1.Қазақстан Республикасы қазіргі іргелес мемлекеттердің ішінде алға басқан мемлекеттердің бірі болып табылады. Cіздің ойынызша, біздің еліміз осындай жетістіктерге қалай жетті?


Қазіргі заманғы қазақстандық қоғамдағы құқықтық сана-сезім проблемасы



бет11/16
Дата23.03.2023
өлшемі113.96 Kb.
#471026
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Құқық

20. Қазіргі заманғы қазақстандық қоғамдағы құқықтық сана-сезім проблемасы.
Құқықтық сана-сезім арқылы қоғам басқарылады, оның өмірі қалыпты жағдайда жүргізіледі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жүзеге асырылады. Мұны азаматтардың көбі, түсінеді, сондықтан құқықтық қатынастардың басым көпшілігі заңды мінез-құлық негізінде құрылады. Азаматтар құқықтың талабын белсенділікпен немесе енжарлықпен орындайды. Соған сәйкес сана-сезім екіге бөлінеді: белсенді заңды мінез-құлық және бәсең (енжар) заңды мінез-құлық.
Белсенді заңды мінез-құлық – лауазымды тұлғалардың, азаматтардың өз бастамасы мен белгілі мақсатқа бейімделген заңды әрекеттері. Бұл мінез-құлықтың түрлері сан алуан. Ол – субъектілердің өз міндеттерін адал ниетпен, сапалы атқарып, азаматтардың өздеріне жүктелген міндеттерін қалтықсыз, саналы түрде орындауы, сонымен қатар құқықтарын жүзеге асыра отырып, мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың жұмысына белсене қатысып, әлінше көмектесу заңдардың жобаларын талқылауда бет көрсетіп, өз пікірін ортаға салу – міне құқықтық белсенділікке осындай әрекеттер жатады.
Енжар заңды сана-сезімнің көрінісі де сан алуан. Азамат өзіне жүктелген міндеттерді салақтықпен орындайды, нормативтік актілерді жүзеге асыруға енжарлықпен, немқұрайлықпен қарайды. Мұндай мінез-құлық екі тарап та ұтылыста болады. Мысалы, шартты қатынаста субъектілердің екеуі де немесе біреуі міндеттерін дұрыс орындамаса, екі жағы да ұтылыста болады, зиян шегеді. Мұндай енжар мінез-құлық басым болса, мемлекетке де зиян келеді.
Қоғамның экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік дамуы жақсы деңгейде болса, адамдардың сана-сезімі де сол дәрежеде болады. Осыған сәйкес қоғамның құқығы да жақсы дамып, қатынастарды жақсы реттеп, басқарып отырады.
Егерде қоғамның экономикалық, әлеуметтік дамуы дағдарысқа ұшыраса, онда сана-сезімнің сапасы төмендеп, құқықтық нигилизм, немқұрайдылық етек жая бастайды. Қылмыстың саны күрт өседі, қоғамдағы заңдылық пен Құқықтық тәртіп нашарлайды. Оның себептері:
1). Азаматтардың көпшілігінде демократиялық мәдениеттің жоқтығы.
2). Қоғамда әкімшілік-әміршілік жүйенің ұзақ уақыт өмір сүруі.
3). Ескі мемлекеттің ыдырауы, жаңа жүйенің толық қалыптаса қоймауы.
4). Қоғамның экономикалық-әлеуметгік деңгейінің нашарлауы.
Қазіргі өтпелі кезеңде Қазақстан Республикасының алдында тұрған мүдде-мақсаттар өте көп. Солардың бірі – халқымыздың құқықтық сауаттылығын көтеру, оның негізгі бағыттары:
– елімізде құқықтық тәрбие жұмысын жақсарту. Бұл іске қоғам болып кірісу керек;
– тәрбие жұмысын барлық бағытта жандандыруға көңіл бөлу; инабаттылық, парасаттылық, патриоттық, тәртіпшілік, еңбекшілдік, діни т.б. бағыттарда;
– халықтың рухани сана-сезімін, білімін жақсарту;
– мемлекеттің заң шығару, құқықтық нормаларды орындау жұмысын жақсарту;
– мемлекет аппараттарындағы қызметкерлердің мамандық сапасын көтеру;
– заңдылыққа, құқықтық тәртіпке қатаң бақылау жүргізу. Осы көрсетілген бағыттар арқылы құқықтық тәрбиені жақсарту тек аппараттың ғана жұмысы емес. Бұл күрделі және өте өзекті іске қоғамдағы барлық бірлестіктер, одақтар, ұжымдар, саяси ағымдар мен ұйымдар белсенді түрде қатысулары керек.
Құқықтық тәрбиені жақсарту үшін қоғамның экономикалық, әлеуметтік жағдайын, жақсарту, демократияны, бостандықты, теңдікті дамыту керек, сонда ғана іс нәтижелі болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет