1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні


билет Билік орындарындағы ұлттық элитаның қалыптасуы



бет5/12
Дата17.09.2023
өлшемі111.25 Kb.
#477742
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
қазіргі заман экзамен жауап

7 билет
Билік орындарындағы ұлттық элитаның қалыптасуы
М. Қойгелдиев Түркістан Мұхтарияты мен Алашорда үкіметін бір-бірімен сабақтас мемлекеттік құрылымдар ретінде қарастырды және Түркістан қозғалысының көсемі М. Шоқай туралы зерттеулері тақырып аясын кеңітті. Сол сияқты партиялық-мемлекеттік номенклатураның жоғарғы эшелонына көтерілген Т. Рұсқылов, С. Қожанов, С. Сәдуақасовтардың элиталық қызметіне ұлттық мүдде тұрғысында барынша әділ баға берілді (М. Қойгелдиев).
Д. Аманжолованың еңбегі мәселеге құжаттық талдау жасап, ұлт-азаттық қозғалыстың шынайы мазмұнын қалпына келтіріп, ұлттық элитаның жеке құрамының қызметіне баға берудегі объективтілігімен ерекшеленеді (Д. Аманжолова).
Ал Ө. Озғанбайдың зерттеуінде Ресей Мемлекеттік Думасына Дала және Түркістан өлкелерінен депутат болып сайланған ұлттық элита өкілдерінің қызметі алғаш рет жаңа көзқарас тұрғысында жан-жақты қарастырылды (Ө. Озғанбай).
Тақырыпқа тікелей қатысты Ә. М. Ауанасованың зерттеу еңбегі отандық тарихта Түркістан интеллигенциясын алғашқы болып дербес зерттеуімен ерекшеленеді. Бұл еңбектің маңыздылығы, онда Түркістан тарихы отан тарихының құрамды бөлігі ретінде жан-жақты қарастырылған. Ә. М. Ауанасова Түркістан ұлттық интеллигенциясы басшыларының кеңестік тәртіптің қуғын-сүргінінен бой тасалап, эмиграциялық жағдайдағы ұлт-азаттық күресті одан әрі жалғастырған қызметіне біршама жан-жақты тоқталған. Еңбекте өлкедегі интеллигенция тұтас бірлікте қарастырылғандығына қарамастан тақырыптың өзекті желісі ретінде қазақ интеллигенциясының қалыптасуы мен қызметі басты назарға алынғандығын ескеруіміз қажет (Ә. Ауанасова).
Қоғамдағы зиялыны қалыптастырушы әлеуметтік орта ретінде кеңестік дәуірдегі интеллигенцияны Х. Әбжанов негізінен үш кезеңге бөліп қарастыруды ұсынады. Бірінші кезең 1917 ж. қазанынан Голощекиннің үстемдігі орныққан 20-жылдардың екінші жартысы аралығы; екінші кезең – 1991 жылға дейін; үшінші кезең – тәуелсіздік жылдары. Әрине, үлкен құбылысты бұлай кезеңдеудің өз шарттылықтары болады. Дегенмен ғалымның бірінші кезеңге тән ерекшеліктерді айқындаудағы объективтілігі көңіл аударуды қажет етеді. Оның «халықтың нағыз ортасынан шыққан және халқына қалтқысыз қызмет етуге әзір жаңа үлгідегі интеллигенция күштерінің қалыптасуымен» қатар «байырғы интеллигенция өкілдерінің жасампаздық потенциялының жаңа қырының ашылуы» деп айқындаған тұжырымы кеңестік идеология күстаналап келген алаштық үлгідегі ұлттық зиялы қызметін әділ бағалауымен маңызды деп білеміз (Х. Әбжанов).
Өлкедегі элита қалыптастыру үдерісіне тікелей ықпал жасаған жәдитшілердің ағартушылық қызметін отарлық әкімшілік алғашқы сәттен қатаң бақылауға алды. Ішкі істер министрлігі жәдиттік мектептердің дамуына тосқауыл қою бағытын ұстанды. Жәдитшілердің ағартушылық және ұйымдастырушылық қызметі мұсылмандық бірлік идеясын негіздеді. Ортаазиялық мұсылмандар үшін Ресейдегі және дүниежүзіндегі мұсылмандармен өздерінің рухани және мәдени тұрғыдан біртұтастығын сезінуде ислам факторы - олардың саяси сана сезімінің индикаторы болды.
Мемлекеттік Думаның Мұсылмандар фракциясы ұлттық элитаның қалыптасуы мен қызметінде маңызды рөл атқарды.
Кеңестік Түркістанда ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы бірнеше кезеңді қамтыды. 1918-1920 жж. аралығын қамтыған бірінші кезеңде мұғалімдер мен мәдени ағарту қызметкерлері үш, алты айлық курстарда дайындалды. Халыққа білім беру, жаңа қоғамдық құрылысқа, мәдениетке тарту қажеттігі асығыс шаралар арқылы іске асты. 1920-1930 жж. қамтыған екінші кезеңде ұлттық интеллигенцияның негізі жаңадан ашылған мұғалімдік, дәрігерлік, өндірістік, ауылшаруашылық техникумдарында дайындалды. Орта Азия мемлекеттік университетін осы кезеңде жергілікті ұлт өкілдерінен барлығы 20 маман бітіріп шықты. Ал 1930 жылдан кейінгі үшінші кезеңде педагогикалық, өндірістік-техникалық, ауылшаруашылық, дәрігерлік және басқа да жоғары оқу орындарының ашылуы жоғары білікті мамандарды көптеп дайындауға мүмкіндік берді (М. Қойгелдиев).
Өйткені, ұлттық элитасыз кеңестік биліктің жергілікті халыққа ықпал жасауы нәтижесіз болғандықтан большевиктік билік өзіне оппозиция болатынын біле тұра ұлттық элитаны қалыптастыруға, оны тәрбиелеуге мүдделі болды. Демек ұлттық элитаның қалыптасуы кеңестік биліктің ұлт саясатымен – жетістігімен де, кемшілігімен де тығыз бірлікте қарастырылуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет