1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні


Алаш партиясының бағдарламасы



бет7/12
Дата17.09.2023
өлшемі111.25 Kb.
#477742
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
қазіргі заман экзамен жауап

Алаш партиясының бағдарламасы - 1917 жылы "Қазақ" газетінде пайда болған бағдарлама. Жоба жасаушылар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмағанбетов, Ғабдулхамит Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов.
І. Мемлекет қалпы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ресей демократиялық, федеративтік республика болу (Демократия мағынасы- мемлекетті жұрт билеу. Федерация мағынасы - құрдас мемлекеттер бірлесуі. Федеративтік республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді.) Үкімет басында Учредительное собрание мен Г.Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер Учредительное собрание мен Г.Дума алдында жауапты болу. Депутаттар тегіс, тең, төте һәм құпия сайлаумен болады. Сайлау хұқында қан, дін, еркек-әйел талғаусыз болу. Законды жалғыз ғана Г.Дума шығару һәм Г.Дума үкімет үстінен қарап, ісін тексеру, запрос (сұрау) жасау хұқы да Г.Думада болу. Мемлекет салығы Г.Думасыз салынбау.
ІІ. Жергілікті бостандық[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия Республикасының Федерациялық бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алу. "Алаш" партиясы қазақтың би, болыс, аулнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етерге көңілді адамдар болуына жаһид қылады (тырысады). Земстволардың управаларында, милицияларында таза қызметші боларлық адамдардың атын халық қалауына салады. "Алаш" партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт тарақи ету жағына бастайды (дамыта бастайды).
ІІІ. Негізгі құқық[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға – еркіншілік; үкімет қызметшілері иесінен рұқсатсыз ешкім табалдырығын аттамаушылық; заңсыз жолмен ешкімді үкімет адамдары ұстамаушылық; сот сұрамай, билік айтылмай тұтқын қылмаушылық; қылмысты болған адам сот бар жерде 24 сағат ішінде, сот жоқ жерде бір жетіден қалмай сотқа тапсырылып, жабылса, судья үкімімен жабылу. Кісі хатын ашқанда – айып, оқығанға жаза болу.
IV. Дін ісі[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Дін ісі мемлекет ісінен айырулы болу. Дін біткенге тең хұқық. Дін сжаюға ерік. Кіру – шығу жағынан бостандық. Муфтилік қазақта өз алдында болу. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер молдада болу, жесір дауы сотта қаралу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет