1.Қазақстан Республикасы қазіргі іргелес мемлекеттердің ішінде алға басқан мемлекеттердің бірі болып табылады. Cіздің ойынызша, біздің еліміз осындай жетістіктерге қалай жетті?


-26.Сіздің ойыңызша, Қазақстан Республикасының Конституциясында «арнайы соттар» дегеніміз не, арнаулы соттардың белгілері қандай? Жауабыңызды негіздеңіз



бет15/16
Дата23.03.2023
өлшемі113.96 Kb.
#471026
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Құқық

4-26.Сіздің ойыңызша, Қазақстан Республикасының Конституциясында «арнайы соттар» дегеніміз не, арнаулы соттардың белгілері қандай? Жауабыңызды негіздеңіз.
1-бап. Сот билiгi
1. Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi.
Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады.
Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актiлерiн шығаруға тыйым салады.
Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ.
Сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.
2. Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi.
Әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi.
Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiктi сақтай отырып құзыреттi, тәуелсiз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды.
Сот билiгi азаматтық, қылмыстық және заңда белгiленген өзге де сот iсiн жүргiзу нысандары арқылы жүзеге асырылады.
3. Судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi.
Соттың сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне қандай да бiр араласуға жол берiлмейдi және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Судьялар нақты iстер бойынша есеп бермейдi. Сот iсiн жүргiзудiң белгiленген тәртiбiне қарамастан берiлген сот iстерi бойынша, сондай-ақ соттың құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша өтiнiштердi сот қараусыз қалдырады немесе тиiстi органдарға жiбередi.
Сотқа немесе судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Сот актiлерi мен судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiндегi талаптарын барлық мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi. Сот актiлерi мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі еліміздің Конституциясымен және 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңмен және беасқа да заң актілерімен белгіленеді. Бұл конституциялық заңды қабылдаудың негізгі мақсаты елде сот – құқытық реформаны одан әрі жетілдіру болды.
Сот жүйесінің қазіргі даму кезеңінде басым міндеттер биліктерді бөлудің конституциялық принциптерін неғұрлым толық және дәйекті іске асыру, билік тармақтарының «тежемелік» әрі «тепе-теңдік» жүйесін пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасауы болып табылады.
Жоғарыда аталған конституциялық заң сот тәжірибесін жинақтап, қазіргі заманның талаптарына сай келетін жаңа мазмүнмен байланысты. Онда:
1) Жоғарғы Сот төрағасының өкілдіктерін кеңейтуге, судьялардың құқықтық мәртебесін көтеру мен әлеуметтік қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар прогресшіл ережелер енгізілген.
2) судьялар әкімшілігі – судьяларды ұйымдық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар түсінігі енгізіледі, оны ҚР Жоғарғы сотының жанындағы қайтадан құрылған Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке жүктеді. Бұрын бұл өкілеттілік Әділет министрлігінің құзыретіне кіргізілген болатын;
3) облыстық соттардағы және Жоғарғы Соттағы алқалар мен Жоғарғы сот пленумының орнына қадағалау төралқалары мен жалпы отырыстар құру көзделді.
Сот төрелігін тек Конституцияда көзделген сот органдары – алқалар ғана жүзеге асыратын болады. Сот қызметіндегі жалпы ұйымдастыру мәселелерін шешетін болады.
4) сот өндірісін бір ізге салу мақсатында республика соттарындағы шаруашылық және азаматтық істер жөніндегі алқалар біріктіріледі;
5) Жоғарғы сот жанындағы әскери алқа таратылады.
6) судьялардың тәуелсіздік кепілдіктері күшейтілді. Мысалы, бұрын сот органдары мен Әділет министрлігі органдарының судьяларға қатысты тәртіптік істерді қозғау құқығы болса, енді бұл құқық тек республика судьяларының күллі ісіне қатысты – Жоғарғы сот төрағасына және облыстық сот төрағасына ғана тиесілі
Судьялар лауазымдарына тағайындау рәсімдердің ашыұқтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге – аудандық және облыстық соттар судьяларының лауазымдарына конкурстық негізде тиісінше Әділет біліктілік алқасы мен Жоғарғы сот кеңесінің кандидаттар іріктеуін жүзеге асыруды көздейтін нормаларда бағытталады.
Жоғарғы сот алқалары төрағалары мен судьялары, жергілікті соттар төрағалары, алқалар төрағалары бос лауазым органдарына кандидаттарды ұсыну, сондай-ақ республика судьялары өкілдіктерін тоқтату жөнінде ұсыныстар енгізу тек қана Жоғарғы Сот төрағасы құдіретіне жатқызылады.
Сот крпусының спалы құрамын жақсарту үшін судья лауазымына кандидаттарға қойылатын жаңа қосымша талаптар – біліктілік емтиханың табысты тапсырған тұлғаллардың міндетті түрде тағылымдамадан өтуі белгіленеді.
7) судьяларға қойылатын талаптар қатайды.Заңда тәртіптік – біліктілік алқаларының өкілдері едәуір кеңейтілді.


27.Мемлекеттің нысаны-бұл мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәсілін айқындайтын санат; мемлекеттің ішкі ұйымының ерекшеліктерін, билік органдарының құрылу тәртібі мен құрылымын, олардың аумақтық оқшаулану ерекшелігін, бір-бірімен және халықпен өзара қарым-қатынас сипатын, сондай-ақ ұйымдастыру мен басқару қызметін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын әдістерді көрсететін санат. ҚР-дағы мемлекет нысанына қандай элементтері кіреді және жауабын негіздеңіз
Мемлекет нысаны саяси ұйым ретінде, билік жүйесі ретінде, қоғамды тесіп өтіп, әртүрлі құрылу мүмкін. Адамдар оның пайда болу кезінен бастап мемлекетті қалай жақсылап құру туралы ойланып, осы күнге дейін іздеп келе жатқаны белгілі. Себебі мемлекеттік-ұйымдасқан қоғамда оның өмірі және тұрмыс жағдайы соған байланысты. Төңкеріс, азамат соғысы сияқты құбылыстар адамдардың мемлекеттің құрылысын және қоғамды өзгертуге бағытталған үміттермен тікелей байланысты. Көне дәуірден бастап мемлекет құрылысы, оның құрылымы мемлекет нысанында көрсетілген. Айта кететініміз,философияда және сол кезеңдердегі
юриспруденцияда нысан категориясына үлкен маңыздылық берілген. Рим заңгерлері нысан затқа тұрмыс береді деген болатын. Философияның нысан категориясына үш негізгі мағынасы бар.
-бір нәрсенің әртүрлілігі ретінде (пролетариат диктатурасының
нысандары);
-бір нәрсенің сырттан көрінісі, көріну ретінде (сыртқы нысан);
-Бір нәрсенің ішкі ұйымы, құрылым жолы ретінде (ішкі нысан)
Мемлекеттің нысаны туралы әңгіме болса, ойға келетіні құрылым жолы. Дегенмен, мұнда көңіл аударатын жалпы философиялық сипаттағы бір жағдай бар. Нақтылы соны, яғни нысанды сырттан көріну жолы ретінде есептемесек (сыртқы нысанды), нысаннан кейін әр уақытта біртұтас құбылыс тұрады. (мұнда айтылған құбылыс бір қатынастағы нысан ретінде көрінеді, басқа да мазмұн ретінде). Мемлекет нысанында ешқандай тұтас құбылыс жоқ. Мемлекеттің нысаны ретінде көріну деген, негізінен алсақ, тек негізгі параметрлердің жиынтығы, көзқарастар, яғни баяғыдан бері мемлекетті сипаттауға маңызды ретінде көрсетіледі: Соған байланысты мемлекет толық сипатталуы мүмкін. Айтылған тезистің дәлелі сол, мемлекет нысанына қатысты оның түрлерін бөліп көрсете алмайды, себебі, олай айтатын болсақ, әңгімені тұтас құрылымдарға қатысты бұруымыз керек. Шын мәнінде, егер әдебиетке көңіл аударсақ, байқауға болатыны сол,онда әңгіме басқару нысанының түрлері, мемлекеттік құрылым түрлерінің нысандары, саяси режимнің түрлері туралы
болады, бірақ мемлекеттің нысанының түрлері әр уақытта айтылмайды. Соған байланысты басқару нысанын, мемлекет құрылым нысандарын және саяси режимді мемлекет нысандарының элементтер деп атауға негіз жоқ. Себебі, элемент-бұл әр уақытта біртұтастық-тың бөлігі (функционалды біреу). Айтылған құбылыстар оның негізі болса да, мемлекет сияқты күрделі жүйенің әртүрлі сипаттарының біріне жатады. Мемлекет теориясында кездейсоқ емес көзқарас бар, онда саяси режим мемлекет нысанының сыртына шығарылады. Заң ғылымында мемлекет нысанының түсінігіне және мемлекет нысанын топтастыруға байланысты әр түрлі көзқарастар бар. Бір авторлар мемлекет нысаны ретінде мемлекеттегі саяси биліктің ұйымдастырылуын үш элементпен, Яғни басқару нысанымен мемлекеттің құрылу нысанымен және саяси
режиммен біріктіре қарастырады. Мұнда, мемлекетік органдардың өзара және тұрғын халықпен арақатынасы ретінде сипатталатын басқару нысаны ретіндегі мемлекеттің жоғарғы билігін ұйымдастыру түсіндіріледі. Мемлекеттің құрылым нысаны мемлекеттік аппараттың әкімшілік-аумақтық бірлігі және мемлекеттің аумақтық бөліністері мен олардың органдарының мемлекеттің өзімен арақатынасы ретінде қарастырылады. Саяси режим мемлекеттегі саяси бостандықпен жариялылық немесе үстем таптың билігін жүзеге асыру әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы ретінде сипатталады. Кейбір авторлар мемлекет нысанын кең және тар мағынасында түсіндіреді. Мұнда тар мағынасында мемлекет нысаны басқару нысаны ретінде
түсіндіріледі. Ал, кең мағынасында басқару нысанын және мемлекеттік құрылым нысанын қамтиды. Мұнда саяси режим мемлекеттің мәнін сипаттайтын құбылыс ретінде түсіндіріледі.Заң әдебиетіндегі келесі бір көзқарас бойынша, мемлекет нысаны ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Мұнда, егер социалистік мемлекетке қатысты алатын болсақ, ішкі нысаны ретінде социалистік демократия түсіндіріледі. Ал, сыртқы нысаны ретінде саяси биліктің нақты ұйымдастырылуы қарастырылады. Мемлекет кез келген обьекті сияқты динамикалық (қозғалмалы) функционалдық және статикалық (қозғалмайтын) ұйымдастырылған жүйе ретінде қарастырылады. Сондықтан, мемлекет нысанын динамикалық негізде саяси режим ретінде ал, статикалық негізде басқару нысаны және мемлекеттік құрылым нысаны ретінде түсіндіруге болады. Мемлекет нысанын топтастыру барысында оның үш элементтік түсінігі қарастырылады. Жалпы алғанда, кез-келген болмыстың нысаны элементтердің бірлігі немесе жиынтығы бола алмайды. Элементтердің жиынтығы обьектінің мазмұнын құрайды ал, нысан мазмұнның құрылымы, оның элементтерінің өзара байланысының әдісі болып табылады. Осылайша мемлекет нысанының үш элементтен тұратын түсінігі оның мазмұнына сәйкес келеді.


28. Мемлекет пайда болғанға дейін қоғамның әлеуметтік құрылымы ру немесе отбасылық Қауымдастық сияқты элементтерден қалыптасты. Рудың негізінде туыстық қатынастар жатты. Ол бірнеше буынды ұжымдық еңбекпен және ортақ тілмен, адамгершілік пен дәстүрлермен тікелей байланысты ортақ мүдделерді бірлесіп қорғаумен біріктірді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет