Қазақ елі «ақтар» мен «қызылдар» күрестері жылдарында
Азамат соғысы — мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес. Тарихта белгілі бір ел шеңберінде халықтың демократиялық бостандықтар жолындағы ұйымдасқан күресінің не болмаса көпұлтты елдерде ұлттық езгіге қарсы қарулы көтерілістерінің азаматтық соғысына ұласқаны белгілі. Мысалы: Англияда “Алқызыл және ақ раушан” (1455 — 58), АҚШ-та буржуазиялық Солтүсітік пен құл иеленуші Оңтүстік (1861 — 1865 жылдары), Францияда монархистер мен республикашылдар (1871 жылы), Испанияда фашистер мен демократтар (1936 — 1939 жылдары) арасындағы азамат соғыстары болып өтті. 1918 — 1920 жылдары Кеңестік Ресейде орын алған азаматтық соғыс Қазақстанды да қамтиды. Ол іс жүзінде 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жалғасы болды. Азаматтық соғыс жылдарында қарулы күрестің бір жағында Қазан төңкерісі жеңісі нәтижесінде жеңіліс тауып, саяси және экономикалық биліктен айырылған күштер тұрды. Оларға АҚШ, Англия, Франция, Жапония сияқты мемлекеттер үкіметтері жан-жақты көмек көрсетті. Күрестің екінші жағында Қазан төңкерісі нәтижесінде өкіметті өз қолына алған большевиктер партиясы бастаған күштер тұрды. Олар большевиктік ұрандар мен Кеңес өкіметі жариялаған социализм идеяларына сенген жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінен қолдау тапты. Большевиктер мен Кеңес өкіметін жақтаушылар “қызылдар” деп аталса, оларға қарсы тұрғандар “ақтар” деп аталды. Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлері, өнеркәсіп орындарының бұрынғы қожалары, кезінде Ресейден қоныс аударып келушілердің ауқатты топтары, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар болды (кадеттер, эсерлер, ұлттық және діни саяси ұйымдар). Алашорда үкіметі азамат соғысының алғашқы кезінде Кеңес өкіметіне қарсы күштермен байланысып, қазақ халқының мүддесін қорғауға тырысты. Үкімет мүшелері Қазақстанға жақын қалаларға орналасқан Кеңес үкіметіне қарсы құрылған үкіметтермен — Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен, одан кейін Колчак диктатурасымен, Орынбор және Орал казак әскерлерінің басшылығымен келісімге келуге ұмтылды.
1918 жылы жазда төңкеріске қарсы күштер Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарының көптеген аудандарын, соңынан Жетісу облысының бірқатар аудандарын басып алып, Кеңес өкіметін құлатты. Кеңес өкіметі Батыс Қазақстанның кейбір аудандары мен оңтүстік өлкесінде сақталды. Қазақстанда азамат соғысының Ақтөбе (немесе Солтүстік Түркістан), Орал және Жетісу майдандары құрылды, олардағы соғыс әрекеттері А.с-ның ірі майдандарындағы, ең алдымен Колчак әскерлеріне қарсы құрылған Шығыс майдандағы қимылдарға тығыз байланысты жүргізілді. Сондықтан Қазақстандағы азамат соғысының тағдыры негізінен Қызыл Армияның Шығыс майданындағы күресіне тәуелді болды. Қазақстан жеріндегі соғыс қимылдары өз кезегінде Кеңес еліндегі жалпы жағдайға әсер етті. Қазақстан азаматтары Қызыл Армия қатарында да, “ақтар” басып алған аудандарда жасақталған партизандық жасақтар құрамында да азамат соғсына қатысуға мәжбүр болды. Қазақстандағы шешуші соғыс қимылдарына “қызылдар” жағынан М.В. Фрунзе, В.В. Куйбышев, В.И. Чапаев, И.П. Белов, И.С. Кутяков т.б., ал “ақтар” жағына А.И. Дутов, С.П. Толстов, Б.В.Анненков т.б. басшылық етті. Торғай далаларында “ақтарға” қарсы күресте А. Иманов, Батыс Қазақстанда Хамит Чурин, Бейсен Жәнекешев т.б. көзге түсті. Ал Әліби Жангелдин азамат соғысы қызу жүріп жатқан кезде (1918 ж. күзі) Мәскеуде жасақталған қару-жарақ керуенін Түркістан майданына жеткізді.
1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды. 1918 – 20 ж. Кеңестік Ресейде орын алған Азамат соғысы Қазақстанды да қамтыды. Ол іс жүзінде 1917 жылғы Қазан төңкерісінің жалғасы болды. Азамат соғысы жылдарында қарулы күрестің бір жағында Қазан төңкерісі жеңісі нәтижесінде жеңіліс тауып, саяси және экономикалық биліктен айырылған күштер тұрды. Оларға АҚШ, Англия, Франция, және Жапония мемлекетінің үкіметтері жан-жақты көмек көрсетті. Күрестің екінші жағында Қазан төңкерісі нәтижесінде өкіметті өз қолына алған большевиктер партиясы бастаған күштер тұрды. Олар большевиктік ұрандар мен Кеңес өкіметі жариялаған социализм идеяларына сенген жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінен қолдау тапты. Большевиктер мен Кеңес өкіметін жақтаушылар «қызылдар» деп аталса, оларға қарсы тұрғандар «ақтар» деп аталды.
Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлері, өнеркәсіп орындарының бұрынғы қожалары, кезінде Ресейден қоныс аударып келушілердің ауқатты топтары, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар (кадеттер, эсерлер, ұлттық және діни саяси ұйымдар) болды. Алашорда үкіметі азамат соғысының алғашқы кезінде Кеңес өкіметіне қарсы күштермен байланысып, қазақ халқының мүддесін қорғауға тырысты.
Қазақстанда азамат соғысының Ақтөбе (немесе Солтүстік Түркістан), Орал және Жетісу майдандары құрылды. Қазақстандағы шешуші соғыс қимылдарына «қызылдар» жағынан Михаил Фрунзе, Валериан Куйбышев, Василий Чапаев, Иван Белов, т.б., ал «ақтар» жағына Александр Дутов, Владимир Толстов, Борис Анненков, т.б. басшылық етті. Торғай далаларында «ақтарға» қарсы күресте Амангелді Иманов, Батыс Қазақстанда Хамит Чурин, Бейсен Жәнекешев, т.б. көзге түсті. Ал Әліби Жангелдин азамат соғысы қызу жүріп жатқан кезде (1918 жылдың күзі) Мәскеуде жасақталған қару-жарақ керуенін Түркістан майданына жеткізді. 1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды.
«Ақтар» мен «Қызылдар» арасында 1919 жылдың аяғында Жетісуда ақ әскерінің жағдайы күрт нашарлады. Осыған қатысты жағдайды 1919 жылдың 11 қарашасында 5-ші Сібір атқыштар дивизиясы штабының бастығы, капитан Кримптің дайындан «О необходимости скорейшего занятия Копальско-Гавриловского района и план операции» баяндамасы нақты көрсетеді. Дивизияның жалпы жағдайын бағалай отырып, баяндамада боранды қыстың келе жатқандығы, оның жылымығы мен артынан келетін қатты аяздары дивизияның бұдан ары өмір сүруіне қатысты қатал жағдай орын алатыны айтылды. «Отдельность фронта, приблизительно, 600 верст от базы при весьма слабых перевозочных средствах и плохих путях сообщения, отсутствие на месте продовольствия, так и фуража, а также отсутствие заготовок, обеспечивающих зимовку частей, уже дающих чувствовать всю тяжесть положения – вот факторы, требующие немедленного продвижения всей дивизии в Копальско-Гавриловский район, в достаточной степени изобилующий всеми необходимыми средствами». Осының барлығын түсіне отырып, дивизия штабы қызылдардың Қапал-Гавриловкалық тобына қарсы әскери әрекеттерді белсенді жүргізу қажет деп шешкен. Операция жоспарына сәйкес, полковник Кольц басшылығындағы Қазақ атты әскер бригадасын Акичкинск қонысынан солтүстікке орналастыру қажет болды. Ондағы мақсат Михайловск, Вознесенск, Старопольск, Солдатск ауылдары мен Қапал және Гавриловка арасындағы пошта жолының оңтүстігіндегі басқа да қоныстарға шабуыл жасауы тиіс еді. Қазақ-атты әскер бригадасының аталынған ауылдар аймағындағы қозғалысымен бір мезгілде Арасанда шоғырланған 17-нші және 18-інші полктер 2 зеңбіректің қолдауымен Қапалға солтүстіктен және шығыстан шабуылға шығуы тиіс болатын. Резервте 19-ыншы батальон өзінің екі полкімен тұрды. Бірі Арасан-Қапал жолында, екіншісі – Арасанда. Жау тылында елеулі атты әскердің (1100 шабандоз) пайда болуы Қапал мен Гавриловкадағы жау қатарында дүрбелең тудыруы қажет еді, бұл өз кезегінде алғашқы уақытта Қапалдың қан-төгіссіз берілуіне алып келеді деп үміттенген. Бірақ Жетісу әскерінің жағдайы әлдеқайда нашарлады, сонымен қатар әскери бөлімдердің тұтасымен қызылдардың жағына көшіру жағдайы жиі орын ала бастады. Атбасар, Ақмола және Қарқаралы арқылы Сергиопольге келген А.И. Дутов басшылығындағы Орынбар Жеке әскерінің көмегінен де ешбір нәтиже болмады. Қызылдардың өкшелеп қууымен қысқы даладан қиыншылықпен өткен орынборлықтар желтоқсанның екінші жартысында Жетісуға келіп жетті. Бұл әскердің бытырай бастаған, аш-жалаңаш, үсіген, ауру-сырқауға толы ұнжығасы түскен қалдықтары болатын. Бірнеше бөлімшелер болмаса, қалған бөлігі әскери күш деп санауға келмейтін еді, сонымен қоса олардың жергілікті жетісулық казактармен қақтығыстары орын ала бастады. 1920 жылдың 2 қаңтарында Орынбор мен Жетісу әскерлерінің жоғарғы командирлерінің жиналысы өтіп, онда Анненков барлық қарулы күштердің қолбасшылығын қабылдауға шешім қабылдады, ал Дутов Жетісудың жоғарғы азаматтық әкімшілігін қабылдады. Осыдан кейін Дутов өзінің жеке қарауылы саналатын 600 қылыштан тұратын бөлімшесі мен жеке жүздігін алып, уақытша резиденциясы саналатын Лепсі қаласына қоныстанған болатын256. 1919 жылғы желтоқсанында Колчак Жетісу майданындағы барлық әскерлерді Жетісу Жеке әскеріне біріктіру туралы бұйрық беріп, оның қолбасшысы болып генералмайор Анненков тағайындалды. Анненков, сондай-ақ, 2-ші Дала Сібір жеке корпусының басшылығын генерал И.С. Ефтиннен257 қабылдап алды. Әскер қатарына Жетісу майданындағы келесі бөлімдер кірді: Атаман Анненковтың партизан дивизиясы, Жетісу жеке казак бригадасы, Қазақ жеке кавалериялық бригадасы, атқыштар полктері: 17-нші Семей, 18-інші Сергиополь, 19-ыншы Петропавл және 20-ншы Зайсан полкі, сондай-ақ қосалқы бөлімшелер мен құрамдар. Сонымен қатар Дутовтың Орынбар әскерінің бөлімшелері қосылды. Ақ Жетісудың үш жағымен қоршалғандығына байланысты армия әскери бөлімдері үш топқа бөлінді: Солтүстік – Генерал-майор Бакичтың258 орынборлық отряды, ол майданның оң қапталын – Үржар бекеті ауданын, СергиопольБақты күре жолы бойын ұстап тұрды. Топтың қарулы күші – 12 500 адам, бөлімше тылында 13 000 босқан болды. Батыс (немесе Орталық) – Атаман Анненковтың партизан дивизиясының кейбір бөлімдері, майданның сол қапталын – Үшарал ауданын, Сергиополь-Қапал күре жолының бір бөлігін бақылауда ұстады. Әскер тылында нашар атты құрамы бар бөлімдер мен тылдық органдар – Герасимовка және Осиновка ауылдары аймағы болды. Қосынды командарм Б.В. Анненковтың өзі басқарды. Оңтүстік – Жетісу казак бригадасының және 5-ші Сібір атқыштар дивизиясының құрамдары болды. Топты Жетісу казак әскерінің әскери атаманы, генерал-майор Н.П.Щербаков259 басқарды. 1920 жылғы 12 қаңтарда 5-ші Қызыл Әскердің Көкшетау тобының әскерлері Ақ әскердің қарсылығын жойып, Сергиопольді алды. Анненковтың Жетісулық әскері толығымен қоршалды – солтүстіктен, батыста және оңтүстіктен қызылдар, ал шығысында – қытай шекарасы болды. Қызылдардың 105 атқыштар бригадасы бөлімдері Үржар мен Мақаншыны басып алғаннан кейін, 25 наурызда Рыбачье ауылына, одан кейін Анненковтың штаб-пәтері орналасқан Үшаралға шабуыл бастады. Майдандарды ұстап тұру мүмкіндігі жоқ екендігі айқындала бастады, енді не Қытайға өту керек немесе қызылдарға берілу қажет болды. Жетісу әскері командирі шет елге қарай шегіну туралы бұйрық берді. 26 наурызда Атаман Дутов пен оның 600 адамнан тұратын бөлімшесі Лепсі қаласынан шығып, Жоңғар Алатауына тереңдеп енді, ондағы ойы Сарқан шатқалын бетке алып, Қара-Сарық мұзды асуы арқылы Қытай террриториясына өту болатын. Осы жаққа Жетісу атаманы Щербаков СарканскСибирск бекетінен жол тарты. Ол жерде Дутов пен Щербаков мамыр айының басына дейін тұрып, артынан Іле ауданының орталығы Құлжаға жақын орналасты. Жетісуда Дутов өзінің штабы және бөлімшесімен Суйдун қамалындағы орыс консулдығының казармаларына және жақын маңдағы Мазар және Чимпанцзы ауылдарына, ал Щербаков Құлжаға қоныстанды. Ең соңында Б.В. Анненков қолбасшылығындағы Жетісу армиясының Орталық тобы шекарадан өтті ақтар әскерінің жеңіліске ұшырауымен, Алаштардың бір бөлігі ұрыспен Қытай шекарасы арқылы өтіп кетті, ал қалған бөлігі қаруларын тапсырып, қызылдардың жағына өтті. Тығырықтан шығар жолдың жоқтығын түсінген Алашорда көшбасшылары қантөгісті болдырмау үшін қызылдардың шарттарын қабылдап, қарсыласуды доғару керек деп шешті. Жетісу өңірлерінде М. Тынышбаевтың басшылық етуімен «Алаш» партиясының белсенділері – ағайынды Төлебаевтар, Үмбетбаев және басқалары қызылдар жаққа өтуге қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |