идеясы және басмашылар қозғалысы.

Басмашылар қозғалысы (1918 — 1930) — Түркістан өлкесі халықтарының Кеңес өкіметі өктемдігіне қарсы жүргізген азаттық күресі. Басмашылар қозғалысы кеңестер билігінің жалпыадамзаттық құндылықтарға таптық, партиялық мүддені қарсы қою саясатының терең дағдарысқа ұшырағандығының, соның салдарынан империяның басқа аймақтарын қамтыған ішкі азаматтық қақтығыстың Түркістан өлкесіне жеткендігінің көрінісі болды. Кеңес өкіметінің 1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясын қарулы күшпен құлатуын, сондай-ақ, Түркістанда дәстүрлі қалыптасқан қоғамдық қатынастар мен тәртіпті рев. шаралар арқылы түбегейлі қайта құру жолындағы алғашқы қадамын жергілікті халық жаңа отаршыл мақсатты көздеген әрекет ретінде қабылдады. Мұндай қалыптасқан жағдай Басмашылар қозғалысының шығуына алып келді. Кеңестік тарихнама бұл қоғамдық құбылысты қарабайырландырып, Басмашылар қозғалысы шетелдік интервенциялық орталықтардың қолдауымен ішкі феодалдық және діни күштердің Кеңес өкіметіне қарсы таптық күресі болды деген бір жақты тұжырым жасады. Басмашылар Қозғалысының құрамы тек феодалдық топтар мен дін басыларынан ғана тұрған жоқ, оның иіріміне жеке қожалығы мен дәстүрлі тіршілігінен, дінінен, салт-дәстүрінен айырылып қалудан үрейленген орта шаруалар мен қарапайым диқандар да тартылды.[1] Олардың ортақ идеологиясы өз Отанын, меншігін, дәстүрлі өмір салтын жаңа мазмұндағы отаршыл өзгерістерден, зорлықшыл шаралардан құтқару, сақтау болды. Түркістан өлкесінде жергілікті халық өкілдерінің қолына қару алып, кеңестік билікке қарсы шығуы алғаш Ферғана облысында бой көрсетті. Онда 1918 жылы көктемде құрбашы Ергеш, күзден бастап құрбашы Мадаминбек бастаған басмашылар тобы батыл қимылдарға көшті. Тек құрбашы Ергештің қол астында 1800-ге жуық қарулы жасақ болды. 1919 жылға қарай басмашылар тобының саны 150-ге жетті. Ондағы адамдардың саны 60 мыңға жуық болды. Басмашылардың көздеген ортақ мақсаты — Түркістан өлкесінің тәуелсіздігін қалпына келтіру еді. Қозғалысқа 1917 — 1918 жылғы жұттан ығысып Ферғана өңіріне келіп, рев. дүрбелеңнен соң сонда қалып қойған орта жүз қазақтары да белсенді түрде ат салысты, Жиделібайсын тұрғындары көтерілісшілерді көлікпен қамтамасыз етті. Басмашыларды қаруландыруға ағылшын үкіметі дипломатиялық тобының басшысы Ф. Бейли, Ташкенттегі Америка консулы Р. Тредуэлл қатысты. Басмашылар кеңестік әскери бөлімшелерге, өнеркәсіп орындарына, темір жол стансаларына, қоймаларға тұтқиылдан тап беру әдісін қолданды. 1919 жылы қыркүйекте Мадаминбек тобы Қырғызстандағы К. Монстров бастаған шаруалар армиясымен бірлескен әрекеттерге көшіп, Ош пен Жалалабад қалаларын басып алды, Әндіжан мен Ферғана қалаларына қауіп төндірді. 1919 жылы қазанда Қытай шекарасы маңында құрбашылар құрылтайы өтіп, онда Ферғана үкіметін құру туралы шешім қабылданды. Сонымен бірге құрылтайда басмашылар тобы ұйымдық жағынан жетілдіріліп, Мадаминбек, Ергаш, Шермұхаммедбек, Қалқожа басқаратын ірі 4 топқа бөлінді. Құрылтайдың шешімі бойынша ақ гвардияшыл орыс офицерлері әскери іске тартылатын болды. 1920 жылдың басында М.В. Фрунзе басқарған Түркістан майданына орталықтан ірі қарулы күштер тартылып, Басмашылар қозғалысына ауыр соққылар берілді. Ферғана атқыштар дивизиясының командирі Ф.Д. Карпов телеграф арқылы М.В. Фрунзеге “Ферғанадағы соғыс тонаушы басбұзарлармен емес, Кеңес билігіне қарсы жергілікті жұрттың көтерілісі ретінде етек алуда” деп мәлімдеді. 1921 жылы тек Ферғана өңірінде ғана 200-ден астам басмашылар тобы күрес жүргізді. Қызыл әскерлер соққысы кезінде көптеген қыстақтар мен егістік алқаптар талқандалды. Осылайша Басмашылар қозғалысы Ферғана өңірінде біртіндеп әлсірей түсті. 1921 жылы Бұхараға Түркияның бұрынғы соғыс министрі Энвер паша келді. Ол ислам дініндегі барлық халықтарды біріктіріп, Орта Азияда мұсылман мемлекетін құру жөнінде ұран тастады. Энвер паша Ферғана өңірінен шегінген бытыраңқы басмашылар тобынан 16 мың адамнан тұратын армия құрап, 1922 жылы көктемде Бұхар Халық Кеңес Республикасының едәуір бөлігін басып алды. Бұхар жерінде өріс алған Басмашылар қозғалысына Зәки Уәлиди Тоған да ат салысты. Ол қазақ ұлт-азаттық қозғалысы тарапынан қолдау болады деп үміттенді. Ә. Бөкейханов бастаған алаш қайраткерлері Х. Болғанбаев, Ғ. Бірімжанов, қырғыз Ы. Жанұзақовтың басмашылармен байланыс орнатпақ болған ниеті нәтижесіз болды. Бұрынғы Бұхар, Хиуа хандықтары жерінде Ибрагимбек пен Жунаид хан жетекшілік еткен Басмашылар қозғалысы өрістеді, 1922 жылы жазда Энвер паша қызыл әскерлермен шайқас кезінде қаза тапты. 1922 жылы Жунаид ханның, 1926 жылы Ибрагимбектің басмашылар тобына соққы берілді. Басмашылар қозғалысы жетекшілерінің көпшілігі өз тобымен Ауғанстан, Иран, Қытай жеріне өтіп кетті. Олар 1930 жылға дейін Кеңес үкіметімен күресін жалғастыра берді. Басмашылар қозғалысымен күрес Түркістан өлкесінің шаруашылығына үлкен зиянын тигізді, бітпес шайқасқа түскен екі жақтан да үлкен адам шығынына алып келді. 1929 — 1931 жылдары Қазақстанда күштеп ұжымдастыруға қарсы болып өткен халық көтерілістері Басмашылар қозғалысымен іштей байланысы бар, сабақтас құбылыстар болатын.

Түркістан идеясы – ұлы идея. "Түркістанның осыдан екі жыл бұрын облыс орталығы мәртебесін алған кезде бүкіл түркі әлемі қуанды. Түркістанның дамуына Президентіміз де ерекше мән беріп отыр. Ертүріктің бесігі жалпы түркі әлемінің бесігі", – деді ол. Осы конференцияда Халықаралық Түркі академиясы жарыққа шығарған Халықаралық Алаш сыйлығының лауретаты, жазушы Мархабат Байғұттың "Түркілер төрі Түркістан" атты кітабы таныстырылды. Кітаптың алғыс сөзін Дархан Қыдырәлі жазған. Әл-Фараби, Ясауи сынды адамзат ауқымындағы алыптардың табаны тиіп, ірі руханият пен мәдениеттің бесігі болған киелі өңірдің тарихы мен тағылымын арқау еткен қаламгердің бұл шығармасын түгел түркінің төріне айналған киелі Түркістанға тағылымды тарту болмақ. Кітаптың құндылығы, елдің, жердің, Түркістанның қасиетін танытудағы маңызы туралы  туралы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Болатбек Әбдірәсілов, ҚР Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып та атап өтті.

Айта кетейік, бүгін Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, Қазақстан Журналистер одағы және Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалдарының бірлесе ұйымдастыруымен Түркістан қаласында "Түркілер төрі Түркістан" онлайн конференциясы өтті. Аталған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам адам онлайн жүйесі арқылы қатысты. Түркістан өңіріндегі тарихи маңызы бар қасиетті жерлерді насихаттаудағы әдеби шығармалардың рөлі, мүмкіндіктері мен әлеуетін жан-жақты талқылау, қастерлі құндылықтарымызды көпшілік аудиторияға әдеби, тарихи және публицистикалық тұрғыда жеткізудің тың жолдарын қарастыру тақырыбында өткен конференция, "Алаш" сыйлығының иегері Мархабат Байғұттың 75 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Елімізге белгілі ғалымдар, қаламгерлер, Сенат, Мәжіліс, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары, облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, аудан, қала әкімдері, сондай-ақ, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінің жазушылары, әдебиеттанушылары қатысып, сөз сөйлеген конференцияда Түркістанның тарихына, оның  мән-маңызына қатысты құнды пікірлер айтылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет