1914 жылы 28 шілде-де басталған бірінші дүние жүзі соғысы ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғасыр басындағы әлемдік саясаттың нақтылы нәтижесі болып табылады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс (28 шілде, 1914 жыл – 11 қараша, 1918 жыл) — адамзат тарихындағы алғашқы және кең ауқымды соғыстардың бірі. Бірінші дүниежүзілік соғысына Ресей, Франция, Британия, АҚШ сияқты державалар қатысқан. Ол ең жойқын салатын соғыстардың бірі, шамамен 9 миллион адам шайқас фронттарда қырылса, 5 миллион азаматтар оккупация, бомбалау, ашаршылық немесе ауру әсерлерінен өлген.
1914 жылы державалар екі қарсы тұрған альянстарға бөлінген, Франция, Ресей және Британиядан тұратын Антанта және Германия, Аустрия-Мажарстан және Италиядан тұратын Үштік одақ.
38 мемлекетті қатыстырып, 10 млн. сарбаз өмірін қиып, 12 млн.-дай бейбіт халықты жойған аса ауқымды алапат қырғын халықтар трагедиясының драмасына айналды[1]. Осы жылы ғасыр толған жиһан соғысы жайында қазіргі тарихнамада адам өмірі мәселесі туралы әлеуметтік сұрақтар басым назарға алынып, сондай-ақ соғыстың медицинаның дамуына, әскери техниканың сыналуына, милитаризмнің қарқындауына және ең соңында жаһандану үрдістеріне ықпалы деген мәселелерді қарастыра бастады[2]. Бұған соғыс зардабына ұшыраған аз халықтардың қасіреті туралы сұрақтарды қосар едік. Өйткені, бұл соғыстың екпіні мен дүмпуін қазақ, қырғыз сияқты Ресей империясының барынша отарлық қанауға ұшыраған халықтары көрді, күйзелді.
Дүние жүзілік соғыстың қазақ халқына және тұтастай алғанда Қазақстанға тигізген зардабы жайында кең мәліметтерді сол кезеңде ғұмыр кешкен Алаш зиялылары мұраларынан кездестіруге болады. Жаһан соғысының зардабы қазақ жерінде атақты 1916 жылғы көтеріліске әкелгенін терең талдап, алғашқы зерттеулерін жүргізген-де осы Алаш қайраткерлері болатын. «Қазақ" газеті бетінде сан алуан мақалалар осы мәселелерге арналып басылды. Мысалы, газеттің 1915 жылдың желтоқсанынан бастап, 166, 178, 179, 184 нөмірлері қазақтан әскер алынуы жайында материалдар басты. Мақалалар мазмұны соғысты халықтың түсіністікпен қабылдағанын байқатады. Олар мұны әр халықтың басында болып тұратын қалыпты құбылыс ретінде қабылдағанын Алаш қайраткері М. Тынышбаев көрсетеді. Ол негізінен қазақтарды әскери қызметтің қай түріне (атты не жаяу әскер) алынатындығы ғана ойландырғанын жаза келе, былай дейді: «Қазақтардың көпшілігі (оның ішінде мен-де) казак-орыспен теңесіп, жерімізді сақтау мақсатында атты әскер қатарында қызмет етудің тиімділігін жақтадық. Қазақтардың тек азғана бөлігі жаяу әскер құрамында болуды қалады» [4]. Алайда қазақ халқында туу туралы куәліктің болмайтыны, мұның өзі жағдайды ауырлататыны ескерілді. Сондықтан жақын арада қазақтарды әскери қызметке тарту мүмкін еместігін түсіндіре келіп автор, «бұл мәселе іске асқан жағдайда, аса қиындық болатынын, оны зиялылардың күні бұрын болжап білгендерін» айтты.
Осындай шешілуі қиын мәселені орталық үкіметке хабарлау үшін Ә.Бөкейханов бастаған өкілдер Петербургта болып қайтады. Сапардың барысы туралы жазып тұрған «Қазақ" газеті, қазақтан әскер алу кейінгі қалдырылғаны туралы хабарлады[5]. Соған қарамастан қазақтарға әскери қызметтің қайсысы қолайлы деген пікір маусым айына дейін толастамаған.
Бірінші дүниежүзілік согыстың басталуына Германия мен Англия арасындағы антогонизм шешуші рөл атқарды. Осы басты қайшылықпен қатар Германия мен Францияның Эльзас және Лотарингия үшін, Германия мен Ресейдің Константинополь және бұғаздар үшін, Ресей мен Түркияның Армения және Константинополь үшін, Аустрия мен Ресейдің Балкан үшін, Аустрия мен Италияның Албания үшін талас-тартыстары себеп болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс сипаты жағынан әділетсіз, жаулаушылық, империалистік соғыс болды. Мемлекеттер жаулау-шылық саясат жүргізді. Соғыс ірі мемлекеттердің империалистік катынастарынан туды. Олар отарлар мен ұсақ елдерді қайта бөлісу үшін ұрыс дала ұрыс даласына шықты. Бұл соғыста екі қақтығыс алдыңғы шепте тұрды. Бірі Англия мен Германия, екіншісі Герман мен Ресей арасында болды. Осы үш ірі мемлекет бірінші дүниежүзілік соғысты бастаушылар болды. Ал қалғандары олардың одақтастары еді. Соғыс шеңберіне біртіндеп құрамында бір жарым миллиардтан астам халық бар 38 мемлекет кірді. Төрттік одаққа Германия, Германия отарларымен, Аустрия-Мажарстан, Түркия мен Болгария кірді. Ал Антантаға — Англия, Ресей, Франция, Бельгия, АҚШ, Португалия, (бәрінің де отарлары бар) Сербия, Жапония, Румыния, Грекия, Черногория және басқа елдер енді. Империалистік соғысқа байланысты армия қатарына 77 миллион адам шақырылды.Оның ішінде Германия – 13,2 миллион, Аустрия-Мажарстан – 9 миллион, Түркия – 1,8 миллион, Болгария – 1 миллион, Ресей – 19 миллион, Англия – 9,4 миллион, Франция – 8,1 миллион, Италия – 5,6 миллион, АҚШ – 3,9 миллион, Румыния – 1 миллион және тағы басқалар.
Бірінші дүние жүзілік соғыс кезеңіндегі Қазақстанның қогамдық-саяси өмірі Австрия-Венгрия мен Германияның соғыс түтқындарының келуіне байланысты өзғерістерге үшырауы жөнінде. Бұл мэселені көрсетудің маңыздылығын осы ортадан кейіннен азамат соғысына белсене қатысқан тағдыры ерекше адамдардың шығуымен түсіндіру. Қазақстан өміріндегі соғыс тұтқындарының Үштік Одақтағы рөлі мен орнын, бүл факторды есепке алмайынша, отарлық шет аймақтардың саяси өмірінің өзіндік ерекшеліғін, бірінші жүзілік соғыс басталған кезден бастап, сол кезде де халқының ала-қүлалығымен ерекшеленген аймаққа еріксіз келгендердің қосқан үлесін көрсету. Соғыс түтқындарының үлттық қүрамын, жағдайын көрсету, оларды қабылдау жэне орналастыру үшін арнаулы лагерлерді атау, тұтқындар контингентінің санын көрсету. Әлеуметтік қайшылықтар, бас көтерулер, • саяси үйымдар, олардың жетекшілері, «Революция» ғазеті туралы сипаттама.
3 билет
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, басталуы, барысы және басты кезеңдері. Қазақтардың қарулы бас көтеруі жағдайындағы ұлтшылдардың әрекеті.
Достарыңызбен бөлісу: |